Астана экономикалық форумының тарихы

Астана экономикалық форумы 2008 жылдан бастап жаһандық мәселелерді талқылау және шешу жолдарын іздеу үшін  жыл сайын жетекші сарапшыларды, әлемдік көшбасшылар, ғалымдар, көрнекті қоғам қайраткерлері мен бизнес секторының өкілдерін бір алаңға жинайды. Сіз мұнда 2008 жылдан бері форумға қатысқан барлық спикерлер мен қатысушылар туралы ақпаратпен таныса аласыз. Сондай-ақ, мұнда өткен жылдардағы АЭФ бағдарламалары, демеушілер туралы ақпарат және тағы да басқа мәліметтер ұсынылады. Барынша толық ақпаратты мына жерден таба аласыз.

Қазақстан Республикасының Президенті

1940 жылы 6 шілдеде дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партиялық, комсомолдық жұмыстарда жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 жылдары - Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы. 1977-1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, екінші хатшысы. 1979-1984 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы. 1984-1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989-1991 жылдары - Қазақстан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бiрiншi хатшысы. Сонымен қатар, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы. 1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті.

1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші рет өткізілген Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауында Н.Ә.Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайыз қолдауына ие болды. 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Президенттің өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999, 2005 және 2011 жж. сайлауларда ел тұрғындарының үлкен қолдауына ие болып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы. Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының Төрағасы.

Е.Л. Шифферс атындағы озық зерттеулер Институтының аға ғылыми қызметкері, ғаламдық деңгейдегі халықаралық жобалар, жастар саясаты саласында маман, әрі АТА аймағында маманданады.

Громыко Антонина - Е.Л. Шифферс атындағы озық зерттеулер Институтының аға ғылыми қызметкері, ғаламдық деңгейдегі халықаралық жобалар, жастар саясаты саласында маман, АТА аймағында маманданады. Ресей СІМ ММХҚИ-ында саясаттану және әлемдік саясат мамандығы бойынша бакалавр дипломын алған. Ресейдегі АТЭЫ зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері, АТА-да жастар саясаты, жастардың халықаралық бастамалары бойынша маман болып еңбек етеді. Мәскеу қ. Білім беру департаментінің жанындағы жалпы білім беруді дамытудың Инновациялық стратегиялар ҒЗИ-де зерттеуші, аталмыш институт шеңберінде жаңа ұрпаққа инновациялық білім беру бойынша бағдарламалар дайындауға және инновациялық білім беру саласында халықаралық конференцияларға бірнеше рет қатысты. Халықаралық саяси және экономикалық зерттеулер саласында халықаралық конференциялар мен жобалардың белсенді қатысушысы: Stanford US-Russia Forum, APEC VoF (2009-2012), Globe Forum және т.б.

Экономика бойынша 2005 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, Иерусалимдегі Еврей университетінің профессоры.

1930 жылы 8 маусымда дүниеге келген. Израильдік математик, Иерусалимдегі Еврей университетінің профессоры. Ауманның негізгі еңбектері ойындар теориясы мен олардың қосымшаларына арналған. Сонымен қатар, ол уақыт бойынша шиеленістің дамуын талдай отыра, «қайталанатын ойындарға» маманданады. 1974ж – Американдық ғылым және өнер академиясының құрметті мүшесі, 1985-1995 жылдары – АҚШ-тың Ұлттық ғылым академиясының мүшесі, Израильдік ғылым академиясының мүшесі, Британдық академияның корреспондент мүшесі. Марапаттары: Харви; Экономика саласы бойынша Израильдің мемлекеттік сыйлығы, оталарды зерттеу бойынша халықаралық Ланчестер сыйлығы, экономика саласы бойынша Э. П. Неммерс және Эмет сыйлықтары. 2005 жылы Томас Шелингпен бірге экономика саласы бойынша «Ойын теориялары шеңберінде талдау арқылы дау-жанжал және кооперация мәселелері түсінігін кеңейткені үшін» Нобель сыйлығының иегері атанды. 

Тәжікстан Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары. 

Негматов Абдукарим Хакимұлы 2012 жылдан бастап Тәжікстан Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Еңбек жолын 1982 жылы Куляб қаласында №10 ауылдық құрылыста жұмысшы болып бастаған. 1990 жылы В.И. Ленин атындағы Тәжік Мемлекеттік Университетін аяқтаған соң, Абдукарим Негматов 1990-1993 жылдар аралығында Куляб облысының Прокуратурасында бухгалтер болып еңбек етті. 1993-2002 жылдары Негматов мырза бастапқыда Куляб қаласындағы Тәжікстан Ұлттық банкінің Бөлімшесінде бас бухгалтердің орынбасары, кейін Бөлімшенің бас бухгалтері қызметін атқарды. Қазіргі қызметіне кіріспес бұрын, Абдукарим Негматов 2008-2012 жылдар аралығында Куляб қаласындағы Тәжікстан Ұлттық банкі Бөлімшесінің Басқарушысы болып жұмыс жасады. 

Мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламаның ғылыми жетекшісі (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті), техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халықаралык ақпараттандыру академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Ә.Ә.Әшімов басқару жүйелерінің теориялары мен техникалық кибернетика саласы бойынша отандық ғылыми мектептің негізін қалаушы. Ғылыми қызығушылықтар саласы: жүйелі талдау; динамикалық жүйелердің қолданбалы теориясы және басқару теориясы, сызықсыз динамикалық жүйелер эволюциясын параметрлік реттеудің теориясы. 400-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы.
Мемлекеттік марапаттар және құрметті атақтар: «Қажырлы еңбегі үшін» медаль, 1970 ж.; «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» атағы, 1980 ж.; «Халықтар Достығы», ордені 1981 ж.; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының құрмет грамотасы, 1984 ж.; ғылым мен техника саласында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің сыйлығы, 1989 ж.; «Парасат» ордені, 2006 ж., 2-дәрежелі «Барыс» ордені, 2012 ж.

Нанкин (ҚХР) қаласында (WOSC 2011) кибернетика және жүйелер бойынша 15 Халықаралық Конгрессте ұсынылған үздік баяндама үшін Kybernetes журналының "The Outstanding Paper" сыйлығын алды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі.

Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігінде бастап, кейін "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясының стратегиялық жоспарлау департаментінде жалғастырды. 1998 жылы "Монитор" (Бостон, Мәскеу қалалары) компаниясында тағылымдамадан өтті.
2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас Штабының жаңа технологиялар мен мақсатты бағдарламалар бөлімінің, кейіннен департаментінің бастығы. 2002 жылдың наурызынан 2005 жылдың қаңтарына дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жүйелі зерттеулер Орталығының жетекшісі.
2005 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қаңтарына дейін – ҚР Білім және ғылым вице-министрі. 2007 жылдың сәуір/мамыр айларынан бастап - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ басқарма бастығы. Холдинг Президент Жарлығымен 2007 жылдың 6 сәуірінде құрылған болатын және холдингке ұлттық ақпараттық-коммуникациялық оператор атану мақсаты қойылды. 2007 жылдың  7 маусымынан - "KazSatnet" ҰҚ" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығын басқарып келеді. 

"Қазақстандық индустрия дамыту институты" АҚ Басқарма төрағасы 

Азамат Ахмеров  Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Халықаралық Экономикалық Қатынастар" мамандығы бойынша бітірген (1997 ж.). Басқарушы жұмыстарда 10 жылдық тәжірибесі бар, соның ішінде, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ топтарының ірі инвестициялық жобаларында. 2006 жылы мұнай-химия саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2011 жылдан бастап "ҚИДИ" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарады. 

Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникация вице-министрi

Бектұров Азат Ғаббасұлы 1976 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. Жоғары экономикалық білімі бар. Абай атындағы АМУ-ін (Алматы қ.) Банк ісі мамандығы бойынша тәмамдаған. Маркетинг мамандығы бойынша Golden Gate University университетінің (Калифорния, АҚШ) магистратура бөлімін бітірген. Маркетинг саласындағы Магистр дәрежесі бар. Іскерлік басқару мамандығы бойынша Калифорния университетінің (Бёркли, АҚШ)  дипломы бар.
Еңбек жолын 2001-2002 жылдары Сан Рамон қ. (АҚШ) «Шеврон» корпорациясының электрондық бизнес жобаларының талдаушысы жұмысын атқарудан бастады. 2002-2004 жылдар аралығында "ҚазТрансГаз" ЖАҚ корпоративтік даму департаментінде бас менеджер, директордың орынбасары, кейіннен департамент директоры қызметтерін атқарды. 2004-2006 жылдары «Эйр Астана» АҚ-ның вице-президенті болып еңбек етті. 2006 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникация вице-министрi қызметін атқарып келеді.
Бектұров А.Ғ.-ның «Экономика, теория басқару» мамандығы бойынша PHD докторы ғылыми дәрежесі бар, ҚР экономика мәселелері, көлік жүйесін дамыту бойынша ғылыми жарияланымдары бар, халықаралық және аймақтық конференциялар, форумдар мен семинарларда баяндамалар оқиды.
«Құрмет» орденімен, «ШЫҰ дамытуға үлес қосқаны үшін» медальімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Павлодар облысының 75 жылдығы құрметіне» медальдарымен, түрлі дипломдар және грамоталармен марапатталды. 

Швейцариялық 'Glencore International компаниясының Бас директоры

Иван Глайзенберг мырза 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Glencore International компаниясының бас атқарушы директоры. Сондай-ақ, Глайзенберг мырза «Зарубежнефть» ААҚ президенті қызметін атқарады. Ол Glencore International компаниясына 1984 жылы келіп қосылды. Бұған дейін ол Оңтүстік Америкадағы Glencore бөлімшесінде үш жыл, Аустралияда екі жыл жұмыс істеді. 1988 жылдан 1990 жылға дейін Гонконг пен Бейжіңде Glencore International бөлімшелерін басқарды. Glencore-ға келгенге дейін, ол Levitt Kirson-да бес жыл бойы бухгалтер болып еңбек еткен.
Glencore International AG атқарушы директоры (2002 жылдан).
- 1958 жылы ОАР-да дүниеге келген.
- 1989-1990 жж. Гонконг пен Бейжіңде Glencore бөлімшелерін басқарды.
- 2002 жылдан - Glencore International AG атқарушы директоры.
- Xstrata директорлар кеңесінің мүшесі.
- 2009 жылдан - Minara Resources Ltd.-те басқарушы.

«Astana-TradeInternational» ЖШС бас директоры 

1966 жылы 21 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген. 1986 жылы Қарағанды мәдени-ағартушылық училищесін «Мәдени-ағартушылық жұмыс», біліктілік: клуб қызметкері, хореографиялық ұжым жетекшісі мамандығы бойынша тәмамдаған, 2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Экономика және кәсіпорындағы басқару», біліктілік: инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Astana-TradeInternational»(«Астана Трейд Интернэшнл») ЖШС құрылыс компаниясының бас директоры қызметін атқарады.

Марапаттар:
1. Еуропалық бизнес-академисяының Халықаралық әлеуметтік серіктестік корпорациясынан «Еуропалық сапа» халықаралық сыйлығының лауреаты (2008 жыл, 16 қазан) «Еуропалық стандарттарға сәйкес жоғары сапаға қол жеткізудегі жігері үшін».
2. “European Award for Best Practices 2012” еуропалық сыйлық. «AstanaTradeInternational» компаниясы 2012 жылдың 15 сәуірінде Амстердамда (Голландия) «Mövenpick Hotel Amsterdam City Centre»-де өткен «European Award for Best Practices 2012» (Үздік Тәжірибе үшін Еуропалық сыйлық 2012) марапаттау рәсімінде аталмыш сыйлықтың лауреаты атанды.
3. «Sociétéd’ Encouragementpourl’industrie Nationale» - «Өнеркәсіпке жәрдемдесу қауымдастығының алтын медальі» сыйлығының лауреаты.
4. Monsieur Olivier Mousson Қауымдастығының Президенті табыстайтын «SEIN алтын медальі» құрметті марапаты, құрамында диплом, алтын медаль, төске тағатын белгі және бекітілген үлгідегі сертификат бар, 2012 жыл, 12 қараша.
5. «Экономика» номинациясы бойынша Қазақстан әйелдерінің жетістіктерін қоғамдық мойындаудың «Ажар» ұлттық сыйлығы, 2012 жыл, 22 қараша.

т.ғ.д., профессор, РЖҒА «Білім беру және тұрақты даму» бөлімінің төрағасы

1951 жылы 22 ақпанда Мәскеу қаласында дүниеге келген, 1974 жылы Мәскеу инженерлік-физикалық институтын аяқтады (инженер-математик). 
МИФИ, Ресей Білім және ғылым министрлігі, Ресей ғылым академиясындағы жалпы еңбек өтілі – 30 жылдан астам. А.Е. Арменский 1974-1992 жылдары Мәскеу инженерлі-физикалық институтының Кибернетика кафедрасында аға оқытушы және доцент болып жұмыс жасады. 1997-2000 жылдары Халықаралық қайта құру және даму банкінің бірінші білімдік қарыз бойынша кадрлер дайындау Ұлттық қорында бағдарлама жетекшісі қызметін атқарды, 2001-2012 жылдар аралығында Ресей Білім министрлігінде, Ғылым және инновациялар федералды агенттігі, Ресей Білім және ғылым министрлігнде еңбек етті, қазіргі уақытта (2012) – Ресей ғылым академиясының (РҒҰ) ғылыми-ұйымдастырушылық Басқармасы бастығының орынбасары. Ол 100-ге жуық ғылыми жұмыстар жазды, соның ішінде он тоғыз монография бар, т.ғ.д (2000), профессор (2000).
2001 жылдың ақпанынан Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының "Білім беру және тұрақты даму" бөлімін басқарып келеді, РЖҒА академигі. 

«Қоғамдық шарт» ұлттық жобасы Институтының президенті

1954 жылы Норильск қаласында дүниеге келген. Ломоносов атындағы ММУ-дың экономика факультетін аяқтады, экономика ғылымдарының докторы және профессор атағына иелік етеді. 2001 жылдан бері ММУ экономика факультетінің қолданбалы институтционалдық экономика кафедрасын басқарып келеді.
Аузан А.А 2000 жылдан бері «Қоғамдық шарт» ұлттық жобасы Институтын басқарады. 2008 жылы Заманауи даму институтының басқармасына енді. 2010 жылдан РФ Президенті жанында Ресей экономикасын жаңғырту және технологиялық даму бойынша комиссия мүшесі, Комиссияның Консультативті жұмыс тобының жетекшісі. 2011 жылдан «Мемлекеттің қатысуын оңтайландыру: «Стратегия-2020» жаңарту бойынша реттеуші атқарымдарды қысқарту, айқындықпен қамтамасыз ету және азаматтармен және бизнеспен кері байланыс» Сараптау тобының жетекшісі. 2011 жылдан РФ экономикалық даму Министрлігі жанында реттеуші ықпалды бағалау бойынша Консультативті кеңесінің құрамына енді.
Жүзден астам ғылыми жұмыстардың авторы, соның ішінде төрт монография бар. Жиі мақала жазып, БАҚ-қа сұхбат беріп тұрады, Ресейде экономиканы жаңғырту және азаматтық қоғамды дамыту бойынша дәрістер оқиды. 

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ стратегия бойынша атқарушы директор 

Проф. Александр Ван де Путт Қазақстанның Даму Банкінде стратегия бойынша атқарушы директор, қосымша ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарады. Оның жұмысы – ҚР аумағында ел экономикасын әртараптандыруға бағытталған (теңдестірілген әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу) бірқатар біріктірілген индустриалды-экономикалық кластерлік бастамаларды ендіру және дамыту.
Қазақстанның Даму Банкіне келгенге дейін, профессор Ван де Путт PFC Energy International компаниясында Атқарушы директор қызметін атқарып және елдің сценарлық жоспарлау және экономикалық үлгілеу бойынша жобаны басқарды. 2004 жылдан 2007 жылға дейін профессор Ван де Путт Дүниежүзілік экономикалық форум кезінде жаһандық тәжірибе жетекшісі және директоры болды, мұнда жетекші академиялық институттармен және сарапшылармен тығыз қарым-қатынас жасай отыра, сценарлық жоспарлау, елдің бәсекеге қабілеттілігі және жаһандық тәуекелдер саласында зерттеулерді басқарды. Ол Дүниежүзілік экономикалық форум кезінде сценарлық жоспарлау жетекшісі ретінде, сценарлық жоспарлаудың үдерістері мен құралдарын ойлап тапты, сондай-ақ, индустриалды даму мәселелерін ғаламдық және аймақтық деңгейлерде талқылау мақсатын алға қоя отыра, Форум шеңберінде сценарлық жоспарлау бойынша жобалар топтамасын басқарды. Сонымен қатар, Александр Shell International компаниясының Атқарушы директорлар комитетінде стратегиялар жасау және портфельдерді басқару бойынша Аға Кеңесшісі қызметін атқарды. Оның жұмысының жарты бөлігі – Shell компаниясы инвестицияларының жаһандық портфельдерін бағалау және қайта құрылымдау. Сондай-ақ, түрлі сценарийлер аясында команияның стратегиялық жағдайын жақсартудың мүмкін жолдарын айқындап, Shell компаниялар тобы қаржыландыратын нақты опциондар бойынша екі жылдық бастаманы басқарды. Shell компаниясына дейін Александр компания құнын бағалау бойынша PricewaterhouseCoopers бөлімшесінің Директоры және қосымша жетекшісі қызметтерін атқарды. Александр McKinsey компаниясында корпоративтік қаржылар және Еуропаның стратегиялық тәжірибесі бойынша жоба менеджері болып еңбек етті. Александр өз мансабында кеңесші ретінде 30-дан астам елдерде қызмет атқарып, соның ішінде негізінен энергетикалық, металлургиялық және тау-кен қазушы компанияларда жұмыс жасады.
Александрдің экономикалық және инженерлік білім бар. Ол Бостон Университетінде Менеджмент және шешімдер қабылдау саласында ғылыми дәрежесін иемденді, Гарвард Университетінің BAEF бағдарламасы бойынша стипендиаты, Лондон университетінің қолданбалы экономика (қаржы) саласы бойынша PhD дәрежесіне және Женева дипломатия мектебінің халықаралық қатынастар бойынша ғылым докторы атағына ие, сондай-ақ, Кембридж Университетінде техникалық ғылымдар саласында PhD дәрежесіне иелік етеді. 2004 жылы Биркбек Колледжінің (Лондон университеті) құрметті оқытушысы болып сайланды, 2006 жылы Evianғ IMD топтарының ақылмандар орталығына кірді, ал 2011 жылы Torino Халықаралық қатынастар Институтының серіктесі болып сайланды.
Александр IE Бизнес мектебінде стратегиялық форсайт және корпоративтік  стратегиялар саласында профессор, Халықаралық зерттеулер және даму институтында мұнай мен газ саласындағы Executive Master бағдарламасының қосымша директоры, Экономика және саясат орталығының, Кембридж Университетінің зертетушісі және оқытушысы, Energy Delta Институтында (Нидерланды) сценарлық жоспарлау және электр қуатының экономикасы бойынша оқытушы қызметтерін атқарды. 2006 жылдан 2007 жылға дейін INSEAD-те сценарлық жоспарлау бойынша шақыртылған профессор болып жұмыс жасады, 2001-ден 2004-ке дейін стратегиялар мен қаржылар профессоры, Grande Ecole в Rouen School of Management (Франция) бағдарламасының деканы және Лондон Университетінің оқытушысы болып еңбек етті. Александр Executive Education INSEAD (Франция и Сингапур), IMD (Швейцария) және Wharton-да (АҚШ) дәріс оқыды және Solvay менеджмент мектебінде, Бостон Университетінде, Қытай Заманауи Халықаралық Қатынастар Институтында, Медина Көшбасшылық және кәсіпкерлік Институтында сабақ берді, сондай-ақ, DuPont, Caterpillar, Катар Ұлттық Банкі, GE, Nuon, Shell, Ecopetrol, Қазақстанның Даму Банкі, климаттың ғаламдық өзгеруі бойынша Пью орталығы, Nissan-Renault, Toyota және Statoil секілді үйретуші бағдарламалар аясында түрлі компанияларда оқытушы болып қызмет атқарды.
Оның зерттеулері The Business Environment Review, the California Management Review, the European Risk Management Review, the Journal of World Energy Law & Business, and the Journal of International Financial Analysts секілді басылымдарда жарияланды. Қазіргі уақытта Александр 6 кітап жазуда, соның ішінде бір кітап Табиғи ресурстарға бай елдердің экономикасын басқаруға арналған. 

«Коммерсантъ-Власть» журналы бас редакторының орынбасары

1985 жылы дүниеге келген. ҚХР-да меншікті тілші, сыртқы саясат бөлімінің тілшісі, сыртқы саясат шолушысы, «Коммерсантъ» БҮ-нің сыртқы саясат бөлімі редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта «Коммерсантъ-Власть» журналы бас редакторының орынбасары болып еңбек етеді және М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің Азия және Африка елдері институтында сабақ береді.

Mail.Ru Group директоры

Александр Горный М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің есептеуіш математика және кибернетика факультетін үздік бітірді.
Mail.Ru-дегі өз мансабын 2000 жылы бағдарлама жасаушы жұмысынан бастаған және 2005 жылы Mail.Ru пошталық қызметінің техникалық жетекшісі қызметіне тағайындалды.
2006-2010 жылдар аралығында Rambler-де жобалар әзірлеу бойынша директор және "Медиа Мир" ЖШҚ (РБК компаниялар тобы) техникалық директоры қызметтерін атқарды.
2010 жылы Александр Горный Mail.Ru Group-ке қайта оралып, ICQ жобасының жетекшісі қызметіне тағайындалды. Бұл қызметте Александр Горный ICQ бағдарын Ресей мен шетелдерде дамыту және нығайту жұмысына жауапты болды. 2012-жылдан бері Mail.Ru Group директоры қызметін атқарып келеді. 

ММУ тарих факультетінің жанында посткеңестік кеңістік қоғамдық-саяси үдерістерді зерттеу жөніндегі Орталықтың бас директоры.  

1965 жылы дүниеге келген. ММУ тарих факультетінің жанында посткеңестік кеңістік қоғамдық-саяси үдерістерді зерттеу жөніндегі Орталықтың бас директоры қызметін атқарған. Қазіргі уақытта ММУ тарих факультетінің декан орынбасары, М.В. Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінде таяу шет елдер тарихының кафедра меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс жасайды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі 

1958 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Малайзия институты жанында дипломатия және халықаралық қатынастар курстарын бітірді. Тарих ғылымдарының кандидаты. 1981 жылдан 1991 жылға дейін Қазақ Политехникалық Институты мен Қазақ Мемлекеттік Университетінде (Алматы қ.) ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысты. 1991 жылдан 1992 жылға дейін – Қазақстан Республикасы халықтық білім беру Министрлігінің кеңесшісі болып еңбек етті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігінің жүйесінде 1992 жылдан бері қызмет атқарып келеді – екінші хатшы, бірінші хатшы, БҰҰ бөлімінің меңгерушісі. 1994 жылдан – БҰҰ және мамандандырылған халықаралық ұйымдар Басқармасының бастығы. 1996–1999 жж. – Швейцария Конфедерациясындағы Қазақстан Респуликасы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-елші, Женевадағы БҰҰ бөлімі жанында (Швейцария Конфедерациясы) Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілінің орынбасары. 1999–2003 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Кеңсесінің Мемлекеттік инспекторы. 2003 жылдың мамырынан 2005 жылдың қыркүйегіне дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары, 2005 – 2012 жж. Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2012 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Төтенше және Өкілетті елшісі дипломатиялық дәрежесіне ие. 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», 2006 жылы «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», 2008 жылы «Астана қаласына 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған, 2008 – 2010 жж. Қазақстан Респуликасы Президентінің алғыс хатына ие болды, 2011 жылы – «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальімен, сонымен қатар, Польша Республикасының Автокефальдық Православиелік шіркеуінің «Киелі Мария Магдалена» орденімен марапатталған. 2012 жылы  командорлық «Польша Республикасының алдында сіңірген еңбегі үшін Ордені» табысталды. Қазақ, поляк және орыс тілдерінде жарияланған «Қазақстан мен Польша арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 20 жыл» кітабының авторы. Ағылшын және поляк тілдерін меңгерген. Үйленген, ұл тәрбиелеуде.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы.

1959 жылы 25 наурызда Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қарсақбай ауылында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын инженер – механик мамандығы бойынша; Мәскеу автожол институтының аспирантурасын тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты (1988), Ұлттық инженерлік Академиясының мүше-тілшісі және жаратылыстану ғылымдары Ұлттық Академиясының мүшесі.
1988 жылдан 1992 жылға дейін – Жезқазған тау-кен технологиялық институтының аға оқытушысы, доценті, декан орынбасары. 1990 жылы Жезқазған облыстық халық депутаттары Кенесінің депутаты болып сайланды. 1992 жылдан бастап – Жезқазған облысы әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
1995 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек министрінің орынбасары, министрдің бірінші орынбасары болып еңбек етті. 1996 жылдан бастап Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Ұйымдық-бақылау бөлімінің меңгерушісі болды. 1997 – 1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер - министрі Кеңсесінің жетекшісі. 1998 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жетекшісі.
1999 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы болып тағайындалды.
2000 жылдан 2001 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2001 жылдың қарашасынан бастап – «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ортақ құрылтайшысы болып, саяси кеңесінің мүшесіне енді. 2002 жылдың наурызынан бастап – «Ақ Жол» Қазақстан Демократиялық партиясының тең төрағасы, 2005 жылдан бастап – төрағасы болып еңбек етті. 2006 жылдың қазанынан 2007 жылдың маусымына дейін – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

«Зерде» Қоғамдық қорының және «Тоғызқұмалақ» халық ойыны халықаралық республикалық федерациясының президенті.

2011 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентіның Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы қызметіне тағайындалды.
Әлеуметтік қорғау, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, менеджмент, саяси және партиялық құрылыс мәселелері бойынша бірнеше баспа еңбектер мен жарияланымдардың авторы.

Мәскеудегі "Бразилияда экспортты дамыту агенттігі - Апекс-Бразил" Қауымдастығы өкілдігінің басшысы 

2011 жылдың наурызынан бастап «Апекс-Бразил» Бразилияда экспортты дамыту агенттігі мәскеулік қауымдастығының басшысы қызметін атқарып келеді. «Апекс-Бразил» іскерлік міндеттері аясында бразилиялық компанияларға халықаралық нарықтарға, соның ішінде Ресей және ТМД-ның өзге елдеріне шығуға көмектеседі. Алмир Рибейро Америко Сан-Пауло қаласындағы Католиктік университетте «Физика» мамандығы бойынша білім алды. 90-жылдардың басында Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыды.  Дәл осы уақытта Мәскеудегі Бразилия елшілігінің коммерциялық бөлімшесінде жұмыс жасады.
Алмир Рибейро Америко бірнеше ірі бразилиялық баспаларда талдаушы болып қызмет атқарған. 2003 жылдан 2005 жылға дейін ANHEMBI S.A компаниясының (Латын Америкасындағы ірі көрме орталығы) Коммерциялық директоры қызметін атқарды. 

Басқарушы серіктес, Прайс уотер хаус Куперс Евразия

Ол Орталық және Шығыс Еуропада ұлттық әл-ауқат қорлары үшін қызметтер тәжірибесін басқарады және Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат Қорының PwC Жаһандық серіктесі болып саналады. 
Альпер PwC-де 29 жыл бойы қызмет атқарып келеді Лондон, Стамбул және Сингапурдегі PwC кеңселерінде Серіктес қызметінде 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласында еңбек етеді. Бұған дейін ол Сингапурде тұрып, Азия аймағы бойынша PwC Leadership командасының мүшесі болған. Оған дейін Лондонда қызмет атқарған ол Азия, Оңтүстік Америка және Еуропа нарықтарына қосылу, соның ішінде Қытай/Гонконгтегі Андерсен компаниясын біріктіру кезінде жаһандық топта жетекші орынды иеленді. Өз мансабын бастаған Лондондағы кеңседе 5 жыл жұмыс жасағаннан кейін, Альпер қызметін Түркияда жалғастырып, мұнда 7 жыл бойы жергілікті және халықаралық инвесторларға аудиторлық және консультациялық қызметтер ұсынумен айналысты.
Альпер Қазақстан Менеджмент, Экономика жəне Болжау институтында (KIMEP) доктор дәрежесін алды және Бизнес Магистрі дәрежесімен Ұлыбританиядағы Bath Universitу-н аяқтады. Ол білікті Дипломды бухгалтер және Англия және Уэльстің Тұрақты Бухгалтерлер Институтының (АУТБИ) толық мүшесі. 

Аустрияның 11-канцлері (2007-2008)

Вена университетінде саясаттану, философия және құқықтану бойынша білім алған, мұнда саяси ғылымдар саласында доктор дәрежесіне қол жеткізді. 1990 жылдан 1999 жылға дейін Төменгі Аустриялық еңбек палатасының экономикалық саясат бөлімінде аға қызметкер болған. Гузенбауэр 1996 жылдан 1999 жылға дейін ынтымақтастықты дамыту Комитетінің Төрағасы қызметін атқарды. 2000 – 2008 жж. – Бундесратта Аустрия социал-демократиялық партиясының (SPÖ) көшбасшысы және бас хатышысы.  2007 жылдың қаңтарынан 2008 жылдың желтоқсанына дейін – Аустрияның Федеральды канцлері. 2007 жылы сайлауда жеңіске жеткеннен кейін, Аустрия социал-демократиялық партиясы және Аустрия ұлттық партиясы үлкен коалициясының үкіметін басқарды. 2008 жылдың 10 қарашасында Альфред Гузенбауэр «Халықтар арасында бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтқаны үшін» «Өркениет диалогы» халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. 

«Қазақстанның Софтверлік компаниялар Қауымдастығының» Президенті

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы 1978 жылы 21 наурызда Жамбыл облысында дүниеге келді.  1991-1995 жылдары – Алматы қаласындағы Республикалық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының (РМФММИ) оқушысы. 1995-2000 жылдары – электронды техника инженері мамандығы бойынша (мамандандыру – компьютерлік телекоммуникациялар инженері) Алматы энергетика және байланыс институтының радиотехника және байланыс факультетін үздік бітірген. 1996 жылы жоғары математика бойынша техникалық ЖОО-дар арасындағы халықаралық олимпиадада бірінші орынды иеленді. 2005 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетін үздік дипломмен аяқтады. 2008-2009 жылдары - Кембридждегі “Embassy CES” тіл мектебінің және Лондондағы “Bellerbys” колледжінің студенті, 2009 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы “Kaplan Аspect” тіл мектебінде оқыды. 1997-2007 жылдар аралығында пейджингтік компания филиалының, «BAYDIBEK» ЖШС компаниясының директоры, «KAZCOMNET» компаниясының Президенті, «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы АҚ-ын ақпараттандыру жөнінде Президент Кеңесшісі, “Қазақстан Темір Жолы” АҚ еншілес компаниялары мен құрылымдық бөлімшелерінде ақпараттандыру жөніндегі жұмыс комиссиясының Төрағасы, “Транстелеком” АҚ директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарды. 

ХСО Нарықты талдау және зерттеудің бастығы және атқарушы директор 

Андерс Aэро 2011 жылдың наурызынан бастап  Женева (Швейцария) Халықаралық сауда орталығы (ХСО) нарықты дамыту бөлімінің директоры қызметін атқарған. Aэро мырза Дания елінің тумасы, ХСО-ға 2007 жылы келіп қосылды және содан бері бірқатар лауазымдарды иеленді, соның ішінде Нарықты Талдау және Зерттеудің атқарушы директоры орынбасарының міндетін атқарушы және бастығы қызметтерін атқарды. Кәсіби мансабы кезінде Aэро мырза сауда үдерісін оңайлатудың, өнеркәсіптік қайта өңдеу және тұрақты дамудың өзара байланысты тақырыптарына, сонымен қатар, олармен өмірлік маңызды рөл ойнайтын – ұйымдық және саяси деңгейдегі компаниядағы инновациялар мен технологиялармен байланысты мәселелерге күш жұмылдырды.  ХСО-ға келгенге дейін ол Оңтүстік Африка елінде бірнеше жыл дамушы елдер үшін Даниялық индустрияландыру қорының аймақтық кеңесшісі болып еңбек етті, ал оған дейін ол Батыс-Кап аймағында сауданы дамыту және инвестициялар және сауданы ынталандыру агенттігінде (WESGRO) аға менеджері қызметін атқарды. Кейіннен ол Батыс-Кап аймағындағы бизнес-қауымдастығы колл-орталығының (CallingtheCape) басқарма төрағасы және the South African Maritime Industry Task Team мүшесі болып тағайындалды. Сонымен қатар, ол Cape IT Initiative үшін консультативті кеңес мүшесі болып еңбек етті. Оңтүстік Африкаға көшкенге дейін, Aэро мырза даниялық инженерлер қауымдастығында Ғылыми-и зерттеу орталығының және Саяси бөлімшесінің жетекшісі және кіші және орта кәсіпорындар бойынша даниялық федерацияда экспорт жөніндегі менеджер болып жұмыс жасады. Аэро мырза Копенгаген Бизнес Мектебінде өнеркәсіптік экономика бойынша доктор дәрежесін алды.  Сондай-ақ, ол Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде ғылыми қызметкер болып қызмет етті.

2011 жылдың 21 желтоқсанынан бастап Министрлер Кеңесінің Төрағасы – Дональд Туск Анджей Дыханы Польша Республикасы Экономика Министрінің орынбасары қызметіне тағайындады

1978 жылы 27 сәуірде Барлинек қаласында дүниеге келген.
Еуропалық интеграция мамандығы бойынша Щецин Университетінің саясаттану факультетінің магистратурасын тәмамдаған. Сонымен қатар, француздық Université Montesquieu Bordeaux IV саяси ғылымдар факультетінде білім алған.
2004-тен 2010-ға дейін Еуропалық Парламентте жұмыс істеді.
2007 жылдан 2010 жылға дейін Польша Республикасының ауыл шаруашылық және ауылды дамыту Министрі орынбасарының қызметін атқарды. 
2010 жылы Еуропалық Комиссияда ауыл шаруашылық мәселелері бойынша Комиссардың Саяси Кабинетінің мүшесі болды. 
Ағылшын және франуцз тілдерінде еркін сөйлейді. 

Тәжірибе жетекшісі – Демократиялық басқару

Анни Демиржан (Канада) Еуропа және ТМД БҰҰДБ-да Тәжірибелік көшбасшы және Демократиялық басқару БҰҰДБ үшін жауапты. 2011/2012 жылдары ол Ливиядағы БҰҰ міндетіндегі Жетекшілік реформасы/Мемлекеттік Басқарудың Аға Кеңесшісі болып қызмет атқарды. БҰҰДБ ECIS, Ирак және Сомалиде ол Конституция, Сайлау, Институционалдық Даму және Әлеуетті Арттыру, Мемлекеттік Басқару Реформаларын (БҰҰДБ және БҰҰ агенттігі), Жергілікті өзін-өзі басқару Бағдарламасы, Заңның Ұлықтылығы және CSO, Әділеттілікке қолжетімділік және БАҚ-ты дамыту жұмыстарын жасауға жауапты болды.
Анни Демиржанның басшылық жұмыстарында 25 жылдық тәжірибесі бар – Ұйымдық реформалар және Халықаралық Даму Портфолиосының директоры (саясат, бағдарламалар және операциялар) – Канаданың Федералдық Үкіметінде қызмет етті (Құпиялық Кеңес және Салалық Министрліктердің Кеңсесі), сонымен қатар, БҰҰ-да (БҰҰДБ), қосымша Дүниежүзілік Банкте және Ливия, Шығыс Европа және Орталық Азия, Гаити, Сомали, Ирак, Иордания, Египет, Тунис, Палестина, Зимбабве, Оңтүстік Африка, Нигерия және Канада секілді елдерде Халықаралық Дамудың Канадалық Агенттігінде қызмет атқарды.
Мамандану салалары: Мемлекеттік сектор/мемлекеттік басқарудың реформалары; атқарушы басқарушылық бағдарлама, қоғамдық жауапкершілік және қоғамдық (қауіпсіздік секторы), адам ресурстарын басқару, институционалдық/ұйымдық даму және әлеуетті арттыру.
Көп тілді біледі (Ағылшын, Француз, Араб), жігерлі, нәтижеге қол жеткізуді көздейді, айналасымен тез тіл табыса білетін және байсалды жан.
Бакалавр және ғылымдар магистрі атағына ие және Канадалық Университеттердің Жанжалдарды Баламалы Шешу бойынша Дипломы бар.

Үндістан бәсекелестігі бойынша Комиссия мүшесі

Шри Анураг Goel Үндістандық әкімшілік қызметіне 1972 жылы қосылған мемлекеттік қызметкер және екі жылдан астам Үндістан бәсекелестігі бойынша Комиссия мүшесі  (СӨП) болып еңбек етеді. Ол үш жарым жылдай Үндістан Үкіметінің, корпоративтік мәселелер бойынша Министрлігінің хатшысы, оған дейінгі қаржы министрлігіндегі түрлі тағайындаулар, қорғаныс, азаматтық авиация саласында және т.б жұмыс жасау арқылы корпоративті басқару және бәсекелестікті реттеуде үлкен тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ, ол SEBI, DMRC, Air India, Indian Airlines кеңестерінің, Үндістан әуежайларының және өзге тұлғалардың көп бөлігінің мүшесі болды. 

1975 жылдан бері Ислам Даму Банкінің Бірінші Президенті (ИДБ).

Доктор Али 1934 жылы Сауд Арабиясы Корольдігінің Медине қаласында дүниеге келген.
1957 жылы Каир Университетінің «Сауда» факультетінде Бакалавр дәрежесін алды. 1959 жылы Каир Университетінің заң факультетін аяқтап, бакалавр дәрежесіне ие болды.
1962 жылы Анн Арбор (АҚШ) қаласындағы Мичиган Универсиетінде Магистр дәрежесін иеленді. Мемлекеттік басқарудың (қаржылық басқару) докторы. 1967 жылы Нью-Йорк Мемлекеттік Университетін (АҚШ) бітірді.  
1958 жылы Білім беру Министрлігінде түрлі қызметтер атқарды. 1967-1972 жж. Джидда қаласындағы Король Абдуль Азиздің Университеті Ректорының м.а. қызметін атқарды.
Оның халықтың дамуына қосқан үлесі Сауд Арабиясы Корольдігі Үкіметі тарапынан еленіп, 1972 жылдан 1975 жылға дейін Білім беру Министрінің орынбасары қызметіне бекітілді.
Марқұм король Фейсал ибн Абдель Азиздің бастамасы бойынша, Ислам конференциясы ұйымына (ИКҰ) мүше елдер Ислам Даму Банкін құру туралы шешім қабылдаған кезде, Доктор Али Бірінші Президенті болып тағайындалды.
1993-1995 жж. Дүниежүзілік Мұсылман Лигасының Бас хатшысы.
Оның білімі мен тәжірибесі Банкті дамыту міндеті үшін мықты базасын құруға көмектесті. Оның біліктілігі мен қоғамды дамытуға шынайы берілендігі ИДБ басқару қатерлерін жеңіп шығуға және бүгінде банктің қызметінен көрініс тапқан түрлі мәселелерді шешу жолдары арқылы даму спектрін кеңейтуге көмектесті. 

ERNST & Young кеңесшісі, Аустралия

Биллдің Үкіметтерге коммерциялық және қаржылық консультациялық қызметтер және ірі инфрақұрылымдық жобалар бойынша консорциумдарға қызметтер ұсынуда қомақты тәжірибесі бар. Билл Аустралия Infrastructure Partnerships кеңесінің және Халықаралық жобалық-қаржылық Қауымдастығы Аустралиялық ордені Консультативті кеңесінің мүшесі болып саналады.

ҚСКҚ ғалымдар кеңесінің Төрағасы

Болат Әбдікәрімұлы 1939 жылы 17 ақпанда дүниеге келген. 1963 жылдан 1973 жылға дейін КТУ директорының орынбасары, Қарағанды облысының кәсіптік техникалық білім беру облыстық басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды, ал 1973 жылдан бастап он жыл уақыт көлемінде Жезқазған кәсіптік техникалық білім беру облыстық басқармасын басқарды.
1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы білім беру министрінің орынбасары қызметіне бекітілді. 
1997 жылы оған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры академиялық атағы берілді. 2001 жылы Ресей кәсіптік білім беру академиясының толық мүшесі болып сайланды және дәл сол жылы Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі атанды, ҚР педагогика ғылымдарының академигі. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері». 2009 жылдың қыркүйегінен бастап С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-де кәсіптік оқыту кафедрасының профессоры болып қызмет атқарып келеді.

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі 

1971 жылы 9 сәуірде Атырау қаласында дүние келген.
1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

1993 ж. - Аlem Bank Kazakhstan филиалдар қызметін бақылау департаментінің экономисі, бас экономисі.
1995 ж. – Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің бағалы қағаздар бөлімінің, дилинг операциялары бөлімінің бастығы, активтерді басқару департаментінің директоры.
1997 ж. - «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ Теңіз жобасы департаментінің аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, директорының орынбасары.
2001 ж. – «Commonwealth and British Services» компаниясының бизнес-сарапшысы, стратегиялық жоспарлау менеджері, қаржы директоры.
2003 ж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірлескен кәсіпорындарда үлес басқару жөніндегі атқарушы директоры.
2006 ж. - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі.
2008 ж. – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ мұнайгаз және электрэнергетикалық активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «КЕГОК» АҚ, «Самұрық – Энерго» АҚ, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ Директорлар Кеңестерінің мүшесі.
2010 ж. - «РSА» ЖШС (өнімді бөлісу туралы Келісімдер жөніндегі өкілетті орган) бас директоры (Қарашығанақ жобасы, Солтүстік Каспий жобасы - Қашаған, Доңға жобасы).
2011 ж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы
С 2012 года – ҚР Мұнай және газ вице-министрі.
Үйленген. Үш бала тәрбиелеуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры 

Биология ғылымдарының докторы. ҚР ҰҒА, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясы, Халықаралық жоғары мектеп академиясының Құрметті академигі. Ғылыми-педагогикалық жұмыста және мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар.
1980 жылдан 1986 жылға дейін КСРО ҒА Биофизика Институтында тағылымгер-зерттеуші, аспирант, кейін Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда пединститутында оқытушы, декан, проректор қызметтерін атқарды. Ресей ғылым академиясы Жасуша биофизикасы институтында аға ғылыми қызметкер лауазымында қызмет етті.  
1996 жылдан 2000  жылға дейін - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің бірінші проректоры, ректоры. 2000-жылдан 2001-ге дейін – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің ақпарат және тестілеу Орталығының директоры.
2001-жылдан 2004-жылға дейін – Жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің Директоры, кейін 2004 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің Төрағасы болып қызмет етті. 2007-жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қызметіне ұсынылды. 2010 жылдың 23 қыркүйегінде  Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты Хатшысы қызметіне бекітілді. 2012 жылдың 25 ақпанында Мемлекет Басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.
Болатбек Серікбайұлы Әбдірасылов тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің дамуына орасан үлес қосты. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамыту бойынша 2005-2010 және 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, 2011 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Ғылым туралы» заңдарының негізгі құрастырушыларының бірі болып саналады.
«Кұрмет» Орденімен марапатталған. Сондай-ақ, биофизика саласындағы үлкен ғылыми жетістіктері үшін  Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясымен Нобель сыйлығының лауреаты П.Л.Капица атындағы естелік медальімен марапатталды.
Ресей, АҚШ, Аустралия, Голландия, Оңтүстік Кореяның рейтингтік журналдарында 60-қа жуық ғылыми жұмыстары жарияланған.

Техника ғылымдарының докторы, профессор, РЖҒА академигі

2003 жылдан бері Беларусь Ұлттық Ғылым Академиясы Экономика Институтында қызметте, соның ішінде 2009 жылдан бері инновациялық саясат бөлімін басқарып келеді. 

Гончаров Валерий Валерийұлы, 1966 жылы дүниеге келген. г. рождения, 2003 жылдан бері Беларусь Ұлттық Ғылым Академиясы Экономика Институтында қызметте, соның ішінде 2009 жылдан бері инновациялық саясат бөлімін басқарып келеді. 
Гончаров В.В. – экономика ғылымдарының кандидаты, инновациялық даму және технологиялық болжам (форсайт) саласындағы зерттеулерге мамандаданды. 60-тан астам жарияланымдардың авторы. Беларусь Республикасы ғылыми-техникалық өсімі жөніндегі Кешенді болжамның үш циклін (2001-2020 жж., 2006-2025 жж. және 2011-2030 жж. кезеңдер бойынша) әзірлеу жұмыстарының тікелей қатысушысы болып саналады. 
Гончаров В.В. 2005 ж. Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы экономикалық сараптау тобының құрамына қабылданды. 2010-2012 жж. ведомствоаралық жұмыс топтарының құрамында Беларусь Республикасының «Беларусь Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары және мемлекеттік болжауы туралы» Заң жобаларын, Беларусь Республикасында Нанондустрияны қалыптастыру және дамыту Тұжырымдамасын, «БелБиоград» Ұлттық ғылыми-технологиялық және индустриялық саябағын құру және қызметін ұйымдастыру жұмыстарына ат салысты.
Гончаров В.В. - Беларусьтік инновациялық форумдарды (2009-2011), өзге де ғылыми-ұйымдық іс-шараларды өткізу шеңберінде мамандандырылған форсайт-сессиялар бойынша ұйымдастырушы және үйлестіруші. 

Бас Технолог, HP Enterprise Services, Central and Eastern Europe

Венадағы Экономика университетінде менеджмент бойынша білім алған профессор Маг Вернер Дорфмайстер (Werner Dorfmeister) (MBA) өзінің кәсіби қызметін Mobilkom Austria AG-де диспетчер жұмысынан бастады.
Кейіннен Microsoft және VM Ware Global Inc. секілді халықаралық IT компанияларда сауда жөніндегі кеңес беруші және менеджер болып жұмыс жасады, мұнда ол жеткізу тізбектерін  басқару, материалдар және логистиканы басқару, сондай-ақ, электрондық коммерция және электрондық маркетингті басқару салаларында сараптама құрастырды. Қазіргі таңда Вернер барлық инновациялық тақырыптарды, соның ішінде Hewlett-Packard (Орталық және Шығыс Еуропа) инновациялық менеджері ретінде бұлтты есептеулермен байланысты тақырыптарды жүргізеді. Danube University Krems-ке шақыртылған дәріс оқушы ретінде ол жеткізу тізбектерін басқару, электрондық коммерция салаларындағы оқулар мен зерттеулерге, сондай-ақ, ITSM және бизнес-үдерістер аутсорсингі бойынша маманданады. BMÖ-да ол логистика және жеткізу тізбектерін басқару жұмыстарына жетекшілік етеді, Вена сауда палатасының электрондық коммерция жөніндегі сарапшылар тобында Аустрияда электрондық бизнесті дамыту бойынша қызмет атқарады. Профессор Дорфмайстер Аустрия мен Германияның университеттері мен колледждерінде сабақ береді. 

Citigroup бас экономисі

Виллем Буйтер Citigroup-тің бас экономисі. Ол Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінде бас экономист, Англия Банкінің монетарлық саясат жөніндегі Комитетінің мүшесі, сондай-ақ, бірқатар ұлттық үкіметтер және жеке қаржылық кәсіпорындарда кеңес беруші қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, ол АҚШ, Ұлыбритания және Нидерланды университеттерінде академиялық мансаптарды да иеленді. 1982 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Виллем Буйтер банк ісіне ерекше көңіл бөлетін Лондон экономика мектебінде Кассель профессоры болып тағайындалды. 1985 жылы Виллем Буйтер LSE-ден кетіп,  1994 жылға дейін Нью-Хейвендегі Йельском университетінде (АҚШ, Коннектикут штаты) экономикадан сабақ берді.
Виллем Буйтер 1994 жылы АҚШ-тан кетіп, Кембридждегі Тринити-колледждің мүшесі және Кембридж Университетінің халықаралық макроэкономика профессоры атанды, бұл қызметті ол 2000 жылдың мамырына дейін атқарды. 2000 жылдың маусымынан 2005 жылдың тамызына дейін ол Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің бас экономисі және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі Президентінің арнайы кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2005 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың мамырына дейін Буйтер Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің жанындағы Еуропалық институттың еуропалық саяси экономия профессоры болып еңбек етті. 2009 жылдың тамызынан 2011 жылдың тамызына дейін ол Лондон қор биржасында, Экономикалық көрсеткіштер Орталығында саяси экономия профессоры қызметін атқарды.
Виллем Буйтер Нью-Хейвендегі Йельском университетінде (АҚШ, Коннектикут штаты) экономика саласы бойынша Ph.D. дәрежесіне ие. 

"Бизнес Қазақстан - АҚШ" Қауымдастығының Атқарушы Директоры

Мистер Вил 1999 жылдың сәуірінде негізі қаланған Американ-Қазақстан іскерлік қауымдастығының атқарушы директоры. Қауымдастықты Қазақстанда қызығушылықтар мен инвестицияларды алға бастыру үшін алғашқы іскерлік ұйым ретінде құрып, соңғы 14 жылда Қауымдастықтың корпоративтік мүшелігін үш есе арттырды. Ол Қазақстанда Дүниежүзілік экономикалық форумда, Азиялық қауымда, Экономистер кездесуіне, американдық-қазақстандық іс-шараларға, сондай-ақ, Лондон, Нью-Йорк, Вашингтон, Сан-Диего, Омаха және Канзас-Ситиде Қазақстанға бағдарланған инвестициялық конференцияларға қатысты. Отставкадағы американдық дипломат және әскер офицері, мистер Вил 1971 жылдан 1998 жылға дейін Мемлекеттік департаментте ғарыш саласындағы халықаралық ынтымақтастық, сұралып соғыс кезіндегі Берлин, Бирма,  Франциядағы сауда-экономикалық жұмыс, қарулануды бақылау және саяси, кеңестік және африкалық істерге қатысты тағайындаулармен айналысты. Ол сондай-ақ, ВВС Академиясында (АҚШ) саяси ғылымдар бойынша сабақ берді. Әскери қызметін Германия мен Вьетнамда өтеді. Мистер Вил Джорджтаун университетінің MSFS және BSFS дәрежесіне ие. Үйленген, төрт баласы бар.

Литва Денсаулық сақтау Министрі

1975 – 1989 жж. тәжірибеден өтуші хирург қызметін атқарды.
1998 – 2004 жж. Халықаралық дәрігелрел қауымдастығының мүшесі – парламент мүшесі
1989 – 1996 жж. Литвалық дәрігерлер одағының мүшесі 
1989 жылдан Литвалық Кардиологиялық Қауымдастық мүшесі  
2006 – 2008 жж. Қоршаған ортамен байланысты денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік орталығында денсаулық сақтау саласындағы заң шығару мәселелері бойынша дәрістер оқып, жобалар ұйымдастырды. 

Саяси қызметі:

1969 жылдан Литвалық социал-демократиялық партияның мүшесі 
1999 – 2001 жж. Литвалық социал-демократиялық партияның төрағасы
1990 – 1992 жж. Литва Республикасы Жоғарғы Консулының орынбасары 
1990 – 2012 жж. Литва Республикасының Сеймесінде саяси қызмет
1997 және 2002 Литва Республикасының президенттігіне үміткер
2012 жылдан бастап Литва Республикасының Сейм мүшесі; Еуропа істері жөніндегі Комитет және халықаралық істер жөніндегі Комитет мүшелері. 
2012 жылдың 13 желтоқсанынан бастап Литва Денсаулық сақтау Министрі қызметін атқарып келеді.

Өзге қызметі:
2004 – 2008 жж. «Әлеуметтік және экономикалық зерттеулер институты» (SETI) мемлекеттік мекемесінің директоры

РФ Көлік Министрлігінің ММС жөніндегі сараптау кеңесінің мүшесі. ММС жөніндегі ЕЭКБҰҰ жұмыс тобының мүшесі. ММХҚИ – экономикалық саясат және ММС кафедрасы, э.ғ.д., Профессор.

А.А. Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің түлегі (бітіру жылы: 1975, мамандығы: Қолданбалы математика) 
Негізгі жарияланымдар
• Тарау «Мемлекет пен халықаралық бизнес серіктестігі». Оқулық: "Әлемдік экономика және халықаралық бизнес". - Ш.: КНОРУС, 2005-2009.
• Тарау «Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік». Оқулық: «Ұлттық экономика». Ш.: Экономистъ. 2007.
Тарау «Мемлекет пен халықаралық бизнес серіктестігі». «Әлемдік экономика және халықаралық бизнес. Экспресс-курс. Оқулық» кітабында. - Ш.: КНОРУС, 2008

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жетекшісінің орынбасары 

1975 жылы дүниеге келген.
1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы – Неміс жоғары мемлекеттік басқару мектебні аяқтады.
1996-1997 жылдары – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті.
1999-2000 жылдары – нормативті-құқықтық Департаментінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құқықты қамтамасыз ету Департаменті бөлімінің бастығы.
2000-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының кеңесшісі.
2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының орынбасары.
2003-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасы.
2005-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары.
2008 жылдың қаңтарынан бастап қазан айына дейін  – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасы.
2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесінің жетекшісі.
2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау Агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Төрағасы.
2013 жылы қаңтар айының соңында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жетекшісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
«Құрмет» Орденімен (2006), 3 медальмен марапатталды. 

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің Төрағасы 

1973 жылы дүниеге келген, қазақ.
1996 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
Қызмет жолын 1996 жылғы қазан айынан мемлекеттік қызметтен: Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде жетекші кеңес беруші, бас кеңес беруші қызметтерінен бастаған. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттікке бас маман қызметіне ауыстырылды, кейін басқарма бастығы болып тағайындалды.
1999 жылдан 2001 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі тіркеу қызметі Комитетінің басқарма бастығы болып еңбек етті.
2001 жылы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінде бөлім бастығы, Заң шығару және тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу Департаменті директорының орынбасары лауазымдарын атқарды, 2003 жылы Құқықты қамтамасыз ету тұтынушылар құқығын қорғау Департаментінің, Құқықты қамтамасыз ету және қадағалау Департаментінің, Заң Департаментінің директоры қызметтерінде еңбек етті.
2008 жылдың қыркүйегінде Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
2009 жылдың қазан айынан 2012 жылдың қыркүйегіне дейін Павлодар облысының Заң Департаментін басқарды.
2012 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрағасы болып сайланды.
2013 жылдың ақпан айынан Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің Төрағасы.
Марапаттары:
- Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен (2007 ж.);
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальі (2005 ж.);
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальі (2011 ж.);
- «Әділет органдарының еңбек сіңірген қызметкері» төс белгісі (2012 ж.);
- Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі және Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталған.  

Халықаралық қонақүйлер мен мейрамханалар қауымдастығының Президенті (IH & RA)

Д-р Гассан Айди Aidi Халықаралық қонақүйлер және Royal Regency халықаралық қонақүйлері, Royal Monceau қонақүйлері және Cham қонақүйлері және сарайлары секілді үш бренді бар Халықаралық қонақүйлер тобының менеджменті бойынша бас атқарушы директоры және төрағасы.
Қонақжайлылық индустриясының 30 жасар ардагері мистер Гассан Айди 2006 жылы Ниццада (Франция) бүкіл әлем бойынша 200.000-ден астам қонақүй және 6 милиионға жуық мейрамхананың басын қосатын Халықаралық қонақүйлер мен мейрамханалар қауымдастығының Президенті қызметіне сайланды. 2007 жылы бір жылға қайта сайланып, кейін Таяу Шығыс бойынша Қонақүйлердің Атқарушы Вице-президенті және Аймақтық Вице-президенті лауазымдарында бірнеше жыл қызмет еткен соң, 2009 жылы Мексикада және 2011 жылы Лозаннада Халықаралық қонақүйлер мен мейрамханалар қауымдастығының Президенттігіне екі рет қайта сайланды. Сондай-ақ, 2006 жылы Араб қонақүйлер одағының вице-президенті болып еңбек етті.
Мистер Гассан Айди Франциядағы Сорбонна университетінде басқару және іскерлік басқару саласы бойынша магистр атағын иеленіп, кейін АҚШ-та ақпараттарды басқару жүйелері бойынша доктор дәрежесін иеленді. Мистер Айди екі қалада: Вашингтон (мұнда жеке бизнесінің бас кеңсесі орналасқан) және Лозаннада (IH & RA бас кеңсесі) мекендейді. 

Халықаралық және қоғамдық қатынастар жөніндегі адъюнкт-профессор (доцент)

Экологиялық тұрақтылық жөніндегі адъюнкт-профессор (доцент) 

Қызметінің негізгі бағыттары  - басқару саясаты және экология.
2003 жылы бастап Құрама штаттардағы қалалық жүйе бойынша университеттер арасындағы ең ірі саналатын Нью-Йорк қаласындағы университетте (CUNY) экология, денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникалары мен тәуекелдерді басқару (EHSRM) жөніндегі директор қызметін атқарып келеді. Бизнестің жұмыс істеу тұрақтылығын көтсеру бойынша университеттік комитеттің тең төрағасы, төтенше жағдайларға әзір оперативтік топтың төрағасы.
Нью-Йорк қаласының әкімдігінде, Білім беру жөніндегі Кеңесте, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде бірнеше жыл қатарынан қызмет атқарды. 17 жыл бойы жеке меншік консалтингтік компанияда, соның 8 жылында директор лауазымы бойынша еңбек етті.  2001 жылдан бастап өзінің жеке меншік компаниясы - Apsan Consulting, Inc. президенті.
ISO 14000 стандартын дайындау бойынша АҚШ (US TAG) техникалық консультативтік тобында, сынақтар және материалдар жөніндегі американдық қоғамда (ASTM), Экологиялық Комитетте (E-50), Спрингфилд қаласының (Нью-Джерси штаты) экологиялық комиссиясында еңбек етті. Нью-Йорк Сауда Палатасының, Қоршаған орта жөніндегі Комитет, Энергетика жөніндегі Комитет төрағасы және Нью-Йорк қаласының экологиялық аудит жөніндегі Дөңгелек үстелінің төрағасы қызметтерін атқарды.  
«Энергетикалық және экологиялық жобалаудағы басшылық» (LEED) аккредиттелген кәсіби сертификатының иегері. Қоршаған ортаның сапасын басқару редакциялық коллегиясының мүшесі. Тұрақты түрде дәрістік сабақтар жүргізіп тұрады және жазушылық қызметпен айналысады.
1979 жылы  Бруклин колледжінде бакалавр магистр дәрежесін иеленді, ал 1981 жылы Колумбия университетінде ғылымдар кандидаты және 1985 жылы ғылымдар докторы дәрежесін алды.

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы 

1965 жылы дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын экономист мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты. Институтты бітірген соң 1987-1994 жылдары Қызылорда облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасында аға инспектор, бөлім бастығы болып жұмыс істеген. 1994-1995 жж. – ҚР Жоғары Кеңесі Халықты әлеуметтік қорғау комитетінің кеңесшісі. 1995 - 2003 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек департаментінің директоры, Зейнетақымен қамтамасыз ету және халықтың кірісін реттеу департаментінің директоры лауазымдарында жұмыс істеді. 2003 жылдың наурызынан 2005 жылдың желтоқсанына дейін – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2005 жылғы желтоқсаннан 2006 жылғы қазанға дейін – «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрайымы. 2006 жылғы қазаннан 2007 жылғы қазанға дейін - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2007 жылғы қазаннан 2008 жылғы қаңтарға дейін - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 2008 жылғы қаңтардан 2009 наурызға дейін – ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы. 2009 жылғы наурыздан бастап – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Төтенше және Өкілетті Елші, "International Bank of Azerbaijan" вице-төрағасы, Кавказ Университетінің профессоры, Қара теңіз халықаралық университетінің профессоры

Сонымен қатар, 1994 жылдан 2007 жылға дейін түрлі конференциялар, семинарлар мен оқу курстарында, соның ішінде халықаралық қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық, жанжалдарды және тұрақты дамуды реттеу, балалар мәселесі, аймақтық және аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін шешуді қамтитын, Еуропада, Америка Құрама Штаттарында, Азияда, Латын Америкасында өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының арнайы мәжілістерінде негізгі баяндамашы болды.
Жұмыс тәжірибесінің біраз бөлігі халықаралық қауіпсіздік және жанжалдарды реттеу мәселелерімен тікелей байланысты, соның ішінде жанжал аймағы – Цхинвал өңірі, Оңтүстік Осетия, Грузияны қалпына келтіру бойынша БҰҰ-ның бірінші жобасында Грузия үкіметтік делегациясының басшысы болып қызмет атқарды /1997-2000/ 2000 жылы БҰҰ жоғары деңгейдегі бағалау командасының баяндамасына сәйкес, бірқатар тиімді тәжірибелік нәтижелерді анықтады.
1997-2002 жж. Оңтүстік Кавказда жанжалдарды шешудің жаңа мүмкіндіктері ретінде, экономикалық басқару/ экономикалық қауіпсіздік саясаты жөнінде НАТО-мен жобалар үйлестіру жұмысы жасалынды, мұның нәтижесінде жанжалдардың барлық тараптарының жалпы күн тәртібіне қатысуына алып келді.
Қауіпсіздік мәселелерін зерттеу бойынша ХДҚ және Джордж Маршалл Еуропалық орталығының ұйымдастыруымен алдымен 2000 жылы Вашингтонда, кейін Грузияда өткен семинар жаңа демократия үшін мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы ұлттық консенсус маңыздылығының жақсы үлгілерін ұсынды.
Вашингтондағы Халықаралық істер жөніндегі Институтының ұйымдастыруымен 1996 жылы Солсбериде (Коннектикут) өткен ''Халықаралық жанжалдарды шешу және дипломаттар үшін келіссөздер'' оқу курсы аталған тақырып бойынша базалық білімді байыта түсті.
1994-2000 жылдары Америка құрама штаттарындағы академиялық және ғылыми-технологиялық қызмет, соның ішінде Колумбия, Флорида университетіндегі, Нью-Йорк адвокаттар алқасындағы дәрістер мен негізгі таныстырылымдар, сонымен қатар, БҰҰ жетекшілігімен өткізілген конференциялар бейбіт даму мен ынтымақтастық үшін ғаламдық және айрықша тәуекелдерді арнайы зерттеулердің тереңдетуіне қосымша тиімді үлес қосты.
Швециядағы Мальмо Университетіне (2010 ж., көктемгі семестр), Түркиядағы Ялова университетіне (2009-2011 ж. оқу жылы), Бакудегі Әзірбайжан Республикасының Әзірбайжандық  дипломатиялық академиясына шақыртылған профессор (2011 ж. оқу жылы) және ЕО және Оңтүстік Кавказ елдер ынтымақтастығы, Каспий алабының елдерінде энергетика саласында ынтымақтастығы, тәуекелдерді корпоративті басқарудың негіздері бойынша ЕО экономика курстары жөніндегі нұсқаушы  (ЕО Жана Моне Бағдарламасы).
Ғылымдар докторларына арналған заманауи халықаралық саясат және экономика негіздері жөнінде дәрістер курсының нұсқаушысы ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына (Дипломатия Институты) шақыртылған профессор. Заманауи халықаралық саясат және экономика негіздері жөніндегі дәрістер курсының нұсқаушысы ретінде Грузия Сыртқы істер Министрлігіндегі дипломаттардың оқу орталығына шақыртылған профессор, 2013 

Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) 

1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген.
1976 жылы Павлодар индустриалдық институтын бітірген (қазіргі  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті).
Экономика ғылымдарының докторы, академик.
2001 жылдан 2003 жылға дейін — Павлодар облысының әкімі (губернаторы).
2003 жылдан 2007 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Премьер-министрі.
2007 жылдан 2009 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі.
2010 жылдың желтоқсанында экологиялық энергетика саласындағы компанияны басқарды.
2012 жылдың 1 ақпанынан бастап — Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі).

Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымы (ЭЫДҰ) корпоративтік мәселелер жөніндегі саясат бөлімінің аға талдаушысы

Корпоративтік мәселелер жөніндегі ЭЫДҰ бөлімінде саясат мәселелері бойынша аға талдаушы, Даниэль Блюм ЭЫДҰ үшінші мемлекеттермен (Латын Америкасы және Еуразиядағы нақты міндеттерімен) корпоративті басқару жөніндегі жұмыстарды қадағалауға жауапты. Ол Латын Америкасын корпоративті басқару жөніндегі Дөңгелек үстел, Дөңгелек үстел компаниялар тобын және мемлекеттік кәсіпорындарды корпоративті басқарудың латын американдық желісін басқарады. Ол сондай-ақ, Чили мен Эстонияның қатысуымен корпоративті басқару тексерісін жүргізді, олардың ЭЫДҰ-на қосылу барысында ЭЫДҰ корпоративтік басқару қағидаларына және мемлекеттік кәсіорындарды корпоративті басқару жөніндегі ЭЫДҰ Басқарушы қағидаларына қатысты тексеруде Франция, Израиль, Оңтүстік Корея және Нидерланды корпоративті басқарудың қосымша шолуларын келтірді. Ол ЭЫДҰ-да 1994 жылдан бері қызмет атқарып келеді, соның ішінде, Бас Хатшының кабинетінде экономикалық даму мәселелері бойынша кеңесші қызметін атқарды, ал оған дейін мемлекеттік басқару және басқару мәселелері бойынша еңбек етті. АҚШ Басқару және бюджет Департаментінде (1991-1994) және Калифорнияда газет тілшісі ретінде (1984-89) қызмет етті, Дьюк Университетінде мемлекеттік саясат саласында магистр дәрежесін алды (1991).

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары 

1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша (мамандану – «Банк ісін ұйымдастыру») үздік бітірген. 1996 жылдан 2007 жылға дейінгі кезеңде әр түрлі елдерде, соның ішінде АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Аустрия, Түркияда т.б. халықаралық қаржы ұйымдары мен институттары өткізген курстар мен семинарларға қатысқан.

1995 жылдың қарашасынан 1996 жылдың қарашасына дейін Орталық Азия қор биржасының жетекші экономисі болып жұмыс істеді.

1996 жылдың қарашасынан 2007 жылдың тамызына дейін аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымдар атқарды, 2003 – 2007 жылдар аралығында осы Департаментті басқарды.

2007 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

 

Остиндегі Техас универсиетінің Мемлекет саясат Мектебінің профессоры

Джеймс Кеннет Гэлбрейт – экономика тақырыбында негізгі және либералдық жарияланымдар жазатын американдық экономист. Қазіргі уақытта ол қоғаммен байланыс мектебінің және Остиндегі Техас штаты универсиетінің Линдон Б. Джонсон үкіметінің кафедрасында профессор болып қызмет етеді. Сонымен қатар, Bard College-де Леви Экономика Институтының аға ғылыми қызметкері. Сондай-ақ, 2011 жылы құрылған Дүниежүзілік экономика қауымдастығы атқарушы комитетінің бөлігі болып табылады.

Стэнфорд Университетінің энергетикалық саясат және қаржыны зерттеу жөніндегі Стэйер-Тейлор Орталығының ғалымы және оқытушысы

Джеффри Болл бұған дейін «The Wall Street» журналы экологиялық топтамасының редакторы қызметін атқарған. Қазіргі уақытта Стэнфорд Университетінің энергетикалық саясат және қаржыны зерттеу жөніндегі Стэйер-Тейлор Орталығының ғалымы және оқытушысы болып еңбек етеді.
Стэнфорд Университетінде қуат пен климат өзгерісі мәселелерін кеңінен жариялай отыра, ол өз кітабын дайындаумен айналысады. Соңғы бірнеше айда ол  «Foreign Affairs», «Slate» және «The Wall Street Journal» журналдарында бірнеше мақалалар жариялады. Болл сондай-ақ, қандай мемлекеттер, соның ішінде АҚШ пен Қытай елдері, стратегиялық амалды есепке алумен таза энергетикалық капиталды тиімді қолдана алатынын зерттеуді мақсат тұтатын
Стэнфорд Университетінің жобасын басқарады. Стэнфорд Университетіне дейін ол 14 жылдан астам «The Wall Street Journal» журналында еңбек етті. Осы жылдар ішінде ол энергетика және қорғашан ортаны сақтау, соның ішінде, экономикалық пайдалылық және отынды қолдану амалдарының өзгерісі туралы көптеген мақалалар жазды. Сонымен қатар, ол Дейтрот бюросында көлік өнеркәсібі мн Даллас бюросында мұнай өнеркәсібі мәселелері туралы да жазды. Сондай-ақ, Болл өзі құрған қуат пен қоршаған ортаны қорғау туралы блог – Environmental Capital-дың редакторы болып саналады. Ол қуат пен экология мәселелері бойынша жыл сайын ұйымдастырылатын «ECO:nomics» конференциясын өткізді, аталмыш іс-шараға осы саладағы жетекші сарапшылар, саясаткерлер, ірі кәсіпорындар жетекшілері қатысты.
Болл «Wall Street Journal» энергетика саласында WSJ.com-да энергетика мәселелері жөнінде тұрақты түрде пікірлер жазатын сарапшылар тобының мүшесі. Сонымен қатар, ол «Wall Street Journal» журналы өткізетін ECO:nomics Конференциясы Басқарушы комитетінің құрамына кіреді.
Болл энергетика және қоршаған орта мәселелері жөніндегі іс-шараларға, соның ішінде Вудр Вилсон атындағы Орталықтың штаттан тыс ғылыми қызметкері ретінде студенттік конференцияларға жиі қатыстып тұрады. Ол PBS, NPR, CNN, BBC және т.б. телеарналарының көптеген сұхбаттары мен бағдарламаларына қатысты. 
Болл Йель Университетін бітірген және «Yale Daily News» жаңалықтар бағдарламасының бас редакторы болып еңбек етті. 

Гана Президенті (07.01.2001-07.01.2009)

Джон Агьекум Куфуор Кумасиде (Гана) 1938 жылы 8 желтоқсанда дүниеге келген — 2001 жылдың 07 қаңтарынан 2009 жылдың 07 қаңтарына дейін Гана Президенті лауазымын атқарды, ол бұл қызметте Гананың бұрынғы әскери көшбасшы Джерри Ролингстің орнын алмастырды, президенттік сайлауларда жеңіске жетті.
Жаңа патриоттық партия көшбасшыларының бірі саналатын Куфуор ел демократияландыруы бойынша символдардың біріне айналды. Бұған дейін ол дипломатиялық қызметпен, соның ішінде, өз елінің атынан БҰҰ іс-шараларына қатысты. 2004 жылғы 7 қарашада бірінші турда қайта сайланды.
Куфуор 2007 жылдың 29 қаңтарынан 2008 жылдың 31 қаңтарына дейін Африкалық Одақтың, 2003—2005 жж. Батысафриалық елдердің Экономикалық қауымдастығы Төрағасы қызметтерін атқарды.

Еуропалық бизнес-инновациялық орталықтар желісінің сапасын дамыту және техникалық көмек жөніндегі Директоры

Джордано Дихтер жергілікті экономиканы ары қарай дамытуды мақсат тұтатын аймақтық және халықаралық бағдарламаларды басқару саласында консультациялық қызметтер көрсететін «BIC Lazio» компаниясынан 2009 жылы Еуропалық бизнес-инновацялық орталықтар желісіне ауысты. Мамандығы экономист саналатын Дихтер 1999 жылы Сиена университетін бітірді. Оның инкубациялық өнеркәсіпте италияндық BIC практик және Еуропа және одан тыс жерлерде меншікті секторларда даму мәселелері бойынша кіші кәсіпорындар кеңесшісі 16 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ол көптеген елдерде инкубациялық бағдарламаларды құру және басқару жұмысына ат салысты, сондай-ақ, "Бизнес-инкубатор" журналы мазмұнын дамыту жөніндегі кеңесші болып саналады. 
Бұған дейін ол Италияда және шетелдерде (Албания, Сербия және Черногория және Оңтүстік Африка секілді елдерде) Біріккен Ұлттар Ұйымының түрлі құрылымдық бөлімшелерінде жергілікті экономикалық дамумен байланысты лауазымдарды атқарды.

ЕС INCONET-EECA Жетінші Бағдарламасының жоба үйлестірушісі

Доктор Джордж Бонас аймақтық және халықаралық зерттеулер мен қолдау орталығы  - CeRISS-тің негізін қалаушылардың бірі және Атқарушы директоры болып саналады. Ол халықаралық ынтымақтастық саласында, ЕО мен көршілес елдер мен аймақтар (РФ Шығыс шоғырындағы елдері, Орталық Азия, Батыс Балқандар, Оңтүстік Жерорта теңізі/ араб елдері және Түркия) арасында екі жақты және көп жақты ынтымақтастыққа бағдарланған ҒТА саласында жұмыс тәжірибесі (15 жылдан астам) бар. Бұдан бөлек, ол «ЕО – Батыс Балқандар елдерінің ғылым және технология саласындағы әрекеттер жобасын» әзірлеуге және келісуге жауапты болды және Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің (ҚЭЫҰ) алғашқы«Ғылым және технология саласындағы әрекеттер жобасын» әзірлеу үдерісін бақылады.
Сонымен қатар, ол халықаралық ынтымақтастықтың жобаларын үйлестіру және жоғарыда аталған географиялық аймақтарда әлеует құру жұмысында мол тәжірибе жинақтаған (IncoNet Шығыс Еуропа және Орталық Азияда – Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азияда IncoNet EECA, IncoNet үйлестірушісі - IncoNet CA / SC, еуропалық-жеорта теңіздік ынтымақтастық үшін IncoNets негізгі серіктес - MIRA и MedSPRING және т.б.), ҒТА саласында халықаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бірқатар директивті комитеттердің мүшесі болды  (INCO бағдарламалық комитеті, ғылым және технологиялар бойынша ҚЭЫҰ жұмыс тобы, еуропалық-жеорта теңіздік ынтымақтастық мониторинг комитеті және т.б.)
Ол зерттеуші ретіндегі өз мансабын Афиныдағы Грекиялық Ұлттық зерттеулер қорында бастады, Еуропалық комиссияда (Ғылыми зерттеулер мен инновациялар жөніндегі бас директорат) ғылыми қызметкер болып қызмет етті, сондай-ақ, Грекияда зерттеулер мен технологиялар жөніндегі Бас секретариатта (GSRT) жұмыс істеді. Сонымен қатар, ол Қара теңіз Халықаралық зерттеулер орталығында 9 жыл бойы ҒТА жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.

 

Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін лайықты еңбек мәселелері жөніндегі техникалық қолдау тобының және ХЕҮ Бюро Директоры 

1 желтоқсан күні Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін лайықты еңбек мәселелері жөніндегі техникалық қолдау тобының және ХЕҮ Бюро Директоры қызметіне кірісті.
Оның ұлттық және халықаралық деңгейде еңбек және еңбек қатынастары саласында жиырма жылдық ғылыми және тәжірибелік жұмыс тәжірибесі бар. Димитрина Димитрова ХЕҰ-да қызмет етуді 1998 жылы бастады. Ол ХЕҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінде тоғыз жыл, Будапешттегі ХЕҰ Бюросында алты жыл қызмет етті. 2006 жылдан бері еуропалық секторды басқарған ХЕҰ Бюросында еңбекшілер қызметі бойынша жауапты лауазымдарды иеленді.
Димитрина Димитрова Софияда дүниеге келген. София университетінің әлеуметтану магистрі (1983 ж.) және Болгариялық ғылым академиясының әлеуметтік ғылымдар докторы дәрежесіне ие (1989 ж.). 
ХЕҰ-да жұмыс жасамас бұрын, Димитрина Димитрова халықаралық еңбек нормалары, ХЕҰ және еуропалық істермен ынтымақтастық жөніндегі Болгария кәсіптодақтар Конфедерациясы Президентінің аға кеңесшісі болды. Сондай-ақ, ол кәсіподақтар Конфедерациясының атынан үш жақты ынтымақтастық жөніндегі Ұлттық кеңесте еңбек заңнамасы және ХЕҰ-мен ынтымақтастық жөніндегі Тұрақты комитеттің мүшесі болып жұмыс істеді.
Осы уақытта, яғни 1990 жылдан 1998 жылға дейін ол Болгария әлеуметтану Институтында ғылыми қызметкер, кейіннен жетекші зерттеуші болып еңбек етті. Димитрина Димитрова София университетінің әлеуметтану кафедрасында еңбек және еңбектік қатынастар әлеуметтануы пәнінен сабақ берді және АҚШ-тың Ньюарк қаласындағы Делавэр университетінің әлеуметтану кафедрасында шақыртылған профессор қызметін атқарды (1995, 1996 және 1997 жж.). Сонымен қатар, Софиядағы аймақтық және ғаламдық даму зерттеулік орталығының атқарушы директоры болып қызмет етті (1990-1998 жж.).
Димитрина Димитрова еңбек қатынастары және еңбек нарығы, ұйымдық талдау және кәсіподақтық зерттеулер, гендерлік мәселелер және еңбек әлемінің тарихы секілді тақырыптар бойынша 35 ғылыми мақалалар мен кітаптардың авторы. Бұл мақалалар сегіз елде жарияланып, ХЕҰ, БҰҰДБ және ЮНЕСКО жарияланымдарында қолданылды. 2005 жылы ХЕҰ аясында жазылған «Орталық және Шығыс Еуропадағы кәсіподақтық стратегиялар: лайықты еңбек жолында» жарияланымының авторласы болды.
2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Еуропалық еңбек қатынастары журналының (SAGE Publications баспасы) Халықаралық консультативтік кеңесінің мүшесі.
Орыс, ағылшын және испан тілдерін еркін меңгерген. Ана тілі – болгар тілі.

«ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ Басқармасының Төрағасы

1968 жылы 22 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек қызметі
1993-1994. «Астана-холдинг банк» акционерлік банкінің заңгер-кеңесшісі.
1994-1995. «Қазкоммерцбанк» АБ Заң басқармасының заңгер-кеңесшісі, жобаларды заңгерлік сараптау бөлімінің бастығы.
1995-1999. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жетекші экономисі, бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы.
1999. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
1999. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма Төрағасы.
1999-2002. «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасы.
2002-2008. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі. 
2008-2011. «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасы.
2012.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі.
2012 жылдың қыркүйегінен бастап «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ Басқармасының Төрағасы қызметін атқарады.
Марапаттары
«Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медальі

FIRST SIGHT S.a.r.l. компаниясының атқарушы директоры

FIRST SIGHT S.a.r.l. компаниясы стратегиялық кеңес беру және стратегиялық маркетингтік қарым-қатынастар бойынша қызмет көрсететін халықаралық консалтингтік компания болып табылады. Духа Алляльдің көптеген елдер мен құрлықтарда, соның ішінде Еуропалық және Араб елдерінде қызмет еткен жұмыс тәжірибесі бар. Оның кеңестері көбінде мәдениет туралы білімі және оның бизнесті дамытуға әсеріне негізделген. Духа Алляль әр тапсырмасына еуропалық көшбасшылық, француздық жайнақылық, араб еңбек этикасын, жерорта теңіздік жылу және әлемнің таңдаулы идеяларын қосады. Марапаттары: Духа Алляль Париж биржасының (Франция) Palais Brongnia-да ArtwareLitefast ® System rt-ке үздік технологиялық инновациясы үшін Winner Icona d'Or 2004, Philips Award сыйлығының иегері.

Халықаралық Сауда Орталығының (ХСО) Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерімен жұмыс жасау бөлімінің басшысы, Женева

Елена Бутримова 2009 жылдан бастап Женевадағы (Швейцария) Халықаралық Сауда Орталығының (ХСО) Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерімен жұмыс жасау Бюросының бастығы болып еңбек етеді. Ол ХСО-дағы жұмысын 2004 жылы Шығыс Еуропада сауданы жылжыту жөніндегі үйлестіруші қызметінен бастаған болатын. Сонымен қатар, Бутримова сауда үдерістерін және бәсекелі заңнама саясатын оңайлату саласында ЮНКТАД жоба менеджері болып қызмет етті. Оған дейін БҰҰ ЕЭК, ГМҮБ Және Дүниежүзілік Банкте қызметтер атқарды. Ол Мәскеу мемлекеттік университетінде білім алған, экономика және халықаралық қатынастар саласында магистр дәрежесіне ие.

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.
1997 ж. – «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқарма Төрағасы;
1998 ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңесшісі;
1998 ж. — Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
2000 ж. — Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;
2001 ж. — Қазақстан Даму банкі Директорлар Кеңесінің Төрағасы;
2001-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы;
2003-2004 жж. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі;
2004-2006 жж. - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
2006-2012 жж. «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы;
2012 жылдың 25 қыркүйегінен - Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 390) Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалды. 
2013 жылдың 16 қаңтарынан - Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 468) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі

1965 жылы дүниеге келген. ҚР-дағы БҰҰ өкілдігі бағдарламаларының үйлестірушісі, Индустрия және сауда вице-министрі, экономикалық даму және сауда министрі болып еңбек етті. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі қызметін атқарады. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ішкі аудит Департаментінің директоры

1976 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін «Заңгер» мамандығы бойынша үздік бітірді. 1976 жылдан 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарында түрлі қызметтер атқарып, алғашқы еңбек жолы басталған аудандық прокуратура тергеушісі қызметінен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанында құқықтық статистика және ақпарат Орталығы басшысының орынбасары қызметіне дейін көтерілді әрі аталмыш Орталықтың құрылуына тікелей қатысты болды. 1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жұмыс істейді. 1998 жылдың шілдесінен 2003 жылдың желтоқсанына дейін Банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату ісін бақылау басқармасының басшысы болып еңбек етті. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі Агенттігінің құрылуына байланысты, Қаржы ұйымдарын тарату ісі Департаментінің Директоры қызметіне тағайындалды. 2005 жылдың қазанынан 2009 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Қызметкерлермен жұмыс жүргізу Департаментінің директоры болып қызмет етті.  2009 жылдың 10 ақпанынан бастап Ішкі аудит Департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.
Банктерді тарату ісі бойынша Даллас қаласындағы (АҚШ)  FDIC-де тағылымдамадан өтті, Польша, Венгрия, Ресей, Францияның халықаралық қаржы ұйымдары мен орталық банктері өткізетін семинарларға қатысты.
ЕуЭҚ елдерінің орталық банк қызметкерлерін оқыту мәселелері жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің Төрағасы лауазымын атқарған.

Тәуелсіз Директор

MBA Executive от Ecole Nationale des Ponts et Chaussees дәрежесінің иегері, Франция. Бристоль Университетінің (Ұлыбритания) халықаралық бизнес бойынша дипломы бар.
1996 жылдың ақпанынан 2010 жылдың наурызына дейін – Қазақстандағы және Орталық Азиядағы Халықаралық KPMG аудиторлық компаниясының Тең құрылтайшысы, Басқарушы серіктесі, Президенті.
2008 жылдың қарашасынан 2012 жылдың мамырына дейін – «Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор, Аудит жөніндегі комитет Төрағасы.
2011 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін – «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор, Аудит жөніндегі комитет Төрағасы.
1998 жылдан 2002 жылға дейін - ҚР Президенті жанындағы Шетелдік Инвесторлар Кеңесінің салықтар жөніндегі тобының тең төрағасы.
1993 жылдың қазанынан 1996 жылдың ақпанына дейін – «Бюро Жанат» консалтингтік фирмасының құрылтайшысы және директоры. 
1993 жылдың қазан айына дейін – Қаржы Министрлігінің органдарында (ҚР Бас салық инспекциясы сыртқы экономикалық қызметінің салық салу басқармасының бастығы) және ҚР статистика Агенттігінде (Экономикалық талдау басқармасы) мемлекеттік қызмет атқарған.

 «Шар-Құрылыс» құрылыс компаниясының құрылтайшысы және директоры

Жанна өзінің көп жылғы тәжірибесі мен сарқылмас жігерін Қазақстанның құрылыс саласын дамытуға арнады. Бұған оның иеленген мына марапаттары дәлел:
2011 жылы Бектемірова Жанна Жақсылыққызы мемлекет алдындағы еңбегі, құрылыс индустриясының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен  үкіметтік «Құрмет» орденімен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальімен марапатталды.
2009 жылы кәсіби және қоғамдық жұмыста жоғары жетістіктерге қол жеткізгені үшін  Еуропалық Бизнес Ассамблеясы Бектемірова Жанна Жақсылыққызын Виктория Патшайымының Орденімен марапаттады.
2008 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Жанна Жақсылыққызын іскер және қайырымды басшы ретінде «Білім меценаты-2008» Диплом және алтын медальімен марапаттады.
Елорданың құрылуы мен дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Астана қаласының әкімдігі «Шар-Құрылыс» компаниясының басшылығын «Астана 10 жыл» құрметті медальімен марапаттады.

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, аталмыш Академияның жер туралы ғылым бөлімінің төрағасы, Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының және Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, үш академияның шетелдік мүшесі және үш халықаралық академияның академигі, «Парасат» ҰҒТХ АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
Оның ғылыми зерттеулері тұрақты даму үлгісіне ауысу мақсатында қиын әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқарудың теориялық негіздерін жасау мәселелеріне, сонымен қатар, өнеркәсіптің көмірсутек және таулы-металлургиялық секторларының бірқатар техникалық мәселелерін шешуге арналған. Ол 160-қа жуық ғылыми жарияланымдардың, соның ішінде 10 монография және 13 оқу құралының авторы.
Мемлекеттік марапаттар, құрметті атақтар: Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың үш алғыс хаты, «Құрмет» ордені, ҚР бес мерекелік медальі, ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің төрт төс белгісі, сондай-ақ, Ресей мен Франция ордендері және медальдары.

«Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы 

1996 жылдан 2002 жылға дейін Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен және мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. 2002 мен 2008 жыл арасында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде әр түрлі лауазымдарды атқарған - Экономикалық саясат басқармасы Жүйелік зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі, бас инспекторы, меңгерушісінің орынбасары. 2008 жылдың қаңтары мен наурызы арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жанындағы «Ұлттық талдамалық орталық» АҚ Төрағасының Орынбасары болып жұмыс істеген. 2008 жылдың наурызынан қазанына дейін Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадрлық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымдарын атқарған. 2008 жылдың қазаны мен 2011 жылдың мамыры арасында «Самұрық- Қазына» АҚ департаментінің басқарушы директоры - директоры лауазымында қызмет еткен. 2011 жылы 19 қыркүйекте «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқармасының Төрағасы болып тағайындалды. Түрік және ағылшын тілдерін меңгерген. Бірнеше рет құрмет грамоталарымен марапатталған, екі медальі бар. 

Монако кәсіпкер әйелдер Қауымдастығының Президенті

Монако кәсіпкер әйелдер Қауымдастығының Президенті
1958 жылы 16 маусымда Монакода дүниеге келген

Өзге қызметтері:
Дүниежүзілік кәсіпкер әйелдер Қауымдастығы бас хатшысының орынбасары, Монако Стратегиялық комитет мүшесі.
Жаңартылатын энергия жөніндегі Қауымдастықтың құрылтайшысы, мүшесі және бас хатшысы.

Жоэль Бассиалонның келесідегідей кәсіби тәжірибесі бар:
(1976 қыркүйек – 1991 мамыр)
LA MONEGASQUE компаниясы – «Зерттеу & Даму»
Теңіз өнімдері саласындағы менеджерлік қызмет
(1980 қыркүйек – 1991мамыр)
FRAMOSA компаниясы (La Monégasque тобы) - Экспорт 
Басқарма мүшесі, теңіз өнімдері саласындағы менеджерлік қызмет
(1985 қаңтар – 1991 мамыр)
CRESCA компаниясы (La Monégasque тобы) – Басқарма мүшесі, атқарушы директор, теңіз өнімдері саласында қызмет
(1989 желтоқсан – 2000 желтоқсан)
SMEI компаниясы – Басқарма төрағасы, атқарушы директор
Қызмет: Импорт-Экспорт, тамақ өнеркәсібі
(2001 қаңтар – 2010 наурыз)
SAMEI компаниясы – Басқарма Төрағасы, атқарушы директор
Қызмет: Импорт-Экспорт, тамақ өнеркәсібі
(2009 желтоқсан – қазіргі уақытқа дейін)
JLA Leadership SARL  компаниясы
Мароккандық еншілес компания: Tramont International Morocco SARL – Басқарма Төрағасы, атқарушы директор
Қызмет: Импорт-Экспорт, жаңартылатын энергия

Институционалдық Клиенттер Тобының Вице-Төрағасы, Citigroup

Зубaйд Ахмад мырза Institutional Clients Group төрағасының орынбасары Citigroup, Inc-де Senior Strategic Advisory Group of Institutional Clients-тің мүшесі. Ол Citi Байлық Қорының Ғаламдық Жоғарғы Бастамалар басшысы болып қызмет етті, әрі ол Citi Байлық Қорының ғаламдық жариялауының бастамашысы болды және Citi өнімінің көп қырлы мүмкіндіктерін тиімді жеткізуге кепіл болуға көмектесті. Ахмад 2009 жылы Нью-Йорктегі Стандартты Дипломды Банкінде Америка Корпоративті қаржыларының басшысы қызметін атқарды. 2009 жылдың қаңтарынан Нью-Йорктегі Стандартты Дипломды Банкінің директоры және төраға орынбасары лауазымын атқарды. 

Heenan Blaikie LLP халықаралық даму жөніндегі Кеңесшісі және Вице-Президенті

Игорь Абрамов халықаралық сауда және инвестициялар, халықаралық іскерлік операциялар, корпоравтитік басқару, этика және сәйкестік мәселелері, сондай-ақ, АҚШ экспорттық бақылау ережелерін реттеу мәселелері жөнінде американдық, канадалық және халықаралық клиенттерге кеңес берумен айналысады. Көбінде Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Ресей, сондай-ақ, Орталық Америка географиялық аймақтары бойынша қызмет көрсетеді. Заңгерлік тәжірибеге қосымша ретінде, Стэнфорд университетінің заң факультетінде корпоративтік басқару және этика бойынша сабақ береді. Абрамов үш кітаптың авторы, авторласы және редакторы, соның ішінде жеті тілде жарияланған және 25 елге бейімделген, соның ішінде Дүниежүзілік Банк Институтына да бейімделген «Іскерлік этика: Басқару бойынша жетекшілік», «Экономикасы дамыған елдерде жауапты бизнес кәсіпорын» оқулықтары бар.

 

Ресей монополияға қарсы Федералды қызметінің жетекшісі 

1961 жылы 27 қарашада Ленинградта дүниеге келген. 
1983 жылы биология мамандығы бойынша Ленинград мемлекеттік университетін, 1998 жылы құқықтану мамандығы бойынша Санкт-Петербург мемлекеттік университетін аяқтады. Ғылым кандидаты.
Бюджет және экономика бойынша 43 ғылыми мақала мен өнертабыстар, 7 монография авторы. 
1990 жылы Ленсовет депутаты болып сайланды және экология және қалалық шаруашылық жөніндегі комиссия төрағасы қызметін атқарды.
1995 жылы – қалалық шаруашылық жөніндегі комиссия төрағасы, Петербург Заң шығаратын Жиналысының бюджет жөніндегі комитетінің Төрағасы.
1996 жылы Петербург Әкімшілігі Қаржы комитетінің төрағасы және бірінші вице-губернаторы лауазымына тағайындалды.
1999 жылы үшінші шақырылымдағы РФ  Мемлекеттік Думасының депутаты болды. «ЯБЛОКО» фракциясы төрағасының орынбасары, несиелік ұйымдар және қаржы нарығы жөніндегі Комитет төрағасының орынбасары.
2014 жылдың 10 наурызынан бастап - Монополияға қарсы Федералды қызметінің жетекшісі. Бұл қызметке Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Фрадковтың 2004 ж. 10 наурыздағы (№329-ш.) Өкімімен тағайындалды.
РФ-да шетелдік инвестициялардың іске асырылуын бақылау жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшесі.
Әкімшілік реформаларды жүргізу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшесі.
Бәсекелестікті дамыту және кіші бизнесті қолдау жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшесі.
2006 жылдан ТМД қатысушы мемлекеттерінің Монополияға қарсы мемлекетаралық Кеңестің (МҚМК) төрағасы.
Халықаралық бәсекелі желісі (ХБЖ) Үйлестіру комитетінің мүшесі.
Жоғары экономика мектебі МБ жанында монополияға қарсы Федералды қызмет кафедрасының меңгерушісі, профессор.
«Ресей Федерациясының еңбек сіңірген экономисі».
IV дәрежелі «Отан алдындағы еңбегі үшін» Орденімен марапатталған.

Беларусь Республикасы Ғылым және технология жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы 

1961 жылы Минск қаласында дүниеге келген. 1983 жылы Беларусь политехникалық институтын, Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару Академиясын бітірген.
Техника ғылымдарының докторы. 1983–1984 жж. КСРО Су шаруашылығы Министрлігінде су ресурстарын кешенді қолданудың Орталық ғылыми-зерттеу институтында инженер қызметін атқарды, 1984–1993 жж. БКСР табиғат қорғау жөніндегі Мемлекеттік комитетте еңбек етті.  1993–1994 жж. Беларусь экологиясы жөніндегі Мемлекеттік комитеттің басқару бөліміне жетекшілік етті. 1994 ж. табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрінің бірінші орынбасары лауазымын атқарды. 2002–2005 жж. – Беларусь мемлекеттік университетінің экономика және коммерциялық қызмет жөніндегі проректоры. 2005 ж. Ғылым және технология жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.
2009 жылдың маусым айынан бастап Беларусь Республикасы Ғылым және технология жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы лауазымын атқаруда.

«ХАБАР» телеарнасындағы «Көзқарас» бағдарламасының продюсері және жүргізушісі 

1974 жылы 20 мамырда Гурьев облысы Құрманғазы ауданының Ганюшкин ауылында туған. Қазақ.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің құқықтану факультетін бітірген (1977), заңгер-құқықтанушы.
1971 жылдан – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті дайындық бөлімінің тыңдаушысы, 1972 жылдан – аталмыш университеттің студенті.
1977 жылдан – Маңғышлақ облыстық сотының тағылымгері, мүшесі. 
1980 жылдан – Маңғыстау облыстық әділет бөлімі бастығының орынбасары. 
1988 жылдан – Гурьев облыстық әділет басқармасының бастығы. 
1995 жылдан – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 
1999 жылдан – ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппарат Жетекшісі. 
2002 жылдан – ҚР әділет вице-министрі.
2003 жылдан – ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі. 
2004 жылдан – ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. 
2008 жылдың қаңтарынан – ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімгерлігі жөніндегі комитеттің төрағасы. 2009 жылдың қыркүйегінен – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
2012 жылдан бастап – «ХАБАР» телеарнасындағы «Көзқарас» бағдарламасының продюсері және жүргізушісі.
ҚР Еңбек сіңірген заңгері (1992). Жеке сот орындаушыларының халықаралық одағының нұсқасы бойынша «Жыл адамы» (Франция, 2008). «Құрмет» орденімен (2002); «Ерен еңбегі үшін» (2001), «Қазақстан Конституциясына10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; КСРО Әділет министрлігінің «Қызметтегі табыстары үшін» төс белгісімен (1991); «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» құрмет белгісімен (2007) марапатталған.

Діни көзқарасы – «Мүлдем атеист те емес, діндар да емес».

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - I Петр.

Хоббиі - фотоға түсіру, спорт - күрес.

Сүйіп оқитын әдебиеті - саяси және тарихи әдебиет. 

Ұлттық энергетикалық әкімшілік басшысының орынбасары 

Бұрынғы қызметі: Ұлттық энергетикалық әкімшілігінің бас инженері. Ұлттық даму және реформалар комиссиясы энергетикалық бюро бас директорының орынбасары. 
Мемлекеттік сауда-экономикалық комиссиясының салалық басқару Департаменті бас директорының орынбасары. 
Көмір өнеркәсібі мемлекеттік бюросының салалық басқару Департаменті бас директорының орынбасары. 
Йинь Ph.D дәрежесіне ие, ғылыми-техникалық басқару саласында кандидат, Қытай тау-кен ісі және технологиялар университеті.

Вермут Эссет Менеджмент Тең құрылтайшысы және Инвестициялар бойынша бас директор

1969 жылы дүниеге келген. Ресей Қаржы Министрлігі жанында экономикалық сараптау тобының жетекшісі болып еңбек етті. Қазіргі уақытта Вермут Эссет Менеджменттің тең құрылтайшысы және инвестициялар бойынша бас директоры, сондай-ақ, БЭФ Глобал Гроус Компани Коммюнити және Ресей Либералды Өкілдігі сараптау кеңесінің мүшесі. 

Бельгия кәсіпкер әйелдер Қауымдастығының Президенті

Келесідегідей кәсіби тәжірибесі бар:
- 1974 жылдан сотта қорғаушы, қорғаушылар алқасының мүшесі
- PROESMANS & HENRY заң компаниясының атқарушы серіктесі
- Намюр университеті (1974-1981) заң факультетінің доценті
- Намюр шаруашылық сотының мүшесі (Банкроттықты тарату, қайта құрылымдау, 1980-2006)
- Бельгия қауіпсіздік жөніндегі үйлестірушілер институтының бұрынғы мүшесі
- Намюр аймағы сәулетшілері Орденінің аға көмекшісі (1990-2003)
- Бельгиялық делдалдық жөніндегі комитет Президенті, 2000-2005 (отбасылық, азаматтық және кәсіпкерлік құқық мәселелері бойынша лицензиялы делдал)
- Намюр аймағы Сауда-өнеркәсіптік палатасы Басқармасының мүшесі
- N.E.W. (NAMUR-EUROPE-WALLONIE) коммерциялық емес ұйымының Вице-президенті және Басқарма төрағасы
- Намюр аймағының орта топтағы Одағы Басқармасының мүшесі
- Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Брюссель делдалдық орталығының мүшесі
- Делдалдық жөніндегі Федералды комитет мүшесі
- Сауда жөніндегі Брюссель, Льеж, Намюр, Вервье қалалар Басқармасының мүшесі
- 2012 жылдан Психологтар комитетінің президенті
- Бельгия бизнес жоғары мектебінің Президенті 

«Халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесін дайындау және өткізу дирекциясы» ЖШС директоры

Кахарман Джазин «Халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесін дайындау және өткізу дирекциясы» ЖШС басқарады.

1997 жылдан бірнеше жекеменшік компанияларда қызмет атқарған.
1999 жылы «Denholm Hall PLC» компаниясының (Ұлыбритания) ҚР-дағы Басшысы болып тағайындалды.
2002 жылы «Қаржылық берешектермен жұмыс жасау орталығы» ЖАҚ Басқармасының Төрағасы (ҚР ҚМ) қызметіне бекітілді.
2006 жылдан 2010 жылға дейін – «Астана жаңа қала» (Астана қ.әкімдігі) арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі Басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
2010 жылдан 2012 жылға дейін «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Атқарушы директоры лауазымдарын атқарды.
К. Джазин 1968 жылы Целиноград облысының Астраханка ауылында дүниеге келген. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен  РФ Президенті жанында халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген.  Химия ғылымдарының кандидаты, ҚР Ұлттық ғылым академиясының фитохимия институтында ғылыми қызметпен айналысты.

Корей зияткерлік меншік мекемесі басшысының орынбасары 

2003 - 2004 GS Engineering and Construction, Инженер архитектор
2004 - 2005 Мемлекеттік басқару және қауіпсіздік Министрлігі, директор орынбасары
2005 - 2011 Корей зияткерлік меншік мекемесі: 
Құрылыс технологияларын сараптау бөлімі, Патенттер жөніндегі сарапшы
2011 – қазіргі күнге дейін - Корей зияткерлік меншік мекемесі: Зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі басқарма, жосықсыз бәсекемен күрес және коммерциялық құпияны қорғау бойынша шаралар жөніндегі басшының орынбасары 

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары 

Қуандық Бишімбаев «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Ол 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және 2001 жылы Д.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін бітірген. 2001 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дж. Вашингтон Университетінде бизнес-басқару магистрі дәрежесін иеленген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2001 жылы «Қазақстанның даму банкі» АҚ бас менеджері қызметінен бастаған. 2002-2003 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің функционалдық талдау бөлімінің бастығы, Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаментінің Инвестициялық жоспарлау және талдау басқарамасы бастығының орынбасары лауазымдарын атқарған. 
2005 жылы Қуандық Бишімбаев «Ордабасы» Корпорациясы» АҚ вице-президенті және «Интеркомшина» АҚ директорлар кеңесінің Төрағасы қызметтерін атқарды. 2005 - 2006 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Оған дейін ол 2009 - 2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі және 2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі лауазымдарында жұмыс істеді. 

ҮНДІСТАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ 

Ашок Кумар Шарма 2011 жылдың 22 ақпанынан бастап Үндістанның Қазақстан Республикасындағы елшісі қызметін атқарып келеді.  Дели университетін «Экономика және статистика» мамандығы бойынша бойынша бітірген соң, 1978 жылы Іскерлік басқару магистрі дәрежесін иемденді. Жекеменшік сала және Үндістан мемлекеттік банкінде біраз уақыт жұмыс істеген соң, 1981 жылы Үндістанның дипломатиялық қызметінде жұмысқа орналасты. Санкт-Петербург қаласына (Ресей)(2002-2005) Үндістанның Бас Консулы қызметіне тағайындалғанға дейін өзінің бүкіл димломатиялық мансабы бойы ол Мәскеу, Кувейт, Карачи, Нью Дели, Мумбае, Торонто және Ташкент қалаларында қызмет етті. 2005-2008 жылдары Парамарибодағы (Суринам) Үндістан елшісі болып жұмыс істеді және бір мезгілде Барбадоса, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Гренадинде Үндістанның Жоғарғы Комиссары қызметін атқарды. Астанаға келмес бұрын, екі жылдан астам уақыт Нью-Делидегі Ұлттық Қорғаныс Колледжінде оқытушы қызметін атқарып, мұнда стратегиялық ғылымдар философиясы магистрі дәрежесін иелену мақсатында білім алып жатқан әр елден келген қырықтан астам әскери және азаматтық офицерлердің жетекшісі болды.

Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі

Доктор Кэролин Браун басқа дипломатиялық қызметқе ауысқан Дэвид Моранның орнына Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі қызметіне тағайындалды.
Доктор Кэролин Браун өз қызметіне 2013 жылдың 10 қаңтарынан бастап кірісті.
Браун 1985 жылдан бастап Ұлыбританияның Сыртқы Істер Министрілігіндегі жұмыс жасай бастады. Бастапқыда ол Мәскеуде, Нью-Йоркте, Брюссельде жұмыс істеп, жуырда ғана Бакуде Әзірбайжан Республикасындағы елшісі қызметін атқарды. 
Өмірбаян
Толық аты-жөні: Кэролин Браун
2013 – қазіргі уақытқа дейін - Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі
2007 - 2011 Ұлыбританияның Әзірбайжандағы Елшісі
2006 - 2007 Тілдік тренинг
2005 - 2006 Ұлыбритания СІМ, Халықаралық Қауіпсіздік Директорының аға кеңесшісі
2002 - 2005 Кеңесші, Ұлыбританияның ЕО-ғы Тұрақты Өкілдігі, Брюссель 
2000 - 2002 Ұлыбритания СІМ, Басшы, Адам құқықтар саясаты Департаменті

1997 - 2000 Ұлыбритания СІМ, Басшы орынбасары, Оңтүстік Еуропа Департаменті
1993 - 1997  Ұлыбританияның БҰҰ-ға делегациясы, Нью-Йорк
1991 - 1993 Ұлыбритания СІМ, ЕО (Ішкі саясат Департаменті) 
1988 - 1991 Мәскеу, Ұлыбритания Елшілігінің екінші, кейін бірінші хатшысы
1986 - 1987 Ұлыбритания СІМ, Ирландия Республикасы Департаменті
1985 Ұлыбритания СІМ-де жұмыс жасай бастады. 

Оксфорд Брукес Университетінің бизнесті дамыту және стратегиялар профессоры 

Левент Алтынай Оксфорд Брукес Университетінің бизнесті дамыту және стратегиялар профессоры болып жұмыс істейді. Оның зерттеулік қызығушылықтары – кәсіпкерлік, стратегиялық альянстар және халықаралық бизнес. Оның жұмыстары  International Small Business Journal, Journal of Services Marketing, The Service Industries Journal, International Journal of Service Industry Management, Annals of Tourism Research and Tourism Management секілді журналдарда жарияланған. 2012 жылы профессордың зерттеу жұмыстарының бірі зерттеулер саласында (Эмералд мәліметтер базасы) ерекше жетістіктері үшін сыйлығына ие болды. 

Еуразиялық патенттік мекемесінің вице-президенті

1961 жылы 16 шілдеде Минскіде дүние келген.
В 1985 ж. Беларусь политехникалық институтын, 1991 жылы Беларусь мемлекеттік экономикалық универсиеттін бітірген,  2001 жылы Дүниежүзілік зияткерлік меншік Академиясының бағдарламасы бойынша білім алды.
Экономика ғылымдарының кандидаты. Бірнеше өнертабыстар мен елуге жуық ғылыми жарияланымдардың авторы.
Еңбек жолын 1978 жылы Беларусь политехникалық институтындағы ғылыми-зертету лабораториясында бастады.
1979-1981 жж. КСРО Қарулы күштерінің шекаралық әскерінде қызмет етті. «Мемлекеттік шекараны қорғауда үздік үшін» медальімен марапатталған.
1983 жылдан 1992 жылға дейін Минск есептеулі техниканың өндірістік ұйымында түрлі басқарушы қызметтер атқарды.
1992-2004 жылдары Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің аппаратында жауапты қызметтер атқара отыра, ғылыми-техникалық және сауда-өнеркәсіптік саясат мәселелерімен айналысып, зияткерлік меншік саласында заңнама жасау жұмысына белсенді араласты.
2004 жылдан 2012 жылға дейін Ұлттық зияткерлік меншік орталығының бас директоры және  Еуразиялық патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі Беларусь Республикасының өкілетті өкілі лауазымдарында жұмыс істеді. 2010 жылы ЕАПҰ ӘК-іне қайта сайланды.
2012 жылдан бастап Еуразиялық патенттік мекемесінің вице-президенті қызметін атқарып келеді.
Үйленген. Екі бала тәрбиелеуде.

Империал Университетіндегі Денсаулық жаһандық инновациялары Институтының Төрағасы

Лорд Дарзи денсаулық сақтау саласында сарапшы болып саналады, Ұлыбританияда NHS жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында, әсіресе обыр ауруының алдын алуда бірнеше сараптамалар жүргізді. Профессор Дарзи Лондондағы Империал Университетінде Пол Хэмлин атындағы хирургия кафедрасын басқарады және мұнда хирургия бөлімінің жетекшісі болып жұмыс істейді. Сонымен қатар, ол Империал Университетіндегі NHS Trust ауруханасы мен «Royal Marsden Hospital»-дың құрметті консультанты және Онкологиялық ғылыми-зерттеу институтында хирургия кафедрасын басқарады.
Жуырда Недавно Денсаулық жаһандық инновациялары Институтының Төрағасы болып сайланды. Профессор Дарзидің жетекшілімен өткізілетін зерттеулер хирургия саласы мен қауіпсіздікті және медициналық көмекті көтеру саласындағы инновациялар арқылы хирургиялық тәжірибені жақсарту жетістіктеріне бағытталған. Оның бұл зерттеулерге қосқан үлесі ерекше және қазіргі таңда 600-ге жуық пікір жазылған ғылыми жұмыстары бар.  Оның хирургиялық технологияларды зерттеу және дамытудағы ерешке жетістіктерінің құрметіне орай, профессор Дарзи Корольдік инженерилік академиясының құрметті мүшесі және Медицина ғылымдар Академиясының мүшесі болып сайланды. 
2002 жылы медицина мен хирургия саласындағы еңбегі үшін серілікке көтеру құрметіне ие болған. 2007 жылы профессор Дарзи Лорд Дарзи Денгамский ретінде Лордтардың Біріккен Крольдігі үйіне қабылданды және Денсаулық сақтау Министрлігі Мемлекеттік хатшысының парламенттік орынбасары қызметіне тағайындалды.  
Бұл қызметтен 2009 жылы бас тартып, кейіннен денсаулық сақтау, өмір ғылымдары мәселелері бойынша Жаһандық Біріккен Корольдіктің Елшісі, Жаһандық Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің төрағасы, Біріккен Корольдіктің бизнес елшісі (тағайындау 2010 жылы Премьер-Министр Дэвидом Кэмеронмен қайта расталды) қызметтерін атқарды. Лорд Дарзи 2009 жылдың маусымында Патшайымның Құпия кеңесінің мәртебелі мүшесі болып тағайындалды.

Қытай сауда банкінің бас атқарушы директоры, Президенті

Қытайдағы Оңтүстік-Батыс қаржы және экономика университетінде экономика ғылымдарының кандидаты. Қытай Халық Банкі бас директорының бұрынғы орынбасары. 1992-98 жылдары  Қытай Халық Банкі Хайнань бөлімшесінде валюта бақылау мемлекеттік басқармасында және дәл осы бөлімшеде Қытай Халық Банкі Президенті қызметтерін атқарған. Қытай сауда банкінің бас атқарушы директоры және Президенті. Қытай қаржы институтының атқарушы директоры. Қытайлық кәсіпкерлер қауымдастығының директоры. Премия лауреаты.

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Әбілқасымова Мадина Ерасылқызы 1978 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Колумбия университетін тәмамдады. “Экономикалық саясатты басқару” мамандығы бойынша халықаралық қатынастар магистрі атағына ие. Сондай-ақ, Кеннеди атындағы Гарвард университетінің мемлекеттік басқару мектебінде «Мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы бойынша білім алған. 1999 жылдан 2003 жылға дейін ҚР стратегиялық жоспарлау Агенттігінде,  Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінде қызмет етті. 2004 жылдан 2006 жылға дейін «Маркетингтік-талдамалы зерттеулер орталығы» АҚ мемлекеттік саясатты талдау Департаментінің директоры қызметін атқарды. 2006 жылдың ақпан айында ҚР Премьер-Министр Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 2008 жылдың наурызында ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары лауазымына бекітілді. 2011 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 6-ақпанындағы № 90 Қаулысымен Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болып сайланды.

ТОТАЛЬ Барлау және Өндірудің Каспий аймағы және Орталық Азиядағы аға вице-президенті

Майкл Борель Кембридж Химиялық Технологиялар Университетінің түлегі (Ғылымдар магистрі 1993ж., Бакалавр 1984 ж.), ТОТАЛЬ-да 1985 жылдан бастап еңбек етіп келеді. ТОТАЛЬ концернінде еншілес компаниялармен жұмыс істеді және 1995 жылдан бастап жетекші басқарушы лауазымдарда қызмет атқарды. 2003 жылы ТОТАЛЬ БӨ-нің Индонезиядағы Корпоративті жоспарлау және бизнесті дамыту вице-президенті болып қызмет етті. 2006 жылдың шілдесінде ТОТАЛЬ БӨ-нің Калгаридегі Президенті және Бас директоры лауазымына тағайындалды. 2009 жылдың қыркүйегінен бастап ТОТАЛЬ Барлау және Өндірудің Каспий аймағы және Орталық Азиядағы вице-президенті қызметін атқарып келеді. 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары. 

Полиция генерал-майоры Демеуов Марат Ғанұлы 1957 жылы 23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан  облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1990 КСРО ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады.

1981 жылдың қазан айынан 1983 жылдың тамыз айына дейін –  КСРО ІІМ Алматы ОАММ курсанты.

1976 жылдың қазан айынан 1978 жылдың мамырына дейін – Қарулы күштер қатарында қызмет.
1978 жылдан 2001 жылға дейін ішкі істер органдарында бірқатар басшылық қызметтер атқарды.
2001 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың шілдесіне дейін –  Ақмола облыстық ҚІІБ бастығының бірінші орынбасары.

2003 жылдың шілде айынан 2008 жылдың мамыр айына дейін –  Астана қаласының ІІД бастығының бірінші орынбасары.

2008 жылдың мамыр айынан 2011 жылдың шілде айына дейін – Астана қаласы Ішкі істер Департаментінің бастығы.

2011 жылдың шілде айынан бастап Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары

Отан алдындағы ерекше еңбегі үшін бірнеше үкіметтік марапаттармен марапатталған.

Э.ғ.к., Ресей-Армян (Славяндық) университеті ЖКБ МББ экономика факультетінің доценті,  РАУ экономикалық теория және өтпелі кезең экономикасының мәселелері кафедрасының меңгерушісі.

Ресей-Армяндық (Славяндық) университетінде «Қаржы, ақша айналымы және несие» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты атағына қол жеткізді, сонымен қатар, Мәскеу Әлеуметтік және Экономикалық Жоғары мектебінде «Білім берудегі менеджмент» мамандығы бойынша магистр атағын иеленді, сондай-ақ, Тбилиси Мемлекеттік университетінің жанында Халықаралық экономика мектебінде (ISET) «Тәуекел және тұрлаусыздық жағдайында экономикалық шешімдерді қабылдау» кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша білім алды. 
2004 жылдан 2009 жылға дейін – Ресей-Армян (Славяндық) мемлекеттік университеті (РАУ) экономика және қаржы кафедрасының аға оқытушысы. 
2009 жылдан РАУ экономика және қаржы кафедрасының доценті.
2010 жылдан РАУ экономикалық теория және өтпелі кезең экономикасының мәселелері кафедрасының меңгерушісі.
2012 жылдан «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша РАУ докторанты.
Еуразиялық ғалымдар клубының мүшесі. 
Еуразиялық жастар экономикалық форумының сарапшысы. 

Hipotecario Банкінің Бірінші Вице-Орынбасары  (Аргентина)

Марио Блехер макроэкономикалық консультативтік топтың серіктес-негізін қалаушысы болып саналады. Доктор Блехер Англия Банкінің орталық банк қызметін зерттеу жөніндегі Орталық диекторы, банктің қаржылық тұрақтылық мәселелері жөніндегі Комитет мүшесі болып жұмыс істеді. Оған дейін доктор Блехер Аргентина Орталық Банкінің Губернаторы және Вице-губернаторы (2001-2002 жж.) лауазымдарын атқарып, 20 жыл бойы Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банкте түрлі басқарушы лауазымдарды атқарды. Ол Еврейлік, Нью-Йорк, Бостон университеттерінде және Сан-Андрес университетінде (Буэнос-Айрес қ.) сабақ берді. Кәсіптік журналдарда 100-ден астам мақалалар жариялап, түрлі кітаптарды редакциялады. Чикаго университетінің ғылымдар докторы (1975 ж.) дәрежесіне ие.

Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы «Сауда саясаты және оларды жүзеге асыру құралдары мәселелеріне жәрдемдесу (ССЖЖ)» құқықтық мәселелер жөніндегі жобасының аға сарапшысы

Мариус Бордалба 2006 жылдан бері Африка, Азия және Латын Америкасы елдерінде ЕС, USAID институттары, Ислам Даму Банкі, ЮНКТАД және ДСҰ-мен қаржыландырылған жобаларда кеңес беруші қызметін атқарады.

Ол 60-тан астам семинар мен жұмыс топтарына қатысқан. Сонымен қатар, ол ДСҰ-на қатысты талқылаулар бойынша Үкіметке кеңес берумен айналысады.
2002 жылдың мамырынан 2006 жылдың маусымына дейін Мариус Дүниежүзілік Сауда ұйымында ДСҰ қағидаларын қолдау департаментінде құқық бойынша маман болып жұмыс істеді. 
Мариус Брюссельде еуропалық сауда құқығы саласындағы екі жетекші компания –  Vermulst, Waer мен Verhaeghe (1997 шілде - 2002 сәуір) және Ван Баел мен Беллис (2008 қаңтар - 2009 мамыр) алты жылдан астам қызмет етті. Ол ЕО құралдарын қолдану жөніндегі, сонымен қатар, дамыған елдер үшін анти демпингтік үлгілерді үйрету бірқатар жарияланымдардың авторласы болып табылады. Жуырда ол Халықаралық Сауда Орталығы үшін экспорттық шараларды алға жылжыту бойынша зерттеулерін аяқтады.

Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университеті Тұрақты даму зерттеу орталығының атқарушы директоры 

Орал политехникалық институтын бітірген, (Свердловск, Ресей), экономика ғылымдарының кандидаты (ҚР БҒМ Экономики институты), Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар Академиямының корреспондент мүшесі, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының мүшесі (Астана). 
1995-2005 жылдар арасында – энергетика, химия, металлургия, құрылыс, инфрақұрылым жөніндегі компаниялардың басшысы; энергетика (Қытай), экология (АҚШ), химиялық технология (Италия), инжиниринг (Германия), коммуникация (Түркия) бойынша жобалар үйлестірушісі.
100-ден астам ғылыми жарияланымдары бар, соның ішінде шетелде жарыққа шыққан. «Кедейшілік экономикасы» монографиясының, «Тұрақты даму стратегиясы: қазақстандық үлгі» жарияланымдар сериясының авторы. Астана экономикалық форумы сыйлығының иегері (2011, 2012 жж.).

БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясында сауда саясаты және ынтымақтастық үкіметтік секциясының жетекшісі

Сауда жөніндегі БҰҰ ЕЭК Комитетінің хатшысы қызметін атқара отыра, ол ынтымақтастықты орнату және стандарттау бағдарламалары, сондай-ақ, сапаның ауылшаруашылық стандарттары бойынша жұмысты жүзеге асыратын жауапты үйлестіруші болып еңбек етеді. Қолданбалы экономикасы бар елдер үшін сауда бойынша реттеуші және үдерістік кедергілерден өту саласындағы жұмыстарды үйлестіреді. Ол сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының ЕЭК-ке Сауда және Электрондық бизнес бойынша жәрдемдесу және Сауда және даму бойынша БҰҰ Конференциясында Сауда үйлестірушісі үшін көмек орталығының хатшысы, сондай-ақ, африкалық аймақтағы бірнеше қызмет орындарында БҰҰДБ үйлестірушісі болып жұмыс істеді. Ол оған дейін азиялық аймақтағы Скандинавиялық Даму Қорында Үкімет Басшысы, Орталық және Шығыс Еуропада Phare және Tacis ЕО жобалары есебінен қаржыландыратын Бағдарламалар директоры қызметін атқарды. Білімі бойынша экономист и мәдени антропология мамны, Хельсинск университетінің магистрі дәрежесіне ие және FINTRA-дан халықаралық бизнес бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі дипломы бар. Вепсяляйнен ағылшын, орыс, француз, швед және фин тілінде еркін сөйлейді.

Халықаралық Horwath HTL консалтингтік компаниясының атқарушы директоры

Мирослав Драгичевич Загреб Университетінің экономика факультетінде экономика ғылымдарының докторы атағын алды. Ол 35 жылдан астам турзим және туристік зерттеулер саласында кеңес берумен айналысып келеді. Загребтегі Туризм Институтының атқарушы диреткоры лауазымын атқарады. 1993 жылы Horwath Consulting Zagreb компаниясының негізін қалады. 10 жылдың ішінде Horwath Consulting Zagreb компаниясын турзим, қонақүй және ойын-сауық индустриясы саласында Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы жетекші консалтингтік агенттік дәрежесіне жеткізіп,  туризм және мейманханалық істер саласында кеңес беру менеджментін дамытты.

"Миллениум Банк" (ЖАҚ) Басқарма Төрағасы

"Миллениум Банк" (ЖАҚ) Басқарма Төрағасы, "РТЖ" ААҚ Президентінің кеңесшісі, Өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер Халықаралық конгрессінің виц-президенті, «Батыс-Шығыс: интеграция және дамыту» тұрақты өткізіліп тұратын форумының бас директоры. Экономикалық және геоэкономикалық бағыттағы бірнеше мақалалардың авторы. «Даму және экономика» ғылыми және қоғамдық-саяси альманахының тең құрылтайшысы және «БІӘ. Банктер және іскерлік әлем» журналы Қадағалау кеңесінің мүшесі. Күрделі динамикалық жүйелерді басқаруды модельдеу саласында бірқатар ғылыми еңбектері бар.

Корей университетінің құрметті профессоры

Д-р Мун Сук Ан Корей университетінің құрметті профессоры. Ол Электрондық үкімет бойынша арнайы президенттік комиссияның төрағасы және Сандық жинақтылық мемлекеттік комитетінің Төрағасы ретінде «Корей электрондық үкіметі» жобасын басқарды. Ол Мемлекеттік реттеуші реформа жөніндегі Комитеттің тең төрағасы (Премьер-министрмен бірге) ретінде мемлекеттік реттеуші реформаға белсенді ат салысты. Ол 30 жыл бойы колледж студенттері мен мелекеттік қызметкерлерді электрондық үкіметке үйретіп, корей қоғамына «компьютерлік ақыл-ой» ұғымын дағдыландырды. Профессор Ан Корей университетінің проректоры және Корей стратегиялық зерттеулер қауымдастығының президенті лауазымдарында қызмет атқарды. Қазіргі уақытта д-р Ан мемлекеттік мәліметтер базасын ашу және айырбастау бойынша мәліметтер базасы Ұлттық Форумның аға президенті болып еңбек етеді, сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі ақпараттық алшақтықты қысқарту жөніндегі электрондық басқарудың Жаһандық форумын басқарады. 

ТУБИТАК жанындағы е-трансформация Департаментінің Менеджері, е-үкімет жөніндегі Премьер-министр кеңесшісі

Афионлуоглу мырза көптеген жылдар бойы жеке секторларлда басқарушы қызмттер атқарды. Сонымен қатар, ол Түрік нотариустары Кеңесінде ИТ менеджері және ИТ кеңесші қызметтерін атқарды. Ол е-үкімет бойынша «Көлік құралдарын онлайн тіркеу», Денсаулық сақтау Министрлігінің «Children’s Follow-up Center – Security Project», «муниципалитеттердегі е-салықтар» секілді бірнеше жобалардың, сонымен қатар, е-трансформация бойынша «мемлекеттік жабдықтау орталығының е-трансформациясы» секілді жобаларда менеджер болып жұмыс істеді. TUBITAK YTE-де (Бағдарламалық қамтамасыз етуді зерттеу инситуты) «Е-трансформация» жобасының менеджері және кеңесшісі, сонымен қатар, Премьер-министр аппараты жанында е-үкімет бойынша консультациялық топта е-үкімет жөніндегі кеңесшісі қызметтерін атқарады.
Қазіргі таңда Афионлуоглу мырза е-үкімет және е-трансформация бойынша жобаларды үйлестірудің көп салалы аспектілерін, сонымен қатар, мемлекеттік басқару, өзгерістерді басқару, ақпараттық қауіпсіздік,  ИТ және ИТ құқық саласындағы консалтинг секілді тақырыптарды зерттеуде. 

Сауд Арабиясы Корольдігінің экономика және жоспарлау министрі

Доктор Сулайман АЛЬ-ДЖАССЕР Сауд Арабиясы Валюталық Агенттігінің (SAMA) губернаторы қызметін атқарады. Ол бұл қызметке он бес жыл бойы директорлар кеңесінің вице-губернаторы және вице-төрағасы ретінде қызмет еткеннен кейін, 2009 жылы тағайындалды. Оған дейін Доктор Сулайман АЛЬ-Джассер бюджет және ұйымдастыру бойынша қаржы министрінің орынбасарын міндетін атқарды.
Ол Халықаралық Валюта Қорында (ХВҚ) 1988 жылдан бастап ХВҚ-дағы Сауд Арабиясы атқарушы директорының экономикалық кеңесшісі ретінде жеті жыл қызмет атқарды. ХВҚ-да ол Халықаралық валюта қорының атқарушы кеңесімен құрылған бірнеше комитеттерге, соның ішінде Бюджет комитеті, ХВҚ және Дүниежүзілік сауда ұйымы және бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің мүшелігіне қабылдау Комтитетінің арасындағы байланыстар жөніндегі Комитеттің жұмыстарына қатысты. Өз мансабының бастауында д-р Аль-Джассер Сауд  Арабиясы Қаржы және Бюджет министрлігі ұлттық экономика департаментінің қаржы және экономикалық бөлім бастығы болып жұмыс істеді.
Доктор Аль-Джассер Saudi Telecom компаниясының төрағасы және араб инвестициялық компаниясының бұрынғы төрағасы болып табылады.

Македония Республикасының Премьер-министрі

Никола Груевский Скопье қаласында (Македония) 1970 жылы 31 тамыз күні дүниеге келген. Биотла қаласындағы «Климент Охридский» университеті және Лондон құнды қағаздар институты экономика факультені бітірген.
«Үздік Македония үшін» коалициясының көшбасшысы және Ішкі македон революциялық ұйым – Македон ұлттық бірлігі Демократиялық партиясының төрағасы.
1998 жылы Македония Бокс қауымдастығын құрып, өзі басқарды.
1998-1999 — сауда министрі.
1999 жылдың желтоқсанынан 2002 жылдың қарашасына дейін -  Любчо Георгиевский (ЉубчоГеоргиевски) Үкіметінде Македония қаржы министрі лауазымын атқарды. Бір мезгілде Дүниежүзілік Банкте және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінде Македонияның атынан басқарушы қызметін атқарлы.
Елдің қаржылық реформасын жүргізгеннен кейін, оны республика тарихындағы үздік Қаржы министрі деп таныды.
2000-2002 — құнды қағаздар жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы.
2002 жылдың қыркүйегінен 2006 жылдың тамызына дейін — Македония парламентінің депутаты.
2003 жылдың мамырына дейін — МҰБДП-ІМРҰ партиясы төрағасының орынбасары.
2003 жылдың мамырынан — МҰБДП-ІМРҰ төрағасы.
2006 жылдың 27 тамызынан бастап — Македония Үкімет Басшысы.

 

Сыртқы сауда министрі, Франция

Николь Брик 1947 жылы дүниеге келген. 2012 жылдың 16 мамрында Экология, Энергия және Тұрақты даму Министрі болып тағайындалды. 2012 жылы заң шығарушы органдарға өткізілген сайлаудан соң, ол Сыртқы Сауда Министрі қызметіне тағайындалды. 

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі – Министр 

Нұрлан Алдабергенов 1962 жылы дүниеге келген, Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша алқа мүшесі – министр. Алматы өнеркәсіптік және азаматтық сәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы (1984), В.В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының аспирантурасын (1988), Д.А.Қонаев атындағы университетті бітірген (2005), заңгер.

Экономика ғылымдарының кандидаты. (1988). Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Экономика мен басқару мәселелері». 1 монография және 12 мақаланың авторы. 

1996 жылдан Алматы қаласы бойынша баға және монополияға қарсы саясаты комитеті төрағасының орынбасары. 1999 жылдан Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры. 2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігі төрағасының орынбасары. 2007 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің төрағасы. 

Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының Президенті

1947 жылы 15 мамырда дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Орал политехникалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін, РФ Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, дипломат, генерал-майор. 1972 жылдан 1976 жылға дейін - Алматы ауыр машина жасау зауытының инженері. 1976 жылдан 1988 жылға дейін – партия қызметкері. 1988 жылдан – Қазақ КСР Министрлер кеңесі Төрағасының көмекшісі. 1989 жылдан 1990 жылға дейін - Қазақстан Компартиясы ОК 1-хатшысының көмекшісі. 1990 жылдан 1995 жылға дейін – ҚР  Президенті және Премьер-Министрі Аппаратының басшысы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі. 1995 жылдан Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы және қосымша Дания, Норвегия, Швециядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 1996 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші көмекшісі. 1998 жылдан 1999 жылға дейін – ҚР ҰҚК Төрағасы, генерал-майор. 2000 жылдан 2002 жылға дейін – ҚР Сыртқы істерінің бірінші вице-министрі. 2002 ж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы. 2004 ж. – ҚР Парламенті Сенатының ІІ шақырылым депутаты. 2007 ж. – ҚР- ның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2008 жылдан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің бірінші орынбасары.

Түркия, Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша атқарушы директор

Оливье Декамп 35 жыл бойы халықаралық коммерциялық қаржыландыру және даму саясаты мәселелерімен айналыса жүріп, басқарушы қызметтерді атқарды. 1975 жылдан 1993 жылға дейін Бразилия, АҚШ және Біріккен Корольдіктегі «Чейз Манхеттен Групп»-та (Chase Manhattan Group) еңбек етті. Декамп корпоративті киленттерге банк қызметтері бойынша (Рио-де-Жанейро); корпоративті киленттерді солтүстік-американдық корпоративтік қаржыландыру және оңтүстік-американдық банктік қызмет көрсету (Нью-Йорк); Бенилюкс елдерін корпоративті қаржыландыру және несиелік қаржы есебінен Еуропалық табыс тобында (Лондон) бірнеше басқарушы лауазымдарды иеленді.
1993 жылы Декамп Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінде (ЕҚДБ) Балқан түбегі елдерінің сауда-банктік қызметтері департаментінің директоры қызметіне кірісті. Қазіргі уақытта Түркия, Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша атқарушы директор, сонымен қатар, ЕҚДБ стратегиялары, мемлекеттік органдармен қатынасы, саяси диалог, коммерциялық даму, 13 елде бағасы 10,5 миллиард еуроны құрайтын ЕҚДБ жобаларын және инвестициялық портфельді іске асыру мәселелерімен айналысатын Банк Департаменті Басқармасының мүшесі. 
Оливье Декамп Лёйфен Католиктік Университетінің (Бельгия) қолданбалы экономика бойынша дәрежесіне ие. Декамп Бельгия азаматы, үйленген.

Қазақстан Республикасындағы Нидерланды Корольдігінің Елшісі 

Ван Леувен мырза Сыртқы істер министрлігінде 1980 жылдан бастап жұмыс жасай бастады және 1986 жылға дейін Гаагада Министрліктің түрлі бөлімдерінде еңбек етті. 1986 жылдан 1994 жылға дейін Манила мен Бейжіңдегі Нидерланды Елшіліктерінде кеңесші қызметтерін атқарды. 1994 – 1998 жылдар арасында Франкфурт-на-Майнде Бас консул болып жұмыс істеді. 1998 жылдан 2006 жылға дейін Абиджан мен Алматыда елші болып қызмет етті.  Кейін СІМ-нің энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі арнайы өкілі болды. 2009 жылдан 2011 жылға дейін  Бағдадта Елші, 2011 жылдан 2012 жылға дейін Астанада уақытша сенімді өкілі қызметтерін атқарды. 2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы Төтенше елшісі қызметін атқаруда.

Құқық докторы, 1994, заңгерлік білім бағдарламаларының көп дүркін иегері. «Gavin Law Offices, PLC»  құрылтайшысы және басқарушы серіктесі, Ричмонд (Виржиния)

Зияткерлік меншік саласындағы тәжірибелі заңгер, коммерциялық және зияткерлік меншік бойынша сот тәжірибесі, сонымен қатар, тауар белгілері, авторлық құқық, лицензиялау, баспа құқығы, музыкалық/ойын-сауық индустриясының және бұқаралық ақпарат құралдарындағы құқық, ғаламтордағы құқық, домендік атаулар бойынша жанжалдар саласындағы халықаралық құқық және АҚШ құқығы бойынша маманданады.

ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығының президенті

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекттік университетін бітірген, ҚазМУ философия-экономика факультетінде декан, мәдениет қызметкерлерінің республикалық БАИ ректоры, Қазақстан мәдениет қызметкерлері Шығармашылық Одағының төрағасы, Қазақстан ҒА сыртқы экономика Орталығы төрағасының орынбасары, «Тұран» университетінің ректоры лауазымдарын атқарды.
ҚР білім беру мекемелер Қауымдастығының Президенті. Халықаралық қоғамдық туризм Академиясының президенті.
Халықтар Достығы орденімен, медальдармен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».
Кітаптары: «Біздің мекенжай – КазМУ» (авторлас); «К.Маркстың «Капиталдағы» экономикалық қайшылықтарды зерттеу әдісі»; «Экономикалық қайшылықтар марксистік теориясының қалыптасуы»; «Экономикалық қайшылықтар диалектикасы және экономикалық дамудың диалектикалық циклдері»; «Қайшылық теориясы және оны дамыту мәселелері».

 

McKinsey (MGI) Жаһандық Институтының Директоры

Ричард Доббс – McKinsey (Сеул) компаниясының аға серіктесі, McKinsey (MGI) Жаһандық Институтының және экономика және бизнес саласында ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын McKinsey & Company тәуелсіз зерттеу бөлімшесінің директоры.  
2004 жылдан 2009 жылға дейін Ричард Доббс корпоративтік қаржы бойынша McKinsey сарапшылар тобын басқарды, сонымен қатар, мұнда ол ол ғылыми-зерттеу қызметке жауапты болды. Экономиканың түрлі салалары бойынша, соның ішінде жоғары технологиялар және қаржылық қызметтер секторы, энергетика, мұнай салалары және мемлекеттік сектор бойынша түрлі елдерде ірі компаниялармен жұмыс істеді.
Р. Доббс қаржылық дағдарыс салдары және экономикалық құлдырау кезеңінде басқару мәселелері жөніндегі көптеген мақалалардың авторы. McKinsey Жаһандық Институтының түрлі зерттеулерін жүргізді, бұл зерттеулер нәтижесінде экономикалық үрдістер, соның ішінде урбанизация, ресурстар нарығы, капитал, өнімділік және өсім нарығын сипаттайтын ресми есептемелер жарияланды.
Білімі: бакалавр дәрежесі, Оксфорд университеті; іскерлік басқару магистрі дәрежесі (MBA), Стэнфорд университетінің бизнес мектебі.

World Organization of Creditors президенті

8.11.1972 жылы дүниеге келген, әскери қызметкер жанұясында тәрбиеленген.
1987 – 1989 жылдары Суворов әскери училищесінде білім алған.
1989 жылдан Ленинград ӘДШИ-де оқыған. Шаңғы жарыстарынан спорт шебері.
Еңбек жолын 1993 жылы бастаған. Өндірістік және құрылыс салаларында басқарушы қызметтер атқарған.
1999 жылы кәсіпкерлік және жеке тұлғалар субьектілері шаруашылық дау аясында қаржылық және құқықтық саласында белсенді қызмет атқарады. 1999 жылы «Ресейде өркениетті борышқорлық міндеттер нарығын құру» жобасын жазып, РАҚ-да тіркеді.
2001 жылы «Ресей борышқорлық міндеттер нарығы» ақпараттық-сауда жүйесін құрды. Кейін  «Ресей проблемалы активтер нарығы», «Әлемдік борышқорлық жүйе» АТҚ, сонымен қатар, аталмыш нарықта бірқатар танымал және Ресейде қазіргі күнге дейін ірі компаняилардың бірі болып табылатын брендтер құрылды.
2005 жылы баспа және электрондық БАҚ құрды -  «Борышқорлық Фактор» журналы. Ай сайын және күн сайын шығатын басылымдар борышқорлық нарықтағы жағдайды жариялап, ел тұрғындарының қаржылық сауаттылығымен айналысқан Ресейдегі бірінші БАҚ болды. 2012 жылы  ребрендингтен кейін, басылым Күнделікті қаржы журналы (Daily Finance Journal) атауына өзгертілді. Кейін тағы бірнеше баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдары құрылды.
2009 жылы ағылшын-орыс, кейіннен ағылшын тілінде шығатын World Economic Journal іскерлік басылымның баспагері және бас редакторы болып жұмыс істеді.
2009 жылы өзі Президенті болып табылатын World Organization of Creditors (WOC) –Халықаралық Кредиторлар Ұйымының негізін қалады.
2009 года жылы WOC талдау ақпарат Қызметі құрылды және WOC Research жобасы іске асырылуда.
2010 жылы WOC «Инвестициялық Періште» халықаралық инвестициялық сыйлығын ұйымдастырып, бүгінде жыл сайын әлемнің түрлі елдерінің аумақтарында өткізіп тұрады, бұл шараға саясаткерлер, ірі кәсіпкерлер, инвесторлар мен дипломаттар белсенді қатысады. Халықаралық инвестициялық сыйлық бұл сала бойынша әлемдегі жалғыз әрі экслкюзивтік марапат болып табылады. 2010 жылдан бастап Сыйлықтың Ұйымдастырушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
2011 жылы әлемнің әр мемлекеті мен жеке өңірлері туралы инвестициялық жағдай туралы толық ақпаратты қамтитын бірінші интерактивті карта – World Investment Map құрылды.

 

Newegg компаниясының бас директоры

П80 тобының негізін қалаушы

Роджер Вагнердің құқықтану саласында 30 жылдық тәжірибесі бар, жаңартылатын энергия көздері, инфрақұрылымдық жобалар, корпоративтік және жобалық қаржыландыру, сонымен қатар, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік саласында көшбасшы.
Вагнер мырза энергетика бойынша жетекші қорғаушылар каталогына бірнеше рет енгізіліп, сонымен қатар, АҚШ пен шетелдердегі жетекші ұйымдарда өнеркәсіп тақырыптары бойынша спикер болды. Ол Columbia Bar округінің мүшесі, сонымен қатар, Калифорния мен Массачусетс Қорғаушылар Қауымдастығының мүшесі. 
Сондай-ақ, Вагнер өзінің халықаралық жетістіктерімен де танымал:
- жеке тұлғаларға энергетикалық секторда инвестициялау мүмкіндігі туралы бірінші жаңа заңды әзірлеу және авторластыру, сонымен қатар, Латын Америка, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азияның 20-дан астам елдерінде өнімді жібергені үшін;
- Азия, Шығыс Еуропа және Африкаға концессия, заңдар, өтініштер, коммерциялық келісімдер үлгілерін жасаудағы, соның ішінде Дүниежүзілік банк, халықаралық даму бойныша АҚШ агенттігі,  жапондық мекемелер, үкіметтер және мемлекеттік емес ұйымдардың қолдауымен лауазымы жоғары тұлғалар үшін тренингтер, семинарлар өткізу, энергияны жаңарту және геотермальды және қалыпты түрлендіретін, желілік жобаларды жасаған еңбектері үшін. 

Директорлар Институтындағы Корпоративтік Басқармасының Басшысы (Ұлыбритания)

Оксфорд Университетінің корпоративтік басқару бойынша доктор атағының иегері, әрі мұндағы Merton колледжінде дәріс берген. Сонымен қатар, Кембридж, Саутгемптон және Кардифф университеттерінің экономика, қаржы және саясаттану бойынша дәрежелеріне де иелік етеді. 2008 жылдан бастап доктор Роджер Баркер Директорлар Институтындағы Корпоративтік Басқармасының Басшысы (Ұлыбритания) қызметін атқаруда. Директорлар Қауымдастығының Еуропалық Конфедерациясы Басқармасының аға кеңесшісі. Доктор Баркер бірнеше ұйымдарда, соның ішінде Англия мен Уэльс Дипломды Бухгалтерлер Институтындағы (ICAEW) консультативтік комиссиялардың Төрағасы қызметтерін атқарады. Доктор Баркерді  Said Business School (Оксфорд Университеті), ESSEC (Париж), UCL (Лондон) және Қорғау Министрлігіне  (Ұлыбритания) дәріс оқуға шақырды. Кезінде Брюссельде ЕО Экономикалық және Әлеуметтік комитетінің кеңесшісі болған. Оған дейін Лондон мен Цюрихте инвестициялық банкир болып жұмыс істеді.

Еуразиялық экономикалық комиссияның кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры 

1961  жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Мәскеу болат және қорытпа институтын және МБҚИ аспирантурасын бітірген;
1990-1992 – Қазақстан Ғылым академиясының химия-металлургиялық институтының ғылыми қызметкері;
1992-1995 - «Паритет» кіші жеке кәсіпорынның директоры;
1995-2001 – зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау және халықтың ауқатсыз жіктері жөніндегі Қарағанды аймақтыұ қайырымдылық Қорының президенті;
2001-2003 -  «Шаруашылық басқару» жабық акционерлік қоғамының президенті;
2003-2010 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі өнеркәсіп салалары Департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры,  Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау Агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Төрағасының орынбасары;
2010 жылдан 2012 жылға дейін – «НұрОтан» ХДП Инновациялық комитеті төрағасының бірінші орынбасары;
2012 жылдан бастап – Еуразиялық экономикалық комиссияның кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры.

Генеральный Директор Центра статистических, экономический и социальных исследований Организации исламского сотрудничества, Руководитель проекта «Атлас инноваций исламского мира. Страновой анализ по Казахстану»

Профессор Алпай получил докторскую степень по экономике в Университете Джона Хопкинса в 1997 году, а также преподавал в различных университетах Турции. Ранее он работал в качестве консультанта в международной консалтинговой фирме в США, а так же входил в состав Совета Общественного Регулирования в Турции. Сфера его исследований включает в себя взаимодействие между экономическим ростом, международной торговлей и окружающей средой с упором на разработку и осуществление политики в отношении устойчивого роста в целом. В последнее время его исследования направлены на политику в отношении улучшения социально-экономического развития общин, а также экономики, науки и технологической политики и профессионального образования и подготовки кадров в странах-членах Организации исламского сотрудничества (ОИС). Его книга под названием "Торговля и окружающая среда» была опубликована Kluwer, также у него есть много статей, опубликованных в различных журналах и докладах конференций. Он является редактором журналов «Экономическое сотрудничество и Обзор развития» и «Журнал экономического сотрудничества и развития», которые публикуют научные статьи по социально-экономическому развитию в странах-членах ОИК, а также в других развивающихся странах. Профессор Саваш Алпай также является членом турецкой Академии наук.

Назарбаев Университетінің Проректоры/Провост

Білімі, ғылыми дәрежелері: Саймон Джонс микроэлектроника бойынша философия докторы (Ph.D.) және компьютерлік инженерия бойынша доктор (D.Sc.) атағына ие.

Саймон Джонс Қазақстанға Абу-Дабиден (БАӘ), ол мұнда БАӘ-де Жоғары Технологиялық Колледждер жүйесінің бөлігі саналатын Абу-Даби ерлер колледжінің директоры және президенті лауазымын атқарған.
Доктор Джонс 1992-2002 жылдар аралығында өзі қызмет еткен Ұлыбританиядағы Лафборо университетінде қолданбалы микроэлектрондық жүйелер саласындағы инженерлік зерттеулер Корольдік академиясында ARM жетекшісі қызметін атқарды, кейіннен электрлік инженерия кафедрасының жетекшісі және зерттеулер бойынша бірінші қауымдастырылған декан атанды. 
Саймон Джонс өз қызметінде әлемдік университеттермен қызметтестікте түрлі оқу бағдарламаларын құрастырды. Олардың арасында бірінші бағдарламалар БАӘ-дегі докторантура, Массачусетс Технологиялық Институты, Стэнфорд және Гарвард Университеттерімен магистратура бағдарламасы (MBA) бар. Саймон Джонс инновациялық стратегиялар мен академиялық зерттеулерді тәжірибе ретінде қолдануға ерекше көңіл бөледі.

International Enterprise (IE) Singapore Халықаралық сауданы дамыту жөніндегі Комитет Төрағасы

Санни Вергез Сингапур қор биржасында ("SGX") айналымда болатын Азиядағы Olam жетекші халықаралық агробизнес компаниясының Атқарушы директоры және Бас директоры, Кеңеске  1996 жылы тағайындалған. Ол екі онжылдық бойы Kewalram Chanrai (KC) тобында жұмыс істеп, 1989 жылы Olam компаниясын құрып, ауылшаруашылық бағыттың құрылуын бастады. KC тобына келгенге дейін, ол Үндістандағы Unilever-де еңбек етті. Ол капитал, инвестициялар және тәуекелдер Комитетінің мүшесі. Қазіргі уақытта International Enterprise Singapore төрағасы және Сингапур Ұлттық университетінің қамқоршылар кеңесінің мүшесі.
Сонымен қатар, ол адам капиталын басқару саласындағы Көшбасшылық Институтының төрағасы қызметін атқарады. Вергез сонымен қатар, PureCircle Limited кеңесінде атқарушы емес директор болып есептеледі. Ол Үндістан менеджмент институтының (Ахмедабад) бизнесті басқару саласында ғылыми дәрежесіне ие, сондай-ақ, Гарвард Бизнес мектебін басқару бойынша жоғары бағларламасын аяқтады.
Вергез бірнеше марапаттарды иеленді, соның ішінде 2008 жылы Сингапурде Ernst & Young Жыл кәсіпкері және 2011 жылы Сингапурде Үздік басшы корпоративті марапатын иеленді. Сонымен қатар, ол  2010 жылы Сингапур Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қызмет медальімен марапатталған. 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрайымы 

Айтпаева Сәуле Мұханбедианқызы, 1960 жылдың 22 мамырында Торғай облысы Жақсы кентінде дүниеге келген, Свердлов заңтану университетінің түлегі, еңбек жолын 1977 жылы бастаған. 
1979 жылдан 1983 жылға дейін жоғарыда аталған институтта білім алды.  
1983 жылдың тамызынан Целиноград облыстық прокуратурасы Ленин аудандық прокуратурасының тәлімгері, тергеушісі болып жұмыс істеді. 1985 жылдан Ақмола облысы прокуратурасының ішкі істер органдарындағы тергеу мен анықтауды қадағалау жөніндегі бөлімінің прокуроры,  кадрлар жөнінде прокурордың көмекшісі, ұйымдастыру-талдау бөлімінің прокуроры лауазымдарын атқарды. 1996 жылдан 1997 жылға дейін Целина көлік прокуратурасының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс жөніндегі аға прокуроры болды. 1997 жылдан Бас прокуратураның жанындағы ҚСжАО (Д): бөлім бастығы, басқарма бастығы, ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары болып қызмет етті. 
2005 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылдың сәуірінде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрайымы болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 6 мамырындағы № 560 Жарлығымен жоғары сыныптық шен – 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі атағы берілді.

«Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері»(2001) атағы бар,«Ерен еңбегі үшін»(2005), «Астананың 10 жылдығы»(2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»(2011), «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» (2011) медальдарымен марапатталған.

Тұрмыста, екі баласы бар.

БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысы (БҰҰ ЕЭК)

2012 жылдың 08 наурызында БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Босния және Герцеговинадан Свен Алкалайдың БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның жаңа Атқарушы хатшысы (БҰҰ ЕЭК) қызметіне тағайындады.
Аталмыш қызметке орналасқанға дейін, Свен Алкалай 2007 жылдан 2012 жылға дейін Босния мен Герцеговина Сыртқы Істер Министрі қызметін атқарған болатын. Өз қызметін адал басқарған министр Алкалай көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Маңызды оқиға ретінде өз елін тұрақсыз мүше ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қабылдау, сонымен қатар, Босния мен Герцеговинаның  НАТО және Еуропалық Одақпен (ЕО) қауымдасуы, екі ұйымда мемлекет беделінің артуын айтуға болады.
Өз мансабының басында Америка Құрама Штаттары,  Американдық мемлекеттер Ұйымы, Бельгия Корольдігі және Солтүстікатлантикалық келісім Ұйымы (НАТО) елші болып еңбек еткен. Осы уақытта Алкалай Босния мен Герцеговина соғысының жойылуына себепші болған екі тарихи келісімдер: Вашингтон және Дейтон бейбіт келісімінде белсенді ат салысты. Елші Алкалай БҰҰ, Дүниежүзілік Банк, ХВҚ, ЕО бірге өз елінің қайта қалпына келу жұмысында негізгі рөлді ойнады.
Елшілік қызметке дейін, Свен Алкалай жеке секторда халықаралық инжинирингтік комманияжа басқарушы директор қызметін атқарды.

Свен Алкалай адам құқығы саласындағы қосқан үлесі үшін Бостандық Сыйлығын иеленді; он также был удостоен награды от Центра Мира и Прав Человека в Сараево.
Босния мен Герцеговинаны (1992-2010) тану және қайта қалпына келтіру барысында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі саясаты тақырынба кандидаттық диссертация қорғады, 1999  жылы Алкалай Гарвард іскерлік мектебінде Даму бағдарламасы жөніндегі ұсынысты аяқтады, ол халықаралық қатынас саласында магистр дәрежесіне ие(1987), сонымен қатар, инженер дипломы бар (1974), екеуі де Сараево университетінен.
Свен Алкалай ағылшын және француз тілдерінде еркін сөйлейді.

 

 Білім беру сапасы мен мансапты дамытуды бақылау Агенттігін (БСМДБА) дамыту бойынша бас директордың орынбасары 

2007 жылы «Мәскеу қаржы-өнеркәсіп академиясы» МБМ ЖКБ құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылы «Ұлттық жобаларды іске асыру саласында жасалынатын қылмыстың жеке түрлерінің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық ерекшеліктері» тақырыбында диссертация қорғады.
2008 жылдан  2010 жылға дейін «МҚӨА» МБМ ЖКБ заң департаментін басқарды.

Әкімшілік және қаржылық құқық кафедрасында сабақ берді (Әкімшілік құқық, қаржылық құқық)
2010 жылдан коммерциялық емес ұйымдарға құқықтық көмек көрсету Орталығының Бас директоры  (бүкіл Ресей бойынша коммерциялық емес ұйымдарға кешенді заңгерлік қызмет көрсететін компания)
2013 жылдан бастап Білім беру сапасы мен мансапты дамытуды бақылау Агенттігін (БСМДБА) дамыту бойынша бас директордың орынбасары.

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (1998) заңгер мамандығы бойынша; Қарағанды Қазақ тұтынушылар одағы экономикалық университетін (2004) экономист мамандығы бойынша бітірген.

1998-2000 - ҚР Әділет министрлігі Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы бөлімінің бас маманы, бастығы. 2000-2003 жылдары - заң сараптамасы бөлімінің бастығы, бақылау және құжаттық айналым басқармасының бастығы, ҚР СІМ аппараты жетекшісінің орынбасары.

2003 -2004 жылдары - коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2004 жылдан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты еңбекпен қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, директоры.

2007 жылдың қарашасынан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2009 жылдың 6 наурызынан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2012 жылдың 26 қыркүйегінен бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

«Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Кеңесінің төрағасы

1951 жылы 30 қазанда туған. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.

1990-91 жылдары - ҚазКСРМинистрлер кеңесі Мемлекеттік комиссиясының экономика саласының кеңесшісі.

1997 ақпан айы мен 1999 жылдың наурызы аралығында - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары.

1998-1999 жылдары - -«Қазақстан Эксимбанк» ЖАҚ Басқарма төрағасының 1-ші орынбасары, ҚР Президенті қарамағындағы сыртқы экономикалық байланыстар Кеңесінің басшысы.

1999 наурызынан - ҚР қаржы вице-министрі; 1999 жылдың қазаны мен 2000 жылдарда ҚР экономика министрінің орынбасары.

ҚР 1-ші экономика вице-министрі. 2001-04 жылдары; «Қазкоммерцбанк» ААҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі.

1999 жылдың 2 желтоқсанынан ҚР атынан Ислам Даму Банкінің Басқарма орынбасары болып тағайындалған. 1999-2000 жылдарда «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, -«Қазақстан Эксимбанк» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2001 жылдың 25 маусымынан «Қазкоммерцбанк» ААҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі

 

2002 жылдың қыркүйегі мен 2003 жылдың қазаны аралығында - «Қазкоммерцбанк» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2002 жылдың 1 қазанынан – Басқарма бастығының кеңесшісі.

2003 жылдың 20 қазанынан «Қазкоммерцбанк» АҚ Басқарма басшысының Кеңесшісі. 2004 жылдың 19 сәуірінен «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің төрағасы.

2006 жылдың 4 мамырында «Заңғар Инвет Груп» АҚ директорлар Кеңесінің құрамына Тәуелсіз Кеңес мүшесі ретінде кірдң.

2008 жылдың желтоқсанынан Қазақстан экономистер Ассоциациясының Қамқорлық Кеңесінің мүшесі. 2009 жылдың 13 сәуірінен «ҰларҮміт» АҚ «Зейнетақы сақтандыру қорының» директоры. 2009 жылы Аймақтық қаржы орталығы Академиясының академиялық кеңесіне кірді. «ГНПФ» АҚ зейнетақы жинақтау қорының Директорлар  кеңесінің тәуелсіз мүшесі. Макроэкономика саласы жайындағы ондаған мақала авторы. 

Қазақстан Республикасының Премьер Министрі.

1958 жылы 25 маусымда Қарағанды облысы, Теміртау қаласында туған. Білімі жоғары.

Қарағанды металлургия зауыты жанындағы зауыт -ЖТОО-ын, Ресей Басқару Академиясының аспирантурасын бітірген. Мамандығы инженер-металлург, экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын Қарағанды металлургия зауытында бастаған.

1983-1990 жылдары партиялық және комсомол ұйымдарында жұмыс жасаған,Қарағанды облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болған.
1993-1995 жылдары Карметкомбинаттың маркетинг бюро басшысы, сыртқы экномикалық қатынастар бөлімінің басшысы, «Кен Дала» қазақстандық агроөнеркәсіп биржасының Бас директоры;

2001 жылдан Теміртау қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде ұйымдастыру-бақылау және кадр саясаты жөніндегі Басқарманың Мемлекеттік инспекциясының меңгерушісі, «Атамекен» жылпыұлттық кәсіпкерлер мен жұмысберушілер одағының басқарма төрағасы, атқарушы директор, Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

2009 жылдың қарашасынан  - Қарағанды облысының әкімі
2012 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды
«Парасат » орденімен,«Құрмет» орденімен,«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, мерейтойлық медальдермен марапатталған
 

«EADS Қазақстан» ЖШС бас директоры.

2010 жылдың қыркүйегінен EADS Халықаралық ұйымының маркетинг, жоспарлау саласының Вице Президенті.

2011 жылдан бастап «EADS Қазақстан» ЖШС EADS-тың Қазақстандағы (Astrium, Airbus & Airbus Military, Cassidian, Eurocopter) топтарының жұмысына жауапты әрі дамуына ықпал ететін жаңа компаниясының Бас Директоры ретінде Астанада қызмет етті.

Қазақстан Инжиниринг Евракоптер БҰ алғашқы бас Директоры.
EADS-қа алғаш қосылғанға дейін 10 жыл бойы ядролық индустрияда жұмыс жасаған (негізінде қазбаның қорын табу мен байыту жұмыстарымен айналысқан). Осы орайда 5 жыл қатарынан (2004-2008 жж.) Қазақстанда (Kazatomprom-Areva) БҰ қаржы директоры мен КАТСО БҰ индустриалдық бағытын енгізу саласы директорының орынбасары болған. Одан кейін Arevaның Орталық Азия мен Моңғолияда кәсіпкерлікті дамыту бағытының директоры болған. Өз еңбек жолын ол Pricewaterhouse Coopers ұйымының аудиторы ретінде бастаған болатын. 

Польша Премьер Министрінің Канцеляриясы жанындағы мемлекеттік қызмет басшысы.

Славомир Броджински Силезиан техникалық университетінің тау-кен факультетінің түлегі. Славомирде ғылым мен инженерияда докторлық дәрежесі бар және университет оқытушысы ретінде тәжірибесі де мол. 1995 пен 2009 жылдарда ол мемлекеттік басқару, құрылымдық қор мен сапа бақылауы бойынша көптеген оқыту бағдарламаларын тәмамдаған.

Сонымен бірге ол Еуропалық польша-даттық магистрлік оқуды бітірген.

1991 жылдан орталық мемлекеттік басқармала істеген; Мемлекеттік Тау-кен Өнеркәсібінде (Дайындық, техникалық прогресс пен қарым-қатынас бюросының басшысы, Президенти істерін меңгеруші, Орталық бас директоры 1998-2006) және 2006-2009 жылдары Статистикалық Басқарманың бас директоры.

Осы Басқарма қызметіне  мемлекеттік қызмет ережелерін енгізумен айналыса отырып, Мемлекеттік Тау кен өндірісі басқармасында да қызмет атқарған. Қызмет бабы барысында Басқарма ISO 9001 мемлекеттік стандарты бойынша сертификат пен ең жақсы аймақтық сапа үшін лайықты марапат алған. 2006-2009 жылдары қаржылық және адами ресурстарға жауапты қызметтер атқарып, Орталық Статистикалық Басқарманың қайта құрылуына жауапты болған.

Броджински мырза 2001 жылы  үздік мемлекеттік қызметкер  атағына ие болған. 2009 жылы Мемлекеттік қызметкерлер басшысы Премьер Министр болып тағайындалды.

Мемлекеттік қызметкерлер басшысы ретінде Броджинский мырза 2008 жылдың 21 қарашасында жаңа заң енгізді. Ол заң 2012 жылы жарық көрген Орталық Басқарманың Аудитінде расталып тіркелді және заңнама мемлекеттік қызметтің заңгерлік ережесіне  оң әсерін тигізді.

Польша президентінің Еуропалық Мемлекеттік басқару жүйесіндегі басқа да сәтті қадамдарының қатарында мемлекеттік қызметтің жаңаруына жол ашқан  Еуроодақпен қайта қаржыландыру жұмысын атап өтуге болады.
 

Euronews‘ Washington корреспонденты

2011 - 2012 „Business Weekly“ на Euronews продюсер-ұйымдастырушы
2009 - 2011 Euronewsта кәсіпкерлік бөлім бастығы
1999 - 2012 Euronewsтің немістілді  бөлімінің бастығы
1996 - 1999 Euronewsтің жаңалықтар бөлімінде редактор
1995 Брюссельдегі AFP-нің немістілді тілшісі
1994 - 1996 AFP-нің халықаралық Бонн қаласындағы (Германия) француз жаңалықтар бөлімінің немістілді бөлімінің редакторы
1994 dpa Неміс ақпараттық агенттігінің Кельн қаласындағы (Германия) кіші редакторы
1990 - 1993 Гамбург қаласы мэрінің баяндамасын құрастырушы әрі штаттық қызметкері
1987 - 1992 “Kölnische/Bonner Rundschau” и „Die Welt“ неміс газеттерінің Гамбург қаласындағы штаттан тыс қызметкері

Білімі мен ғылыми қызметі:
2002 - 2011 Centre d’Etudes Franco-Américain de Management (CEFAM) америка тарихының профессоры, Лион қаласындағы Американың Бизнес мектебі, 2010 жылдың шілдесінде Нью-Йорктегі Siena College-де профессордың уақытша көмекшісі, Siena’s School of Business банк жүйесінде ақшаның жаздық бағдарламасын құрастырушы.
1992 - 1995  Гамбургтегі Eisenhower Center аспирантура, Абилин, Канзаста Эйзенхауэр мен Еврейлік Лоббиде докторлық диссертация қорғауға көмектескен.

1987 - 1992 Бонн, Париж бен Гамбург қалаларында тарих, саясаттану мен француз тілін зерттеуші студент, 1960 жылғы Франциядағы мұнай саясаты бойынша магистр атағы.
1985 - 1986 Германиядағы әскери-теңіз күштерінде әскери қызмет
1976 - 1985 Mercator-Gymnasium, г. Дуйсбург (Германия) Басылым университетіне түсуге біліктілік сынағын тапсырды.
1995 Америкадан Израильге жол. Эйзенхауер мен Еврейлік Лобби 1953-61 әкімшілігі, Münster, г. Гамбург, г. Лондон 1995 ж.
Ұйымдастырушы, келіссөз жүргізуші әрі негізгі спикер ретінде қатысқандары:
2010 Обама бір жыл өткен соң. Францияның Лион қаласындағы CEFAM сараптамалық жарыссөздер ұйымдастырушысы (ағылшын тілінде)
2009 Берлин қабырғасының құлауына 20 жыл өтуіне байланысты мерейтой. Францияның Парижінде Баспасөз клубында телевизиялық сараптама жарыссөзінің қатысушысы (француз тілінде)
2008 Rhône-Alpes à l’heure américaine. АҚШ тан Францияға инвестициялау бойынша экспертті жарыссөздердің модераторы,француз компанияларының Құрама Штаттардағы тәжірибесі,Францияның Лион қаласындағы Business Magazine Lyon Mag ұйымдастыруымен өткен (француз тілінде)
2007 M100 Sanssouci Colloquium East-West Media Bridge 2007. Ортаазиялық және еуропалық медиакомпаниялардың кездесуі, Weidenfeld Institute Жоспарлы келіссөзі үшін ұйымдастырылған, Лондон, Потсдам, Германия (ағылшын тілінде)

2005 жаһандану әлемінде француз-американдық қарым-қатынасы. Францияның Лион қаласында Америкалық Сауда Палатойт ұйымының ұйымдастыруымен қалалық кеңес ғимаратында өткен сараптамалық жарыссөз модераторы (француз тілінде)
2003 Еуропалық  аудитория назарын аудары, еуропалық медиа ерекшелікті БАҚ арасында көрсету. “Medienforum” Конференциясы, Германияның Кельн Солтүстік Рейн-Вестфалияларының Мемлекеттік Медиа орталығының ұйымдастыруымен өткізілген (неміс тілінде)
1999 көп пікір, ортақ көзқарас: Euronews Еуропалық ақпарат нарығында. “Medienforum” Конференциясы, Германияның Кельн Солтүстік Рейн-Вестфалияларының Мемлекеттік Медиа орталығының ұйымдастыруымен өткізілген (ағылшын тілінде)
1998 телевидение соғысы: іссапарға кеткен тілшілер мәселесі. Германияның Киль қаласында, Мемлекеттік  Шлезвиг-Гольштейн Медиа  Орталығының ұйымдастыруымен өткізілген (неміс тідінде)

Қазақстан-Британ сауда-өнеркәсіптік Кеңесінің бірлесе басқарушысы

Қазақстан-Британ сауда-өнеркәсіптік Кеңесінің бірлесе басқарушысы

Дэвид Вуттон 2011-2012 жылдары Лондонның 684-лорд мэрі болған.

2005 жылдан Лондонның Олдермені және 2009-2010 жылдары қаланың Шерифы қызметін атқарған.

Сэр Дэвид – заңгер, Лондонда негізі қаланған Allen & Overy LLP халықаралық заңгерлік фирманың серіктесі, фирманың басты жұмыс бағыттары – корпоративтік жүйе жұмыстары, бірігу мен сату, , IPO мен әлемдік нарықта ортақ кәсіпорындар.

Жақында Ұлыбританияның Үкіметіне Қазақстан 2012 жылдың маусымында Лорд-мэр қызметін табысты атқарған соң Қазақстан-Британ сауда-өнеркәсіптік Кеңесінің бірлесе басқарушы болып тағайындалған.

 

Кореяның Сақтандыру Қорының Бас директоры әрі Председателі

 1943 жылы туған. 1966 жылы Сеул Ұлттық университетінде саясаттану саласы бойынша  бакалавр дәрежесін алған.

Оның тілші қызметінің шақырау шегі 1980 жылы Кореяның Журналистер Ассоциациясының 19- президенті  қызметіне тағайындалған уақытқа келді.

Тайк-Су Ан  ерікті басылымдардың дамуына авторитарлық тәртіптің ықпалын төмендету саласында көп қызмет атқарған.

Тайк-Су Ан үш жыл қатарынан (1996,2000,2004 жылдары) Ұлттық Ассамблеяға саясаткер ретінде тағайындалған. Кореяның Парламентінде экономика мен қаржы Комитетінің Председателі қызметі оған Кореяның экономикалық саясатын дамуына белсенді атсалысуға көп көмегін тигізді.
2008 жылдың шілдесінде Кореяның Кепілдендіру Фондының бас директоры әрі председателі қызметіне кірісіп, Тайк Су Ан құраманың жаңа ұранын ұсынды: «Әрдайым күрделі мәселелер мен ерекшелік». 2009 жылы  ол KODIT-ке дағдарыстан шығудың басты жолдарын көрсете отырып, Корея нарығының Халықаралық Кәсіподақ Бірлестігін несиелендіру мен қаржылық нарықта арнайы бағдарламаларды енгізе отырып тұрақтандыруға жол ашты.

Тайк-Су Ан  сонымен бірге қаржылық нарықта жаңа даму бағыттарын зерттеумен айналысқан.

2011 жылы «Онлайн Несие Нарығы» атты  реверсивті аукцион түріне жататын инновациялық кепілді тауарын ұсынды. Бұл тауар коммерциялық банктердің несиелік ұсыныстарына орай қажетті шарттар бойынша несиенің бірнеше түрін ұсына алды. 

Эстонияның Экс премьер-министрі, Эстонияның ірі кәсіпкерлерінің Басқарма Ассоциациясының мүшесі

1947 жылы туған. Эстонияның Премьер министрі, көлік министрі болып қызмет атқарған.

Қазіргі уақытта Силламяэ Портының Директорлар Кеңесінің Председателі әрі Эстонияның кәсіпкерлер Ассоциациясының Басқарма мүшесі.

 

Мәскеудің Халықаралық Мұнай-газ Одағының атқарушы Вице-президенті. БҰҰ жаһандық энергетика мәселесінің маманы. Нобельдің Бакиндік Қорының председателі.

1954 жылы 6 мамырда Баку қаласында туған (СССР)

1976 жылы Мәскеудің халықапалық қатынастар мемлекеттік институтының халықаралық қатынастар факультетін бітірген. Саясаттану ғылымының докторы.
1976-1990 жылдары СССР Сыртқы істер министрлігінде, СССРдің АҚШ-тағы елшілігінде, СССР-дің БҰҰ еуропалық бөлімінде(Женева-Швейцария) қызмет етті
1991-1992 жылдары – Ресейдің сыртқы саясат қорының вице-президенті, ресейлік жеке кәсіпкерлікті қолдау интеллектуалдық орталығының көмегімен.
1993-1996 жылдары – «Ресурстарды меңгеру» халықаралық консалтинг компаниясының президенті.
1994 жылдан РФ  энергетика Министірінің арнайы кеңесшісі, бірнеше ірі мұнайгаз компанияларының ("Газпром", "ЛУКойл", "Транснефть", "Зарубежнефть", "Татнефть") консультанты,Ресей-Американ мұнай-газ клубының атқарушы вице-президенті.
1996 жылдан Мәскеудің халықаралық мұнай-газ клубының вице-президент ( халықаралық мемлекеттік емес мамандандырылған ұйым)
1996 жылдан РФ Үкіметі қарамағында қоғамдық кеңес орталығының басшысы, РФ Үкіметінің Предсадателінің штаттан тыс консультанты.

1997 жылдан Ресейдің Жаратылыстану ғылыми академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.

1998 жылдан Американ-Ресей іскерлік Кеңесінің тұрақты мүшесі

2000 жылдан Ресей-Американ Сенімгерлік Кеңесінің орынбасары, ресейлік аналог бойынша.
Халықаралық  гуманитарлық «Мир Искусств» Бақылау кеңесінің  мүшесі, Санкт-Петербургтегі Мариин опера және балет театры.
Мәскеу Мұнай клубы қорының президенті, Давос пен Зальцбург әлемдік экономикалық форумдарының мүшесі, Ресеймен келіссөз - ОПЕК
"Международная жизнь", "Америка", "Нефть России" журналдарының тұрақты авторы. «Үлкен сегіздік» ұйымының энергетикалық мемлекеттердің министрлерінің кездесуі жайында шығарылған комитеттің жинағын шығарған координатор.

АҚШ Конгресі мен Ресейдің Мемлекеттік Думасының өзара келісөзін қолдау тобының қоғамдық мүшесі, энергетика бойынша Дума-Конгрессдің үлкен тобының құрушысы.
Ағылшын, француз тілін еркін меңгерген.
 

ТМД Атқарушы комитетінің председателінің орынбасары.

1971 жылы Алматыдағы жоғары шекаралық училищесін, 1981 жылы М.В.Фрунзе  атындағы Әскери академиясын бітірген.

 

Еңбек тәжірибесін  1966-1957 жылдары Ульбин металлургиялық зауытында бастап, 1967-1971 жылдары Жоғары шекара командалық училищесінің курсанты, шекаралық заставадағы қызметі (орынбасар, басшы), одан кейін 1971-1992 жылдары штабтық және командалық дәрежеде қызмет еткен, 1992-1995 жылдары ҚР мемлекеттік шекарасын қорғау бойынша Мемлекеттік комитетте басшылық қызметте; 1995-1997 жылдары ҚР әскери күш Бас штабының бастығы, 1997-1999 жылдары ҚР мемлекеттік шекарасын қорғау комитетінің председателі,шекара әскери бөлімінің басшысы; 2000 жылдың 1 қарашасынан 2008 жылдың 31 желтоқсаны аралығында Ұжымдық қауіпсіздік Шарты ұйымының бас директоры орынбасары; 2009 жылдың 1 ақпанынан бері – ТМД Атқарушы комитеті председателінің орынбасары.

Қазақстан Республикасының екі медалімен, ІІ дәрежелі «Айбын» ордені, ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерінің, РФ медалі, сонымен бірге СССР-дің жеті медалі мен Ауғанстан мемлекетінің екі медалімен марапатталған.

Малайзияның МСП Корпорациясының бизнесті дамыту бөлімінің аға директоры, Халықаралық сауда мен кәсіпкерлік министрлігі.

Фадзила Ахмад Дин Малайзияның кіші және орта кәсіпорындарының корпорациясының бизнесті дамыту бөлімінің Бас директоры, оның негізгі қызметтері қатарына кәсіпкерлік пен кәсіпорындарды дамыту, орта және шағын кәсіпорындардың жұмысына көмек көрсету  болды.

 Оның басшылығымен (SCORE) шағын және орта  кәсіпкерлікті дамытуға, бәсекелестікті арттыру жұмыстары бойынша түрлі бағдарламалар мен жобалардың авторы, бұл бағдарламалар бүгінде ұлттық аудит, МСП-нің деңгейін бағалауға көп көмегін тигізді.
Сонымен бірге МСПнің дамуына технологиялық бағыттағы түрлі бизнес бастамаларды жаңарту мен жандандыру ісін қолға алып., түсдиодты технология мен 1-InnoCERT бағдарламасында ғылыми зерттеулер, инновациялар кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуды  басты драйвер ретінде ұстанады. 

Сонымен бірге брендинг саласы да оның портфолиосында бар. Білітіктілікті арттыру, кәсіпкерлікті дамыту мен іскерлік қарым-қатынас, ірі компаниялар мен МСП мүшелеріне жол аша түседі.

АТЭС SCSC, Малайзиялық Стандарттардың Ұлттық Комитеті, халал өнеркәсібінің индустриалдық Корпорациясын дамытудағы Sdn Консультативті тобы. Бірнеше комитеттер мен кеңес мүшесі,адами ресурстарды дамыту директорлар  Кеңесінің альтернативті мүшесі.

Өз кәсібін химия саласынан бастаған. Әлемдік Банктің жобаларының ішіндегі Малайзияның 5 Химия кафедрасының зертханаларының құрылысы мен қамтамасыздандырылуына жол ашқан.
1996 жылы MASTIC ақпараттық орталығында басшылық қызметті Ғылым, технология мен қоршаған орта министрлігінде қызмет етті. 200 жылы оны MASTIC директоры етіп сайлады.
2007 жылдың сәуірінен SMIDEC кәсіпкерлікті дамыту Департаментінің Директоры қызметінде.

прежде чем продолжить свою службу в апреле 2007 года в в качестве Директора 

Инновациялық-технологиялық даму бөлімінің меңгерушісі Дінішев Фархат Мұсаұлы 1949 жылы туылған. ҚР ҒА Экономика институтында 1994 жылдан Инновациялық-технологиялық даму бөлімінің меңгерушісі қызмет атқарады

Дінішев Ф.М. – экономика ғылымының докторы, профессор, «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері», Ш.Уәлиханов атындағы  премия лауреаты.

Фархат Мұсаұлы Қазақстан экономикасының инновациялық және құрылымдық-технологиялық даму саласының негізін қалаушы әрі білікті ғалым. Өз еңбектерінде экономикалық инновациялар, ұлттық инновация жүйесін құру, индустриалды-технологиялық даму, ұлттық экономиканы модернизациялау, мемлекеттің ғылыми-технологиялық саясаты мен технологиялық дамуының моделдеуі мен болжам үлгілерін жан жақты зерттеген. 

200 астам ғылыми басылым авторы, сонымен қатар 46 жеке және топтық монографиялардың: «Нарықтық экономикадағы ғылым мен инновация», «Тәуелсіз Қазақстанның тұрақтануы мен дамуы: социогуманитарлық талдау», «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан: экономикалық трансформация стратегиясы»,  «Өркениеттің  инновация-технологиялық даму қарқынының болжамы», «Өркениет болашағы» Жаһандық болжамының 5 бөлімі, «Қазақстанның жаһандану тұсында экономикасының технологиялық дамуы».
 

Еуропалық бизнес-инкубаторлар Ассоциациясының ұйымның бас директоры

1999 жылдан Инновациялық(EBN)орталық пен Еуропалық бизнес-инкубаторлар Ассоциациясының ұйымның бас директоры,бұл ұйым 200-ден астам аккредиттелген бизнес пен инновациялық орталықтар жұмысының басын қосады.

Филипп Ванри  инновация, инкубация, технология трансфері мен экономикалық даму бағыттарында тәжірибесі мол, БҰҰ Еуропалық комиссиясы және өзге де (EP, EIB, EPO) еуропалық институттары,Еуропалық Ғарыш агенттігі мен бірнеше ұлттық, аймақтық үкіметтік агенттіктермен  өзара тығыз қарым-қатынас орнатты.

Левен университетін инновациялық менеджмент маманды бойынша және агроном-инженерлік университетін инженер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Филипп Ванри қызметін Брюссель университетінде статистик ретінде, одан кейін Льеже инновациялық бірінші Еуропалық бизнес орталығына ауысқан. Жеке кәсіпкерлікпен де айналысқан,көбіне ауылшаруашылық және тағамтану өнеркәсібінде, бизнесті дамыту мен маркетинг саласында қызмет атқарған.

Соңғы жылдары Ванри мырза BTGroup, Procter & Gamble, Oracle, Hewlett-Packard, Cisco, Dassault Systèmes и Auchan сынды бизнесті дамытудағы көшбасшылармен бірге бірнеше бірлескен жобаларды іске асырған.  Еуропадан тыс Россияның РОСНАНО, Тайваньның ITRI, Сингапурр, Чили, АҚШ пен Канада мемлекеттерінің компанияларымен тығыз қарым қатынас оранатты.

Солтүстік Вирджиния Колледжінің профессоры (АҚШ)

Филип Аймэл 2008 жылдан Солтүстік Вирджиния Community College колледжінде бухгалтерлік есеп кафедрасының доценті, сонымен бірге Liberty University, Lynchburg бухгалтерліктің негізгі курстарынан дәріс берген.

2007 жылы Джонсон-сити, Теннеси штатында Шығыс Теннеси мемлекеттік университетінде білім алған. 1996 жыл мен 1998 жылдары Морхед мемлекеттік университетінде оқыған. (Кентукки штаты).
Марапат, гранттар мен стидендиялары: 2008-2010 ж. Ұлттық Білім бағдарламасы орталығының мүшесі,Дэвид Л.Борен мамандар аймақтық тобының стипендианты.
2004 жылы АҚШ Мемлекеттік Департаменті SVCC мен Тунис, Дания, Бразилия университеттері арасында халықаралық байланыстар орнатуға гранттар бөлді. 2004 жылы VCCS гранты халықаралық курстарда экономикалық негізді зерттеуге грант; 2002 жылы FLAS стипендиясы Вирджиния университетінде орыс тілін меңгеруге көп көмек тигізді. 

Штайнбайс Университетінің профессоры

Білімі/оқуы:Экономика профессоры

Оқу:10 университет, мәселен, Германияда, Швейцария, АҚШ, Египет, Ливияда.

Мамандығы бойынша қызметі:

Университеттермен, халықапалық ұйымдармен мысалы, БҰҰ Женевадағы бөлімі, БҰҰ Нью-Йорктегі бөлімі, ЮНЕСКО, ОЭСР, ЕО
Қызмет саласы

Технология трансфері мен ғылым

Мұнай, газ, мұнай химиясы, көлік пен құрылыс
Қайта қалпына келу күштері

Инновациялық менеджмент
Утилизация, қалдықтар, басқару жүйесі

Кәсіпкерлік, приватизации, аутплейсмент, жүйе

Кеңесші, Германия, Ресей, Польша, Румыния, Венгрия, Египет, Ливия, Тунис, Оман, Иран, Корея, Китая, Сингапурмен үкіметтің жоғары кеңесшісі ретінде.

Компанияның аға кеңесшісі

Мысалы Siemens, немістердің Rail, SAP, IBM, Veba, BP, Рурколе
Құрама/ председатель

Халықаралық және тәртіпаралық мамандар тобының басшысы

Халықаралық ұйым, үкімет, аймақ  конференциясы қызмет тобының председателі,
(1) Орталық Еуропа, (2) Шығыс Еуропа (3) MENA (Таяу Шығыс елдері и Солтүстік Африка), (4) Қиыр Шығыс
Офистері:
Берлинде, Мәскеуде, Каирде, Триполиде, Рашт, Шанхай, Сингапур, Цюрихте

PwC қалалық және жергілікті өзін-өзі басқару халықаралық тәжірибе ұйымының басшысы.

Хазем PwC халықаралық тәжірибесінің серіктесі, мемлекеттік секторға  консультациялық қызметтерді көрсетуге халықаралық эксперттер тобының мүшесі.

Харемнің  еңбек өтілімі кеңес беру саласында 22 жылдан асады. Харемнің мамандануына жергілікті атқарушы биліктің даму стратегиялары, кәсіптік потенциал дамытуын ұлғайту мен мемлекеттік реформалаулар кіреді. Ол бірнеше мемлекеттік және жеке салада көпмиллиондық жобаларды жүргізді. 2007 жылдан Хазем PwC жобасын басқарды.

Оған дейін БҰҰ Даму бағдарламаларында және бірнеше филиалдарында  басқару қызметіне кеңес беру саласындағы (McKinsey, Booz Allen и Andersen Consulting) қызмет атқарды.
Бакалавр дәрежесін іскерлік әкімшіліктен Берклидегі Калифорния университетінде, ғылым бакалавры дәрежесін информациялық технологиялар саласында да алған.
Хазем Еуропалық сапа бақылау қорының маманы (EFQM Assessor).

Түрік Кеңесінің Бас Хатшысы

1965 жылы Түркияның Мугла қаласында туған. 1967 жылы Анкара университетінің халықаралық қатынастар факультетінің саясаттану ғылымы кафедрасын аяқтаған.

Еңбек жолын Түрік Республикасының Сыртқы істер Министрлігінде бастаған. 1980 жылдың қаңтарынан 1989 жылдың наурызы аралығында Совет үкіметі бойынша Брюссель қаласындағы НАТО секретариатында қызмет еткен.
Мәскеудегі Бірінші хатшы, Елші қызметінде болған. Түркияның  кеңесші елшілігінде қызмет еткен уақытында 1992 жылдың мамыры мен 1993 жыл аралығында Грузиядағы алғашқы аймақтық СБСЕ ұйымының қызметі негізінде Еуропаның  Тұрақты Кеңес әрі өзара қарым қатынас өкілеттелігінде қызмет атқарды.

Түркияның Словениядағы, Индия мен Ресейдегі бұрынғы елшісі.

2010 жылдың қыркүйегінен түріктілді мемлекеттердің бірлестігінің Бас кеңесшісі.
 

Бұл қызметке Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркия мемлекет басшыларымен сайланған.

2010 жылы стратегиялық көзқарасты бюрократ» премиясымен марапатталған (марапат Түрік-азия стратегиялық зерттеулер орталығымен берілген), сонымен бірге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық университетінің құрметті профессоры.

Еуразияның кеңестік және посткеңестік эксперті. 1975-2010 жылдары Үндістан, Кавказ, Орталық Азия мемлекеттеті, Ресей мен Кеңес үкіметі  бойынша бірнеше конференциялар мен басқосуларға қатысқан.
НАТО-дағы қызмет бабы кезінде, әскери академиялар мен университеттерде көптеген лекциялар оқыған. Сонымен бірге Орталық Азия, Кавказ, Қаратеңіз аймағы, Ауғанстан мен Үндістан жайындағы  бірнеше мақалалардың авторы.
Жақында Мансур Хайдардың «Үнді-түрік архитектурасы» кітабын өңдеп, еңбекке «Түркия мен Үндістан, Үндістан мен Түркия» атты мақала енгізді.

Эстонияның экономика мен басқару институтының ректоры

1933 жылы 30 шілдеде СССР де (Ленинград» дүниеге келген. Ленинградтың инженерлік-эконоимкалық институты мен Мәскеу энергетикалық институтында білім алған.

Ірі құрылыс-монтаждау ұйымдарын басқару, жобалау мен құрылыс тәжірибесі мол.
Кеңес үкіметі мен Өзара көмек көрсетуші бірлестік ұйымымен СССР-де энергоүнемдеу республикалық бағдарламаларын және олардың ғылыми негіздерін  қалыптастырғаны үшін халық шаруашылығы көрмесінің алтын медалімен және бірнеше мемлекеттік наградалармен марапатталған.
Әлемдік шаруашылық пен энергетикада экономика, экология, әлеуметтану мәселелерін дамыту бойынша үздік зерттеушілердің бірі. Танымал оқытушы. Ресей, АҚШ, Германия, Австрия, Франция және өзге де елдерде дәрістер берген.
Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университетінің құрметті докторы, Орал мемлекеттік экономикалық университетінің  құрметті профессоры, Халықаралық туризм академиясының құрметті профессоры, Қазақ экономикалық зерттеулер институтының құрметті профессоры.
Халықаралық ғылыми журналдардың редакция кеңесінің мүшесі.
2009 жылы Ритейл академиясымен Жыл адамы атағына ие болған. 

ЮНКТАД эксперті, Глазго институтының профессоры

Чарльз Гор мырза Африкадағы ЮНКТАД пен дамушы мемлекеттерді зерттеу басшысы. Отыз жылдан астам уақыт бойына халықаралық жаһандану, даму стратегиясы мен кедейлікті зерттеген адам. МОТ и ЮНКТАД қарамағында көптеген зерттеулер жүргізген, академиялық әрі халықаралық кеңесші қызметтерін атқарған. Сонымен қатар Шығыс Азия мемлекеттерінің даму барысы, Африканың даму мәселелері және дамушы мемлекеттердің даму қиыншылықтары жайында көп зерттеулер жүргізген.

1999-2008 жылдары ЮНКТАД-тың Дамушы мемлекеттерге арналған Баяндамасын зерттеп, сауда, даму мен кедейлікті азайту, өнеркәсіптік потенциалды арттырудың жолдарын қарастарды. Көптеген мақала авторы ретінде танылған Чарльздың еңбектерінің ішінде ерекше атап өтетіні «Вашингтондық консесустың шарықтауы мен құлауы: Дамушы мемлекеттер парадигмасы» мақаласы. Бұл еңбек әлі күнге дейін WorldDevelopment тің ең көп оқылымға ие мақаласының қатарында. БҰҰ Мыңжылдықты Дамыту жоспарының эксперттік тобының мүшесі болған.

Бүгінгі күні Швейцариялық халықаралық зерттеу жүйесінің ғылыми Кеңес мүшесі және Ұлыбританияның Даму бағытындағы Ассоциация Кеңесінің мүшесі.

2008 жылы Шотландияның Глазго Университетінде құрметті профессор болып тағайындалған. 

Орыс тіліндегі нұсқасы табылмады.

Халықаралық THR консалтингтік компаниясының президенті 

Барселона Университетін Экономика мамандығы бойынша тәмамдап,

Итакадағы (АҚШ) Корнелла университетінде Мейманханалқ Басқарудың Дипломын иеленді., АҚШ. 30 жылдан астам туризмдегі консалтинг саласында қызмет еткен. Халықаралық THR консалтингті компаниясының негізін қалаушы әрі Президенті.

К.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінің  ғылыми-техникалық бағдарламасы ғылыми басшысының орынбасары.

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының корреспондент мүшесі.

Ғылыми қызығушылықтары:  жүйелі сараптама, динамикалық жүйелердің қолданбалы теориясы мен басқару теориясы; динамикалық жүйелердің  жүйелі эволюциясын параметрлік реттеулері.
160 тан астам ғылыми және әдістемелік жұмыстардың, оның ішінде 4 монография авторы.

Марапаттары:
2007 жылдың «Үздік ЖОО оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.
Халықаралық  кибернетика мен жүйелеудің 15 Конгресінде(WOSC 2011)  ұсынылған Kybernetes журналының "The Outstanding Paper" премиясы( Нанкин қ-сы (ҚХР)

Е.Л.Шифферс атындағы озық зерттеулер институтының директоры.

Юрий Громыко - Е.Л.Шифферс атындағы озық зерттеулер институтының директоры, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, профессор, ресейлік психолог, РФ үкіметінің білім саласындағы премия лауреаты, Жалпы білім беруді дамыту Инновациялық стратегиялар ҰЗИ директоры Мәскеу қаласының Білім департаменті қарауындағы, Миллиниум Банк директорлар кеңесінің мүшесі, Мәскеу қалалық Білім департаментінің тәжірибелік және инновациялық қызметі Эксперттік кеңесінің председателі. ISCAR халықаралық мәдени-зерттеу орталығыеың мүшесі. 20-дан астам кітап пен 200 ден астам мақала авторы.  Мақалалардың негізгі бағыты – жаһандық қауіпсіздік, даму стратегиясы, білім мен өнеркәсіпті   модернизациялау.

 

БҰҰ  қоршаған орта бойынша Еуропалық Бағдарлама кеңсесінің директоры мен аймақтық өкілі. 

Ян Дусик 2011 жылы ЮНЕП-те Европалық аймақтық кеңседе меңгеруші, кейінірек уақытша директор қызметі, аймақтық өкіл болып қызмет етті.

1998 жылы  заңгерлік оқуын тәмамдаған соң Чех Республикасының Қоршаған орта Министрлігінің Халықаралық қатынастар Департаментінде жұмыс жасаған.
Директордың орынбасары, Еуропалық Одақтың аймақтық департамент директоры, 1999-2006 жылдары  халықаралық қатынастар департаментінде директор болып жұмыс істеген.

2003-2004 жылдары  Еуропалық комиссияның Брюссельдегі қоршаған ортаны қорғау департаментінде қызмет атқарған.

2006 жылы  Ян Дусик Халықаралық қатынастар, заң шығарушы, және мемлекеттік әкімшілік саласында министрдің орынбасары , 2007 жылдан Министрдің бірінші орынбасары. 2009 жылдың бірінші жартыжылдығынан  Чех Республикасының Еуропалық Одақтың экология саласындағы үздік координаторы болған. 2009 жылдың 30 қарашасында Ян Дусик  Чех Республикасының Қоршаған ортаны қорғау Министрі болып тағайындалды.

Дусик мырза сонымен бірге 2007-2009 жылдары ЮНЕП-тегі Басқару Кеңесі бюросында Вице-президент, ЮНЕП-тің 10,24-ші арнайы сессияларының комитет председателі, 2008-2011 жылдары Орхус конвенциясы бюросының председателі және 2011 жылы Конвенцияның төртжақты кездесуін басқарған. 

Аға талдаушы, IHS CERA

Елші, Қазақстандағы Еуропалық Кеңес Өкілдігінің Басшысы 

Елші Аурелия Бушез 2011 жылдан бастап Қазақстандағы Еуропалық Кеңес Өкілдігінің Басшысы қызметін атқарып келеді. Оған дейінгі жиырма жыл уақыт ішінде Бушез ханым Франция Сыртқы Істер Министрлігінде қызмет етті, кейін Еуропалық сыртқы байланыстар қызметіне жұмысқа жіберілді. Париж қ. (1979 ж.) Саяси Зерттеулер Институтының дипломы бар және Париж қ. (1984 ж.) Мемлекеттік Басқарудың Ұлттық мектебін аяқтады. Түрлі тағайындаулар барысында ол ЕК, ТМД елдерінің мәселелері, көп жақты мәселелер (БҰҰ), сонымен қатар, қауіпсіздік мәселелерімен (НАТО) айналысты. Ол француз, ағылшын, неміс және орыс тілдерінде сөйлейді.

Ресей Жинақтаушы банкінің Президенті, Басқарма төрағасы 

Герман Оскарұлы Греф 1964 жылы 8 ақпанда Павлодар облысы Панфилово ауылында дүниеге келген.
Жоғарғы заңгерлік білімі бар; экономика ғылымдарының кандидаты. Неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.
1982 - 1984 жылдары: Кеңес әскеріндегі қызмет.
1990 жылы Омбы мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
1990-1993 жылдары – Ленинград мемлекеттік универсиеті заң факультетінің аспиранты.
1991-1992 жылдары - Петродворец және Санкт-Петербург әкімдігінің экономикалық дамуы және мүлігі жөніндегі Комитеттің 1-дәрежелі заңгер-кеңесшісі.
1992 жылы Петродворец аудандық агенттігіне қарасты Санкт-Петербург әкімдігі қалалық мүліктерін басқару жөніндегі Комитетінің бастығы.
1992-1994 жылдары – Мүліктерді басқару жөніндегі Комитеттің төрағасы, Петродворец қаласы әкімдігі басшысының орынбасары.
1994 жылы Санкт-Петербург әкімдігі қалалық мүліктерін басқару жөніндегі Комитет Төрағасының орынбасары, кейін бірінші орынбасары болып еңбек етті.
1997-1998 жылдары - Санкт-Петербург әкімдігі қалалық мүліктерін басқару жөніндегі Комитеттің вице-губернаторы, төрағасы.
2000 жылы Ресей Федерациясының Мемлекеттік мүлік министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
2000 жылдың мамырынан 2007 жылдың қыркүйегіне дейін – Ресей Федерациясының Экономикалық даму және сауда министрі лауазымын атқарды.
2007 жылдың қарашасынан – «Ресей Жинақтаушы банкі» ААҚ Президенті, Басқарма төрағасы.
Бірнеше акционерлік қоғам мен компаниялардың бақылау кеңестері және директорлар кеңестерінің мүшесі. Ресей Федерациясы Президентінің Алғыс хаты және Құрмет грамотасымен, IV дәрежелі «Отан алдындағы еңбегі үшін» орденімен және Столыпин П.А. медальімен марапатталған.
Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың дамуына үлес қосқаны үшін Францияның жоғарғы мемлекеттік марапаты – Құрметті легион офицерінің орденімен марапатталды.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымының статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер орталығының Бас Директоры, «Ислам әлемінің инновациялар атласы. Қазақстан бойынша  елдік талдау» жобасының жетекшісі.

Профессор Алпай 1997 жылы Джон Хопкинс Университетінде экономика бойынша доктор дәрежесін алды, сондай-ақ, Түркияның бірқатар университеттерінде сабақ берді. Оған дейін АҚШ-та халықаралық консалтингтік фирмада кеңесші қызметін атқарып, сондай-ақ, Түркиядағы Қоғамдық Реттеу Кеңесінің құрамына енген болатын. Оның зерттеу салалары – жалпы тұрақты өсімге қатысты саясатты құру және іске асыруға бағдарланған экономикалық өсім, халықаралық сауда және қоршаған ортамен арадағы әрекеттестік. Соңғы жылдары оның зерттеулері қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға қатысты саясатқа, сонымен қатар, экономика, ғылым, технологиялық саясат, кәсіптік білім беру және Ислам Ынтымақтастық Ұйымына (ИЫҰ) мүше елдерде кадрлар дайындау мәселесіне бағытталып жүр. Оның "Сауда және қоршаға орта» кітабы  Kluwer-де жарияланды және оның түрлі журналдар мен конференция баяндамаларында жарияланған көптеген мақалалары бар. Сондай-ақ, ол  ИЫҰ-ға мүше елдерде және өзге де дамыған елдердегі әлеуметтік-экономикалық даму жөнінде ғылыми мақалалар жариялайтын «Экономикалық ынтымақтастық және Даму шолуы» және «Экономикалық ынтымақтастық және Даму журналы» басылымдарының редакторы. Профессор Саваш Алпай сонымен қатар, Түркиялық Ғылым Академиясының мүшесі.

Ресей Федерациясы Президентінің Кеңесшісі, Ресейдің Ғылымдар Академиясының академигі, Сыртқы экономикалық байланыстар Министрі (1992-1993)

- 1986 - 1991 кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, жоғары ғылыми қызметкер, Ғылыми Академияның Орталық экономикалық математика институтының зертхана меңгерушісі.
- 1991 - 1992 РФ сыртқы экономикалық байланыстар Комитеті Председателінің бірінші орынбасары, РФ сыртқыэкономикалық байланыстар министрінің бірінші орынбасары.
- 1992 - 1993 РФ сыртқы экономикалық байланыстар министрі
- 1994 - 1995 Мемлекеттік Думаның 1-шақырылым депутаты,экономикалық саясат Комитетінің председателі.
- 1996 РФ Қорғаныс Кеңесі басқармасының экономикалық қорғаныс аппаратының бастығы
- 1996-1999 РФ Кеңес Аппаратының ақпараттық-сараптама басқармасының бастығы
- 2000 - 2003 Мемлекеттік Думаның ІІІ-шақырылым депутаты, экономикалық саясат пен кәсіпкерлік Комитетінің председателі.

2002 жылдың қарашасынан ІІІ шақырылым жұмысының аяқталуына дейін – Мемлекеттік Думаның кредиттік ұйымдар мен қаржылық  нарығы Комитетінде жұмыс атқарды.
2004-2007 жылдар - Мемлекеттік Думаның IV -шақырылым депутаты, денсаулық комитетінің мүшесі, салық пен бюджет комитеттерінің мүшесі.

ЕурАзЭС одағының бас хатшысының орынбасары (2008 жылдың 27 қарашасынан)
РФ Прехиденті В.Путиннің аймақтық экономикалық интеграциялары саласының кеңесшісі.
2012 жылдың 30 шілдесінен бері