АЭФ 2016 ұсыныстары

АЭФ-2016 қысқаша ұсыныстары

•  Саяси шаралар қысқа мерзімді перспективада өсу қарқынының төмендеуіне байланысты тәуекелдерге орнықтылықты арттыруға бағытталуы қажет. Бұл тәуекелдер  қарыз алудың қатал жаһандық жағдайы және шикізат бағасының төмендеуі жағдайында қалыптасушы нарықтары бар ірі елдер мен дамушы елдердің даму қарқындарының бәсеңдеуін, қаржы секторының тұрақсыздығын қамтиды. Циклдік құлдыраулар орын алғандықтан, сондай-ақ, жеткілікті саяси кеңістік бар болғандықтан, қызметке қолдау көрсету үшін циклдікке қарсы қазыналық және монетарлық ынталандыру қолданылуы мүмкін. Циклдік саясат ұзақ мерзімді құрылымдық шараларды қолдану жолымен күшейтілуі қажет. Олар ұсыныстар саласындағы шектеулерді әлсірету және еңбекке жарамды тұрғындардың үлесі қысқартылатын, жоғары табыс деңгейіне қатысты дамушы елдерде демографияның дамуын тежейтін факторларға бағытталуы тиіс.

•  Мұнай саясатын әртараптандыру бизнес-ортаны одан әрі жақсартуды, жеке секторды дамыту үшін мықты ынталандырмаларды (соның ішінде мемлекеттік және жеке секторлардың еңбек ақылары арасындағы алшақтықты қысқарту жолымен), білім беру және кәсіби біліктілікті нарық талаптарына сәйкес келтіруді талап етеді. Үкіметтер жеке секторға жұмыс орындарының құрылуына жәрдемдесуді, ал фирмаларға  үкіметтің қызметінен тәуелді болмайтын бизнес-үлгілерді әзірлеуді ұсынулары қажет. Қаржылық дамуды және инклюзивті өсуді ынталандыру ресурстарды өндірістік қызметке бағыттауда үлкен маңызыдылыққа ие. Маңызды мүмкіндіктерді ұсыну және инклюзивті өсумен қамтамасыз ету әлеуметтік қысымды жеңілдетуге көмектеседі, оның үстіне бүгінде жастардың басым көпшілігі еңбек нарығына араласады.

•  Құрылымдық реформаларды тереңдету саны артып жатқан жұмысшыларға жұмыс орындарын құру мақсатында әртараптандыруға көмектесу және мұнай секторының өсуі үшін маңызды болып саналады. Жұмыс орындарының құрылуы және мұнайды экспорттаушы елдердің өсуі сауданың жоғары көлемінен  және қаражатты аудару бойынша жасалатын операциялардан пайда табуға мүмкіндік беретін сауда серіктестерге де жағымды ықпал етеді.