Спикерлер

Mэнди Лэмб
«Visa» ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі бас директоры  

Мэнди «Visa» корпорациясында кәсіби қаржы қызметтерінің 15 жылдық тәжірибесін енгізіп келеді. Жұмысын Украинаның Киев қаласынан үйлестіріп отыратын Мэнди  осы лауазымда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері мен Шығыс Еуропа елдерінің 17 нарығындағы коммерциялық қызметке басшылық етуде.
Қосымша ақпарат
Мэнди «Visa International» корпорациясына 2009 жылы келіп, Оңтүстік Африкада коммерциялық даму бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалған болатын. 2011 жылы Оңтүстік Африка нарығы бойынша Аймақтық менеджер лауазымына ауыстырылып, ТМД мен Оңтүстік Шығыс Еуропа елдеріне көшпей тұрып, корпорацияның Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдеріндегі қызметін басқарды.
Мэнди Витватерсранд университеті мен Витс. Бизнес мектебінде денешынықтыру саласы бойынша бакалавр дипломы мен менеджмент саласы бойынша аспирант дипломын алған. 2007 жылы GIBS (Гордон Бизнес-ғылымдары институтында Іскерлік әкімшілік ету магистрі курсынан (үздік) өтіп, MBA жоғары оқу дәрежесін алды.