Кері
байланыс
Форум туралы
Астана Экономикалық Форумы секілді диалогтық алаңның құрылуына уақыт әсер етті.
Әлемдік экономика бірқатар өзгерістерге ұшырау үстінде және АЭФ ең өткір экономикалық және әлеуметтік-маңызды мәселелерді талқыға салатын бірыңғай платформаға айналды. Сонымен қатар, бұл форум географиялық және ақпараттық шекаралардан өтуге мүмкіндік беретін, бизнес үшін тәжірибелік құрал болып саналады. АЭФ жыл сайын әлемнің 80 елінен келген 5000-нан астам делегаттардың басын қосады.
Әр жылдары талқыланған форумның негізгі тақырыптары:
Жаһандану жағдайындағы экономикалық дамудың заманауи аспектілері», «Жаһандық тәуекел жүйесіндегі Еуразия экономикалық қауіпсіздігі», «Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі тұрақты өсіммен қамтамасыз ету», «Жаһандық экономикалық трансформация: даму қауіптері және перспективалары», «G-GLOBAL форматында теңдестірілген экономикалық дамуды қамтамасыз ету», «Инфрақұрылым – тұрақты даму драйвері», «Жаңа экономикалық шынайылық: әртараптандыру, инновациялар мен білім экономикасы».
2017 жылы форумда талқыланатын тақырып -  «Жаңа энергия – Жаңа экономика».
Барлығы өткен 9 ірі кездесуде әлемдік көшбасшылардың пікірлері тыңдалды әрі бұл кездесулер тек Орталық Азияның және посткеңестік кеңістіктің ғана емес, жалпы әлемнің экономикасын күшейту жолында шынайы ұсыныстар, креативті ойлар мен жаңа көзқарастарға толы болды.
Астана экономикалық форумы Еуразия кеңістігіндегі жыл сайынғы тарихи оқиға болып саналады.
Жыл сайын Қазақстанның бас қаласы Астанада әлемдік экономикалық қауымдастық өкілдері, қазіргі және бұрынғы мемлекет басшылары, Нобель сыйлығының лауреаттары, ғылыми әлемнің беделділері мен кәсіпкерлер бас қосады.
Форумды құрудағы мақсат – жаһандық экономикадағы өзгерістер жағдайында, әлемдік сарапшы-экономистердің Орталық Азия аймағымен қатар, жалпы әлемдік кеңістіктің экономикалық даму мәселелерін талқылайтын халықаралық бейтарап алаң қалыптастыру.