Астана экономикалық форумының тарихы

Астана экономикалық форумы 2008 жылдан бастап жаһандық мәселелерді талқылау және шешу жолдарын іздеу үшін  жыл сайын жетекші сарапшыларды, әлемдік көшбасшылар, ғалымдар, көрнекті қоғам қайраткерлері мен бизнес секторының өкілдерін бір алаңға жинайды. Сіз мұнда 2008 жылдан бері форумға қатысқан барлық спикерлер мен қатысушылар туралы ақпаратпен таныса аласыз. Сондай-ақ, мұнда өткен жылдардағы АЭФ бағдарламалары, демеушілер туралы ақпарат және тағы да басқа мәліметтер ұсынылады. Барынша толық ақпаратты мына жерден таба аласыз.

Қазақстан Республикасының Президенті

1940 жылы 6 шілдеде дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партиялық, комсомолдық жұмыстарда жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 жылдары - Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы. 1977-1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, екінші хатшысы. 1979-1984 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы. 1984-1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989-1991 жылдары - Қазақстан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бiрiншi хатшысы. Сонымен қатар, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы. 1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті.

1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші рет өткізілген Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауында Н.Ә.Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайыз қолдауына ие болды. 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Президенттің өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999, 2005 және 2011 жж. сайлауларда ел тұрғындарының үлкен қолдауына ие болып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы. Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының Төрағасы.

Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі

1984 жылы Мәскеу тау-кен инстиутын «тау-кен инженері» мамандығы бойынша тәмамдады. Техника ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1984 жылы Шилісай фосфорит кенішінің шебері, кейін тау-кен цехының бастығы болып бастаған. 1993 -1995 жж. гг. Қазақсан Ғылым академиясының Батыс бөлімшесінде минералды шикізатты кешенді меңгеру Ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері болып еңбек етті. 1996 - 2003 жылдары арасында Ақтөбе облыстық өнеркәсіп және саула басқармасының бөлім басшысы, кейін экономика басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
2003 - 2004 жж. Атырау облысында да еңбек етті – экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасының бастығы, кейіннен индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаментінің директоры лауазымдарына тағайындалды. 2004 - 2007 жылдар арасында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2007 жылдың желтоқсанынан - «Батыс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, кейін ҚР индустрия және сауда министрлігі өнеркәсіп комитетінің төрағасы лауазымында қызмет етті. 2010 жылдың сәуірінен – ҚР индустрия және жаңа технологиялар Вице-министрі.
"Құрмет" Ордені(2006) және медальдармен марапатталған.  

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры

1965 жылы 13 мамырда Жамбыл облысы Қаратау қаласында дүниеге келген.  Заң ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі және ҚР Заң академиясының академигі.

1990 жылы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша, 1997 жылы «Тұран» унверситетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген. 1992 ж. С.М.Киров атындағы ҚазМУ аспирантурасын тәмамдады, 2001 жылы РҒА мемлекеттер мен құқықтар Институтының докторантура бөлімін аяқтады.
ҚР Мемлекеттік арбитражда заңгер-кеңесші, экономикалық кеңесші және мемлекеттік арбитр болып қызмет еткен. 1993 жылы ҚР Жоғары соты Кеңесімен ҚР Жоғары арбитраж соты судьясы, 1995 жылы Жоғары сотының судьясы қызметтерін атқарды. 2001 жылы Жоғары соты Кеңесінің мүшесі, судьялардың III съезінде ҚР Судьялар одағының төрағасы болып сайланды. ҚР Президентінің өкімімен  2002 жылдан ҚР Парламенті Өкілдігінің басшысы, 2006 жылдың наурызынан ҚР Парламенті Сенаты аппаратының басшысы болып еңбек етті. 2007 жылдың наурызынан қазанға дейін Қазақстан Республиканың Жоғары соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымын атқарды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры қызметіне тағайындалғанға дейін, ҚР П резидентінің ҚР Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметін атқарды. 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

1965 жылы дүниеге келген. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын экономист мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты. Институтты бітірген соң 1987-1994 жылдары Қызылорда облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасында аға инспектор, бөлім бастығы болып жұмыс істеген. 1994-1995 жж. – ҚР Жоғары Кеңесі Халықты әлеуметтік қорғау комитетінің кеңесшісі. 1995 - 2003 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек департаментінің директоры, Зейнетақымен қамтамасыз ету және халықтың кірісін реттеу департаментінің директоры лауазымдарында жұмыс істеді. 2003 жылдың наурызынан 2005 жылдың желтоқсанына дейін – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2005 жылғы желтоқсаннан 2006 жылғы қазанға дейін – «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрайымы. 2006 жылғы қазаннан 2007 жылғы қазанға дейін - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2007 жылғы қазаннан 2008 жылғы қаңтарға дейін - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 2008 жылғы қаңтардан 2009 наурызға дейін – ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы. 

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің ректоры

1962 жылы 11 қыркүйекте Қызылордада дүниеге келген. Еңбек жолын Петровский атындағы Гурьев машина жасау зауытынан бастаған. 1981 жылы С. Киров атындағы ҚазМУ «саясиэкономия» мамандығы бойынша бітірген. 1986 жылы Гурьев педагогикалық институтының оқытушы болып еңбек етті. 1989 жылы Санкт-Петербург мемлкеттік университетінің аспиранурасына түсіп, оны аяқтағаннан кейін кандидаттық диссертация қорғады. 1993 жылдан 2005 жылдың 1 маусымына дейін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде қызмет етті. 2005 жылдан бастап – Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ ректоры. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, 2003 жылы «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған. ЕурЭҚ «Заманауи экономиканың мәселелері» ғылыми-талдау журналы бас редакторының орынбасары болып қызмет етеді (Санкт-Петербург қаласында шығады). «Ұлттық ғылым академиясының хабарлары» редалқасының мүшесі. Түрлі халықаралық білім беру және ғылыми бағдарламалардың белсенді қатысушысы, қазақстандық білімді реформалау бойынша іргелі ғылыми бағдарлама жетекшісінің орынбасары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Оқу-әдістемелік бірлестігінің мүшесі. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Экономикалық мұра» басылымының редалқа мүшесі.

«Heenan Blaikie» компаниясының кеңесшісі

Ол өнеркәсіптің түрлі салаларында, соның ішінде, мұнай-газ, тау-кен, фармацевтика, биотехнология,  өндірістік сала, халықтық тұтыну тауарлары және банктік қаржылық салалар бойынша клиенттерге нағыз білім көзі болып саналады және осы салалар бойынша жеке тұлғалар, кәсіпорындар және мемлекеттерге кеңес беруден мол тәжірибе жинақтаған.
Нeenan Вlaikie-ге келгенге дейін Абрамов мырза АҚШ Сауда министрлігінің халықаралық сауда жөніндегі Әкімшілігінде  Корпоративті басқару бағдарламасының директоры және Халықаралық сауда жөніндегі бас кеңесшісі қызметінде 11 жыл бойы қызмет етті. Абрамов мырза этика және корпоративті басқарудан Стэнфорд Университеті заң мектебінің оқытушысы болып еңбек етеді. 

Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының Президенті

1947 жылы 15 мамырда дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Орал политехникалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін, РФ Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, дипломат, генерал-майор. 1972 жылдан 1976 жылға дейін - Алматы ауыр машина жасау зауытының инженері. 1976 жылдан 1988 жылға дейін – партия қызметкері. 1988 жылдан – Қазақ КСР Министрлер кеңесі Төрағасының көмекшісі. 1989 жылдан 1990 жылға дейін - Қазақстан Компартиясы ОК 1-хатшысының көмекшісі. 1990 жылдан 1995 жылға дейін – ҚР  Президенті және Премьер-Министрі Аппаратының басшысы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі. 1995 жылдан Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы және қосымша Дания, Норвегия, Швециядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 1996 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші көмекшісі. 1998 жылдан 1999 жылға дейін – ҚР ҰҚК Төрағасы, генерал-майор. 2000 жылдан 2002 жылға дейін – ҚР Сыртқы істерінің бірінші вице-министрі. 2002 ж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы. 2004 ж. – ҚР Парламенті Сенатының ІІ шақырылым депутаты. 2007 ж. – ҚР- ның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2008 жылдан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің бірінші орынбасары. 2010 жыдан Қазақстан Республикасы Ұлттық  қауіпсіздік Комитетінің Төрағасы.

«Oz Companies» компаниясының Басқарма Төрағасы және Бас директоры

Марк Адвент мырзаның көптеген жобаларының құрамында «New York New York Hotel and Casino», Лас-Вегастағы «Terible’s Casino & Hotel» және Калифорниядағы «River Rock Casino» бар. Ол  «Starport» жобасында жұмыс жасауға және брэнд ұсынуға қызығушылық танытқан «Hard Rock Hotel & Casino», «Vera Wang», «Deepak Chopra», «Alain Ducasse», «Planet Hollywood Hotel & Casino» және «AIG» секілді халықаралық серіктестерді тартты.
Премиум-класстағы “Orange County Choppers Roadhouse” жаңа американдық мейрамханасының негізін салушы,  21 ғасырдың заманауи туристік орталығының құрылысы, меңгеру және дамыту бойынша Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігімен келісімшарт жасасқан халықаралық “OZ Companies” қонақүй-девелоперлік команиясының  Төрағасы және Бас директоры. 

11500 гектар жерді алып жатқан“OZ” жобасы Алматы қаласының солтүстігінен 70 шақырым жерде орналасқан. Жоба аясында халықаралық әуежай, «Лас-Вегас» стиліндегі қонақүй мен казино, сондай-ақ, тұрғын үйлер мен өзге нысандардың құрылысы қарастырылған.

 «Booz & Company» компаниясының Бас атқарушы кеңесшісі, Ливанның Бұрынғы Қаржы Министрі

Париждегі Дофин Университетінің (Франция)  Халықаралық экономика аспироанты және қолданбалы экономика магистрі. Париж саяси ғылымдар институтында доктор дәрежесін иеленген.  Бейруттегі Американдық университетте сабақ берген.
2006 жылдан 2008 жылға дейін – G8  және MENA (Таяу Шығыс жән Солтүстік Африка елдері Африки) елдерінің Министрлігін қайта топтастыратын G8-BMENA министрлік топтың Төрағасы.
Д-р Азур сонымен қатар, Үкіметте (Қаржы министрінің аға кеңесшісі), халықаралық ұйымдарда (Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ)/Қаржы Министрлігі жанындағы Дүниежүзілік банк жобалық директоры) және жеке секторда (басқарушылық кеңес беру жөніндегі «McKinsey & Cie», «Booz Allen Hamilton» консалтингтік фирмасы, «Compagnie de Saint-Gobain» халықаралық корпорациясы және «Caisse des dépôts et consignations» мемлекеттік қаржы мекемесі) жоғары лауазымдарды иеленді. Сонымен қатар, ол Халықаралық Валюта қорында қазына істері жөніндегі кеңесі қызметін атқарды. Экономикалық және қаржылық мәселелер туралы кітаптар мен мақалалар авторы. 

Түркия Премьер-Министрі жанындағы Шетелдік Инвесторларды тарту және қолдау Агенттігінің Президенті

1994 жылы Анкарадағы Билькент Университетінің саясаттану және мемлекеттік басқару бөлімін бітірген. Кейін өзінің академиялық мансабын Ұлыбританиядағы Лидс университетінде зерттеуші ретінде жалғастырды.  1997 жылы Стамбулдағы Мәрмәр университетінде халықаралық қатынастар бойынша магистр дәрежесін алды. 
Бұрын Kurtsan İlaçları A.Ş-те, Стамбул муниципалитетінде, Universal Диш Тиджарет А.Ш-те жұмыс істеп, Түркиядағы жетекші сақтандыру компаниясы саналатын Başak Sigorta-ның бас менеджері болып еңбек етті. Кейін ол бұл компаниядағы жұмысын тастап, ISPAT-қа тағайындауға дейін өзге сақтандыру компаниясы - Гюнеш Sigorta-да қызмет етті.  Сонымен қатар, ол өз мансабында түрлі ұйымдар, соның ішінде кеңестің жоғарыэкономикалық байланыстар (DEIK) директорлар кеңесінің мүшесі және төрағасы қызметтерін атқарды.  

Қазақстан Республикасы Сенатының аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің хатшысы

Қуаныш Айтаханов 2005 жылдың тамызынан бастап  Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты.  Мәскеу ветеринарлық академиясын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Саясаттанушы. Экономика ғылымдарының докторы.
Оңтүстік Қазақстан облысында Арыс қаласының әкімі және Созақ, Сайрам және Отырар аудандарының әкімі болып еңбек еткен. Қазақстан Республикасы Сенатының экономикалық және аймақтық саясат жөніндегі Комитет мүшесі болған, 2008 жылдың желтоқсанынан бастап Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің хатшысы қызметін атқарып келеді, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттері Парламентаралық ассамблеясының мүшесі, Бірыңғай экономикалық кеңестің Экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, Ұлыбритания Бірлескен Корольдігі Парламентімен және Солтүстік Ирландия, Жапония Кеңесшілері Палатасымен, Ислам Республикасы, Испания Короьдігі, Франция Республикасымен  ынтымақтастық тобының мүшесі.

 «Құрмет белгісі», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және бес медальмен марапатталған. Айтаханов Қуаныш Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосты.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау Агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Төрағасының орынбасары

1961  жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Мәскеу болат және қорытпа институтын және МБҚИ аспирантурасын бітірген;

1990-1992 жж. – Қазақстан Ғылым академиясының химия-металлургиялық институтының ғылыми қызметкері; 1992-1995 - «Паритет» кіші жеке кәсіпорынның директоры;

1995-2001жж. – зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау және халықтың ауқатсыз жіктері жөніндегі Қарағанды аймақтық қайырымдылық Қорының президенті; 2001-2003 жж. -  «Шаруашылық басқару» жабық акционерлік қоғамының президенті; 2003-2010 жж. - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі өнеркәсіп салалары Департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры,  Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау Агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Төрағасының орынбасары .

Қазақстан Республикасының Бірінші Президент Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саяси институттың директоры 

Тарих ғылымдарының канидидаты. «Панорама» (Мәскеу, Алматы) газетінің саяси шолушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының «Қазақстан» ақпараттық-талдау орталығы бағытының жетекшісі қызметтерін атқарды. 
«Континент» және «Центр Азии» журналдарының редакторы.
2010 жылдың 7 маусымында ҚР Бірінші Президент Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саяси институттың директоры (ӘЭСИ) қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары 

1976 жылы 25 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша (мамандану – «Банк ісін ұйымдастыру») үздік бітірген. 1996 жылдан 2007 жылға дейінгі кезеңде әр түрлі елдерде, соның ішінде АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Аустрия, Түркияда т.б. халықаралық қаржы ұйымдары мен институттары өткізген курстар мен семинарларға қатысқан. 1995 жылдың қарашасынан 1996 жылдың қарашасына дейін Орталық Азия қор биржасының жетекші экономисі болып жұмыс істеді.

1996 жылдың қарашасынан 2007 жылдың тамызына дейін аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымдар атқарды, 2003 – 2007 жылдар аралығында осы Департаментті басқарды. 2007 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Мемлекеттік марапаттар: «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Еңбек сіңірген қызметкері» төс белгісі (2006 ж.).

Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі 

Таяу Шығыс елдері Университетінің экономика бакалаврі және магистрі және Түркиядағы Билкент Университетінің экономика ғылымдарының докторы атағына ие. 
1989-1994 жж. Исламдық Конференция Ұйымының Зерттеулер Департаментінде қызмет еткен. 1994 жылдан Дүниежүзілік Банктің Түркиядағы кеңсесінде экономист, Дүниежүзілік Банктің АҚШ-тағы кеңсесінде бас экономист және елдер бойынша менеджері қызметтерін атқарды. Босния және Герцеговина, Түркия және Қырғыз Республикасы бойынша мәселелергмен айналысты. Кейін Дүниежүзілік Банктің Иордания мен Ливандағы өкілдігінде жұмыс істеп, Батыс жағалау мен Газа Секторы бойынша Бағдарлама шеңберінде қызмет атқарды. 2006 жылдан бері  Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі міндетін атқарып келеді.
Еңбек ақы және өніміділік мәселелері, төлемдік теңгерім, Ислам конференциясы елдеріндегі телекоммуникация мәселелері бойынша жарияланымдар жазған.

БАӘ Орталық Банкінің Басшысы

1953 жылы Абу-Дабиде дүниеге келген. Іскерлік басқару және қаржы саласында бакалавр дәрежесін алған, өз мансабын 1978 жылы «Abu Dhabi Investment Authority» (ADIA) қоры мен Қаржы және әкімшілік басқармасында бастаған. 
1982 жылы Аль-Сувейди  мырза «Abu Dhabi Investment Company» (ADIC) компаниясына ауысып, мұнда компанияның Бас менеджері қызметін атқарды.
1984 жылдың басында Аль-Сувейди мырза Парсы шығанағындағы (Бахрейн) Халықаралық Банкінің Бас менеджері қызметіне өз кандидатурасын ұсынды және оның кандидатурасын 7 акционер мемлекет қолдады. 1985 жылдың соңында «Abu Dhabi Commercial Bank» банкінің Атқарушы директоры және Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалды.
1991 жылдың 18 желтоқсанынан – Біріккен Араб Әмірліктері Орталық Банкінің губернаторы.

Өнеркәсіптік даму бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының  (ЮНИДО) саясатты дамыту, статистика және зерттеулер жөніндегі Директоры

1976 жылы Лимадағы (Перу) дель Пацифико Университетін бітірген; (Экономика ғылымдарының бакалаврі), 1990 жылы аталмыш университетті экономикадағы лиценсиат дәрежесі бойынша бітірген, 1983 жылы Сассекс Университетін, Брайтондағы даму саласындағы Зерттеулер Институтын тәмамдаған (Ұлыбритания) (философия магистрі, даму және зерттеулер саласының магистрі).
1998-2008 жылдары Маастрихтте (Нидерланды) Маастрихт менеджмент мектебінде (MSM) экономика, технологиялар мен инновациялар профессоры болып қызмет атқарды. 2008 жылдан бастап - Өнеркәсіптік даму бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының  (ЮНИДО) саясатты дамыту, статистика және зерттеулер жөніндегі Директоры  (Вена, Аустрия) қызметін атқарып келеді. 

«The Financial Times» бас редакторының орынбасары

1979 жылы 10 қазанда дүниеге келген. FDi журналының (айына екі рет шығатын Financial Times мамандандырылған газетінің) және оның  www.fDiIntelligence.com ғаламтор-порталының бас редакторының орынбасары қызметін атқарады. Тәжірибелі журналист ретінде саяси және іскер көшбасшылардан экономикалық және инвестициялық мәселелер туралы жиі сұхбаттар алып, журналға сенсациялы материалдар мен толық арнайы баяндамаларды жариялайды.  Сонымен қатар, оның көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесі бар, конференицяларға төрағалық етеді, панельдерді жүргізеді және Еуропа мен Таяу Шығыста үлкен аудитория алдында сөйледі. Соңғы төрт жылда Андерсон мырза FT Group-та қаржы, инвестициялар және саясатпен байланысты түрлі лауазымдарды атқарды. Ол Лондон Университетінің (Ұлыбритания, 2005) халықаралық журналистика саласындағы магистр дәрежесіне иелік етеді, сондай-ақ, ол Хартфордтағы Тринити-колледжінде (АҚШ, 2002) француз тілінің филологиясы және тарих бойынша бакалавр дәрежесін алған.

Экономика саласы бойынша «Ойын теориялары шеңберінде талдау арқылы дау-жанжал және кооперация мәселелері түсінігін кеңейткені үшін» 2005 жылғы Нобель сыйлығының иегері

1930 жылы 8 маусымда дүниеге келген. Израильдік математик, Иерусалимдегі Еврей университетінің профессоры.

Ауманның негізгі еңбектері ойындар теориясы мен олардың қосымшаларына арналған. Сонымен қатар, ол уақыт бойынша шиеленістің дамуын талдай отыра, «қайталанатын ойындарға» маманданады. Исраэль Роберт Джона Ауманның ғылыми еңбектері үшін көптеген құрметті атақтар берілген. 1974ж – Американдық ғылым және өнер академиясының құрметті мүшесі, 1985-1995 жылдары – АҚШ-тың Ұлттық ғылым академиясының мүшесі, Израильдік ғылым академиясының мүшесі, Британдық академияның корреспондент мүшесі. Оған ұсынылған марапаттар: Харви; Экономика саласы бойынша Израильдің мемлекеттік сыйлығы, оталарды зерттеу бойынша халықаралық Ланчестер сыйлығы, экономика саласы бойынша Э. П. Неммерс және Эмет сыйлықтары.

2005 жылы Томас Шелингпен бірге экономика саласы бойынша «Ойын теориялары шеңберінде талдау арқылы дау-жанжал және кооперация мәселелері түсінігін кеңейткені үшін» Нобель сыйлығына лайық деп танылды. 

«Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы төрағасы

1951 жылы 30 қазанда туған. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент. 1990-91 жылдары - ҚазКСРМинистрлер кеңесі Мемлекеттік комиссиясының экономика жөніндегі кеңесшісі. 1997 ақпан айы мен 1999 жылдың наурызы аралығында - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары. 1998-1999 жылдары - -«Қазақстан Эксимбанк» ЖАҚ Басқарма төрағасының 1-ші орынбасары, ҚР Президенті жанындағы сыртқы экономикалық байланыстар Кеңесінің басшысы. 1999 наурызынан - ҚР қаржы вице-министрі; 1999 жылдың қазаны мен 2000 жылдарда ҚР экономика министрінің орынбасары. ҚР 1-ші экономика вице-министрі. 2001-04 жылдары; «Қазкоммерцбанк» ААҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі.1999 жылдың 2 желтоқсанынан Қазақстан Республикасы атынан Ислам Даму Банкінің Басқарма орынбасары болып тағайындалған. 1999-2000 жылдарда «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазақстан Эксимбанк» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2001 жылдың 25 маусымынан «Қазкоммерцбанк» ААҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі. 2002 жылдың қыркүйегі мен 2003 жылдың қазаны аралығында - «Қазкоммерцбанк» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2002 жылдың 1 қазанынан – Басқарма бастығының кеңесшісі.2003 жылдың 20 қазанынан «Қазкоммерцбанк» АҚ Басқарма басшысының Кеңесшісі. 2004 жылдың 19 сәуірінен Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы Кеңесінің төрағасы.2006 жылдың 4 мамырында «Заңғар Инвет Груп» АҚ директорлар Кеңесінің құрамына Тәуелсіз Кеңес Қауымдастығының мүшесі ретінде кірді. 2008 жылдың желтоқсанынан Қазақстан экономистер Ассоциациясының Қамқорлық Кеңесінің мүшесі. 2009 жылдың 13 сәуірінен «ҰларҮміт» АҚ «Зейнетақы сақтандыру қорының» директоры. 2009 жылы АҚОА академиялық кеңесіне кірді. «ГНПФ» АҚ зейнетақы жинақтау қорының Директорлар  кеңесінің тәуелсіз мүшесі. Макроэкономика саласы жайындағы ондаған мақала авторы.   

«CNN» телеарнасының Орталық Азия мен Африкадағы директоры

Ахмад соңғы бірнеше жылдары Пәкістандағы Marketing Association in Pakistan (MAP) компаниясында белсенді қызмет жасады. 2006 жылы МАР Вице-президенті қызметіне тағайындалды.
Имран Ахмадтың халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарындағы маркетинг  саласында 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта ол CNN, Time, Fortune, The Wall Street Journal және The Economist, т.б. секілді жетекші халықаралық компаниялардың эксклюзивтік өкілі болып табылатын Pace (Pvt) Limited компаниясының директоры қызметін атқарады. Ол халықаралық жарнама компанияларының жұмысын халықаралық деңгеймен қатар, жергілікті деңгейде де жоспарлау және орындау істерімен айналысады. 
Сондай-ақ, Имран Ахмад Дубайдағы Mr. Imran Adspace Sales Corporation компаниясының Бас  директоры қызметін атқарады, аталмыш компания CNN телеарнасының Орталық Азия мен Африкадағы коммерциялық жарнама қызметін орындаумен айналысады. 

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі

1959 жылы 10 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Мәскеу экономика-статистика институтын, 1989 жылы  Мәскеу экономика-статистика институтының аспирантурасын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1981 жылдан 1987 жылға дейін – ҚазССР-і Мемжоспары жанындағы ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері. 1987 жылдан 1992 жылға дейін – ҚазКСР-і Мемжоспары жанындағы  ҒЗИ бөлім меңгерушісі, ҚазКСР-і Министрлер Кеңесінің кадрларды қайта даярлау жөніндегі республикалық институтының аға оқытушысы. 1992 жылдан 1993 жылға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі Басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан территориалдық мемлекеттік меншік жөніндегі комитетінің төрағасы. 1993 жылдан 1997 жылға дейін  – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі Басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық Банктің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бастығы. 1997 жылдан –Экономика және сауда вице-министрі. 1997-1998 жж. – «ТұранӘлем банкі» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 1998 жылдан 1999 жылға дейін – Қостанай облысы әкімінің орынбасары. 1999 жылдан 2000 жылға дейін – Қостанай қаласының әкімі. 2000 жылдан 2001 жылға дейін – «Қазтрансгаз» ЖАҚ коммерция және маркетинг жөніндегі вице-президенті,  «Intergas CentraI Asia» ЖАҚ бас директоры. 2001-2007 жылдар аралығында – «Қазтрансгаз» ЖАҚ Президенті. 2007-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2009 жылдың наурызынан – Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі.

«Назарбаев Университет» даму бойынша атқарушы директоры 

1975 жылы Мәскеу физика-математика институтын бітірген,  инженер-физик, физика-математика ғылымдарының кадидаты. 1993 жылы «Даму және қоршаған орта саласындағы көшбасшылар» Рокфеллер Қорының Халықаралық бағдарламасын аяқтады. 1975 жылдан 1985 жылға дейін  КСРО ҒА, РҒА Курчатов атындағы Атом энергиясы Институтында жұмыс істеді. 1996 жылдан 1998 жылға дейін Рокфеллер Қорының, Энергетикалық зерттеулер орталығының  (Нидерланды), Орта Азия елдерінде жаңартылатын энергетика бойынша БҰҰДБ және Дүниежүзілік банктің жоба кеңесшісі қызметтерін атқарды. 1999  жылы – БҰҰ КӨРК үйлестірушісі, 2000 ж. - USAID «GGERY» жобасы, USAID «MNPR» жобасының аға кеңесшісі. 2000 жылдан 2008 жылға дейін – Климаттың өзгеруі жөніндегі үйлестіру орталығының (КӨҮО) жетекшісі. 2008 ж. – ҚР Президент Әкімшілігінің кеңесшісі. 2009 ж.  - «Астана жаңа университеті»  Стратегиялар мен даму департаментінің директоры, Төраға орынбасары. 2010 жылдан бері  - «Назарбаев Университет» АҚ басқарушы директор, Н.Ә. Назарбаев атындағы университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, Қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, климаттың өзгеру мәселелері жөніндегі Focal Point ұлттық үйлестірушісі, «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. 

Қаржы-банк менеджменті Ғылыми-зерттеу институтының директоры 

Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі. Елде және оның аумағынан тыс жерлерде кеңінен танымал ғалым-экономист, көрнекті ғылым ұйымдастырушысы, білім беру көшбасшысы, мемлекеттік және қоғамдық қайраткер. инвестициялар және ғылыми-техникалық ілгерілеу, сызықсыз экономика, әлеуметтік нарықтық шаруашылық, экономикалық басымдықтар және өзге де терориялық-әдістемелік зертетулердің тиімділігі жөніндегі зерттемелер авторы. Бірнеше ғылыми мектептердің негізін қалаушы. «Ғылыми зерттеулердің тиімділігі: (бағалау және көтерілу мәселелері әдіснамасы)» және «Ғылыми-өндірістік кешендер: (Қазақстан материалдарында)» жұмыстоптамалары үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықты иеленді. Ресей, АҚШ, Қытай, Англия, Швеция және өзге елдерде баяндамалар мен дәрістер оқыды. Экономистер мен саясаттанушылардың халықаралық ғылыми конгресстері мен форумдарының, ТМД қатысушыларының Парламентаралық ассамблеясы мен өзге халықаралық ұйымдардың жұмыстарына қатысты. Соңғы жылдары Қазақстанның ақшалай-қаржы жүйесін реформалау және дамыту, әлемдік қаржылық-экономикалық қатынастардағы ел интеграциясы мәселелерімен айналысуда.  

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Академигі

1940 жылы 17 қарашада дүниеге келген. «Тарихшы-археолог» мамандығы бойынша А.А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің археология кафедрасын, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография  (ҚазССР ҒА ТАЭИ) институтының аспирантурасын бітірген. 1966-1971 жж. - ҚазКСР ҒА ТАЭИ кіші ғылыми қызметкері. 1971-1973 жж. - ҚазССР ҒА ТАЭИ аға ғылыми қызмкеткері. 1973-1988 жж. - ҚазССР ҒА ТАЭИ ортағасырлық археология бөлімінің меңгерушісі. 1988-1991 жж. - ҚазССР ҒА ТАЭИ Археология орталығының жетекшісі. 1991-2010 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ә.Х.Марғұлан атындағы археологиялық институтының Директоры. 2011 жылдан- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ә.Х.Марғұлан атындағы археологиялық институтының урбанизация және номадизмді зерттеу жөніндегі бөлім меңгеругісі, Құрметті директор. 

КИМЕП Бэнг бизнес факультетінің профессоры, Салықтарды зерттеу орталығының Орта Азиядағы директоры

Д-р Балко бүкіл әлемге танымал және айтулы салық сарапшысы және түрлі елдер мен құрлықтарда жеке және мемлекеттік секторларда 10 жылдан астам сәтті жұмыс тәжірибесі бар. Оның 3 ғылыми атағы бар – құқықтану магистрі, заң ғылымдарының кандидаты, халықаралық салық құқығы дәрежесі, Халықаралық Қоғамдық құқықтану докторы. Ол жеке сектордағы жұмыс тәжірибесін «Делойтт» компаниясынан бастаған болатын, мұнда ол бастапқыда мүше ретінде, кейіннен 2009 жылдан бастап АССА қызметкері ретінде қызмет етіп, кейіннен ACCA біліктілігін алды. Ол Алматыға 2006 жылдың соңында келіп, «PricewaterhouseCoopers» компаниясының салық және Заң департаментіне қызметке орналасты. Қазақстанға келмес бұрын, ол Амстердамда Халықаралық қазыналық құжаттама бюросында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап КИМЕП-те профессорлық қызмет атқарады. Жеке сектормен қатар, Чили мен Чехия Республикасында Қаржы министрліктерінде, сонымен қатар, Еуропалық комиссияда еңбек еткен жұмыс тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта БҰҰ мен өзге де халықаралық органдарда салық саясатына қатысты жұмыстарға белсене араласады. Сондай-ақ, ол орта азиялық жүйелер зерттеуін жүргізеді – ол Орта Азияда салықтарды зерттеу Орталығын құрды. Ол жергілікті деңгеймен қатар, әлемдік деңгейдегі кәсіби бірлестіктердің жұмысына ат салысып тұрады.  Д-р Балко Американдық сауда палатасының салықтық жұмыс тобының Төрағасы болып саналады және Алматы, Астана және Атырау қалаларында тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады. 2008 жылы Қазақстандағы Американдық сауда палатасы д-р Балконы «Үздік білім беру/Оқу бағдарламасы» Сыйлығымен марапаттады.

ECOMEN экономика институтының ректоры

1933 жылы 30 маусымда Ленинградта дүниеге келген. 1956 жылы Пальмиро Тольятти атындағы Ленинград инженерлік-экономикалық институтының энергетикалық факультетін үздікке бітірген. 1973жылы Тарту университетінде (эстондық сыныптама бойынша – экономика докторы) кандидаттық диссертация қорғады. ECOMEN экономика институтының ректоры, Эстония президентінің жанындағы азшылық ұлттар Дөңгелек үстелінің мүшесі, энергетика саласындағы жетекші ғалымдардың бірі.

Ханон Барабанер Халықаралық туризм академиясының құрметті профессоры, ИНЖЕКОМ Петербургтік мемлекеттік инженерлі-экономикалық университетінің құрметті докторы. ECOMEN ректоры, сонымен қатар, Халықаралық биосфералық ғылымдар академясының академигі болып саналады (энергетика мен экология саласында зерттеулерде еңбегі үшін құрмет). 

Қонақүйлік бизнес және туристік менеджмент мектебінде профессордың көмекшісі.

Аустралияда дүниеге келген. Қазіргі уақытта Гонг-Конг қаласында тұрып жатыр. Бұрын мынадай қызметтерді атқарған: 1999-2000 - Виктория Университетінің аға қызметкері және профессоры; 1994-1998 – туризм жөніндегі курстардың үйлестірушісі және басты дәріс берушісі, Мейманшылық және туризм Департаменті (Виктория Университеті, Мельбурн, Аустралия); 1988 жылы FOOTSCRAY технологиялық институтының (Мельбурн, Аустралия) Мейманшылық және туризм Департаментінде топ кураторы болып қызмет етті. Сондай-ақ, ол өзге де қызметтер атқарды: 1971-1973 жылдар аралығында Carlton Hotel and Hotel Deutscher Hof-та (Нюрнберг, Германия) қонаүйлік бизнес бойынша оқудан өтті; 1985-1986 жж. Grovener’s Inn (Кармел, Калифорния) қонаүйінде менеджер; 1983-1985 жж. бизнес менеджер, Калифорнияда (KGW Development, Марина қ., Калифорния) жылжымайтын мүлік иесі болды.

Туризмді тұрақты дамыту және аймақтық даму жөніндегі «Mas|contour» консалтингтік агенттіктің басқарушы серіктесі

1970 жылы Германияда дүниеге келген. 1994-2002 жылдар аралығында Берлиндегі Техникалық Университетті «ландшафты жоспарлау және архитектура» мамандығы бойынша бітірді. 1989-1992 жж. Берлиндегі Лютзоплатц қонақүйінде қонақүйлік бизнес бойынша дипломды иеленді. Қазіргі уақытта 2006 жылдан бері  Mas|contour (туризмді тұрақты дамыту және аймақтық даму бойынша кеңес беру) басқарушы серіктесі қызметін атқарып келеді. 2008 жылдан бері Бремендегі Қолданбалы ғылымдар университетінде дәріс беруші және  Эберсвальдте Қолданбалы ғылымдар университетінде дәріс беруші болып жұмыс істейді. 2005 жылдан бастап туризмді тұрақты дамыту және жоспарлау бойынша тәуелсіз кеңес беруші лауазымын атқаруда.
Сонымен қатар, 2001-2002 жж Берлинде Aera Nova Consult-те (турзим менеджменті және жоспарлау бөлімі) жұмыс істеді. 2000-2001 жылдар аралығында Берлиндегі BTE Tourismusmanagement und Regionalentwicklung-те (туристік менеджмент және аймақтық даму бюросы) еңбек етті. 1992-1998 жж. Берлинде Planungsburo Schacht und Schacht-те (ландшафтты дамыту және жоспарлау бюросы) жұмыс істеді. 

 «Базис-А» Корпорациясының директорлар Кеңесінің Төрағасы

1955 жылы Қырғызстанның Фрунзе қаласында дүниеге келген. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын аяқтаған.
1974 г. –«ҚазпромНИИпроект» техник-маман.
1976 жылдан 1992 жылға дейін – Алматы үй құрылысы комбинатында монтаждаушы, шебер, прораб, үлкен прораб, СМУ-2 бас инженері, СМУ-3 басшысы қызметтерін атқарды. 1992  жылдан 1994 жылға дейін – «Базис» КК директоры, «Базис» құрылыс компаниясының президенті. 1994 жылдан 1996 жылға дейін – Алматы қаласы әкімдігінің әкімшілік басшысының орынбасары, әкім орынбасары. 1996 жылдан бастап – «Базис-А» холдингтік компанияның басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің төрағасы.

Үндістан Премьер-Министрі экономикалық консультативтік кеңесінің мүшесі, қолданбалы экономикалық зерттеулер бойынша Ұлттық кеңестің бұрынғы бас директоры

Үндістан мен Ұлыбританияда білім алған соң, Бери мырза Оксфордтағы Магдален Колледжін саясат, философия және экономикадан бірінші санаттағы дәреже бойынша аяқтады. Оның докторлық диссертациялық зерттеуі (соның ішінде Принстон университетінде) «Үндістан Резервтік Банкінің ақшалай-несиелік саясатының құралдарды» тақырыбында жүргізілді.
Бұл тағайындауға дейін ол Вашингтонда (Коламбия округі, АҚШ) жұмыс істеп, Бразиялияда жетекші экономист қызметін атқарды. Сонымен қатар, Аргентина, Уругвай, Парагвай, Эквадор және Перу  секілді Латын Америка елдерінде жұмыс тәжірибесі бар. 
1992-1994 жж. Бери Үндістан Резервтік Банкі (Мумбаи) Басқарушысының арнайы кеңесшісі болып еңбек етті. Бери өз жарияланымдарында қаржылық сектордың үндістандық реформаларын, банктердің мемлекеттік секторларының реформаларын, Латын Америкасындағы банктік дағдарыстар және дамушы елдердегі экономикалық реформалардың саяси экономикасы туралы кеңінен жазды. Г-н Бери Үндістандағы ең ірі банк саналатын Үндістан Мемлекеттік банкі Орталық басқармасының мүшесі болып саналады. Бірнеше үкіметтік комитеттер мен мақсатты топтардың мүшесі болған. 

Қытай туристік академиясының президенті

1989 ж. Аньхой бизнес колледжін бітірді. 1995 ж. Аньхой экономика және қаржы Университетінде экономика магистрі атағын иеленді. 2005 ж. Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясының Экономика Жоғары мектебінде экономика докторын дәрежесін алды. Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор.
1989 жылдың шілдесінен Аньхой экономика және қаржы Университетінде хатшы, көмекші, сауда және экономиканы басқару кафедрасының доценті және оқытушысы болып жұмыс істеді. 2001 жылдың қаңтарынан Бейжің халықаралық зерттеу университетінде мейрамхананы басқару  Қытай-Швейцарялық колледжінің доцент, туризмді басқару кафедрасының профессоры, мейрамханаларды басқару бөлімінің директоры, бас директордың орынбасары, ғылыми-зерттеу бөлімінің бас директоры, академиялық журнал редакторының көмекшісі, президент көмекшісі секілді қызметтерді атқарды. 2008 жылдың сәуірінен - Қытай туристік академиясының вице-президенті. Қытай және шетелдік БАҚ-тарда 250-ден астам диссертациялар жариялады. 

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі

2001 жылдан 2002 жылға дейін «Қазақстанның даму банкі» АҚ Қазынашылық операциялар Басқармасында бас менеджер болып қызмет атқарған. 2002-2003 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің функционалдық талдау бөлімінің бастығы, Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаментінің Инвестициялық жоспарлау және талдау басқарамасы бастығының орынбасары лауазымдарын атқарған. 2003 жылдан 2004 жылға дейін – «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Басқарма мүшесі.

2004 жылдан 2005 жылға дейін – «Маркетингтік-талдамалы зерттеулер орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2005 жылдан 2006 жылға дейін – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі. 2006 жылы – ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі. 2006 жылдан 2007 жылға дейін – ҚР индустрия және сауда министрі жанындағы  «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ президенті. 2007 жылдан 2008 жылға дейін – ҚР индустрия және сауда вице-министрі. 2008 ж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің жетекшісі. 2009 жылдан 2010 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2010 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Президенті м.а. 

1963 жылы дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын, Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ қаржылық экономика және халықаралық сауда университетінің докторлық диссертациялар бойынша диссертациялық кеңес мүшесі, «Қаржы академиясы» АҚ тәуелсіз директоры, Қазақ технология және бизнес университеті Қамқорлық кеңесінің мүшесі, IPEN халықаралық бағалау желісінің мүшесі, KMGC компаниясының ғылыми және консультациялық жұмыс жөніндегі сарапшылар комитетінің мүшесі, АДБ кеңесшісі. 100-ден астам ғылыми жарияланымдары бар.

«Trusted Sources Research & Networks» компаниясының бас экономисі және басқарушы директоры

Ірі қаржылық институттарда қызмет атқаратын халықаралық экономист және инвестициялық стратег Ларри Брейнардтің отыз бес жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Брейнард мырза «Chase Manhattan Bank» банкінде дамушы нарықтарды зерттеу Департаментінде диектор қызметін атқарған, оған дейін «Goldman Sachs» банкінде борышқорлық міндеттердің дамушы нарықтарын зерттеу Департаментінде еңбек еткен. Өз мансабында ол әлемдік ауқымдағы, әсіресе, Ресей, Бразилия және Қытайға ерекше назар аудара отыра дамушы нарықтарды зерттеумен айналысты. 1980-жылы Мексика, Бразилия, Польша, Югославия және Нигерияның тәуелсіз қарыздарын қайта құрылымдау бойынша кредиторлық банктерге жауапты экономикалық комитеттердің басшысы қызметіне бекітілді. 1971 жылы Чикаго Университетінде экономика бойынша докторлы дәрежені иеленді.
«Trusted Sources Research & Networks» («Сенімді дереккөздер») компаниясы мемлекеттік саясат, экономика, көлік және іскерлік және инвестициялық климаттың өзге де құрамдас бөліктері секілді дамушы нарықтардың төмендемелі тәуекелдеріне сүйенетін инвестициялық астыртын қызмет болып табылады. 

"Унискан" ЖШҚ ғылым бойынша директордың орынбасары

1958 жылы дүниеге келген.
Білімі - Мәскеу физика-техникалық институт, аэрофизика мен ғарыштық зерттеулер  факультеті. Мамандығы – «газды динамика». 
1986 жылдан – РҒА СБ Автоматика және электрометрия Институтының қызметкері.
1989 жылы РҒА-нан жеке бизнеске кетіп, содан бері түрлі міндеттегі құралдарды әзірлеу және өндірумен айналысады.
2009 жылдан А.А. Брызгалов қоғамдық бастамаларда Технопарка новосібірлік Академқалашықтың негізгі идеологы болып есептеледі. 

«НТ-МДТ» халықаралық холдингі компаниялар тобының бас директоры

1950 жылы 19 қыркүйекте Ресейдің Саратов қаласында дүниеге келген. 1973 жылы «МФТИ автоматика және электроника» мамандығы бойынша физика және кванттық электроника факультетін тәмамдаған. .
Техника ғылымдарының докторы. Ресей  Федерациясының Технологиялық ғылымдар Академиясының академигі.
Мәскеу  Сауда-Өнеркәсіптік Палатасы жоғары технологиялар және инновациялар Гильиясының төрағасы. «Ресейдің НАНОтехнологиялық қоғамы» Жалыресейлік қоғамдық ұйымының Президенті.
«Молекулалық технология» журналы редакциялық комиссиясының мүшесі, «Нано – және микрожүйелік техника» журналы редакциялық комиссиясының мүшесі, РФ ғылым және технологиялар Министрлігі ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі.
160-қа жуық ғылыми еңбектердің авторы және серіктес авторы, олардың ішінде өнертабыс дәне патенттерге өтішінтер саны  – 52. Олардың арасында: сканерлік зондтік микроскоп патент RU2152063, Нанотехнологиялық кешен (Нанофаб) патент RU2308782.

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты

1948 жылы 26 наурызда Қостанай облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық  институтын бітірген.
Техника ғылымдарының докторы, профессор, философия доктор (РҺD ). 1998 жылдан 1999 жылға дейін Қазақ ұлттық техникалық университетінің проректоры. 1999 жылдан 2000 жылға дейін – ҚазҰТУ жанында қайта даярлау және біліктілік арттыру республикалық орталығының директоры – проректор. 2000 жылдан 2001 жылға дейін – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылым және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры. 2001 жылдан 2008 жылға дейін - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры. 2008 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.
120-дан астам ғылыми еңбектердің авторы. 

International Herald Tribune тілшісі 

1952 жылы 18 шілдеде Гаагада (Нидерланды) дүниеге келген. Жазған мақалалары: 1977-1980: Het Vaderland, Гаага – мәдени шолу, пікірлер. 1980-1984: Haagsche Post/De Tijd a.o. – мәдени шолу. 1984-1987: Weekblad Elsevier's – Таяу Шығыстағы қызметтер нәтижелеріне шолу. 1987-1989: Бейрутте әскери тілші, Ливан голландиялық радио және телевидения үшін VARA, Veronica, Бельгиялық мемлекеттік радио және BRTN,The Independent (Ұлыбритания) Haagsche Courant (Nitherlands) және т.б. үшін теле тілші, қыркүйек-желтоқсан 1990-1992: BRTN, Haagsche Courant тілшісі (Мадрид). 1992-2000: Бакудегі (Әзірбайжан) Оңтүстік Кавказды қамтитын түрлі бұқаралық ақпарат құралдарының тілшісі. 2000-2005: Caspian Business News, Баку / Алматы редакторы / директор орынбасары. 2005-2009: Алматыдағы Caspian Publishing House " редакторы. 2009 жылдың жазынан: International Herald Tribune  (Алматы) шығармашылық шешімдер Департаментінің тілшісі.

Шанхай көлік және байланыс университетінің профессоры

PhD,  Шанхай көлік және байланыс университетінің жанында халықаралық қатынастан және саясат мектебінің деканы, Шанхай әлеуметтік ғылымдар Федерациясының вице-президенті, Аустралия университетінің ғылыми қызметкері, Фудан университеті жария әкімшілік институты директорының орынбасары, Қытай халықаралық ғылымдар қауымдастығының вице-президенті, Шанхай жария әкімшілік ұйымының вице-президенті, Шанхай саяси ғылымдар қауымдастығының вице-төрағасы.  
Ху Вей көптеген жарияланымдардың авторы. Профессор Қытайда көптеген академиялық марапаттармен марапатталынды, соның ішінде әлеуметтік ғылымдар саласында «Үздік жоба» ұлттық марапатын да иеленді.
Профессор сондай-ақ, көптеген конференцияларға қатысып, АҚШ, Англия, Ресей, Португалия, Швеция, Канадв, Аустралия, Жапония, Сингапур, Чили, Гонг-Конг және Тайвань секілді елдердің университеттерінде дәріс оқыды. Сонымен қатар, Гарвард (1999) және Стандфор (2002) университеттерінің шақыртылған профессорлары болып жұмыс істеді, 2002 жылы Берген университетінің шақыртылған профессоры болып қызмет етті. Сонымен қатар, солтүстік-шығыс Азияда өтетін VIP конференциялар делегациясының тұрақты мүшесі болып табылады.  

Малайзия туристік әкімшілігінің төрағасы

Бұрын Қаржы Министрлігінде кеңесші қызметін атқарған. 2010 жылы Малайзияда туризм жөніндегі зертхананың көшбасшысы атанды. 2007 жылы Картегена-де-Индиаста (Колумбия) өткен Дүниежүзілік туристік  ұйымның (ЮНДТҰ) 17 Бас ассамблеясында лауазымды тұлғалар отырысында  төрағалық етті. Азиялық қаржылық дағдарыс кезінде Ұлттық экономикалық кеңес басшысының орынбасары (1997-98 жж.) және экономиканы сауықтыру бойынша Ұлттық жоспарды дайындауға жауапты болды. Дүниежүзілік банк пен БҰҰ Даму бағдарламасының жетекшілігімен өзге елдерде өтетн бірқатан экономикалық миссияларға кеңесші ретінде қатысты.
Малайя Университетінде экономика бакалаврі, Браун Университетінде (АҚШ) гуманитарлық ғылымдар магистрі және Бристоль университетінде (Ұлыбритания) экономикадағы ғылымдар кандидаты дәрежелерін иеленді. Д-р Ви сонымен қатар, Гарвардуниверситетінде, Сассекс Университетінің еңбек қорларын зерттеу Институтында, Гавайядағы Шығыс-Батыс орталығында оқудан өтті. 

Американдық-Қазақстандық іскерлік қауымдастығының басқарушы директоры 

1999 жылы негізі қаланған Американдық-қазақстандық іскерлік қауымдастықтың бірінші басқарушы директоры. Соңғы 12 жылда ол корпоративтік мүешлікті үш мәрте ұлғайтып, инвестициялар мен мүдделерді ілгері жылжыту үшін Қазақстандағы іскерлік  ұйымдардың бірі ретінде қауымдастықтың беделін орнатты. Қазақстанда өткен Дүниежүзілік экономикалық форумға, Азия қоғамына, АҚШ пен Қазақстанның қатынастарына арналған іс-шараларға, сонымен қатар, Лондон, Нью-Йорк, Вашингтон, Сан Диего, Омаха және Канзас Ситиде Қазақстанға арналған инвестициялық конференцияларға қатытсы. Американдық дипломат және  отставкадағы әскери қызметкер, Вил мырза қаруды таратпаумен күресуге қатысты көмек, ғарыш, Бурма мәселесі, сұрапыл соғыз кезіндегі Берлин, Франциядағы экономикалық және коммерциялық мәселелер, қаруды бақылау, сонымен қатар, әскери-саяси, кеңестік және африкандық мәселелерге қатысты тағайындаулар бойынша 1971 жылдан 1998 жылға дейін Мемлекеттік Департаментте қызмет атқарды. Сонымен қатар, ол ВВС Академиясында (АҚШ) саясаттану бойынша сабақ берді. Оған дейін Германия мен Вьетнамда қызметте болды. Вил мырза Джортаун Университетінің дипломатиялық қызметінде ғылымдар бакалаврі және магистрі дәрежесіне иелік етеді.

Польшалық Кәсіпкерлікті дамыту Агенттігі Бас директорының орынбасары

Вильманска Анета өз мансабын 2001 жылы Экономика Министрлігінде қызметтен бастады, ол мұнда 2004-2006 жылдарға арналған Дамудың ұлттық жобасы шеңберінде  Кәсіпорындардың Бәсекеге қабілеттілігін арттыру (SOP ICE) Секторлық Оперативтік Бағдарламасы әзірлеуге қатысты. 2004 жылдың басында SOP ICE-ті басқару жөніндегі Директордың орынбасары болып бекітілді. 2006-жылдың басында -  Экономика Министрлігінде экономикалық даму Департаменті Директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, мұнда ол Польшада Лиссабон үдерісін үйлестіруге және өзге мәселелерге жауапты болды.  2007-2013 жж. Экономика Министрлігінің құзіреті шеңберінде Инновациялық экономиканың оперативті бағдарламасының жұмысын үйлестірді. Еуропалық Одақтың экономикалық және қаржы істері жөніндегі Кеңесте экономикалық саясат Комитетінің жұмысына араласты. 

Қазақ спорт және туризм академиясы туризм факультетінің деканы, Туризм ғылыми-зерттеу институтының директоры 

Профессор, педагогика ғылымдарының докторы, спорттық туризмнен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, таулы туризмнен аға нұсқаушы.
Негізгі жарияланымдары: Солтүстік Тянь-Шань бойымен, Іле Алатауы және Күнгей Алатауы бойынша таулы туристік бағыттар .- Оқу құралы. -Алматы, 2006. - 400 б.; Халықаралық туризмнің тарихы және теориясы - Астана, 2005.- 202 б.; Туризмнің беделді түрлерінің негізгі техникалары және тәсілдері. Басп. 2-ші, атқ. және қос.- Алматы, 2005.- 200 б.
Марапаттар: 2006 жылғы «Үздік ЖОО оқытушысы» мемлекеттік гранттың иегері,  спорттық туризмнен Қазақстанның үш дүркін чемпионы, спорттық жүрістен 1990 жылғы КСРО чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасы туризмінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасы туризмінің еңбек сіңірген нұсқаушысы,  ҚазСТА алдында  ерекше еңбегі үшін.

Қытай Ұлттық геомантика инжинирнгтік зерттеулер орталығы директорының орынбасары

Профессор, академик,  Халықаралық Еуразиялық ғылым академиясы департаментінің директоры (ҚҰР). Профессор Цуй Вэй Хон  Мәскеуде (Кеңе Одағы)  Геодезиия мен картография институтында білім алды, АҚШ-та 6 жыл оқыды. 15 жыл АҚШ-та жұмыс істеді, кейін ҚХР Үкіметінің шақыртуымен ҚХР-на қайта оралды.  
Халықаралық Еуразиялық ғылым академиясының академигі, GIS, GPS, RS, экономика профессоры.
ҚХР Ғылым Академиясының қашықтықтан байқап көру Орталығының ғылыми жетекшісі. 250 000 адамға жоспарланған экологиялық таза және ақылды үйдің құрылысы бойынша бағдарламаның ғылыми жетекшісі.
ҚХР-да климаттың өзгеруі бойынша бағдарламаның ғылыми жетекшісі.

ҚХР мен Ресейдің шекарамен шектес Қиыр шығыс аумақтары бойынша бағдарламаларды ғылыми қамтамасыз етудің тең төрағасы.

Эстонияның ірі кәсіпкерлер Қауымдастығының Президенті

Халықаралық өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер Конгрессі Президиумының мүшесі, Мәскеу. Эстонияның үш дүркін бұрынғы Премьер-министрі.
1947 жылы 10 қаңтарда Валгада дүниеге келген. Таллинн Политехникалық институтын «жұқа механика» мамандығы бойынша және Эстонияның Жоғары коммерциялық мектебін бітірген. 1991-2001 жж. Эстонияның Біріккен партиясында жұмыс істеді, оның төрт жылында Төраға қызметін атқарды. 1972-1989 жж. - Директор Автотранспортной базы номер, Валга қаласында 9 нөмрлі Автокөліктік базасының директоры  болып еңбек етті. 1989-1990 жж. – көлік бойынша Мемкомитеттің Төрағасы, ЭКСР көлік Министрі лауазымдарын атқарды. 1990-1992 жж. – Эстония көлік министрі. 1992 ж. – Эстония Премьер-министрі. 1993-1995 гг. – Таллин қалалық жиынның Төрағасы. 1995-1997 жж. - Эстония Премьер-министрі (екі мәрте). 1997 ж. - «Valga Grupp» АҚ Кеңес Төрағасы. 1998 ж. - «Silmet Grupp» АҚ Басқарма төрағасы. 2003 ж. - Силламяэ Порты Директорлар Кеңесінің Төрағасы. Халықтар Достығы Орденімен, Эстония экономикасын дамытқаны үшін жыл сайын ұсынылатын Сыйлықпен, Бірінші дәрежелі Мемлекеттік Елтаңбаның Орденімен марапатталған.

«Almaz Capital Partners» компаниясының негізін қалаушы және басқарушы серіктесі

"Ғаламтор технологиялары Орталығы"  Аймақтық қоғамдық ұйымы  (ҒТОАҰ) Қамқорлық кеңесінің мүшесі. Russian Tech Tour қоғамдық ұйымының президенті. «Сколково» Қоры Қамқорлық Кеңесінің мүшесі. Техника ғылымдарының кандидаты.
Мәскеу электронды техника институтын аяқтаған.
1991 жылы «ЭЛВИС+» компаниясын құрып, басқарды.
1992 жылы ЭЛАС ҒӨБ-де (серіктік радиоэлектрондық жүйелер) басты нұқаушы  қызметін атқарды.
«Салют-90» ұлттық бағдарламасы және серіктік байланыстың төмен орбиталы жүйесінің «Курьер» халықаралық жобасы шеңберінде жаңа ұрпақтың борттық есептегіш құралдарын құру жөніндегі жұмыстарға басшылық етті.
2010 жылдың маусымында Александр Галицкий «Сколково» Қорының Қамқорлық Кеңес құрамына кірді.

Мексиканың Түркия Республикасындағы Елшісі 

1952 жылы 21 қазанда Гвадалахарда (Халиско) дүниеге келген. 1976 жылдан бері мексикалық дипломатиялық қызметтің мүшесі болып есептеледі.
Мексика Ұлттық Автономиялық Университетінің саяси және әлеуметтік ғылымдар факультетінде әлеуметтану бойынша және Париждегі әлеуметтік-экономикалық даму Институтында (Франция) білім алған, кейін Париждегі (Франция) Жоғары зерттеулер институтында  әлеуметтік ғылымдар саласында қалалық әлеуметтану бойынша өз зерттеулерін жалғастырды.
1992 жылдан 1996 жылға дейін Мексика Сыртқы істер министрлігінің тапсырмасы бойынша халықаралық істер жөніндегі үйлестіруші ретінде Ұлттық мәдениет және өнер Кеңесіне бағытталды. 1996 жылдан 1998 жылға дейін Сыртқы істер Министрлігінде мәдениет мәселелері бойынша Бас директор лауазымын атқарды. 1998 жылдан 2002 жылға дейін Монреальда (Канада) Мексиканың бас консулы лауазымын атқарды. 2002 жылдан 2004 жылға дейін Сыртқы істер министрлігінің  Еуропа бойынша Бас директоры болып еңбек етті. 2004 жылдан 2010 жылға дейін Мексиканың Барселонадағы Бас консулы, ал 2010 жылдың наурызынан бастап Мексиканың Түркия Республикасы, Грузия, Әзірбайжан, Қазақстан және Түркіменстан елдеріндегі елшісі қызметін атқарып келеді.

«Эрнст энд Янгтің» Орталық Азия мен Кавказдағы тәжірибе басқарушы серіктесі

Бхгалтерлік есеп саласында 20 жылдық тәжірибесі бар; Орталық Азия мен Кавказдағы тәжірибе басқарушы серіктесі қызметіне тағайындалғанға дейін, «Эрнст энд Янгтің» мәскеулік кеңсесінде аудиторлық қызметтер бөлімшесінде серіктес қызметін атқарып және  ТМД-дағы бухгалтерлік есеп және есеп беру әдіснамасы жөніндегі топты басқарды; соңғы 16 жыл бойы ҚЕХС сәйкес құрастырылған қаржылық есеп беру аудиті саласында түрлі қызметтер көрсетумен айналысты; халықаралық биржада компания-клиенттердің акцияларын бастапқы орналастыру бойынша көптеген жобаларға қатысты. Сертификатталған бухгалтер және Канада сертификатталған бухгалтерлер институтының мүшесі. «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» Қауымдастығы Басқармасының мүшесі. 

Ресейлік венчурлік жәрмеңкенің директор-үйлестірушісі, Санкт-Петербургты ғылыми-техникалық дамыту аймақтық қорының Басқарушы директоры 

1972 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік аэроғарыштық құралдар жасау университетін бітірген. Инновациялық қызметті қолдауды ұйымдастыруда 14 жылдық жұмыс тәжірибесі бар (ҒТДАҚ-да 1996 жылдан). ғылыми-техникалық саладағы компаниялардың технологиялық және ақпараттық-әдіснамалық қолдау инфрақұрылымын құру, жеке инвестицияға жұмылдыру үшін инновациялық жобалар және компанияларды іздеу, іріктеу және әзірлеу жұмысына ат салысты, соның ішінде 1996 жылы ҒТДАҚ Инновациялық технологиялық орталығын құру, дамыту, 2001 жылдан басшылық жұмыстарына араласты. Компаниялармен жұмыс істеу жөніндегі Директор-үйлестіруші ретінде Ресейлік венчурлік жәрмеңкесін ұйымдастыруға және өткізуге ат салысты. Басшы ретінде (негізгі сарапшы) Ресейдегі венчурлік капиталдың жұмыс істеуін талдауға және ресейлік венчурлік индустрия және инновациялық қызметті ынталандыру шараларын әзірлеуге арналған бірнеше зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға қатытсы. Жұмыстар РФ Өнеркәсіп және ғылымдар министрлігі мен РФ білім және ғылым министрлігі, Дүниежүзілік банк және т.б. мүдделерінде орындалды.

Бундестаг мүшесі, Германияның экономика және технологиялар бұрынғы министрі

Бавариядағы Христиандық әлеуметтік одақтың (ХӘО) консервативтік партиясының мүшесі ретінде Микаэль Глос 1979 жылдан Бундестаг мүшесі болып табылады. ХЭ тобына төрағалық еткен соң және 12 жыл бойы ХДО/ХӘО фракциясының Бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған соң,  Микаэль Глос 2005-2009 жылдар аралығында Канцлер Меркельдің бірінші Кабинетінің Экономика және Технологиялар Федералды министрі лауазымын атқарды. Глос көп жылдар бойы Германияның ең беделді консервативтік саясаткері болып саналды. 
Микаэль Глос саяси мансабынан бөлек, әлем бойынша өзінің ауқымды халықаралық байланыстары мен іскерлік қатынастарын қолдана отыра, дамушы нарықтарды инвестициялайтын бірнеше неміс компанияларының  Директорлар кеңесінің мүшесі және аға үйлестірушісі болып қызмет етеді. Оның бастығы қызығушылығы – энергетикалық саясат және тауарларды сату.  Ол Германияның бүкіл ірі кәсіпорындарының басқарушы директорларымен жекелей таныс. 

Индонезия Банкі Төрағасының бұрынғы бас орынбасары

Миранда Гоэльтом 1949 жылы 19 маусымла Джакартада дүниеге келген. Джакартадағы Индонезия Университетінің экономика факультетін бітірген және Бостон университетінің (Массачусетс штаты, АҚШ) Жоғары экономика мектебінде экономика бойынша магистр және доктор атағын иеленді. 1993-1997 жылдар аралығында Гоэльтом ханым Индонезия Республикасының экономикалық және қаржылық дамуы үшін ақшалай-несиелік және қазыналық саясаты министрі орынбасарының көмекшісі қызметін атқарды. Нәтижесінде 1997-2003 жылы ол Индонезия Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына лайықты деп танылып, Дүниежүзілік Банкте  Индонезия атынан басқарушы орынбасары болып таңдалды. Миранда Гоэльтом 2004 жылдың 26 маусымдағы Жарлығымен Индонезия Банкі Төрағасының бас орынбасары болып тағайындалды. 

ҚР Ұдттық Ғылым Академиясының Академигі, Ленин Сыйлығының лауреаты

1949 жылдан 1953 жылға дейін - Қотыркөл зооветеринарлық техникумының оқушысы, мамандығы  «агроном - егінші». 1953 жылдан 1959 жылға дейін - В.Р. Вильямс атындағы  ҚазЖҒЗИ-де агротехник болып еңбек етті. 1959 жылдан 1961 жылға дейін - АШБҒЗИ топырақтану бөлімінің кіші ғылыми қызметкері. 1961 жылдан 1962 жылға дейін АШБҒЗИ топырақтану бөлімінің аға ғылыми қызметкері. 1962-1969 жылдар аралығында - АШБҒЗИ жер қыртысы және тұқым сепкішті өңдеу құралын эррозияға қарсы бағалау зертхана меңгерушісі. 1969 жылдан 1982 жылға дейін - АШБҒЗИ ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары. 1982 жылдан 1984 жылға дейін – Алматы қаласындағы В.Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясының Президиум Төрағасының орынбасары. 1984-1991 жылдар аралығында –  В.Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясының Президиум Төрағасының бірінші орынбасары. 1991 жылдан 1992 жылға дейін - ҚазАШҒ бірінші вице-президенті м.а.1992 жылдан 1996 жылға дейін – ҚазАШҒ егін, су, орман шаруашылығы және агроэкология бөлімінің хатшысы, академигі. 1996 жылдан 1997 жылға дейін - ҚазМУ егін шаруашылығы кафедрасының профессоры. 1997 жылдан 1999 жылға дейін - В.Р.Вильямс атындағы ҚЕҒЗИ егін шаруашылығы бөлімінде жетекші ғылыми  қызметкер.

HTSPE компаниясы сарапшылар тобының жетекшісі

Патрик Грей 1947 жылы дүниеге келген, Оксфорд университеті мен Лондон экономика мектебін бітірген. Ол CNCP бағдарламасының жетекшісі және HTSPE компаниясының мәскеулік өкілдігінің басшысы болып табылады. 80-90 жылдары өнеркәсіптік стратегия бойынша парламенттік кеңесші ретінде инновацияларды жылжытудың британдық жүйесін жасауға белсенді ат салысты, Вест Мидлэнд аймағының Өнеркәсіптік кеңесінде (Англияның орталық бөлігінде шағын және орта жоғары технологиялық бизнесті дамтыуға қолдау білдіретін венчурлік қор) бас экономист, жергіліткті экономикалық даму стратегияларын әзірлеу жөніндегі желі Басқармасының мүшесі және автокөліктік өнеркәсіптің дамуына қызығушы аймақтардағы жергілікті биліктерді біріктіретін өзге желінің Төрағасы болды. Патрик Оксфорд ғылыми саябағының Консультативті Кеңесінің мүшесі болып саналады және Еуропалық шекті бағдарламаға кіретін Инновациялық бағдарлама нәтижелерін бағалау жұмыстарына сарапшы ретінде қатысты. Алғаш рет Патрик Қазақстанда жұмыс жасауды 2000 жылы бастаған болатын, 2004 жылдан бастап CNCP бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жұмыс отырыстарын өткізу, жобаларды бағалау мақсатында және түрлі конференцияларға шақыртылған баяндамашы ретінде

жұмыс бабымен Астана, Алматы және Семейге жиі келіп тұрады. 

Ресей Жинақтаушы банкінің Президенті, Басқарма төрағасы

Герман Оскарұлы Греф 1964 жылы 8 ақпанда Павлодар облысы Панфилово ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Омбы мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 1990-1993 жылдары – Ленинград мемлекеттік универсиеті заң факультетінің аспиранты. 1991-1992 жылдары - Петродворец және Санкт-Петербург әкімдігінің экономикалық дамуы және мүлігі жөніндегі Комитеттің 1-дәрежелі заңгер-кеңесшісі. 1992 жылы Петродворец аудандық агенттігіне қарасты Санкт-Петербург әкімдігі қалалық мүліктерін басқару жөніндегі Комитетінің бастығы. 1992-1994 жылдары – мүліктерді басқару жөніндегі Комитеттің төрағасы, Санкт-Петербург Петродворец ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары. 1994 жылы Санкт-Петербург әкімдігі қалалық мүліктерін басқару жөніндегі Комитет Төрағасының орынбасары, кейін бірінші орынбасары болып еңбек етті. 1997-1998 жылдары - Санкт-Петербург әкімдігі қалалық мүліктерін басқару жөніндегі Комитеттің вице-губернаторы, төрағасы. 2000 жылы Ресей Федерациясының Мемлекеттік мүлік министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. 2000 жылдың мамырынан 2007 жылдың қыркүйегіне дейін – Ресей Федерациясының Экономикалық даму және сауда министрі лауазымын атқарды. 2007 жылдың қарашасынан – «Ресей Жинақтаушы банкі» ААҚ Президенті, Басқарма төрағасы. Бірнеше акционерлік қоғам мен компаниялардың бақылау кеңестері және директорлар кеңестерінің мүшесі. Ресей Федерациясы Президентінің Алғыс хаты және IV дәрежелі «Отан алдындағы еңбегі үшін» орденімен марапатталған. 

Саймон Фрейзер атындағы Университеттің Құрметті экономика профессоры

1934 жылы 26 ақпанда Франкфурт-на-Майнеде (Германия) дүниеге келген. 1958 жылы Рутгерс Университетінде Экономика бакалаврі дәрежесін алды, 1962 жылы Йель университетінде экономика бойынша PhD докторы атағын иеленді. 1961 жылдан 1966 жылға дейін Йель, Стэндфорд және Чикаго университеттерінде профессордың көмекшісі болып жұмыс істеді. 1966 жылдан1970 жылға дейін – Пенсильвания университетінің доценті. 1969 жылдан 1971 жылға дейін – Аустралия ұлттық университетінің ғылыми қызметкері. 1971 – 1974 жж. – АҚШ Халықаралық қазынашылық бөлімінің аға талдаушысы. 1974-1975 жж.– Наффилд колледжінде (Оксфорд) штаттан тыс ғылыми қызметкер. 1978-1979 жж.– Найроби (Кения) университетінде дәріс беруші-профессор. 1984 - 1989 жж. - Кейптаун университетінде дәріс беруші-профессор. 1990 ж. – халықаралық қаржы бойынша дәріс беруші-профессор, Бундесбанк, Берлин еркін университеті. 
1993 жылдың қазан айынан 1997 жылдың маусымына дейін – Канада Парламентінің мүшесі (Оттава қ.)
1972 жылдан 1999 жылға дейін – Фрейзер университетінің экономика профессоры,  1999 жылдан кейін Құрметті профессор атағын алды. 1999-2004жылдар аралығында - Фрейзер Институтының салық салу және қаржы жөніндегі жетекші сарапшысы. 2008 жылы халықаралық экономика кафедрасының башсысы (Agip), Болонья қаласындағы Джон Хопкинс атындағы перспективалық халықаралық зерттеулер мектебі (Италия). 1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін -  по настоящее время – Фрейзер Институтының аға қызметкері. 

CEIS стратегиялық консалтинг Еуропалық компаниясының президенті

Оливье Дарразон заңгерлік мамандық бойынша магистр атағына ие және аға мемлекеттік қызметкер болған (l’Ecole Nationale d’Administration-ENA бітірген), Франция Үкіметінде Вест-Индия (Guadeloupe-1982) мен Прованста  (Вар – 1983-1986 жж.) мемлекеттік өкіл болып қызмет атқарған. Оливье Даррасон 1986 жылдан 1988 жылға дейін Франция министрлер кабинетінің мүшесі болды. 1990-1993 жылдар арасында Оливье Даррасон SVP Басқарушы директоры болып еңбек етті. Франция Парламентіне сайланды (Ұлттық ассамблея 1993-1997 жж.), Оливье Қорғаныс комитетінің мүшесі, ВВС бюджеті бойынша парламент палатасының төрағасы және әскери реформа бойынша сайлау комитетінің спикері қызметтерін атқарды. 2007 жылдың наурызында Франция  Премьер-министрімен Оливье Даррасон IHEDN институтының Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. 

 «Roubini Global Economics» компаниясының басқарушы директоры

Принстон университеті мен Лондон экономика мектебін бітірген. «Roubini Global Economics» компаниясына келгенге дейін Арнаб «Dresdner Bank Group» банк тобының инвестициялық еншілес компаниясына дамушы нарықтар зерттеулері мен стратегияларына, валюта айырбастау бойынша зерттеулері бойынша қызмет атқарып, жаһандық экономика мен стратегия бөлімінің тең төрағасы болды.  «Dresdner» компаниясына жұмысқа қабылданбас бұырн, Арнаб «JP Morgan» компаниясында дамушы нарықтарды, соның ішінде Латын Америкасы бойынша зерттеуші стратег болып жұмыс істеп, Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африканың экономикалық стратегиялары бойынша бөлімді басқарды. Оның жетекшілігімен зерттеулер жүргізген топтар дамушы нарықтар мен валюта айырбастау стратегиялары бойынша бірнеше мәрте көшбасшы атанды, бұл туралы «Euromoney», «Credit Magazine»,  «Global Investor» және «FX Weekly»-ге жарияланымдар шықты. 

«Interface tourism» компаниясының президенті 

1943 жылы 13 қарашада Францияда дүниеге келген. 1965 жылы Нант қаласының Жоғары бизнес мектебін бітірген. Бакалавр дәрежесіне ие (университетте 5 жылдық оқытушылық тәжірибесі бар). 
2000 жылдан -   PR-компаниялар, маркетинг, консультациялар мен сауда-саттыққа маманданатын, Еуропадағы желілік маркетингтің көшбасшы өкілі саналатын «Interface Tourism» компаниясының негізін қалаушы және президенті (Парижде орналасқан).
1990 жылдан 1994 жылға дейін Ұлттық туристік агенттіктер қауымдастығының вице-президенті және Халықаралық туроператорлар федерациясының вице-президенті қызметтерін атқарды. 1987 жылдан 1990  жылға дейін Француздық туристік әкімшілігінің мүшесі, 1971 жылдан 1989 жылға дейін Туристік үйлер қауымдастығының президенті, Ұлттық шаңғы курорттары қауымдастығының вице-президенті және Халықаралық фантастика фильмдерінің фестивалінің Бас директоры лауазымдарын атқарды.
Соңғы 37 жылда туристік индустрия саласында бірнеше басқарушы қызметтерді атқарды. 1971 жылдан 1988 жылға дейін «Pierre et Vacances» туристік ұйымының Бас менеджері болып жұмыс істеді. 1988 жылдан 1997 жылға дейін «Chorus Tours» ұйымының президенті қызметін атқарды. 1997-2000 жылдар арасында «Interface International» ұйымын басқару және дамыту бойынша менеджері болып қызмет етті. 2000 жылдан бастап «Interface Tourism» президенті қызметін атқарып келеді. 

Перу Еркіндік және Демократия Институтының Президенті

Орталықтың басты мақсаты – мүліктік құқыққа қол жетімділігі төмен жандарға көмек ретінде заңгерлік жүйе құру. «Time» және «Forbes» журналдарының нұсқасы бойынша әлемдегі жетекші жаңалық табушы адамдардың бірі болып танылды, «Перспективалар мен сыртқы саясат» журналының 20 000 оқырманы оны әлемнің 13 жетекші «қоғамдық зияткерінің» бірі деп таныды. Медьті экспорттаушы елдер Ұйымының Атқарушы комитетінің Президенті, Дүниежүізілік Инжинирингтік Корпорацияның (Universal Engineering Corporation) Бас директоры,Швейцариялық Банк Корпорациясы Консультанттық тобының директоры, Перу Орталық Резервтік банкінің Басқарма мүшесі секілді лауазымдарды атқарыды. Сонымен қатар, ол меншік саласында реформалар мәселесі бойынша бірнеше мемлекет басшыларына кеңес берді, 80-жылдар соңында «The Other Path» және «The Mystery of Capital» секілді кітаптардың авторы. 

CNN жүргізушісі, Дамушы нарықтар жөніндегі бағдарламалардың редакторы 

Джон Дефтериос қаржы жаңалықтары мен әлемдік оқиғалар саласында 25 жылдық жұмыс тәжірибесі бар еңбегі сіңген журналист. 
Ол 1992 жылдан 2000 жылға дейін Нью-Йорке пен Лондон қалаларында CNN, CNN International телеарналарының жүргізуші және тілші қызметтерін атқарды. 2000-2007 жылдар аралығында Еуропа, Орта Шығыс, Азия және АҚШ-тың 350 млн иеліктегі үйлерінде, сонымен қатар, 45 әуе жолдарында көрсетілетін, түрлі марапаттарға ие болған  World Business бірлестірілген бағдарламасын жүргізді. Дефтериос 1995 жылдан бастап Дүниежүзілік экономикалық форумның медиа көшбасшысы болып табылады, бұдан бөлек ол Business Week бағдарламасының Еуропа, Азия мен Орта Шығыстағы өкілі болып саналады, сондай-ақ, ол әлемдік экономикалық оқиғалар туралы апта сайын шығатын бағдарламаны жүргізеді.

Корейлік инновациялық кластер қорының Президенті

1976-1980 – Сеул Мемлекеттік Университеті, экономика факультетінің бакалаврі. 1982-1984 – менеджментология бойынша магистр дәрежесі, Жоғары Корейлік ғылым мен техника институты (KAIST). 1998 жыл, маусым – Директор, Сауда комиссиясы (АҚШ Әділет Министрлігінің өкілі, Халықаралық құқық институты, Сауда комиссиясы). 2003 жыл, мамыр – Бас директор, Іскерлік ынтымақтастық комитеті, Сауда комиссиясы. 2008 жыл, наурыз  – 2009 жыл, ақпан  – Реттеу жөніндегі аға менеджер, Жоспарлау және ынтымақтастық бөлімі, Қаржы Министрлігі. 2009 жыл ақпан – 2010 жыл қыркүйек. –Комиссардың орынбасары, Несиелік комиссия, Қаржы Министрлігі. 2010 жылдың 26 қазанынан –  «Daedeok Innopolis» Президенті. 

 «TUBITAK» ғылым және технологиялық зерттеулер жөніндегі Кеңестің вице-президенті

Мармар Университетінің материал жүргізу мен инженерия профессоры. Др. Джебечи Таяу Шығыстың Техникалық Университетінде (METU) химиялық инженерия бойынша бакалавр және магистр (1972 ж. және 1974 ж.), Айова штатының (АҚШ) мемлекеттік университетінде PhD (1977) дәрежесін иеленді. Оның кеуек қатты заттар мен материалдар, цемент пен бетондық технология, сапаны басқару және іске асыру ерекшеліктеріне қатысты салаларда зерттеу және өнеркәсіптік консалтингтік тәжірибесі бар. Бұрын ол Инженерлік-техникалық жұмыстар Бөлімі деканының орынбасары, Материалдар технологиясы бөлімінің төрағасы, Марара Университетінің вице-президенті және Түрік өнеркәсіптік басқару инстиутының аға кеңесшісі қызсеттерін атқарған. Профессор Джебечи Сапа жөніндегі Кеңес мүшесі ретінде Мармар Университетінің сапаны кешенді басқаруды іске асыру жұмысына қатысты (Финалист, Еуропалық сапаны басқару қоры, 2000 жылғы мемлекеттік сектор санаты).

Өңірлік даму институты халықаралық ынтымақтастық жөніндегі топтың жетекшісі, Оңтүстік Корея

Корей Университетінің неміс тілі және әдебиеті бойынша өнер бакалаврі, Оклахома Мемлекеттік Университетінің (АҚШ) іскерлік басқару шебері (MBA), Огайо Мемлекеттік Университетінің (АҚШ) қалалық және өңірлік жоспарлау бойынша магистрі,  Портланд Мемлекеттік Университетінің (АҚШ) қалалық және өңірлік жоспарлау бойынша докторы.
Бұрын географиялық ақпараттық жүйесінің зерттеушісі (GIS), Оригон штатында тасымалдау жөніндегі Агенттікте көлік зерттеушісі, Корей даму институтында дүниежүзілік және қалалық жоспарлау бөлімінің ғылыми қызметкері, Жоспарлау және бюждет Министрлігінде мемлекеттік реформаларды басқару Басқармасы директорының орынбасары, Мемлекеттік инвестициялық компанияның талдау бойынша маманы, Чолла-пукто қаласын қайта қалпына келтіру жөніндегі комитет мүшесі, Корей жер корпорациясының қалалық жоспардау бөлімінде техникалыө комитет мүшесі, Корей елді мекендерді зерттеу институтының ғылыми қызметкері (KRIHS).

Айова Университетінің профессоры, Аграрлық дамыту орталығының экс-директоры (CARD), Биотехнология және табиғи қорлар ауылшаруашылық колледжінің көмекшісі. 

1938 жылы 28 тамызда Айова штатындағы Берлингтон қаласында дүниеге келген (АҚШ). 1961 жылы Иллинойс БатысУниверситетін «ауылшаруашылық экономика» мамандығы бойынша бітірген. 1962 ж. – ауылшаруашылық экономика саласының ғылымдар магистрі, Техасс технологиялық колледжі. 1966 ж. - ауылшаруашылық экономика саласының ғылымдар докторы, Техас Университеті. 
1990 - 2006 жж. - Чарльз Кертис ат. профессор, Айова Университеті, АҚШ. 1996 – 2006 жж. – Кеңес Төрағасы, «Лонг-И Транспортейшн», Қытай. 2002 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Декан орынбасары, Айова Университеті, АҚШ.  2002 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Юнайтед Американ Партнерс» президенті, Айова, АҚШ. 2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Азықтық және аграрлық саясаты Ұлттық Орталығы Директорлар кеңесінің төрағасы, Вашингтон, АҚШ. 2006 жылдан қазіргі уақытқа дейін - Чарльз Кертис атындағы еңбек сіңірген профессор, Айова Университеті, АҚШ. Сонымен қатар, Вашингтонда Саяси реформалар институтының төрағасы және АҚШ азықтық және агргарлық зерттеулер институтының басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

«MTPV» компаниясының Басқарма төрағасы және Директорлар Кеңесінің төрағасы

Энергетика саласында 29 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.
«MTPV»-ге келгенге «Charles Stark Draper» зертханасының жанындағы «MTPV Power Sources» бағдарлама менеджері және техникалық директоры болып жұмыс істеген. Зертханаға дейін және Массачусетс технологиялық институтында қызмет атқарып жүрген кезде Micron-gap ThermalPhotoVoltaics саласын басқарды. «MITRE» компаниясында Боб тәжірибе кезінде жаңа энергетикалық технологияларды зерттеп, «United Technologies Corp» компаниясының Sikorsky Aircraft-те қызмет атқарып жүрген кезінде жеңілдетілген энергия үнемдейтін композициялық материалдарды әзірлегені үшін Американдық тікұшақ қоғамымен Lichten сыйлығымен марапатталды. Сондай-ақ, ол «Econo Technologies» (Жаңа Англияның жаңа электроэнергетикалық компанияларының арасында өткізілген CSG Corp.’s Energy Crafted Homes бағдарламасында көшбасшы атанған  $ 10-милиондық старт-ап компания) компаниясының негізін қалады.
Боб ди Маттео Гарвард Университетінде инженерия және қолданбалы ғылымдар саласында бакалавр дәрежесін, Массачусетс технологиялық институтында электротехника және компьютерлік ғылымдар саласында магистр дәрежесін иеленді. Сонымен қатар, Массачусетс технологиялық институтының инновациялар бойныша бизнес басқару магистрі атағына ие.

Саймон Фрейзер атындағы университеттің экономика құрметті профессоры

Джеймс Дин Карлтон университетінде математика ғылымдарының бакалаврі, Гарвард университетінде экономика ғылымдарының магитстрі және кандидаты атағын иеленді. Уильям мен Мэри колледжінің еңбек сіңірген профессоры болып табылады. Ол алты кітап пен монография және 100-ге жуық ғылыми мақалалар жариялады, көпшілік жарияланымдары халықаралық макроэкономика және қаржылар туралы. Қазіргі уақыта қаржы дағдарысының қиындықтары мен жаһанданудың қарама-қайшылықтары туралы жазады. Сонымен қатар, ол 34 қысқа мерзімді консультациялар мен зерттеулер өткізіп және әлем бойынша университеттер мен зерттеу институттарында дәрістер оқыды. Сондай-ақ, ол жуырда өздерінің бірінші компакт-дисктерінжазған Джеймс Дин үштігімен саксофонда джаз ойнайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының бас диреткоры (FAO)

1938 жылы 1 тамызда Сен-Луида (Сенегал) дүниеге келген. Ұлттық ауыл шаруашылығы мектебінің ауыл шаруашылығы ғылымдарының бакалаврі, Гриньон-Париж, (Франция). Ұлттық тропикалық мәдениеттердің агрономиялық тәжірибе мектебінің тропикалық мәдениет агрономиясы саласындағы ғылымдар магистрі, Ножен-Париж (Франция). Құқық және экономикалық ғылымдар факультетінің ауыл секторының әлеуметтік ғылымдар саласындағы философия докторы (ауыл шаруашылығының экономикасы), Пантерон-Сорбонна, Париж (Франция).
1993 жылы 8 қарашада ФАО Бас директоры болып тағайындалды. 1991 мамырынан 1993 жылдың желтоқсанына дейін БҰҰ жанындағы Сенегал Тұрақты өкілдігінің елшісі қызметін атқарды. 1990-1991 жылдар арасында Батыс Африка, Дакар, Сенегал мемлекеттерінің Басқарушы орталық банкінің Арнайы Кеңесшісі болып еңбек етті. Өзінің кәсіби мансабында д-р Диуф өзге де жауапты лауазымдарды иеленді: Халықаралық ауыл шаруашылығы зерттеулері бойынша Консультативтік топта Африка өкілі, Вашингтон (АҚШ), ИКРАФ (ICRAF), Найроби (Кения), ИСНАР (ISNAR), Гаага (Нидерланды), ИИТА (IITA), Лагос (Нигерия) секілді халықаралық зерттеу орталықтарының, сонымен қатар, Африканы дамыту Халықаралық ҒЗИ Адиоподуме (Кот-д’Ивуар) және Халықаралық ғылымдар қоры Стокгольм (Швеция) кеңес мүшесі. 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері

1967 жылы 31 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «халық шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша үздік бітірді.  Экономика ғылымдарының докторы, диссертациясын 2004 жылы қорғаған (ҚР БҒМ Экономика институтының ғылыми кеңесінде). Кандидаттық диссертациясын 1995 жылы қорғаған. Жалпы көлемі 50 п.л.-ден асатын 100-ге жуық ғылыми жұмыстар жариялады. 1990 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының Экономика институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Еңбек қызметінің кейінгі кезеңдері: 1990 - 2007 - ҚР БҒМ Экономика институты- экономист, к.ғ.қ, ғ.қ, а.ғ.қ, экономиканы реттеу мәселелері бөлімінің меңгерушісі; 2007 - 2008 – ҚР ЭБЖМ  «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ РК, б.ғ.қ.; 2008 ж. наурыз - 2009 ж. қыркүйек – Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті Қорының жанындағы әлемдік экономика және саясат Институты, б.ғ.қ, жетекші сарапшы.

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі 

1949 жылы 8 наурызда Қостанай облысында туған. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын дене шынықтыру бойынша оқытушы және әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Заңгерлік біліктілігі бар. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Профессор.

Еңбек жолын 1973 жылы ҚазМУ-де оқытушы ретінде бастаған. 1985 жылдан 1991 жылға дейін «Еңбек резервтері» БЕСҚ Қазақ республикалық кенесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Кейіннен - «Интурист Қазақстан» ұлттық компаниясының бас директоры, «Яссауи» Туризм жөніндегі мемлекеттік акционерлік компаниясының президенті (1991-1996). 1996-1997 жж. Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм және спорт министрі. 1997 ж. - ҚР Білім беру және мәдениет министрлігінің Туризм және спорт департаментінің директоры. 1997-1998 жж. - Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Туризм және спорт жөніндегі комитетінің төрағасы. 1998-2003 жж. - ҚР Президентiнің Iс басқарушысы. 2003 ж. – Астана қаласының әкімі. 2004 жылдың наурызында ҚР Президентiнің Iс басқарушысы лауазымына қайта тағайындалды. 2006 ж.наурыз  – 2011 ж.сәуір - Қазақстан Республикасының Спорт және туризм министрі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, Дүниежүзілік туристік ұйымның вице-президенті, Азияда Олимпиада комитетінің вице-президенті.

II дәрежелі «Барыс» Орденімен, Жоғарғы Кеңесінің екі құрмет грамотасымен,  «Ресей Федерациясының Халықтар Достастығы» Орденімен марапатталған.«Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері», «КСРО Еңбек сіңірген жаттықтырушысы». «ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атақтардың иегері. 

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі


 

1969 жылы 7 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару мамандығы бойынша аяқтаған.

2009 жылы П.Ф.Лесгафт атындағы Мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және денсаулық университетін (Санкт-Петербург қаласы) дене шынықтыру мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие.
1993-1998 жылдар аралығында Халықаралық экономикалық және әлеуметтік реформалар қорының Алматы бөлімшесінде («Реформа» қоры) директордың орынбасары, атқарушы директор болып жұмыс істеді. 1998-2002 жылдары «Рахат» Қазақстан-Австрия бірлескен кәсіпорны бас директорының орынбасары қызметін атқарды. 2002-2005 жылдары - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ бас директорының кеңесшісі, атқарушы директор, құрылыс жөніндегі басқарушы директор. 2005-2006 жылдар арасында - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті. 2006-2008 жылдары - «Алматы Құрылыс» Ұлттық холдинг компаниясы» АҚ бірінші вице-президенті лауазымын атқарды. 2008 жылдың ақпанынан 2011 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі лауазымын атқарды. 

Профессор, Экономикалық зерттеулер институтының Құрметті Президенті

Экономика ғылымдарының докторы, «Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi». 1989-1996 жылдары Экономикалық зерттеулер институтын басқарған. 1996 - 1999 жылдар аралығында Парламент Мәжілісі Аппаратының сектор меңгерушісі, Мәжіліс Төрағасы М. Оспановтың кеңесшісі болған. 2000-2004 жылдар аралығында – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі. Экономикалық саясаттың көптеген мәселелерін әзірлеуге белсенді араласқан: бағалар либерализациясы, нарықтық экономиканың құрылуы кезеңінде мемлекеттік меншікті, салықтық, бюджеттік және өнеркәсіптік саясатты жекешелендіру. А.Есентүгеловтың жұмыстары ішінде жоспарлы экономиканы нарықтық экономикаға трансформациялау жолдары мен проблемалары, макроэкономикалық тұрақтандыру, шағын және орта бизнесті қолдау бар. Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының әртараптандырылуына, оның бәсекеге қабілеттілігінің артуына, Қазақстан экономикасының макроэкономикалық қауіптеріне, әлемдік дағдарыс салдарларымен күресуде басты назар аударуда. Қазіргі уақытта «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Құрметті Президенті болып табылады.

Министр финансов Республики Қазақстан

1957 жылы 28 маусымда Алматы облысында дүниеге келген. 1981 жылы Қазақ Ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ экономика және АӨК ұйымдастыру ҒЗИ аспирантурасын бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.

1974 жылы Қазақ экономика және АӨК ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер және ғылыми хатшы болып жұмыс істеді. Мемлекеттік қызметті 1993 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде бастады. Мұнда зерттеулер және статистика департаменті директорының орынбасары, перспективалық зерттеулер орталығының директоры лауазымында қызмет атқарды. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігі директоры етіп тағайындалды. 1997 жылдан1999 жылға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 1999-2001 жылдар аралығында, сондай-ақ 2002 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі және бірінші қаржы вице-министрі болып жұмыс істеді. 2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі. 2003 жылдан 2004 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары. 2004-2006 жылдар арасында – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы. 2006 жылдан 2007 жылға дейін – Еуразия Даму Банкінің басқарма төрағасының орынбасары – Жобалау қызметі жөніндегі басқарушы директор. Экономикалық мәселелер бойынша арнайы және мерзімді баспаларда ғылыми жарияланымдары жарияланған. «Құрмет» Орденімен, мерекелік медальдармен марапатталған. 

 «РАКУРС» экономикалық талдау орталығының директоры

1961 жылы 26 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1986 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің экономикалық факультетін, Мәскеу Мемлекеттік Университетінің аспирантурасын бітірген. 1987 жылдың ақпанынан 2008 жылдың қазанына дейін ҚазКСР ҒА Экономика Институтының кіші ғылыми қызметкері, ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық Кеңестің консультанты, сосын ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық Кеңестің Экономикалық консультанттар Кеңесі басшысының орынбасары, ҚР Экономика министрінің бірінші орынбасары, Шетелдік инвестициялар бойынша Ұлттық агенттіктің төрағасы, Қазақстанның Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстанның Ұлттық Банкі Төрағасы, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, ҚР Инвестиция бойынша мемлекеттік комиссиясының Төрағасы, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі, «KEGOC» ААҚ президенті («Электр желілерін басқару бойынша қазақстан компаниясы»), ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы, ҚР Президентінің экономикалық және қаржылық мәселелер бойынша көмекшісі, ҚР Табиғи монополияларды және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстанның «АК ЖОЛ» Демократиялық Партиясының тең төрағасы секілді қызметтерді атқарған.

 

Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі техникалық ынтымақтастық Бөлімінің жоба менеджері

1981 жылы дүниеге келген. Жарылғасова ханым Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген, сондай-ақ, Фулд қолданбалы ғылымдар университетінің (Германия) “Мәдениетаралық коммуникация және еуропалық зерттеулер" гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін иеленген.   
Жарылғасова Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты, Фридрих Эберт қоры және сыртқы саясат жөніндегі Германиялық қоғам секілді ұйымдарда тағылымдамадан өтті. Ол Сыртқы саясат пен талдау орталығында ғылыми талдаушы, Орта Азиядағы Германиялық экономика Өкілдігінде менеджер, Германиялық Халықаралық Ынтымақтастық Қоғамында жоба үйлестірушісі болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі техникалық ынтымақтастық Бөлімінің жоба менеджері қызметін атқарады. 

Қырғызстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының м.а.

1960 жылы 31 шілдеде дүниеге келген. Білімі: 2008 ж. маусым – экономика ғылымдарының кандидаты, 1982 ж. шілде – 1984 ж. қыркүйек, Қырғыз Ұлттық Университеті (Қырғызстан) – Экономика саласында жоғары білім туралы диплом. 1977 ж. қыркүйек – 1982 ж. шілде – Қырғыз Ұлттық Университеті (Қырғызстан) – Қолданбалы математика саласында жоғары білім туралы диплом. Жұмыс тәжірибесі: 2010 ж. шілде – қазіргі уақытқа дейін, Қырғыз Республикасы Президентінің 2010 жылғы № 54 Жарлығымен Қырғызстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының м.а.болып тағайындалды. 2007 жылдың мамырынан – 2010 жылдың 22 шілдесіне дейін «Қырғызтан Коммерциялық Банкі» ААҚ-да Директорлар Кеңесі төрағасының орынбасары, аудит комитетінің төрағасы, Директорлар кеңесінің төрағасы, сонымен қатар, Дүниежүзілік банктің «Мақта секторын қалпына келтіру» жобасында қаржы мәселелері бойынға аға халықаралық кеңесші лауазымдарын атқарды. 1996 жылдың қазанынан 2006 жылдың ақпанына дейін Қырғыз Ауыл шаруашылық Қаржы Корпорациясында Атқарушы директор міндетін атқарды. 1992 ж.наурыз – 1996 ж. қазан – Қырғыз Республикасының Ұлттық Банкінде Валюта басқармасының бастығы, Валюта Басқармасының экономисі/жетекші экономисі/ бас экономисі, 1985 ж. ақпан – 1992 ж. наурыз - «Ақ-Тілек» Өндірістік бірлестігінде инженер-экономист.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрі

С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ғалым – математик, Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі. Ғылым, техника және білім саласында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері». Еңбек жолын С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ғылыми джәне оқытушы қызметтен бастаған. Көмекші қызметінен профессор, кафедра меңгерушісі, проректорға (1979 – 1991 жж.) дейін көтерілген. ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті (1991 ж.). 2001 жылдан 2005 жылға дейін ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі, ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР Үкіметі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2007 жылдың 18 тамызында депутат болып сайланып, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары,  ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясының жетекшісі болып сайланды. ЮНЕСКО алтын медальімен, Ислам елдерінің инженерлік академиялар Федерациясының ерекше белгісі және жоғары халықаралық марапаты

– «Инженерлік даңқ» орденімен марапатталды. Қазақстан Республикасының Құрметті инженері болып саналады. 

Төтенше және Өкілетті Елші, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы делегациясының басшысы

Норбер Жустен мырза Бельгия азаматы, 1947 жылы дүниеге келген, 1980 жылдан Еуропалық комиссияда қызмет атқарып келеді. Ол Люксембургте, Брюссельде, Венада қызмет етті, 2001-2004 жылдар аралығында Украина, Беларусь, Молдова және Киевте Еуропалық комиссия делегациясының басшысы болып еңбек етсе, 2004-2008 жылдары Мәскеудегі Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың атқарушы директоры  қызметін атқарды. Ол Де Льеж Университетінің физика саласындағы магистрі және Сент-Луис Институтында менеджмент бойынша магистрі дәрежесіне ие.

Германия археологиялық институтының мүше-тілшісі

Тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры (ҚР ЖАК), ҚР СҒА мүше-тілшісі, Берлин қаласындағы Германия археологиялық институтының мүшесі, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің археология және этнография оқу-ғылыми орталығының жетекшісі.
1947 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген, Петропавл педагогигикалық институтын тарих мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Мәскеу қаласында КСРО ҒА археология институтының аспирантурасын аяқтаған, «Солтүстік Қазақстанның Неолиті» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады, Санкт-Петербург, Мәскеу қалаларында тағылымдамадан өтті, Новосібір қаласындағы КСРО ҒА СБ-де докторлық диссертация қорғады. Солтүстік Қазақстан тарихы және археологиясы бойынша 100-ден астам монографиялар мен мақалалардың авторы. 

Қазақ спорт және туризм академиясының президенті

Қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін 3 жыл Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған. Профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымының докторы, бокстан КСРО спорт шебері, жеңіл атлетикадан спорт шеберлігіне үміткер, Халықаралық Дене шынықтыру және спорт университеттері қауымдастығының Президенті, Жоғары мектеп ғылымдары Халықаралық Академиясының академигі, Петр ғылым және өнер академиясының академигі.
Негізгі жарияланымдары: Шыңғысханның түріктік дастаны. Қазақтардың маңызды ертегілері: Деректі зерттеулер.- Алматы, 2008.- 
292 с.
Марапаттар: «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері».

Ницца қ. Туризм басқармасының Бас директоры

1962 жылы Францияда дүниеге келген. 1984 жылдан 1990 жылға дейін Чамони монт Бланк қаласында келушілер мен конференциялар Бюросында маркетинг пен промоушенге жауапты тұлға саналды. 1990 жылдан 1998 жылға дейін Аннеси қаласында (Франция) келушілер мен конференциялар Бюросында ұйымдастыру жөніндегі менеджері қызметін атқарды. 1998 жылдан 2005 жылға дейін Халықаралық маркетингтік ұйымның (Ski France International, Франция) бас менеджері болып жұмыс істеді. 2005-2008 жылдар аралығында Куршевель (Франция) қаласында шаңғы курорты бойынша Туристік әкімшіліктің бас менеджері қызметін атқарған. 2008 жылдан бастап қазірге дейін Ницца кот дэ Азур (Франция) қаласында келушілер мен конференциялар Бюросының Бас менеджері лауазымын атқарады. 

 «The Economist» журналының Азия аймағы бойынша редакторы

 «The Economist» журналындағы қызметін 1986 жылы қаржы репортері ретінде бастады. Нәтижесінде ол қаржы бойынша Редактор, кейін 1991-1994 жылдар аралығында Вашингтондағы тілшісі атанды. Сондай-ақ, ол 1994-2000 жылдары Қытай, Бейжің, Гонконгта тілші қызметін атқарды. Кейін 2001 жылы экономика және қаржы бойынша редактор қызметіне Лондонға оралды. 2004 жылы АҚШ-қа Вашингтондағы тілші жұмысына қайта тағайындалды, кейіннен «The Economist» филиалы «Intelligent Life» журналы редакторының орынбасары болып жұмыс істеді. 2005 жылдан 2009 жылға дейін Токиодағы «The Economist» бюросын басқарды. Қазіргі уақытта азиялық істер бойынша Banyan айдарының авторы болып саналады. Азияның экономика, саясат және қауіпсіздік мәселелеріне маманданады. 

Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан

Ғылым докторы, профессор, Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының мүше-тілшісі.1969-1978 жж. – Тараз және Мәскеу гидро-мелиоративтік құрылыс институтының студенті, түлегі, аспиранты. 1979-2004 жж. – Тараз мемлекеттік университетінің дәріс оқушысы, доцент, профессор, Ғылыми бөлім төрағасы, Проректор. 2004 - 2008 жж. - Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, Тараз қаласы. 2008 жылдың қарашасынан – қазіргі күнге дейін Халықаралық Аралды құтқару қоры атқару комитетінің төрағасы (ХАҚҚ АК).
Оның жетекшілігімен және тікелей қатысуымен келесідегідей құжаттар әзірленді: Орнықты даму үшін трансшекаралық өзендердің су қорларын қолданудың әдіснамалық негіздері және қағидалары, Қазақстан Республиасында суармалы егіншілікті дамыту Бағдарламасы, Қазақстан Республикасының «Су шаруашылығы жүйелерінің қауіпсіздігі туралы» және «Жерді мелиорациялау» заң жобалары, су тасқындарынан гидротехникалық және өзге су шаруашылғы құрылыстарының қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар. 

 

Перспективті материалдар орталығының директоры, Техас, АҚШ

Хьюстон Университеті Альтернативті Энергетика зерттеу Институтының директоры. Сан Хоседегі (Канада) Жартылай өткізгіштер корпорациясы Одағын техникалық қолдау Кеңесінің мүшесі. Физика, математика, химия ғылымдарының электр-компьютерлік инженерия саласының еңбек сіңірген профессоры. Хьюстон Университетінің физика және химия ғылымдарының профессоры. Оксидтік металлдар технологиясының бас технологы, Хьюстон. 2002-2005 жж.- Хьюстон Университетінің Техас жоғары өткізгішті және перспективті материалдар орталығының директоры. 1998-2003 жж. – химия, физика ғылымдарының, электрлік және компьютерлік инженерия саласының профессоры. 1988-2002 жж.- д Хьюстон Университетінің Ғарыштық вакуумдық эпитаксия орталығының директоры. 1987-2008 жж. – Техас жоғары өткізгіші орталығының жетекшісі. 1986-1988 ж. - Ғарыштық вакуумдық эпитаксия орталығының қауымдастырылған директоры, Хьюстон Университеті. 1984-1989 жж.- қауымдастырылған директор, Магниттік ақпараттық зерттеулер зертханасы.

Украина Жұмыс берушілер Федерациясының бас директоры

1977 жыл 23 мамырда Сахалинск облысында дүниеге келген. 1999 жылы Т.Г.Шевченко атындағы Киев Ұлттық Университетін бітірген. 1998 жылы «Пролог Семикор» ІЭҚ ЖШҚ-да экономист және менеджер болып жұмыс істеді. 2001 жылы«Бизнес» газеті мен «Власть денег» журналының шолушысы, редакторы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 2009 жылы Украина Жұмыс берушілер Федерациясы бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2010 жылдан қазіргі күнге дейін Украина Жұмыс берушілер Федерациясының бас директоры қызметін атқарып келеді. 

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы

КСРО-ның бірінші санаттағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі дипломатиялық дәрежесі бар, тарих ғылымдарының кандидаты. Қырғыз Республикасы мен Қытай Халық Республикасында Елші қызметтерін атқарған, сонымен қатар, Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігі халықаралық бөлімінің жетекшісі, Қырғыз Республикасы Сыртқы істер Министрі, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі, сондай-ақ, Орта Азиядағы Американдық университеттің профессоры және Қырғызстан қоғамдық саясаты Институтының директоры лауазымдарын атқарды.
2010 жылдың 1 қаңтарынан 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің шешімімен ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне тағайындалды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі

Э.ғ.д., профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі. «Металлургия», «Кабель», «Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту»,«Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту» ұлттық бағдарламаларын жасауға қатысты. 8 монографиясы жарияланды. 

Ренселар (АҚШ) Политехникалық институты жанындағы басқару және Лалли технологиясы Мектебінің деканы м.а., Халықаралық қаржылық зерттеулер орталығының директоры және профессор, Финляндия Орталық Банкінің ғылыми қызметкері

Профессордың негізгі зерттеу саласы – банк ісі, қор биржаларының экономикасы, дамушы нарықтардағы жекешелендіру және инновациялық компаниялар мәселелері болып табылады. Ол Рим Университеті, Роберт Шуман атындағы Страсбург Университеті, Луизианадағы ЕПФЛ, Мадридтегі Карлос III, Мемлекеттік Тайвань Университеті, Нью-Йорктегі Стерн атындағы бизнес мектепте сабақ береді. Сонымен қатар, ол Дүниежүзілік банк, БҰҰ, Италияндық депозиттік сақтандыру компаниясы және өзге де көптеген Орталық банктер мен Реттеу органдарының сарапшысы болып есептеледі. 

J’son & Partners (J&P) Негізін қалаушы және Басқарушы серіктес

Карл Йоханнессон — бизнес консалтинг саласында ең белсенді серіктестердің бірі болып саналады, коммуникация нарығында оның зияткерлік көшбасшылығын көптеген саясаткерлер мойындайды. Ол  медиа және телеком холдингтер, инвесторлар, вендорлар, операторлар мен құрал-жабдық, сервис және контент-провайдерлерді жеткізушілер үшін, әлемнің 40 мемлекетіндегі үкіметтік және қаржы ұйымдары үшін 1500-ден астам консультациялық жобаларды жеке басқарды. 1996 жылы Карл Йоханнессон Мәскеуде J&P компаниясының кеңсесін ашты.

 

 «DFC Associates LLC» консалтингтік компаниясының төрағасы, Аргентинаның бұрынғы экономика министрі, Аргентинаның бұрынғы сыртқы істер министрі

Гарвард университетінің экономикалық ғылымдар кандидаты. Болонья Университеті, 1 Пантеон-Сорбонна Париж Университеті, Турин Университеті, Бен-Гурион Университеі мен ГенуиУниверситетінің экономика ғылымдарының Құрметті докторы. «Fundación Mediterranea» Альмерия Университетінің Құрметті президенті. «Отыз топ» мүшесі және Испаниядағы «Моральдік және саяси ғылымдар» Корольдік Академиясының мүше-тілшісі.
Екі мәрте Ұлттық конгрессмен болып сайланды (1987-1991 және 1997-2001). 1982 жылы Аргентина Орталық Банкі төрағасы лауазымын атқарды, сонымен қатар, Кордова Ұлттық университетінде экономика профессоры, Нью-Йорк университетінің жанындағы Стерн бизнес мектебінде экономика профессоры, Гарвард университетінде Латын Американы зерттеу профессоры қызметтерін атқарды. Кітаптар мен жарияланымдар авторы.

 OSEO Тобы Бас директорының орынбасары

Бұрын 2005 жылы OSEO Garantie Бас директорының орынбасары қызметін атқарған болатын. 2005 жылдың қазан айынан OSEOGarantie (OSEO Garantie ШОБ үшін кепілдіктер, сондай-ақ, берілген кепілдіктер мөлшері € 6 миллиардқа есептелінетін венчурлік инвестициялауды ұсынуға маманданған қаржы мекемесі болып табылады) Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2003 жылдың наурызынан 2005 қазанына дейін – OSEO Garantie (бұрынғы SOFARIS) тәуекел-менеджменті департаментінің директоры. Аталмыш Департамент басқарудың ақпараттық жүйелерін жақсарту, тәуекелдерді бағалау, теңгерімді басқару, акционерлер мен мекеме-серіктестердің қарым-қатынасы, жаңа өнімдер әзірлеуге (секьюриттеу) жауапты. Кадо мырзаның үдерістерді оңтайландыру, телекоммуникациялар, өнеркәсіп, энергетика стратегиялары және ұйымдастыру, адам ресурстарын басқару саласында консультациялар ұсынатын Accenture және A.T. Kearney секілді екі жетекші консалтингтік компанияларда алты жылдық жұмыс тәжірибесі бар (1997 – 2003 жж.).

Ecole Polytechnique және Ponts et Chaussées секілді екі негізгі француздық университтердің түлегі болып саналады, мұнда ол ғылыми есептеулер және экономикалық ғылымдар, желілер мен қайта құру саласында білім алды.

«Maxim LLP» консалтингтік компанияның вице-төрағасы, Ұлыбритания

Уахид Кайзер он жылдан астам Исламдық банкинг қозғалысының  Батыстағы пионері болып саналады, Еуропа мен Солтүстік Америкада түрлі банктерді іске қосуға бастамашылық еткен. Ол Ситибанк, HSBC, UBS, IIBU, IBB және QCC басқаруында жауапты қызметтер атқарған. Сонымен қатар, ол Францияда құрылып жатқан Ислам банкінің (әзірге лицензияланған жоқ) негізін қалаушысы, бас директоры және төрағасы болып табылады. Кайзер мырза Англия Банкі және исламдық ипотека бойынша жұмыс тобы құрылтайшыларының бірі, исламдық қаржыландыру біліктілігі (IFQ) үшін бағалы қағаздар мен инвестициялар бойынша Лондон Корольдік институтында Ұлыбританиядағы техникалық топтың мүше-негізін қалаушысы. Бұдан бөлек, ол исламдық бөлшек қаржыландыру және банк қызметтері туралы кітаптың бірлескен авторы - Ұлыбританиядағы “Euro-money” журналымен жарияланған ғаламдық шақырулар.

Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссияның (АТМЭӘК) экологиялық саясат мәселелеріне жауапты маман  

МВА дәрежесіне ие, «Жасыл» өсім саясатын жүзеге асыру туралы  Еуропа және Азия-Тынық мұхитының серіктестігі – «Жасыл көпір» атты Астана бастамасын іске асыру туралы Серіктестік Бағдарламасының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі АТМЭӘК-дан жауапты үйлестіруші қызметін атқарады.
Қазақстандағы БҰҰДБ-ның елдік кеңсесінде 1998 жылдан 2005 жылға дейінгі жұмыс істеген аралығында қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласында субаймақтық және халықаралық жобаларды әзірлеуге қатысты, халықаралық гранттар қаражатынан Қазақстан үшін ресурстарды жұмылдыруға қолдау білдірді. Осы аралықта ҚР бірнеше халықаралық конвенцияларға қол қойып, елде бірнеше реформалар жүргізіп және орнықты даму стратегиясын әзірледі. АТМЭӘК экологиялық саясат және дамыту Департаментінің маманы ретінде, алтыншы АТА Қоршаған орта және даму Министрлер Конференциясының өткізілуіне, конференция құжаттарының әзірленуіне үлкен үлес қосты.

Копенгаген Университетінің ауыл шаруашылығы экономикасының профессоры

1958 жылы 4 желтоқсанда Грекияда дүниеге келген. 1982 жылы Грекияда Аристотель Университетін, 1989 жылы Саскачеван Университетінің (Канада) агроэкономика факультетін бітірген.
2000 ж. –Жерорта теңіздік аграрлық институтының профессоры, Ханья қ., Грекия. 2005 жылдан 2006 жылға дейін – Калифорния Университеті бизнес мектебінің шақыртылған дәріс оқушысы, Беркли. 2007 жылы Копенгаген Университетінің азық-түлік Институтының агрбизнес профессоры. Швеция ауыл шаруашылық ғылымдары Универсиетін экономика департаментінің шақыртылған дәріс берушісі. Вагенинген Университетінің Агроэкономика және Ауыл шаруашылық саясаты факультетінің профессоры, Нидерланды. Халықаралық институционалдық экономика қоғамының (ISNIE), Аграрлық сектордың ғалымдар қауымдастығының (NJF), Аграрлық сектордың Американдық экономикалық қауымдастығының (AAEA), Аграрлық сектордың Канадалық экономикалық қауымдастығының (CAES) мүшесі. Философия докторы. Грек, ағылшын, голланд және дат тілдерін меңгерген.

Millennium Finance Corporation негізін қалаушы және Басқарма төрағасы

Басты француздық телекоммуникациялық Telecom ParisTech мектебінің инженер дипломы және Массачусетс технологиялық институтының (Бостон) MBA дәрежесіне иелік етеді. Миллениум Файненс Корпорейшн командасына қосылмас бұрын, ол БНП Парибаның Орта шығыс, Африка, Түркия және Ирандағы басқарушы директоры қызметін атқарды. Оған дейін Вашингтонда Дүниежүзілік банктің құрылымында, Халықаралық қаржы   корпорациясында 4 жыл жұмыс істеген. Кейін Нью-Йорктегі және Лондондағы Lehman Brothers-те инвестициялық-банктік қызметтің телекоммуникациялық бөлімінде 4 жыл қызмет атқарған. Сосын Вашингтонда IFC-де телекоммуникациялық мекемеде инвестициялық шенеунік ретінде бір жыл, IBM France-те үш жыл еңбек еткен. Кеба Mittal, MTC/Celtel, Savola тобы, Etisalat және DIB секілді халықаралық корпорациялар мен үкіметтердің кеңесшісі болған. Кеба Кеинде соңғы жылдардағы еңбегі үшін 2010 жылы 4 ақпанда Кот Д’Ивуарда «Африкандық экономиканың құрылысшысы» атағымен марапатталды. 

Экономика саласы бойынша 2004 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты «серпінді макроэкономикаға қосқан үлесі үшін: экономикалық саясат пен іскерлік циклдердің уақыт жағынан келісушілігі»

1943 жылы Норвегияда дүниеге келген.
Финн Кидланд 1968 жылы Норвегия экономика және іскерлік басқару мектебінде бакалавр, 1973 жылы Карнеги–Меллон университетінде докторлық дәрежесін алды.
1977 жылы Карнеги–Меллон университетінде білім алған соң, аталмыш оқу орнында 2004 жылға дейін экономика профессоры болып қызмет етті.
2004 жылы Санта-Барбарадағы Калифорния Университетінде оқытушылық қызметін жалғастырды және осы мекеме аясында Бірлескен экономика және қаржы Зертханасының (LAEF) негізін қалады. Ол Даллас, Кливленд және Сент-Луистің федералды резервтік банктерінің ғылыми қызметкері және Остиндегі Техас штатының университеті  IC2 Институтының аға ғылыми қызметкері. Сонымен қатар, NHH-те адъюнкт-профессор болып табылады, сонымен қатар, Гувер институты мен Буэнос-Айрестегі (Аргентина) Torcuato di Tella Университетінде кеңесші және профессор лауазымдарында қызмет атқарды.

 

Ғылым және технологиялық саясат институтының президенті

Сук Джун Ким мырза 2008 жылдың тамызында Ғылым және технологиялық саясат институтының президенті болып тағайындалды. Ол Сеул ұлттық университетінің бакалавр-инженері және мемлекеттік басқару магистрі атағына, сонымен қатар, Калифорния университетінің саяси ғылымдар PhD атағына ие. 1993-1998 жылдар арасында Эвха Қыздар университеті Ақпараттық жүйелер факультетінің деканы болып жұмыс істеді. Аталмыш университетте 1989 жылдан 2004 жылға дейін мемлекеттік басқарудың профессоры қызметін атқарды. 2002 жылдың наурызына дейін Экономикалық соттың Азаматтық бірлестігінде атқарушы мүше болып еңбек етті. 2004 жылы – Корей мемлекеттік басқару қауымдастығының президенті. 2004 жылдан 2008 жылға дейін - Корея Республикасы ұлттық ассамблея мүшесі.

Украиндық өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағының президенті

1954 жылы 4 тамызда дүниеге келген. Украиндық саяси және мемлекеттік қызметкер, кәсіпкер, Петр Могила атындағы ҰМГУ құрметті профессоры. 1997 жылдан  бастап – Украиндық өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағының президенті. 1997-2009 жылдар аралығында – ХӨКК бірінші вице-президенті, 2009 жылдың 5 қазанында Вильнюсте ХӨКК ІХ Ассамблеясында  бірауыздан ХӨКК кеңесінің төрағасы болып сайланды. 2001 жылдың мамырынан 2002 жылдың қарашасына дейін –Украина Премьер-министрі. 2005 жылдың ақпанында  – Украинаның бірінші вице-премьер-министрі. 2005 жылдың қыркүйегінде Украина Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды. 2007 жылы Украина экономика министрі лауазымын атқарды. 2007 жылдың қарашасынан  – Украина Жоғарғы Кеңесінің Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері Комитетінің ӘӨК-ті дамыту мәселелері жөніндегі подкомитетінің басшысы. 2010 жылдың 11 наурызынан – Украина Президентінің кеңесшісі.
V сатылы және ІV сатылы Ярослав Мудрый ордендерімен, Литва республикасының Командорлық Крест орденімен марапатталған. 

Дүниежүзілік экономикалық форумның Еуропа мен Орталық Азиядағы аймақтық директоры

1988-1992 жж, заманауи тіл білімі бакалавры, Квинстегі Колледж, Кембридж Университеті; 1992-1993 жж, еуропалық елдерді зерттеу магистрі, Еуропалық Колледж, Брюжже; 1993-1994 жж, Еуропалық парламенттің ғылыми қызметкері, Брюссель; 1994-1996 жж, Ланкашир Энтерпрайзизде кеңесші, Брюссель; 1996-1999 жж, бизнесті дамыту менеджері, Британдық Кеңес, Лондон; 2000-2002 жж, Британдық Кеңес директоры, Брюссель; 2003-2008 жж, Британдық Кеңестің Санкт-Петербургтегі директоры, Ресей. 2008 жылдың наурызынан қазан айына дейін - Британдық Кеңес директорының міндетін атқарушы, Сьерра-Леоне. 2008 жылдың қазанынан желтоқсан айына дейін - Британдық Кеңес жобасының жетекшісі, Лондон. 2009 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін - Дүниежүзілік экономикалық форумның Еуропа мен Орталық Азиядағы аймақтық директоры. Мамандану саласы: халықаралық саясат және қатынастар.

Боливияның бұрынғы президенті, Мадридтік Клуб мүшесі

1960 жылы 5 мамырда Кочабамба қаласында (Боливия) дүниеге келген. Кирога ТехассУниверситетінің A&M Стейшен колледжін «Өнеркәсіптік өндіріс» мамандығы бойынша үздік бітірді. Техас штатының Остин қаласында Эдвард Университетінде бизнес басқару магистрі дәрежесін иеленді. Остин қаласында жеке секторда IBM компаниясынды еңбек етті. 1988 жылы Боливияға оралып, мұндағы тау-кен игеретін Mintec компаниясында жұмыс істеді. Боливия Коммерциялық банкінің жобалар және инвестициялар жөніндегі вице-президенті лаазымын атқарды. Саяси мансабын Acción Democrática Nacionalista (ADN) партиясының құрамына қабылдану кезінен бастады. 1989 жылы Жоспарлау Министрлігінің жанындағы мемлекеттік инвестициялар және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары болды, 1992 жылы Қаржы Министрі болып сайланды. Бұдан кейін Дүниежүзілік банктің, Халықаралық Қаржы корпорациясының және Халықаралық Валюта қорының басқарушысы, сонымен қатар, Анд даму корпорациясының (АКР) басқарушы қызметтерін атқарды. 1998 жылы 37 жасында Боливия президенті Уго Бансердің жетекшілігімен Боливияның вице-президенті болып тағайындалды, осылайша ол Боливия тарихындағы ең жас вице-президен атанды.  Ол 2001 жылы Бансердің орнына Президент болып сайланып, бұл құзырлы қызметті 2002 жылдың тамызына дейін атқарды. 

G8 Зерттеу тобының директоры, Торонто университетінің жанындағы G20 зерттеу тобының тең директоры

G8 Зерттеу тобының директоры және G20 зерттеу тобының тең директоры, әрі Торонто университетінің Триджи колледжі Манка атындағы халықаралық қатынастар факультетінде орналасқан Жаһандық денсаулық сақтау дипломатиялық бағдарламасының тең директоры. Саясаттану профессоры, Канаданың халықаралық саясаты және жаһандық басқару бойынша сабақ береді. Канадалық және ресейлік үкіметке, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына, Жалпыға бірдей американдық денсаулық сақтау ұйымы мен  G7/8 мен G20-ның қатысуымен Халықаралық Банкирлер федерациясына халықаралық сауда және орнықты даму бойынша кеңестер жүргізген, сондай-ақ,  G7/8 және G20 саммиттері бойынша кеңінен мақалалар жазды. Көптеген жарияланымдардың авторы. 

 «INNO AG» компаниясының, София-Антиполис технологиялық саябағының диекторы, Еуропалық Одақтың ИСТОК-СОЮЗ 7-шекті бағдарламасы жобасының үйлестірушісі

1990 жылы Мәскеу Мемлекеттік университетін бітірген, сонымен қатар, Францияның Авиньон Университетінде (1994-1995), Ұлыбританияның Глазго Университетінде MBA – CERAM (Жоғары коммерциялық мектеп) бағдарламасы бойынша білім алған (2000-2001).
Қызметтегі лауазымы: Директор және аға кеңесші, Inno-TSD
Негізгі біліктіліктері:
ЕО мен транзиттік экономикада жобалық менеджмент және консалтингік тәжірибе, халықаралық жобалар, 7-шекті бағдарламаны үйлестіруде тәжірибе, ЮНИДО-ның инновациялар, бәсекеге қабілеттілік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша халықаралық сарапшы, инновациялар мен бәсекеге қабілеттілік мәселелері, соның ішінде кластерлер, технология трансферті және коммерциялау мәселелері саласынта терең білім, ЕО инновациялық саясаты мен стратегиялары, технологиялар трансферті, инновациялық инфрақұрылымды қолдау, ғылымдар мен техносаябақтар саласында 10 жылдан астам тәжірибе, инновациялар мен экономикалық даму жөніндегі бағдарламалар менеджері, модератор.

Грузия экономика және орнықты даму Министрі

1981 жылы 24 тамызда Сухуми (Грузия) қаласында дүниеге келген. 1999 жылы King George мектебін бітіріп, 2004 жылы Британдық Колумбиядағы Технологиялық институтта іскерлік басқару және ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша білім алған.
Министрліктегі жұмыс тәжірибесін 2001 жылы Канадалық халықаралық денсаулық сақтау қоғамында, Халықаралық денсаулық сақтау жүйесінде жоба маманы ретінде бастаған. 2004 жылдан 2006 жылға дейін Вера Кобалия Global TV-де продюсер, 2007-2008 жылдар арасында Boston International компаниясында маркетинг және сауда жөніндегі менеджер қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап, Ванкуверде (Канада) құрылған компанияның серіктесі болды, 2010 жылдың ақпанында Грузияға қайта оралып, іштей ауысу тұлғалардың құқығын қорғау жұмысымен айналысатын «Әділеттілік үшін Коалиция» мемлекеттік емес ұйымның төрағасы атанды. 2010 жылдың 2 шілдесінде Вера Кобалия Грузия экономика және орнықты даму Министрі лауазымана тағайындалды. 

Лонг Айленд университетін жанындағы басқару колледжінің директоры

Білімі: менеджмента саласында PhD, басқару саласында MBA (Раткерс Университеті, Нью Джерси), халықаралық менеджмент саласында магистр (Бэйлорд Университеті), экономика ғылымдарының бакалаврі (Хьюстон Университеті), оқытушы технологиялар бойынша сертификаттар (Технологиялық институт, Нью-Джерси), қашықтықтан оқыту әдісін әзірлеу және оқыту бойынша маманданады.
Жұмыс тәжірибесі: БҰҰ дамыту бағдарламасының үйлестірушісі: Еуропа мен ТМД бойынша аймақтық басқару; Энергоресурстар және Атмосфера жөніндегі Бағдарлама; біріккен ұлттарды дамыту үшін қаржы – микроқаржыландыру бөлімінің мам., БҰҰ жанында әйелдердің біліктілігін арттыру жөніндегі бөлім.
Түрлі халықаралық конференцияларда, соның ішінде Италия, Аргентина, Нидерланды, Лебанон мен Тунисте өтетін жиындарға белсенді ат салысып тұрады. 

Ресей Федерациясы Бюджеттік шешімдер Институтының Бас директоры

1972 жылы 24 мамырда дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетін және РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясының Аспирантурасын бітірген. 
Зерттеу және консультациялық жобаларда қызмет еткен 18 жыл тәжірибесі бар және оның 10 жылын қоғамдық қаржы және мемлекеттік басқару саласына арнаған. UNDP Vetted Experts Roster және UNDP Vetted Experts Roster for Area of Public Finance мүшесі. Дүниежүзілік банктің, UNDP, UNICEF, UNESCO кеңесшісі. Сколково бизнес-мектебінің дәріс оқушысы. Еуропалық Одақ елдерінде консалтинг пен оқыту саласында жобаларды жүзеге асырған. Дүниежүзілік банк (World Bank), БҰҰ  Дамыту бағдарламасы (UNDP Development programme), Американдық халықаралық дамыту Агенттігі (USAID), Канадалық халықаралық дамыту Агенттігі (CIDA), Великобритания халықаралық дамыту Агенттігі (DFID), Дүниежүзілік банктің Институты (World Bank Institute), UNESCO және т.б. секілді халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыс жасауда он жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
 

«Генетикалық ақпарат жасушаларын көшіру механизмін зерттегені үшін» химия саласы бойынша 2006 жылы Нобель сыйлығының лауреаты, Стэндфорд университетінің профессоры, «Сколково» инновациялық орталығы ғылыми-техникалық кеңесінің тең төрағасы

1947 жылы 24 сәуірде Сент-Луисте (Миссури, АҚШ) медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Артур Корнберг пен биохимик Сильвия Рут Левидің отбасында дүниеге келген. 
1967 жылы Роджер Корнберг Гарвард университетін бакалавр дәрежесі бойынша бітірген, 1972 жылы Стэнфорд университетінде доктор ғылыми дәрежесін иеленді. 1976 жылы Гарвард университетінің жанындағы әскери-медицина мектебінде қызмет етті. 1978 жылы Стэндфорд университетіне қайта оралып, профессор қызметін атқарды.
Корнберг — Құрама штаттардың Ұлттық ғылым академиясының және Американдық өнер мен ғылым академиясының мүшесі. 1997 жылы Корнберг Харви сыйлығының лауреаты атанды. 2006 жылы генетикалық ақпарат жасушаларын көшіру механизмін зерттегені үшін химия саласы бойынша Нобель сыйлығына лайық деп танылды.
Роджер Корнберг Жорес Алфёровпен бірге РФ «Сколково» инновациялық орталығы ғылыми-техникалық кеңесінің тең төрағасы болып саналады. 

Халықаралық валюта қорының кеңесшісі (ХВҚ), ХВҚ директорының бұрынғы орынбасары, Кайман аралдары ақшалай-несиелік мекемелерінің бұрынғы басқарушысы

Берклидегі Калифорния Университетінде бакалавр дәрежесін және Чикаго университетінде экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. 2003 жылға дейін Халықаралық валюта қорының монетарлық және қаржылық жүйелер бөлімі директорының орынбасары қызметін атқарды, мұнда ол Орталық банктің 20-дан астам мемлекеттерге техникалық көмек көрсету жұмыстарын басқарды. ХВҚ-да 26 жыл адал қызмет еткен соң, 2003 жылдың мамырында Кайман аралдары ақшалай-несиелік Басқармасы Директорлар Кеңесінің мүшесі қызметіне ауысты. Оның соңғы кітаптарының бірі - «Боснияның бірыңғай валютасы: Босния мен Герцеговинаның Орталық банкін құру»— 2007 жылы қарашада жарияланды. Қазіргі уақытта Ауғанстан, Ирак, Кения мен Оңтүстік Судан елдерінің Орталық банктеріне кеңес жүргізеді. 

Metro Cash & Carry Қазақстан компаниясының басқарушы директоры

Metro Cash & Carry Қазақстан компаниясының басқарушы директоры. 2008 жылдың қыркүйегінен – қазіргі күнге дейін. Азық-түлік өнімдерін сату/үлестіру – бөлшек және көтерме сауда саласында жиырма жылдан астам халықаралық тәжірибесі бар. Білімі: Лондон бизнес-мектебі. Қарқынды оқыту бағдарламасы (Executive Education). 2008 жылдан 2009 жылға дейін. Темпл университеті - Бизнес және MBA басқару, қаржы, халықаралық бизнес Фокс мектебі, 1982 жылдан 1983 жылға дейін. Колумбия университеті – Халықаралық және қоғамдық қатынастар мектебі – ғылымдар кандидаты, халықаралық қатынастар, орыс тілі филологы. Жұмыс тәжірибесі: 2001 жылдың мамырынан 2008 жылдың қыркүйегіне дейін бөлшек сауда. Осы уақытта ол барлық қолайлы жағдайларды ұсына отыра, 70-тен астам қызметкерлерді басқарды. Стратегиялық жоспарлаудың барлық аспектілеріне, соның ішінде жаңа нарықтар өсіміне үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, жеткізушілермен келіссөздерді сәтті жүргізіп, 5000 келісімшартты басқарды. 1999 жылдың шілдесінен 2001 жылдың сәуіріне дейін - Вице-президент, Санкт-Петербургтегі филиалдың директоры. Өнеркәсіптің азық-түлік өнімдерінің өндірісі, 1997 жылдың шілдесінен 1999 жылдың ақпанына дейін. Ресейдің бүкіл Солтүстік-Батыс аймағына тоңазытылған өнімдерді үлестіруге жауапты болды. 

Аға инвестициялық стратег, «IJ Partners SA» компаниясы консультативтік кеңесінің мүшесі, Әлемдік Валюта Қоры Басқармасының бұрынғы мүшесі

StealthGas Incorporated компаниясы Директорлар Кеңесінің мүшесі, 1991 жылдан 1993 жылға дейін Афиныда (Грекия) Премьер-Министр Константин Мицотакистің кезінде бас экономикалық кеңесшісі; Лондондағы Salomon Brothers компаниясының жаңа нарықтарды стратегиялық дамыту, грекиялық және экономикалық перспективаларды талдау бөлімінің қызметкері; Piraeus Bank банкінің басқару кеңесшісі, S & B Industrial Minerals компаниясының қоғамдық халықаралық тобы компаниялар директорлар кеңесінің директоры.
Пенсильвания штаты Университетінің экономика саласы бойынша магистр және доктор дәрежесіне ие. Пенсильвания мен Принстон университетінде экономика бойынша сабақ берді. Халықаралық сауда саясаты, Латын Америка борышқорлық дағдарысы және Еуропалық валютаны сәйкестендіру жөніндегі бірнеше жарияланымдардың авторы. 

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы

1993-1994 жж. Женевада Словакияның БҰҰ-дағы және өзге Халықаралық ұйымдарда, соның ішінде ЭЫҰ Тұрақты өкілі. 
1998 жылдан 1999 жылға дейін – БҰҰ Бақылаушылар Миссиясы Басшысының және Бас Хатшының Тәжікстандағы арнайы өкілі.
2000 жылы – ЕҚЫҰ-да қызметтік міндеттер кезінде Төрағаның Орта Азиядағы жеке өкілі. 1994 жылдан 1998 жылға дейін - ЕҚЫҰ Жанжалдарды болдырмау жөніндегі Орталық директоры. 1995 жылдан жылға дейін – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы (ЕҚЫҰ).
2005-2006 жылдары  - Еуропалық Кеңестің Орталық Азиядағы арнайы өкілі, кеңсе Брюссельде орналасқан. 2006 жылдан 2009 жылға дейін Словакия Сыртқы істер министрі қызметін атқарды. 2007жылдан 2008 жылға дейін – Еуропалық Кеңес Министрлер Комитетінің төрағасы. 2008 жылы 19 желтоқсанда БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы қызметіне тағайындалды (БҰҰЕЭК). 

Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті (РЖҒА) 

1938 жылы 29 тамызда Мәскеуде дүниеге келген. 1962 жылы Орджоникидзе атындағы Мәскеу Геологиялық барлау университетінің геофизика факультетін бітірген. 1967-1969 жылдар арасында М. В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің физика факультетінде «инженерлік ағын» мамандығы бойынша білім алған (екінші арнайы жоғары білім). Техника ғылымдарының докторы (1974), профессор (1980).
1994  жылдан бастап «Дубна» халықаралық табиғат, қоғам және адам университетінің ректоры, «Ресейдің зияткерлік ресурстары» Ұлттық комитетінің тең төрағасы, БҰҰ ЮНЕП Ресейлік ұлттық комитетінің вице-президенті.
Отандық және шетелдік басылымдарға шыққан 300-ден астам ғылыми еңбектердің авторы. 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы, «Атамекен» одағы» ҚҰЭП президиумының төрағасы 

1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Михаил Ломоносов атындағы ММУді тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты. 1988-1990 жылдары - Қазақ КСР Мемжоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және нормативтер ғылыми-зерттеу экономикалық институтының (ЖНҒЗЭИ) экономисі, кіші ғылыми қызметкері және Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры Ғылыми-консультациялық орталығының директоры. 1992 жылы түрлі бизнес-құрылымдарды басқарды. 1997 жылы Қазақстан Республикасы инвестициялар жөніндегі Мемкомитеті Жобаларды бағалау және келіссөздер жүргізу дирекциясының директоры қызметіне тағайындалды. 1997 жылдың мамырынан 1999 жылдың наурызына дейін - «Қазақойл» Ұлттық мұнайгаз компаниясы» ЖАҚ-ының экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті. 1999 жылдың наурызында - «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы» ЖАҚ-ының президенті, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-ының бас директоры. 2001-2002 жылдары - «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» ЖАҚ-ының бас директоры. 2002 жылдан бастап 2005 жылға дейін -  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ының бірінші вице-президенті болған. 2005 жылдың қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. 2006-2007 жылдары - «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Самұрық қазақстандық холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары. 2008-2011 жж. - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2005 жылдан мұнай-газ және энергетикалық секторлар кәсіпорындарын біріктіретін «KazEnergy» Қауымдастығын басқарып келеді. «Құрмет» Орденімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Достық» және «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған.

 «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Басқарма Төрағасы

Техника ғылымдарының кандидаты. Жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істеді, ҚР индустрия және сауда Министрлігінде, ҚР Энергетика және минералды ресурстар Министрлігінде департаменттерді басқарды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.
2009 жылдың қыркүйегінде «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалды. 

Гарвард университетінің экономика профессоры, АҚШ  Мемлекеттік хатшысының экономикалық мәселелер жөніндегі бұрынғы орынбасары, АҚШ Мемлекеттік хатшысы бұрынғы м.а.

Үш жақты комиссияның, Халықаралық қатынастар жөніндегі Кеңестің, АҚШ әскери-теңіз операциялар басшысы атқарушы комитетінің және экономикалық қызмет жөніндегі Брукниг комитетінің мүшесі. АҚШ Үкіметінде түрлі қызметтер атқарған: Барлау жөніндегі Ұлттық кеңестің төрағасы (1995-97), мемлекеттік хатшысының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары (1977-81), Мемлекеттік хатшы көмекшісінің халықаралық валюта мәселелері жөніндегі орынбасары (1965-66) және Экономикалық консультанттар кеңесірің аға экономисі (1961-63). Сондай-ақ, ол Бостондағы Федералды резервтік банктің төрағасы (1990-92) және Жаһандық даму желісінің вице-төрағасы (2001-2007) лауазымдарын атқарды. Маршалл қорының стипендиаты бола тұра, Лондон экономика мектебінде оқып, Гарвард университетінде доктор дәрежесін алды. Экономика, менеджмент және экология бойынша кітаптар мен жарияланымдардың авторы. 

Маңғыстау облысының әкімі

1955 жылы 20 мамырда дүниеге келген. Қырымбек Елеуұлы Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалалық комитетінің бірінші хатшысы, комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі, ҚР Министрлер Кабинеті Аппараты ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР Үкіметі аппараты басшысының орынбасары, ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы - Баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі, ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі, ҚР Білім және ғылым министрі, Батыс Қазақстан облысының әкімі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Финляндиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі (қоса атқара), Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі (қоса атқару). 2006 жылдың 24 қаңтар айынан – Маңғыстау облысының әкімі.

Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттiк қызмет академиясының экономика және нарық шаруашылығын мемлекеттік реттеу кафедрасының меңгерушісі

Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Ресей жаратылыстану академиясының және Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі, Менеджмент және нарық академиясының академигі.
Көп жылдар қатарынан Н.Д. Кондратьев атындағы Халықаралық қор Төрағасының орынбасары қызметін атқарып келеді. Біліктілік диссертациялық кеңесін басқарады. «Экономист» және «Государственная служба» журналдарының редалқа мүшесі. Үкіметтік марапаттармен марапатталған (Үш орден және 7 медаль). Ресей Федерациясының еңбек сіңірген экономисі.
310-нан астам жарияланымдар жазған, соның ішінде алты жеке монография, беделді ғылыми журналдарда көптеген мақалалар мен бірнеше оқулықтар бар.

«Kazachstan Reizen» компаниясының директоры

1967 жылы 22 наурызда Нидерландыда дүниеге келген. 1985-1990: Бизнес экономикада магистр дәрежесі 'Vrije Universiteit Амстердам қ., Нидерланды. 1999-2001: Алматы қаласындағы «Discover Kazakhstan» компаниясының қожайыны-директоры, Қазақстанда экспаттар турын ұсынатын жергілікті серіктеспен бірге. 2001-2006: Нидерландыда Interchess BV баспа компаниясының вице-директоры қызметін атқара отыра, Қазақстанға турлар ұсыну жұмысымен айналысты. 2006 жылдан – қазіргі уақытқа дейін: 2006 жылы Қазақстанда Kazachstan Reizen компаниясының құрылуны, Нидерланды және шетелдердегі клиенттер үшін Қазақстанға турлар ұйымдастыру жұмысын кәсіби жасайды және ұсынады. 

 «NITON Capital» компаниясының президенті

Көптеген киленттер үшін қаржыландыруды көтеріп, соның ішінде сауда-қаржылық қаражатын (500 млн. АҚШ долларынан астам), сондай-ақ, өңдеуші зауыттың айналма капиталын  (250 млн. АҚШ доллары) көбейтіп және инвестициялық қорын құрған ол Нитон Капиталға дейін, ол Литаско (Лукойл) компаниясында жұмыс істеді. Ол мұнда жүктерді тасымалдау, жасыл егіс өнімдерін бағалау және мұнай-газ мүліктерін қабылдау жұмысына жауапты болды.
Лукойл командасына қосылмас бұрын, ол кеңес беру, құрылым, коммерциялық ұшақтарды (Боинг және Ильюшин 96М/Т) сатып алуға қатысты келіссөздер мен 100 млн. АҚШ  долларынан 1 500 млн. АҚШ долларына дейінгі қаржыландыру, сонымен қатар, әуе жолдары, Ресейде өнеркәсіптік жобаларды дамыту айырбастау операцияларына жауапты болған Forus Services компаниясында еңбек етті.
Сингапурде орналасқан International Fintrade Services компаниясының басқарушы директоры қызметінде жүріп, оңтүстік-шығыс Азияның бірнеше ірі өнеркәсіптік компанияларының қаржыландыруын құрып, көтерді. Ив Феникс Университетінің MBA дәрежесі мен Женева Университетінің Бизнес Басқару дәрежесіне ие. 

Корей ғылыми және технологиялық бағалау, жоспарлау институтының  президенті (KISTEP)

PhD докторы (1981 г.). 1981-1986 жж. Кангрунг университетінде профессордың көмекшісі. 1986-2008 жж. – Тохоку Мемлекеттік университеті биология Департаментінің профессоры.1996-2000 жж. – Іргелі ғылымдарды зерттеу институтының президенті. 1998 ж. – Ғылыми зерттеулер институтының президенті. 1999-2000 жж. – Корея Ботаникалық қоғамының вице-президенті. 2002-2005 жж. – Өнеркәсіп ынтымақтастығы және Эхва университеті қорының президенті. 2004-2005 жж. – Корей ынтымақтастық қоры зерттеу кеңесінің президенті. 2004-2007 жж. –BPI S&T Forum президенті. 2005 ж. – білім беру жөніндегі Корей өнеркәсіптік арнайы комитеті Федерациясының кеңесшісі. 2006 ж. – Сеулдік өнеркәсіп және университет ынтымақтастығы комитетінің президенті, Корей өнеркәсіптік-академялық ынтымақтастық федерациясының келістіуші комитетінің төрағасы. 2008 ж. – Корей политехникалық университетінің директоры, Корей S&T қоғамы федерациясының директоры, Ұлттық ғылым және технологиялар кеңесінің мүшесі, Стратегия және қаржы Министрлігі қор саясаты комитетінің мүшесі, Корей бағалау және жоспарлау институтының  президенті S&T (KISTEP). 2009 жылдан бастап –  Корей зерттеу басты кеңесінің директоры S&T.

«LATIFONDS AG» президенті

Тьерри Лоран  1951 жылы Шомонда дүниеге келген. Лоран мырза Париждегі ESIEE университетінің электроника бакалаврі дәрежесіне иелік етеді және Бельгиядағы Леван Университетінде ғылыми зерттеулерді жалғастырған. Швейцарияда қаржыландыру, консалтинг және шетелдіктердің экспатриациясы бойынша өзінің жеке компаниясын құрды (LATIFONDS AG). 2002 жылдың 2007 жылдың соңына дейін T3G вице-төрағасы, Бейжіңде Datang, Samsung пен Philips арасындағы қытайлық бірлескен кәсіпорын. 1999 жылдың маусымында Тьерри Лоран Philips Semiconductors-те телекоммуникациялық терминалдар мекемесінің басшысы болып тағайындалды және 2001 жылдың көктемінде мобильдік байланыс мекемесінің басшысы болып бекітілді.
СБИС-тегі қызметіне дейін, Лоран 7 жыл бойы аға вице-президент және коммуникативтік өнімдер тобының бас менеджері болып жұмыс істеді. Лоран мырза СБИС құрамында Калифорнияда, АҚШ (5 лет), Мюнхеньде, Германияда (11 лет) және  Францияда (2 жыл) 18 жыл бойы жұмыс істеді. 1981 жылы СБИС-ке келгенге дейін, Құрама штаттарда «Advanced Micro Devices»компаниясының электробайланыс бөлімінде және Франциядағы «Texas Instruments» компаниясында қызмет етті. 

Ресей ІІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (университет) Шығыс Азия және ШЫҰ зерттеулер орталығының директоры

Тарих ғылымдарының докторы, саясат мамандығы бойынша философия докторы, Азия-Тынық мұхиты қауіпсіздік жөніндегі ынтымақтастық кеңесінің мүшесі (АТҚЫК), сыртқыэкономикалық байланыстар бойынша Мәскеу облысы губернаторының кеңесшісі, Ресей ІІМ ММХҚИ (У) ШЫҰ Университетін құру және қызмет істеу жобасының ғылыми жетекшісі. КСРО ІІМ-де, КСРО-ның ҚХР-дағы Елшілігінде, КСРО ҒА Шығыстану Институтында жұмыс істеген, Москеңестің депутаты болып сайланған. Сонымен қатар, Гарвард университеті мен Брукингс атындағы Институтта (АҚШ) жұмыс істеп, ММХҚИ (У) салыстырмалы саясаттану кафедрасының доценті, Дж.Вашингтон атындағы еуропалық, ресейлік және еуразиялық зерттеу Университетінің (АҚШ) қауымдастырылған зерттеушісі қызметтерін атқарды.
2004 жылы негізі қаланған уақыттан бері Ресей ІІМ ММХҚИ (У) Шығыс Азия және ШЫҰ зерттеулер орталығын басқарып келеді.

Швеция туризм индустриясы Федерациясының президенті

Стокгольм университетінде MBA дәрежесін алған. Янның туризм индустриясы саласында орасан зор тәжірибесі бар және Швециямен қатар, халықаралық деңгейге бірқатар басқарушы қызметтерді атқарған. Ян өз мансабын Tour operator және Airline Industry компанияларында сауда және маркетинг бөлімінде бірнеше қызметтер жасаудан бастаған. Сондай-ақ, ол Амадеус Маркетинг ірі коммерциялық дистрибьюторлық компаниясында басқарушы лауазымдарды атқарды. Ол бірнеше компаниялардың негізін қалады және мобильдік сауданы шоғырландыру ісінде алғашқы пионерлердің бірі болды әрі саяхатты мобильді меңгеруді әзірлеу бойынша компания құрды.  Швеция туризм индустриясы Федерациясында бизнесті дамыту бағыты бойынша еңбек етеді және ұлттық даму бағдарламалары мен туризм индустриясы саласында кәсіпкерлер үшін қаржыландыру жасауға ерекше көңіл бөледі. 

COMPASS GmbH Басқарушы Директоры

1985-1992 жылдар аралығында Кёльн Университетін география және этнология мамандығы бойынша, сондай-ақ, Бонна университетін қалаларды жоспарлау мамандығы бойынша бітірген.
Қазіргі таңда Кёльн (Германия) қаласындағы COMPASS GmbH фирмасының басқарушы директоры қызметін атқарады, сондай-ақ, Кёльн Бизнес мектебінің жанындағы Туристік Консультацияның жетекшісі болып саналады. Кёльн Бизнес мектебі мен Халықаралық Басқару мектебінің доценті.
Туристік дестинациялық нысандарды жоспарлау және дамыту, табиғи және экологиялық турзим, стратегиялық даму, көрме маркетингі және және іс-шараларды ұйымдастыру (Берлиндегі Халықаралық Туристік Биржа ИТБ), туризм саласында кадрларға білім беру, турзим жөнінде оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, сонымен қатар, кәсіптік-техникалық мектептер мен университеттерде бағдарлама әзірлеу саласында маманданады. 

Польшалық жұмыс берушілер конфедерациясының президенті

Познань экономика университетін бітірген және экономика саласында PhD атағын бар. Ішкі нарық Министрі мен Ауыл шаруашылығы Министрінің орынбасары ретінде Үкіметте қызмет атқарған. 1996 жылы Анджей Малиновскийге Премьер-министр Экономика Министрлігін құру жөніндегі тапсырманы басқару міндеті жүктелді, кейін ол мұнда жауапты хатшы қызметіне тағайындалды. Парламент мүшесі бола тұра, сыртқы-экономикалық қатынастар жөніндегі Комиссияның Вице-президенті міндетін атқарды, сондай-ақ, жеке заңгерлік компанияларда басқарушы лауазымдарды атқарды.
Еуропалық Кеңес  Парламенттік Ассамблеясының Парламенттік мүшесі болып табылады. Польшалық жұмыс берушілердің көшбасшысы ретінде ЭЫДҰ өнеркәсіптік консультациялық комитетінің Президенті қызметін атқарды.
Еуропалық интеграция жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі және Еуропалық экономикалық және әлеуметтік комитетте польшалық жұмыс берушілердің өкілі болып саналады. 2005 жылы Еуропалық кәсіпорындар орталығына вице-президент болып сайланды. Сондай-ақ, Халықаралық жұмыс берушілер ұйымында Польшалық жұмыс берушілер конфедерациясының өкілі болып табылады

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің техникалық ынтымақтастық бөлімінің басшысы

1966 жылы дүниеге келген. Эрлангендегі Фридрих-Александр Университетінде (Германия) экономика магистрі дәрежесін алған. 1993-2008 жж. Бенинде (Батыс Африка) Германия үкіметінің қаржыландыруымен, ауыл шаруашылығын дамыту жобасында, сондай-ақ, Германия Сыртқы Істер Министрлігінде Дипломатиялық дайындық мектебінде  кіші сарапшы, әрі Германия Сыртқы Істер Министрлігінде гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі референт, Сьерра-Леонде Еуропалық комиссия Делегациясының экономикалық кеңесшісі, Аргентинадаға Еуропалық комиссия Делегациясының бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бері Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің техникалық ынтымақтастық бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келеді. 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 

1968 жылы  17 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті мен Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
1998-1999 - Қостанай облысының жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары. 1999 - Қостанай облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2000 - Қостанай облыстық Қаржы департаменті директорының бірінші орынбасары. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қостанай облыстық Қазынашылық басқармасының бастығы. 2003-2004 - Қостанай облысы әкімінің орынбасары. 2004-2006 - Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2006-2007 - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2007-2008 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары. 2008-2011 - «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы.
2011 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі.

 «Валюта бағамының түрлі тәртібі шеңберінде ақшалай және қазыналық саясатты талдауы, сондай-ақ, қолайлы валюталық аймақтарды талдауы үшін» экономика саласы бойынша 1999 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты 

1932 жылы Кингстонда дүниеге келген. 1953 ж. Британдық Колумбия Университетінде экономика бакалаврі дәрежесін алды. 1956 ж. Лондон экономика мектебін тәмамдап, Массачусетс технологиялық институтында PhD докторы атағын иеленді. 1961 ж. Халықаралық валюта қорына жұмысқа орналасты. 1966 жылдан 1971 жылға дейін  – Чикаго университетінде экономика профессоры және «Journal of Political Economy» журналының редакторы. 1965-1975 жылдар аралығында Женевадағы Халықаралық зерттеулер орталығында, 1997 жылдан 1998 жылға дейін Пол Х. Нице. Халықаралық зерттеулерді дамыту мектебінің жанындағы Джонс Хопкинг Болондық орталығында  шақыртылған профессор қызметін атқарды. Колумбия университетінің экономика профессоры. Қолайлы валюталық аймақтар теориясының құрушысы ретінде танымал. Париж университетінде Honoris Causa Докторы атағын иеленді. Брукинс институты мен көптеген өзге университеттердің Құрметті профессоры. 2005 жылы Киль әлемдік экономика институтының экономикалық марапатымен марапатталған.

Мемлекеттік сектор бойынша инвестициялық кеңестің жетекшісі, Ashmore Investment Management Limited.

Компанияға 2008 жылы келген және мемлекеттік қаржы секторы институттары үшін әлемдік қаржы жүйелерінің құралдары мен жаңа инвестициялық өнімдеріне сүйене отыра, мемсектордағы инвестиция бөлімшелерінің кеңейтілуін басқарды. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) бөлімше басшысының орынбасары қызметін атқарды. Латын Америкаға тұрақты өкіл әрі ХВҚ-на мүшелік мәселелері және қордың несиелік саясаты жөніндегі сарапшысы ретінде бірнеше рет іссапарға жіберілді. Занимался исследованием рынка инвестиционных банковских операций в Шығыс Еуропада инвестициялық банкілік операциялар нарығын зерттеумен айналысты және Африкада Credit Suisse  компаниясының өкілі ретінде және Латын Америка үшін БҰҰ Экономикалық комиссиясының (CEPAL) тапсырмасы бойынша  Латын Америка елдерінде қызмет атқарды. Оның соңғы жарияланымдарының арасынан «Резервтік валюталар және Триффин жаңа дилеммасының шешімі» (2009 ж. наурыз) мен «Резервтік валюталар бәсекелестігін» (Central Banking Journal журналында баспаға шығуға дайындалуда) атап өтуге болады.Кембридж университетінде экономикалық дипломнан кейінгі білім алды. 

Еуразия Экономикалық Қауымдастығының Бас хатшысы

1948 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы Сарқанд қаласында туған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, КОКП Орталық комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген, саясаттанушы, саяси ғылымдарының докторы.
1973-1986 жылдары Алматы қалалық және Алматы облысы комсомол комитетінің, ҚЛКЖО хатшысы, Алматы облыстық партия комитеті бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1986 жылдан 1990 жылға дейін Алматы қ. Ленин аудандық партия комиссариятінің бірінші хатшысы, КОКП орталық комитетінде құрылыс бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің инспекторы, Қарағанды облыстық партия комиссариятінің екінші хатшысы, КОКП орталық комитеті әлеуметтік-экономикалық бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1991 жылы «Қазақстан» даму қорының президенті және КСРО Жоғарғы Кеңесі комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 1994 жылдың қаңтарында Ресей Федерациясындағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі, 1996 жылдың сәуірінен Финляндия республикасындағы Қазақстан елшісі қызметін қоса атқарған.  Кейіннен ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, әрі ҚР Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2003 жылдан 2007 жылға дейін – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2007 жылдың 6-қазанында Душанбе қаласында Еуразия Экономикалық Қауымдастығының Бас хатшысы лауазымына тағайындалды.

 

«Софья Антиполис» университетінің ректоры

1943 жылы 30 желтоқсанда Тунисте дүниеге келген. Ницца Университеті -  Софии-Антиполис президенті. Құқық, экономикалық ғылымдар және Француздық академиялық пальма орденін басқару факультетінің Құрметті деканы. Оның академиялық қызметтері: Экономика ғылымдарының докторы (1974ж.сәуір): Ницца Университетіндегі «Экономикалық теорияның тетіктері» атты ғылыми жұмысы жоғары бағаға ие болды. Ницца құқық және экономикалық ғылымдар факультетінің ғылыми жұмысы, сондай-ақ, бизнес, басқарушылық және қаржы ғылымдарының деңгейі (Жоғары бизнес мектебі), 1966 ж. Социология магистрі, Ницца Университеті, 1969 ж, маусым. Қазіргі уақыттағы зерттеу саласы: қаржы жүйесінің серпіні және қаржылық жаһандану, ырықтандыру және реттеуші үдерістер, қаржы нарықтарының дағдарысы және тұрақсыздық, аймақтық интеграциялық үдерістер, сауда ырықтандыруы, реттеу саясаты, валюта саясаты, жерорта теңіздік және дамушы елдер экономикасы.Ол 80-нен астам диссертациялардың ғылыми жетекшісі болып, 150-ге жуық диссертациялардың комиссиясында төрағалық етті. Сондай-ақ, 1997 жылдан бастап «Еуропалық және жерорта теңіздік отырыстарын» ұйымдастыру жұмысына жауапты болды. Аталмыш іс-шара жыл сайын Еуропа және оңтүстік, шығыс жерорта теңіздік елдерден академиктері мен ғалымдарының басын қосады. 

«Астана-Жаңа қала» АЭА Басқарма бастығы

1980 жылы 7 маусымла Алматы қаласында дүниеге келген. 2004 жылы «Қазтрансгаз» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі департаментін басқарды. Ақтөбе қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды,  ТКШ және жастар саясаты мәселелеріне жетекшілік етті. Кедендік одақ құру бойынша құжаттар дайындау кезеңінде Еуразиялық экономикалық қауымдастығы (ЕурАзЭҚ) департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Астана әкімдігінің кәміпкерлік және өнеркәсіп департаментінде директордың орынбасары ретінде ұзақ уақыт бойы сауда және өнеркәсіпті дамыту, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік етті. Қазіргі уақытта «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігін басқарады. «10-жыл Астана» медальімен, ЕҚЫҰ Саммитін ұйымдастырғаны үшін ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 

1965 жылы дүниеге келген. Бейжің Тіл білімі және мәдениет институтын, Ухань заң университетін, Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген. Мамандығы бойынша заңгер-халықаралық саясат білгірі және экономист. 
Экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын ҚР Еңбек министрлігінде бас экономист, сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің бастығы қызметінен бастап, кейін Үрімші (ҚХР) қаласындағы Сыртқы экономикалық байланыстар Министрлігі өкілдігінде жетекші маман, Гонконг қаласындағы Қазақ сауда үйінің атқарушы директоры қызметін атқарды. Алматы сауда-қаржы банкі және Қазақстан Халық жинақ банкінің Басқарма Төрағасы қызметін атқарды.

ҚР Көлік және коммуникация министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 2006 жылдың қаңтарынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары. 2006 жылдың сәуірінен - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2007 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.

«Қолайлы механизмдер теория негіздерін құрғаны үшін» экономика саласы бойынша 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты 

1950 жылы 12 желтоқсанда дүниеге келген. Американдық экономист, бакалавр, магистр және философия докторы. Маскин жиырма алты жасында Кембридждегі Иисус Колледжінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Кейін 1977 жылдан1984 жылға дейін Массачусетс технологиялық институтында сабақ берді, кейін ол Гарвардқа қайта оралып экономика факультетінде профессор Луис Беркманның көмекшісі қызметін атқарды. Маскин Гарвард университетінде он бес жыл жұмыс істеп, кейін Принстондағы Қолданбалы зерттеулер институтына жұмысқа ауысты.
Эрик Маскин экономикалық ғылымның ойындар теориясы, экономикалық ынталандырма, келісімшарттар теориясы секілді салаларында қызмет етті. Ол үлестіру механизмдері және серпінді ойындар теориялары саласындағы өз еңбектерімен кеңінен танымал. 
2007 жылы Эрик Маскин Роджер Майерсон және Леонид Гурвичпен бірге «Қолайлы механизмдер теория негіздерін құрғаны үшін» экономика саласы бойынша 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты атанды.

Эрик Маскин – Американдық өнер және ғылым академиясының және Еуропалық экономикалық қауымдастықтың мүшесі, Эконометрикалық қоғам мүшесі, 2003 жылы аталмыш қоғамның президенті болған және Британдық академияның мүше-тілшісі. Соңғы уақытта Маскин «Economics Letters» экономикалық журналының бас редакторы қызметіне тағайындалды. 

Ауыл шаруашылығы және қолданбалы экономика профессоры, МиссуриУниверситетінің қолданбалы әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы

1941 жылы 24 қарашада АҚШ-та дүниеге келген. Ғылым докторы. 1963 жылы Индианадағы Гошен колледжін, 1972 жылы Филиппин Университетін, 1977 жылы Миннесота Университетінің ауыл шаруашылығы факультетін бітірген.
2003 жылдың желтоқсанынан бастап Колумбия қаласындағы Миссури Университетінің ауыл шаруашылығы және қолданбалы экономика факультетінде қызмет атқарып келеді. 2010 жылдың мамырынан бастап Азық-түліктік және аграрлық саясат институтының тең директоры, Миссури штаты Университетінің аграрлық және қолданбалы экономика профессоры болып табылады. 2010 жылдың қаңтарынан –  Каталония Ашық Универсиетінің профессоры (Испания). 2004 жылдың қаңтарынан – экономиканың еңбек сіңірген профессоры, Айова штатының (АҚШ) Азық-түліктік қауіпсіздік және халықаралық сауда университетінде ауыл шаруашылығы саясаты бойынша сабақ береді. Еуропа, Ереван, Армения  бойынша ФАО 27 конференциясы үшін баяндама дайындау кезінде ФАО кеңесшісі болып жұмыс істеді, сонымен қатар, Алматыда (Қазақстан) «Экономикалық дағдарыстың Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Түркияға әлеуметтік ықпалы» тақырыбындағы БҰҰ министрлік конференциясы үшін баяндама дайындау кезінде ФАО мүшесі қызметін атқарды. 

Хорватияның бұрынғы Президенті

1934 жылы 24 желтоқсанда дүниеге келген. Президент құзіретінде болған он жылдың алдында ол: Хорватия  Премьер-министрі, Хорватиялық Парламенттің Президенті, Oраховица қаласының әкімі, Югославияның соңғы Президенті, Нашице қаласында Қосылмау және судьялар Қозғалысының Бас хатшысы лауазымдарын атқарды. Месич 1960 жылы Хорватиялық Парламентте депутат, кейін 1990 жылы Хорватиялық Демократиялық Одаққа (ХДО) қосылды және ХДО сайлауда жеңіске жеткен соң, Премьер-министр лауазымына тағайындалды. Югославия Федералды Президиумына хорватиялық мүше болып сайланды, мұнда ол алдымен вице-президент қызметін атқарып, кейін 1991 жылы Югославияның соңғы Президенті лауазымын атқарды. Югославия ыдыраған соң, Месич ХДО-дан кетіп, 1992-1994 жылдар аралығында Хорватиялық Парламенттің төрағасы болып сайланды. Ол парламенттің бірнеше мүшелерімен жаңа партия – Хорватиялық Тәуелсіз Демократтар (ХТД) партиясын жасақтады. 1997 жылы партияның басым мүшелері, соның ішінде Месич Хорватия Халықтық Партиясының (ХХП) құрамына қосылды . 1999 жылдың желтоқсанында Франчо Tуджман қайтыс болған соң, 2000 жылдың ақпанында Хорватия Республикасының Президенті болып сайланды. 2005 жылдың қаңтарында екінші мерзімге қайта сайланды. 

Халықаралық инвестицияларды алға жылжыту жөніндегі Қытай Кеңесінің президенті

1966 жылы Қаржы және экономика институтын «Экономика және сауда» мамандығы бойынша бітірді.
Шанхайлық металлдар мен минералдарды импорттау және экспорттау компаниясында Бас менеджердің орынбасары, кейіннен Бас менеджері, сондай-ақ,  Шанхай халықаралық экономика мен сауда комиссиясы Бас директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 1997 жылдан 2004 жылға дейін Қытай металлдар мен минералдар Корпорациясының Президенті (бұрын Қытай Ұлттық металлдар мен минералдарды экспорттау және импорттау Корпорациясы) және SINOTRANS & CSC Holdings корпорациясының төрағасы қызметтерін атқарды. 2002 жылы ҚХР Саяси Консультациялық Конференциясының 10-Ұлттық комитеті және Халықаралық қатынастар комитетінің мүшесі болып сайланды. Қазіргі уақытта Халықаралық инвестицияларды алға жылжыту жөніндегі Қытай Кеңесінің президенті, Қытай Халықаралық Сауда Қоғамының Вице-төрағасы және Қытай-бразилиялық Іскерлік Кеңесінің қытайлық тараптан Құрметті Төраға қызметтерін атқарады.

«Ақпараттық асимметрия саласында зерттеулері үшін» экономика саласы бойынша 1996 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты

1936 жылы 5 маусымда дүниеге келген. Миррлис Эдинбург Университеті мен Кэмбридждің Тринити колледжінде білім алды. 1968 жылдан 1976 жылға дейін Массачусетс технологиялық университетінде шақыртылған дәріс беруші болып жұмыс істеді.
1968 жылы Джеймс Миррлис Оксфорд университетіне оқытушылық қызметке орналасып, мұнда АҚШ-тың салық жүйесін зерттеумен, соның ішінде табыс салығының теориясын зерттеумен айналысады. Джеймс Миррлис АҚШ-тың бірқатар университеттерінде жұмыс істеген және түрлі елдің мамандарына кеңес жүргізе отыра, мемлекеттік қызметтермен бірлесіп қызмет атқарған.
1996 жылы оның еңбегі бағаланып, У. Викри екеуіне экономикалық ынталандырма теориясы мен ассиметриялық ақпарат саласына зор үлес қосқаны үшін экономика саласы бойынша  Нобель сыйлығы ұсынылды.
1998 жылы Ұлыбритания патшайымы оны сері дәрежесіне лайық деп таныды. Сонымен қатар, ол Эконометрикалық қоғамның (1982) және Халықаралық атлантикалық экономикалық қоғамының президенті (1988-89) болып саналады.
2002 жылдан Гонконг Қытай университетінің еңбек сіңірген профессоры және аталмыш Университеттің Морнингсайд колледжін басқарады.

 «Экофорум ҮЕҰ» ҚБ Төрағасы

1985 жылы Томск мемлекеттік универсиетін бітірді. 2000–2004 жж. – РҒА Сібір бөлімі оптикалық мониторинг институтының аспирантурасын тәмамдаған. География ғылымдарының кандидаты, мамандығы геоэкология. 2001 жылдан бастап  – «ЭКОМ» ҚБ Төрағасы. 2002–2003 жж. – Францияның техникалық көмегі арқылы іске асырылған Ресей-Қазақстан жобасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобының құрамында сарапшы болып жұмыс істеді. 2006–2007 жж. – БҰҰДБ жобасының сарапшысы, «СРИБ бассейндік жоспары және ҚР Ертіс алабы бассейніне су үнемдеу» жобасы әзірленді. 2008 ж. – «Орхус конвенциясын жүзеге асыруда азаматтық жұртшылықты қолдау және жұртшылықты тарту» үйлестіруші комитетінің мүшесі. 2004 ж. - Павлодар облысы табиғат қорғау Департаментінің жанындағы Консультативтік кеңестің мүшесі. 2006 ж. – Ертіс Бассейн Кеңесінің мүшесі. Павлодар облыстық Мәслихатының жанындағы Сарапшылар кеңесінің мүшесі. 2007 ж. – Орталық Азияның орнықты дамыту жөніндегі Мемлекетаралық Комиссиясы Қоғамдық Кеңес мүшесі. Тұрақты өткізіліп тұратын «Орнықты тұтастықтың табиғат пен қоғамдағы өзін-өзі ұйымдастыруы» атты Бүкілресейлік ғылыми семинардың жұмысына қатысып тұрады. Инновациялық евразиялық университеті биология кафедрасының доценті. 2009 ж. қазанынан бастап – «Экофорум ҮЕҰ Қазақстан Республикасы» ұлттық экологиялық жүйесінің Төрағасы.

RioTinto компаниясының бизнесін дамыту жөніндегі Басқарушы директор

«Rio Tinto» компаниясының  бизнесін дамыту жөніндегі Басқарушы директор қызметіне 2009 жылдың қарашасында тағайындалды. Оның негізгі міндеті – бизнес мүмкіндіктерін, өсу стратегияларын дамыту мәселелері туралы кеңес жүргізу.
Бұрын 2005 жылдан 2009 жылға дейін Муди Азия аймағында пайдалы қазбаларды іздеу, бизнесті дамытуды іске асыратын (әсіресе Таяу Шығыста, Қытайда, бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде) «Rio Tinto Exploration» компаниясының басқарушы директоры лауазымында қызмет етті.
Тим Муди кен өндіруші өнеркәсіп саласында, соның ішінде Аустралия, Еуропа, Африка, Оңтүстік Америка мен Азия елдерінде жұмыс істеуде 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Тим Жаңа Англия Университетінің түлегі (Аустралия, геология саласында жаратылыстану ғылымдарының бакалаврі дәрежесі), Геологтар Бірлестігінің мүшесі.

Ресейлік өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлердің одағының вице-президенті

Ресей аймақтық банктерінің Қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы. Экономика ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты, ЖЭМ-МБ профессоры. ТМД елдері және Орта және Шығыс Еуропа (ХБК) банк қауымдастықтары Халықаралық үйлестіру кеңесінің Төрағасы, Брюссель халықаралық банк клубы Сарапшылар кеңесінің төрағасы, РФ ОБ Төрағасының жанындағы Консультативтік кеңестің мүшесі, РӨКО Басқарма мүшесі, РӨКО банктер және банк қызметі жөніндегі комиссиясының тең төрағасы, Банк ісі саласында қоғамдық марапаттар жөніндегі Кеңестің Төрағасы, Банк заңнамасы, Мемлекеттік Думаның, Федерация Кеңесінің ақшалай-несиелік және өнеркәсіптік саясаты жөніндегі сарапшылар кеңесінің мүшесі, РФ Есептік Палатасы Төрағасының жанындағы сараптау-консультативтік кеңесінің мүшесі.
Банк қызметі, ақшалай-несиелік және инвестициялық мәселелер жөнінде 150-ге жуық мақала мен 5 монография жазған.
«Еңбек озаты үшін» медальімен, II дәрежелі «Отан алдындағы еңбегі үшін» орденімен және көптеген қоғамдық марапаттармен марапатталған. 

Қазақстан Республикасының мұнай және газ министрі 

1985 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономист-кибернетик» мамандағы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1995-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде министрдің орынбасары, министрдің бірінші орынбасары, бірінші вице-минстр қызметтерін атқарды. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрі лауазымына тағайындалды. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. 2001-2002 жылдар арасында «Қазақстанның Даму банкі» ЖАҚ-ның президенті қызметін атқарды. 2002 -2003 жылдары - «Каспий Өнеркәсіп-Қаржылық тобы» ЖШС-ның бас директоры. 2003 жылдың маусымынан 2004 жылдың желтоқсанына дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2004 жылдың желтоқсан айынан Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі. 2006-2007 жылдары - «Самұрық» Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі холдинг» АҚ басқармасының төрағасы. 2007 жылдың 27 тамызынан - ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрі. Үшінші дәрежелі «Барыс» Орденімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдығына арналған мерекелік медальдармен марапатталған 2010 жылдың 12 наурызынан бастап ҚР мұнай және газ министрі қызметін атқарып келеді. 

Аустрия Ұлттық Банкі Еуропалық және халықаралық қаржы ұйымдастыру бөлімінің басшысы

Университетті бітірген соң, Аустрия сауда және сауда-өнеркәсіптік істері министрлігінде сыртқы сауда және еуропалық интеграция саласында, кейін Мемлекеттік хатшының кабинетінде жұмыс істеді. Сондай-ақ, ол Ауыл және орман шаруашылығы Министрінің кеңсесінде сауданың ауыл шаруашылық мәселелерімен айналысты. Аустрия Ұлттық банкінде еуропалық интеграция мәселелері жөніндегі арнайы кеңесші қызметін атқарды, сондай-ақ, ЕО-пен капитал қозғалысын және қаржылық қызметтерді  Еуропалық экономикалық аймаққа ырықтандыру және ЕО-қа мүшелік туралы келіссөздер жүргізуге, EMS дайындығы және мүшелік тәуекелдерін басқаруға жауапты болды. ЕО-қа кірген соң, ЭВО алдында ол Үш Қаржы министрлері кабинетінде  экономикалық кеңесші (әсіресе бюджеттік және қаржы нарықтары үшін мәселелері жөнінде) қызметін атқарды. Ол ЕЕСҚ ЕО экономикалық комитетінің және ЕО-тың өзге комитеттерінің, Экономикалық саясат және бақылау кеңесінің, Аустрия қор биржасының (Wiener Börse AG)  мүшесі болды және бүгінгі таңда ЕОБЖ топтары мен комитеттерінің және Еурожүйе мүшесі, сондай-ақ, Халықаралық қатынастар жөніндегі комитет мүшесі болып табылады. Ол Аустрия ұлттық банкі спорттық клубының президенті болып саналады. Ол еуропалық интеграция, валюта, сауда және ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша көптеген жұмыстар жариялады. Сондай-ақ, Наушниг мырза Линц қаласының Университетінде дәріс оқиды.

Ресейлік Венчурлік Инвестициялау Қауымдастығының Атқарушы директоры

1998 жылдан бастап РВИҚ Атқарушы директоры болып қызмет атқарады, аталмыш қауымдастықтың негізгі міндеті – Ресейде венчурлік индустрияны қалыптастыру және дамытуға жәрдемдесу. Венчурлік инновациялық қорды (ВИҚ) ұйымдастырушылардың бірі болып табылады. 2006 жылы Ресейлік венчурлік компания (РВК) қызметінің тұжырымдамасын әзірлеумен айналысатын жұмыс тобының құрамында болды.
Ресейлік венчурлік жәрмеңке (2000 ж.) және Ресейлік венчурлік форумды ұйымдастыру комитетінің (2005 ж.) Төрағасы және әзірлеушілердің бірі.
2005 жылы оның жетекшілігімен Ресейде венчурлік кәсіпкерліктің насихаттауды мақсат тұтатын аймақтық коучинг-орталықтар пайда болды, осының арқасында РВИҚ ел өңірінде жыл сайын 5-6 венчурлік жәрмеңке өткізіп тұрады.
Еуропа университеттері үшін Еуропалық тікелей және венчурлік инвестициялау Қауымдастығы (EVCA) әзірлеген «Тікелей инвестициялар және венчурлік капитал» кәсіпкерлікті үйрету курсының Ресей ЖОО-дары арасына ауыстыру және таралуына бастамашылық етті. 

«Кооперативтік ойындар теориясында тепе-теңдікті талдағаны үшін» экономика саласы бойынша 1994 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты

1928 жылы 13 маусымда дүниеге келген. Мектептен кейін Карнеги Политехникалық институтында білім алды, мұнда Нэш «келіссөздер мәселесіне» қызықты, кейін ол Принстон университетінде оқуын жалғастырып, мұнда ойындар теориясы туралы алғаш рет естіді.
Ол 21 жасында ойындар теориясы, соның ішінде бәсекелестік математикасы туралы докторлық диссертация жазды, «Нэш тепе-теңдігі» деген атпен танымал аталмыш диссертация кейін Нэшке Нобель сыйлығын әперді.
1987 жылы Джон фон Нейман сыйлығына лайық деп танылды. 1994 жылы 66 жасында «Кооперативтік ойындар теориясында тепе-теңдікті талдағаны үшін» Райнхард Зелтен және Джон Харсанимен бірге Нобель сыйлығын иеленді.

Бүгінгі таңда ол компьютерді қолданудың жаңа мүмкіндіктері, сонымен қатар, қоғамдағы ақшаның рөлін зерттеумен айналысады. 

Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы

1954 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. 1991 жылы Францияда (Парижде) «Нарықтық экономикадағы аудиторлық қызмет» мамандығы бойынша білім алған. Қаржы Министрлігінің бақылау-тексеру басқармасында аға, бас бақылаушы-тексерушісі, ұйымдық-инспекторлық бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары секілді лауазымдарды атқарды. 1992 жылдың қазан айынан 1996 жылдың ақпан айына дейін – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қаржы бақылауы комитеті басқармасының бастығы. 1996 жылдың ақпанына сәуіріне дейін — ҚР Қаржы министрлігі Мемлекетаралық қатынастар басқармасының бастығы. 1996 жылдан 1998 жылға дейін — Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі. 1998 жылдан 2000 жылға дейін — ҚР Жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі. 2000 жылдан 2002 жылға дейін — ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. 2002 жылдың ақпанына  — ҚР Президент Әкімшілігі Бас бақылау инспекциясының жетекшісі. 2002 шілдесінен 2003 жылдың маусымына дейін — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. 2003 жылдың 14 маусымынан бастап — Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы. Марапаттары: Орден «Құрмет» Орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.

 «Green Technologies» компаниясының Басқарма Төрағасы

Украинаның Черновцы қаласындағы Университетті бітірген. Математика магистрі ғылыми дәрежесіне ие.
1993 жылы «L.N. Innovative Technologies» инкубаторының негізін қалады.
17 жыл бойы ВВС Израиль Қорғаныс әскерінде ғылыми офицері қызметін атқарды, осы лауазымда Орен ханым Әскери-әуе күштерінде физика және математика саласы үшін жауапты болды.
Израиль нарықтарында көш бастаған бірнеше компаниялардың директоры болып жұмыс істеді. 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

1971 жылы дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Еңбек жолын Шымкент қаласындағы «Ақ-Бастау Банкінде» маман қызметінен бастаған. Кейін мәскеулік «Фьючер» акционерлік коммерциялық қоғамы басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 1996 жылдың 1997 жылдың желтоқсанына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiкте басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық реформалар бөлім меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің директоры лауазымдарында қызмет атқарды. 2002 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың тамызына дейін – Қазақстан Республикасы экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі, 2004 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қаңтарына дейін – ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2007 жылдың қаңтарынан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы.

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің Төрағасы

1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. Халықаралық бизнес Университеті Ғылыми кеңесінің мүшесі. 1992 г. – «Қазақстан коммерция» аймақтық жоғарыэкономикалық Қауымдастығының қаржы және болжамдар бөлімінің бас маманы. 1992 жылдан  1993  жылға дейін  – «Қазхлебопродукт» Концерні сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бастығы. 1993 жылдан 1994 жылға дейін – ҚР Экономика министрлігінің жанындағы Шетел инвестициялары жөніндегі ұлттық агенттігінің басқарма бастығы. 1994 жылдан 1996 жылға дейін – ҚР Ұлттық банкінің Халықаралық қарым-қатынастар департаментінің директоры. 1996 жылдан 1998 жылға дейін – Алматы сауда-қаржы банкі Басқарма төрағасының орынбасары. 1998 жылдан 2000 жылға дейін - «Қазақстан Республикасының Халық банкі» АҚ-ның Басқарушы директоры. 2000-2006 жылдар аралығында - «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы лауазымында қызмет атқарған. Қазіргі уақытта – ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің Төрағасы. Темір жолдың 100 жылдығына арналған мерекелік медальмен (2004 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальімен (2005 ж.) және «Құрмет» Орденімен (2005 ж.) марапатталған. 

Таяу Шығыс пен Орта Азия бойынша Департамент директорының орынбасары, ХВҚ

ХВҚ-да 1994 жылдан бастап жұмыс істеді, мұнда ол Молдова, Әзірбайжан, Грузия және Ресей бойынша жұмыс істейтін топтың жетекшісі ретінде қолданбалы экономикаға көп көңіл бөлді. Сондай-ақ, ол 2004 -2005 жылдар арасында Батыс жартышарының бөлімінде Бразилия командасының жұмысын басқарды.  "Қайта қалпына келтіру Ресей" (ХВҚ, 2003) кітаптың редакторы болып саналады. ХВҚ-на келгенге дейін 14 жыл қатарынан Ұлыбритания Қазынашылығында еңбек етті, мұнда ол макроэкономикалық болжау, Ұлыбритания мен өзге өнеркәсіптікдамушы елдердің зерттеулері мен саяси кеңестеріне қатысты мәселелерді зерттеді. Ол Ұлыбританияның азаматы болып саналады және Кембриджден жаратылыстану ғылымдары саласында бакалавр дәрежесіне және математикалық экономика және LSE эконометрика саласында магистр дәрежесіне ие. 

Кореядағы Халықаралық сауда орталығының директоры және профессор 

Юнг Чул Пак Корей университетінің халықаралық зерттеулер бөлімінде еңбек сіңірген профессор болып саналады. Оған дейін ол Корея Президентінің бас экономикалық кеңесшісі, Корея зерттеу институтының президенті және Корея қаржы университетінің президенті лауазымдарын атқарған болатын. Сондай-ақ, профессор Пак Халықаралық валюта қорында қызмет атқарды. Ол бірнеше кітаптардың редакторы және авторы, соның ішінде «Шығыс Азиядағы валюталы-қаржылық ынтымақтастық: Еуропа тәжірибесінің маңыздылығы» (Oxford University Press, 2010).

«Компасс» консалтингтік компаниясының директоры

1970 жылы 8 маусымда Аустрияда дүниеге келген. 1997 жылы  RWTH Aachen институтын экономикалық география, M.A., туризм географиясы, халықаралық басқару және кооперация біліктілігі бойынша бітірді.
Бірнеше институттар мен университеттерде доцент. Қашықта туристік әлеуетті дамыту, туристік нысандарды жоспарлау және дамыту, маркетинг және брендинг, пост-шиеленісті аймақтарда табиғи және экологиялық туризмді дамыту, бизнес-үдерістерді оңтайландыру және делдалдық саласында өз ісінің маманы болып саналады. Руанда және Шығыс Африка, Бразилия, Латвия, Эстония, Хорватия, Словения, Орталық Азия, Аустрия, Германия, Голландия, Бельгия елдерінде жұмыс тәжірибесі және кәсіби аймақтық білімі бар. Кәсіби саяси ұйымдарға, соның ішінде Неміс Туристік Зерттеулер Қауымдастығы секілді ұйымдарға мүшелік етеді. 

 «Климат өзгерістерінің антропогендік себептері туралы білімді зерттегені және таратқаны үшін, сонымен қатар, мұндай өзгерістермен күресудегі мүмкін шараларды жасағаны үшін» 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, Климат өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының төрағасы

Пачаури мырза Лукновта Ля Мартиниер колледжін бітірген. Өз мансабын Дизель Локомотив Уоркста (Варанаси) түрлі басқарушы қызметтерден бастады. АҚШ-та Солтүстік Королина Университетінде оқып, өнеркәсіптік құрылыс бойынша ғылымдар магистрі (1972), өнеркәсіптік құрылыс және экономика бойынша ғылымдары докторы. 1991-1997 жж. – Күн Энергетикасы жөніндегі Халықаралық кеңес мүшесі, 1992 ж. – Әлемдік Ресурстар Институты Кеңесінің мүшесі. 1993-1995 жж. – Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңестің Төрағасы, 1988-1990 жж.- Энергетикалық экономика жөніндегі Халықаралық қауымдастықтың президенті және төрағасы. 1992 ж. – Азиялық Энергетикалық Институттың президенті. 2001 ж. Р.К.Пачаури қоршаған орта саласына қосқан үлесі үшін Үндістанда жоғары азаматтық марапаттардың бірі саналатын Падма Бушанды иеленді. Қазіргі уақытта Климат өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) төрағасы қызметін атқарады. Сондай-ақ, орнықты дамуға арналған институт – ТЭСЗИ (Тата энергетика саласында Зерттеулер Институты) бас директоры лауазымын атқарады. Д-р Раджендра 21-ге жуық кітап, бірнеше баяндамалар мен мақалалар жазған. Д-р Пачаури 2007 жылы «Жыл адамы Үндістан» атағын иеленді. 

Ресей экологиялық академиясының академигі, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думаның Жоғары экологиялық кеңесі

Экономика ғылымдарының кандидаты. РҒА Жүйелік талдау институтының жетекші ғылыми қызметкері,  РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының  доценті болып жұмыс істейді.
Ресей экологиялық академиясының академигі, Ресей экологиялық саяасат орталығының сарапшысы, Ресей халықаралық геосфералық-биосфералық бағдарламасы комитетінің, Халықаралық экологиялық экономика қоғамының мүшесі. Сондай-ақ,ЮНЕП, ЮНЕСКО, БҰҰ ЕЭК, Еуропалық Одақ, Дүниежүзілік банк, НАТО, Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры, Халықаралық табиғатты қорғау одағы, АҚШ-тың Гарвард университетінің жобаларының сарапшысы болып саналады. Йоханнесбургте өткен Дүниежүзілік Жер форумында ресейлік үкіметтік делегациясының қатысушысы.
Кәсіби қызығушылығы – қоршаған ортада орнықты дамуды басқару және экономикасы, соның ішінде биоәртүрлілік экономикасы, жаһандық экологиялық мәселелер және экологиялық қауіпсіздік.

Қазақстанның «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы

Саяси ғылымдар кандидаты, «Мәдени бастама» кеңес-америка қорының жас ғалымдар сыйлығының лауреаты (Мәскеу, 1991 ж), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жәнеТалдықорған экономикалық институтының құрметті профессоры. Универсиетті бітірген соң, басқару органдарында түрлі қызметтер атқарған: Панфилов аудандық комитеті, Талдықорған облыстық әкімшілігі, ҚР Президенті Әкімшілігі.

 

1998-2000 жылдары «Қазақстан алюминийі» АҚ бас директорының орынбасары, 2001-2005 жж. -  вице-президент қызметіне тағайындалды. 1999-2006 жылдар аралығында Қазақстан Азаматтық партиясын басқарды. 2006 жылы «Атамекен» жалпыұлттық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының басқарушысы қызметіне тағайындалды. 2007 жылдан бастап - «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы. ҚҰЭП басқармасының төрағасы. 2011 жылғы шілдеден – «Ақ жол» ҚДП төрағасы. 2012 жылғы қаңтардан – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының фракция жетекшісі.

2007 жылы «WHO’S WHO of Professionals» американдық энциклопедиясына қосылды.
ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені, ІІ дәрежелі «Достық» ордені және ресейлік Достастық орденімен марапатталған.

«КТК» телекомпаниясының жүргізушісі 

ҚР Президенті жанындағы БАҚ жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшесі, Нұр Отан ХДП жанындағы сыйбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшесі, ЕТРА академигі, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, IX Еуразиялық телефорумның "Ақпараттық-талдамалық бағдарлама" номинациясы бойынша жеңімпазы.
ХII Еуразиялық медиафорумда "Ақпараттық-публицистік бағдарлама" номинациясындағы бірінші сыйлығы. 2009 Жыл таңдауы - "Үздік тележурналист".
Жыл адамы атағының 5 дүркін иегері, сыйбайлас жемқорлықпен күресте үлес қосқаны үшін Нұр Отан партиясы сыйлығының лауреаты, Тұңғыш Президент Қоры сыйлығының лауреаты, НұрСұңқар сыйлығының лауреаты, ҚР Президенті грантымен және "Құрмет" Орденімен марапатталған, Мемлекет басшысынан Алғыс Хат алған. 

 «Эко-Келісім» орталығының президенті,  БҰҰ ОДК Мемлекеттік Дума жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі

 2002 жылдан бастап Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері үшін жүзеге асырылатын «Жаһандану, ДСҰ және орнықты даму» бағдарламасын басқарады. «Жыл жасыл адамы» ұлттық марапатын екі мәрте иеленген,  2008 ж. – сауда мен орнықты даму саласындағы қызметі үшін. Ресейде, ТМД, БҰҰ ЕЭК және АТМЭӘК деңгейінде орнықты даму бойынша үдерістерге белсенді ат салысады. Қоршаған орта және даму БҰҰ Конференциясына (Рио-1992), орнықты даму жөніндегі Дүниежүзілік саммитке (Йоханнесбург-2002) (Рио+10) қатысқан. 2001-2004 жылдары - Азия-Тынық мұхиты аймағы форумының (Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Рютаро Хосимотоның жетекшілігімен сарапшылар тобы) мүшесі. 1996 ж. – РФ-ның орнықты даму жолына ауысу жөніндегі үздік тұжырымдама атағын жеңіп алған сарапшылар тобының мүшесі. Рио+10 саммитіне Ұлттық дайындық комитетінің мүшесі болған. Сондай-ақ, Ресейдің G8-ке төрағалығы кезеңінде халықаралық «Азаматтық сегіздік» дайындық комитетінің мүшесі болған. Бағыты «Сауда, даму үшін қаржыландыру, Африка мәселелері». G8 және G20-мен бірге өзара әрекет және дамуына көмек жөніндегі консультативтік топтың мүшесі. РФ Үкіметі жанындағы  Ресейдің 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық стратегиясының өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау жөніндегі сарапшылар тобының мүшесі.

«ҚазАгро ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Агротехника» компаниясының президенті

03.02.1947 ж. Бергамо (Италия) қаласында дүниеге келген. Болонья университетін инженер-электротехник мамандығы бойынша бітірген. 1972 ж. аталмыш университетте техника ғылымдарының докторы атағын иеленді.
1984 ж. Ресейдегі қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына құрал-жабдықар жеткізу ісімен айналысқан. 1989 ж. аграрлық бизнес саласында қызмет етті. 1994 ж. Понци мырзаның иелігіндегі «Агротехника» италияндық компаниясы халықаралық «Кейс Нью Холланд» корпорацияның ресми дилері атанады.
Ресей Федерациясы мен ТМД елдерінде өз қызметін жүргізу мақсатында «Агротехника» компанияс Мәскеу, Уфа, Тула, Ростов, Минск, Астана қалаларында бірнеше резиденттік құрылымдық бөлімшелері ашқан.
Джорджо Понци мырза Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрінің жаңа технологияларды енгізу жөніндегі кеңесшісі болып саналады. 2007 жылы үкіметтік марапатқа лайық деп танылды. 

 «Bauman Innovation» Бас директоры, Әлемдік банктің сарапшысы, Ресейдегі жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі бағдарламаның үйлестірушісі, Дүниежүзілік Экономикалық Форум

Аэроғарыштық инженерия ғылымдарының магистрі; Халықаралық даму бойынша PhD. Биотехнология, жаратылыстану, ойын-сауық, нанотехнология индустриясы жаңа материалдармен, автокөліктермен жұмыс, туризм саласында үлкен тәжірибесі бар. Әлемдік банктің сарапшысы; Ресейдегі жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі бағдарламаның үйлестірушісі, МЭФ; Бәсекеге қабілеттілік және Экономикалық даму бойынша оқытушы, Гарвард бизнес мектебімен Стратегиялар мен бәсекеге қабілеттілік жөніндегі курс. Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі Институттың мүшесі болып саналады, Солтүстік Альянс. Мамандану саласы: бәсекеге қабілеттілік, экономикалық даму және өндірістік мәселелердің жеке секторы. 

РҒА Сібір бөлімшесі Жартылай өткізгіштер физикасы Институты директорының орынбасары 

1946 жылы 20 мамырда Алтай аймағындағы Рубцовск қаласында дүниеге келген (Ресей). 1971 ж. бакалавр, Новосібір Мемлекеттік Университеті. Ғылымдар докторы, қатты дене физикасының профессоры. Омбы Мемлекеттік Университеті Жартылай өткізгіштер кафедрасының деканы, Сібір Аэроғарыштық Университеті техникалық физика кафедрасының деканы.
Ресей мемлекеттік сыйлығының жеңімпазы. Қатты дене физикасының профессоры. РҒА СБ нано- және ақпараттық технологиялар жөніндегі бірлескен ғылыми бірлестіктің мүшесі. РҒА ғарыштық материалтану бірлестігінің мүшесі. Азия-тынық мұхиты Материалдар Академиясының мүшесі.

 GIZ Германия Халықаралық ынтымақтастық қоғамының Атқарыушы директоры және Басқарма мүшесі

1956  жылы 25 қарашада дүниеге келген. 1986 - 1988 – біліктілік арттыру жөніндегі аналог жоспарлаубойынша маман, GTZ. 1990 – 1993 - Перу елдік тобында жоба менеджері, GTZ. 1993 - 1996 - Эквадорда саяси және басқару үдерістерді реттеу жөніндегі үкіметтік кеңесші, GTZ. 1996 - 1998 - стратегиялар мен саясат мәселелері жөніндегі тәуелсіз кеңесші. 1998 - 2003 - Эфиопия/ Премьер-министр кеңсесінде саяси және басқару үдерістерін реттеу жөніндегі үкіметтік кеңесші, GTZ. Эфиопиядағы Мемлекеттік басқару компонентінің үйлестірушісі. Секретарь объединения Государственное управление/Африка және Таяу Шығыс Мемлекеттік басқармасы бірлестінің хатшысы. 2004 –2010 – тәуелсіз кеңесші. Саясат және стратегия жөніндегі кеңесші, сондай-ақ, қызмет аясында саяси және басқаруды реформалауда, сондай-ақ, жеке шаруашылық саласында басқарушы персоналдың бапкері. 2010 – реформалау жөніндегі жобалық топтың басшысы, Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі федеральды министрлік (BMZ).

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі

1960 жылы дүниеге келген. 1982 жылы Рудный индустриялық институтын тау-кен инженер-электрик мамандығы бойыша бітірген. 2004 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясының мемлекеттік және муниципиалдық басқару менеджері мамандығы бойынша білім алған. Экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1984 жылы Қостанай облысы Лисаковск қаласындағы ССТӨБ Қоржынкөл кен басқармасында энеркетик, кәсіподақ комитеттің төрағасы болып бастаған. 1991-1992 жылдар аралығында Қостанай облысының Лисаковск қалалық халық депутаттары кеңесі басқарма бастығының орынбасары, төраға қызметтерін атқарды. 1993 жылдан 1994 жылға дейін Лисаковск қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары, әкімшілік басшысы блып жұмыс істеді. 1995-2004 жылдары – Қостанай облысы Лисаковск қаласының әкімі. 2004-2007 жж. – Қостанай облысы әкімнің орынбасары, 2007-2008 жж. – «Сарыарқа» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы. 2010-2014 жж.  –  Ақмола облысының әкімі. 2010 жылдың 16 наурызынан – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі. II дәрежелі «Достық» Орденімен, медальдармен марапатталған. 

Орталық және Шығыс Еуропа үшін Фраунгофер орталығы директорының орынбасары

Оның жұмысы экономикалық саясат мәселелерін, соның ішінде Орталық және Шығыс Еуропа (ОШЕ) елдерінде R & D және инновациялық саясатты зерттеуген бағытталған. Халықаралық ұйымдарда (ХЕҰ, БҰҰ, ХВҚ), Канада, Орталық және Шығыс Еуропа, Германия және ЕО үкіметінің мекемелерінде, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен корпорацияларда консультация жүргізген. 2007 жылы орнықтылықпен қамтамасыз ету үшін ғылыми зерттеулер бойынша жоғары деңгейдегі польшалық- германиялық топтың мүшесі болған. 2005 жылы Ванкуверде (CAN) еуропалық интеграция мәселелері жөнінде шақыртылған профессор болып жұмыс істеді. Fraunhofer-Gesellschaft-ке келгенге дейін ол Лейпциг Университетінің Экономикалық саясат Департаментінде ғылыми қызметкер және жоба үйлестірушісі қызметтерін атқарған. Раух мырза Лейпцигте экономика, саясаттану және құқық саласы бойынша білім алған. Ньюкасл-апон-Тайн Университетінің (Ұлыбритания) халықаралық зерттеулер магистрі дәрежесіне ие. Сертификатталған бизнес делдал болып саналады.

 (UNWTO) Дүниежүзілік Туристік Ұйымының Бас хатшысы

1949 жылы Иорданияда дүниеге келген. Дүниежүзілік Туристік Ұйымында ( ДТҰ) Бас директордың көмекшісі болып жұмыс істеген. 1999–2003 жылдар аралығында Рифаи мырза Иордания үкіметінде бірнеше министрлік лауазымдарды атқарған – Жоспарлау істері және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Министрі және Ақпарат Министрі. 2001 жылы оның міндеті кеңейтіліп, Туризм және ежелгі әлем істері Министрі міндетін атқапды.
1993-1997 жж. Вашингтондағы Иордания экономикалық миссиясының Директоры қызметін атқарды. 1995 жылы жаңадан құрылған инвестцияға жәрдемдесу жөніндегі Корпорацияның Бас директоры лауазымын иеленді. Ол Иордания университетінде архитектура профессоры болып жұмыс істеп, Филадельфияда, Чикагода және Массачусетс технологиялық институтында бірнеше курстар жүргізді. Рифаи 1983 жылы Пенсильвания университетінде (Филадельфия) қала құрылысын жобалау және аймақтық жобалау бойынша PhD атағын, 1979 жылы Чикагода Иллиной технологиялық институтында (ИТИ) құрылыс және архитектура саласы бойынша жоғары білім туралы диплом және 1973 жылы Каир Университетінде (Каир) ғимараттың құрылымдық жүйелер жөніндегі жаратылыстану ғылымдарының бакалаврі дәрежесін иеленді. 

Орталық Азия елдері бойынша Аға вице-президент, Би Джи Групп 
Би Джи Қазақстан Президенті

Марк Роллинз Би Джи Групп-тың Орталық Азиядағы барлық қызметіне, соның ішінде Қазақстандағы Қарашығанақ жобасына және барлау, өндіру және маркетинг сегментіндегі бірқатар жобаларға жауапты. Ол Астанада орналасқан аймақтық кеңсені басқарады. 
«Би Джи Групп» компаниясына ауысқанға дейін, 2008 жылы Роллинз мырза Оңтүстік Америкаға көмірсутектер өндіру мен барлаумен айналысатын жеке компанияда атқарушы директор және Басқарма мүшесі болып жұмыс істеген. Сондай-ақ, Марк Роллинз мемлекеттік емес коммуналдық секторда, «Нуон» компаниясының Нидерландыдағы «Релайнт Энерджи» бөлімшесінде басқарушы қызметтер атқарған.
Сонымен қатар, Марк Роллинздің Каспий аймағында жұмыс істеген көп жылдық тәжірибесі бар. Ол мұнда «АРКО» (АҚШ) және «Клайд Петролеум» (Ұлыбритания) секілді мұнай-газ компанияларында жауапты қызметтер атқарып, компанияның коммерциялық және стратегиялық бағытындағы қызметіне қатысты мәселелерге жауап берді. 90-жылдардың басында «Шелл» компаниясымен бұрынғы КСРО аумағында, соның ішінде Шығыс Сібірдегі «Сахалин 2» жобасы және Солтүстік Каспийдегі бірқатар жобаларды дамытуға белсенді ат салысты.

Марк 1989 жылы Оксфорд университетінің техника ғылымдарының докторы атағын және 1985 жылы Кембридж университетінің математика саласы бойынша магистрі дәрежесін иеленді. 

ҚР БҒМ Экономика институтының директоры

1947 жылы 20 мамырда дүниеге келген. 1970 жылы Қазақ химия-технология институтын бітірген. Экономика ғылымының докторы, профессор.
ХИА және ҚР ҰИА академигі (1992 ж.), ҚР ЖМҒА және ЖМ ХҒА академигі (1996 ж.), МЭА «Еуразия» ХЭА академигі (1998 ж.). «Ғалымдар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (2006 ж.).
1973-1990 жж. – Қазақстан ҒА Экономика институтында аға экономист, кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1990 жылдан 2001 жылға дейін –  ҚР Парламентіне төр мәрте депутат болып сайланды. Экономикалық реформа, ғылымды және халықтық білім беруді дамыту мәселелері жөніндегі Комитет төрағасы. 2001-2003 жж. – Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Президенті. 2004-2006 жж. – М.Тынышпаев ат. ҚазККA профессоры, «Қазақстан - АҚШ Талдау және болжау институтының президенті. 2006 жылдан бері – ҚР БҒМ Экономика институтының директоры. 450-ге жуық ғылыми жарияланымдардың авторы. Еркін күрестен КСРО спорт шебері, Қазақстан чемпионы. 

Техасс Халықаралық Университетінің Құрметті профессоры A&M

Халықаралық бизнесте PhD бағдарламасының негізін қалаушы және еңбек сіңірген профессор; Лойола Мэриленд Университетінің құрметті профессоры; Ситон Холл университетінің Китинг-Кроуфорд атындағы кафдерасының бұрынғы профессоры; үздік зерттеулер үшін екі марапатқа және АҚШ Ұлттық ғылыми қоры, Білім департаменті, БҰҰ зияткерлік тарихы жобасы және өзге де ұйымдардың зерттеу гранттарына ие болған; Бизнес факультетінің Жыл Профессоры; Техасс Халықаралық Университетінің халықаралық зерттеулер сыйлығының лауреаты A&M; International Trade Journal (Халықаралық сауда журналы) редакторы,  жеті кітаптың, соның ішінде, «БҰҰ және ұлтаралық корпорациялар: Тәртіп кодексінен Жаһандық шартқа дейін» кітабының (2008) және 32-ден астам ғылыми мақала, 12 кітап тарауы, 23 кітапқа  реценизия  және конференциялар, таныстырылымдардағы 100-ге жуық өзге материалдардың авторы, «Кто есть кто в Америке», «Кто есть кто в мире» және өзге жарияланымдарда есімі аталады. 

«БТА Банк» Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі 

1982 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін үздік бітіріп, «экономист, саяси экономия оқытушысы» біліктілігін алып шыққан. 1994 жылы Лондон университетінде «ғылымдар магистрі» (қаржы экономикасы) дәрежесін иеленген. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1987 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында қоғамдық-экономикалық тәртіп кафедрасының аға оқытушысы, кейіннен сектор меңгерушісі қызметін атқарды. 1994 жылдан Еуропалық қайта құру және даму банкінің кеңесшісі, банкирі (Лондон). 1996 жылдан - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары. 1998 жылдан - ҚР Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры, 1999 жылдың қаңтарынан тамызына дейін – ҚР Инвестиция жөніндегі агенттігінің төрағасы. 1999 жылдан - ҚР қаржы вице-президенті. 2000 жылдың тамызынан - «Қазақстан Халықтық жинақтау банкі» ААҚ басқарма төрағасы. 2002 жылдың маусымынан - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары, 2004 жылдың қаңтарынан ҚР Ұлттық банкі төрағасы қызметтерін атқарған. 2009 жылдан 2 ақпанында «БТА Банк» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымына бекітілді, осы жылдың 17 ақпанынан бастап «БТА Банк» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы болып тағайындалды. 

Кембридж-Орталық Азия форумының төрағасы, Кембридж-Қазақстан орталығының директоры, Орталық және ішкі Азия жөніндегі комитеттің құрметті хатшысы, Кембридж университет Иисус колледжінің қызметкері.

1971 жылы дүниеге келген. Жаңа Орлеан Университетін бітірген. Профессор
Саксена Кембридждегі Тринити колледжінің Кавендиш зертханасында физика саласы бойнша доктор дәрежесін иеленген. Гронинген (Нидерланды) университеті мен Лондонның университеттік колледжінде постдокторлық дайндықтан өткен және Кембридждегі Гиртон колледжінде ғылыми стиенидяи бойынша білім алған.
БҰҰ жүйесінде және өзге бірнеше халықаралық ұйымдарда Таяу Шығыс бойынша Кембридж жұмыс тобында, Үндістандық серіктестік жөніндегі Кембридж тобында, халықаралық даму (Қытай) жөніндегі Кембридж форумында, Болашақ ұрпақ бойынша Консультативтік кеңес жанындағы Ағылшын-үндістандық бизнес форумында, Британдық өзбектер мен қазақстар қауымдастығында кеңесші қызметін атқарған. 2006 жылы Халықаралық теориялық және қолданбалы физика одағының Жас ғалым Орденімен марапатталған және CamCell. Ltd. тең директоры болып жұмыс істедін. Ислам мен Орталық Азия, сонымен қатар, тәжірибелік физика саласын зерттеу бойынша 60-тан астам ғылыми жұмыстардың авторы. Төрт ірі халықаралық конференциялар мен көптеген топтардың төрағасы. 

Халықаралық жобалар бөлімінің басшысы, Еуропалық Бизнес және инновациялық орталық желісі 

1988 жылы Лестер университетін француздық, ақпараттық технологиялар және экономика саласы бойынша бітірген. Азық-түлік тағамдарының бөлшек саудасы секторындағы халықаралық компанияларда, соның ішінде, экспорт пен бизнесті дамытуды көздейтін Glon SA и WT Foods Ltd-ке қызметке ауысқанға дейін,  Pechiney UK Ltd-те жұмыс істеген. Ол 2006 жылдың наурызында EBN-ге (Еуропалық Бизнес және инновациялық орталық желісі) тұрақты жұмысқа кіріп, халықаралық жобалар басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды. Роберт қазіргі таңда EBN жобалар портфелінің барлық аспектілерімен басқарады, ол жазбалық ұсыныстардан соңғы шешімге дейінгі қызметтерге бақылау жасайды. Шағын және орта бизнеске негізделген жобалар инновациялар, кәсіпкерлік, қаржы және бизнес инкубациясына қол жетімділік салаларына бағытталған. Бұл портфель қазіргі таңда 14 жобадан құралған, соның ішінде Дүниежүзілік банкпен қаржыланатын және ЕО үшін рөл біріктіретін жобалар бар. Роберт EBN-де мүшелікті нығайту үшін жаһандық ұйымдармен стратегиялық серіктестікті дамытуда. Сондай-ақ, ол EBN желісінің мүддесіне әсерін тигізетін саяси ұсыныстар ұсыну бойынша ЕО мекемелері және өзге ұйымдармен байланыс жасайды. 

ЕО Брюссельдегі Сауда жөніндегі бас дирекциясының өкілі

Инесс Санчес EuropeAid қызметтестік Бюросында бес жыл жұмыс істеген соң, 2010 жылдың мамырында ЕО Сауда мәселелері жөніндегі бас дирекциясының жанындағы Export Helpdesk-ке қызметке орналасты.
Еуропалық парламент, EuropeAid және Фиджидегі  БҰҰ Біріккен зерттеу орталығында ағартушылық кампания ұйымдастыра отыра, қазіргі уақытта ол дамушы елдерде Еуропада нарықты және өз өніміңнің саудасын жақсартуға бағытталған бизнес ақпараттандыру ісімен айналысады.
Әлеуметтік психология бакалаврі және Еуропалық құқық магистрі дәрежесіне ие.  

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті «Қаржы» кафедрасының профессоры. 

Э.ғ.д. 60-тан астам жұмысы жарияланды, оның ішінде 1 монография (23,37 п.б.), 2 оқу құралы және түрлі ғылыми журналдар мен халықаралық конференциялардағы материалдары бар. 

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы

1972 жылы 7 қазанда дүниеге келген. Білімі: Саратов мемлекеттік университеті, Халықаралық қатынастар институты Жапония ІІМ, Токио, Дипломатиялық институт Үндістан ІІМ, Дели, Бизнес мектеп НЕС (Ecole des Hautes Etudes Commerciales), Executive MBA (Мұнай-газ саласында басқару), Париж. 
Оған дейін «Самұрық-Қазына Инвест» бас директорының орынбасары, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ стратегиялық инвестициялар департаментінің директоры, Каспиан Контракторс Траст (Caspian Contractors Trust) Бас директоры, Itochu Corporation, Коноко Филлипс бизнесті дамыту менеджері қызметтерін атқарды, сонымен қатар, Сыртқы Істер Министрлігінде, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, Ұлттық ғылым академиясында жұмыс істеді. 

БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы Инвестициялар орталығының Бас кеңесшісі (FAO)

1956 жылы 28 қаңтарда Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1979 жылы Мәскеу Мемлекеттік Университетін экономист-математик мамандығы бойынша бітірген.
2007 жылдың қыркүйегінен бастап ФАО Инвестициялар орталығының Бас кеңесшісі қызметін атқарып келеді, бұл қызметте ол Дүниежүзілік банк, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Түркіменстандағы ЕҚДБ жобаларын жүргізу және қатыстыру, Африка елдерінде ФАО және Халықаралық қаржы корпорациясының бағдарламаларын үйлестіру міндетін атқарады. 1994 жылдан 2007 жылға дейін Қолданбалы экономика институты аграрлық саясат бөлімінің басшысы ретінде  Ресей, Украина, Қазақстан және Беларусь елдерінің бірнеше өңірлерінде көптеген бағдарламаларға жетекшілік етті, Ресей ауыл шаруашылығы және экономикалық даму Министрлігі, Франциядағы Министрлік, Мемлекеттік Дума мен Федерация Кеңесі (Ресей Парламентіндегі екі палата), Ұлттық статистикалық агенттіктің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2005-2007 жылдар арасында – Халықаралық азық-түлік және ауыл шаруашылығы сауда-саяси кеңесінің мүшесі болып еңбек етті. Бірнеше мемлекеттік заңдар мен үкіметтік және аймақтық бағдарламалар жасауға ат салысты, Қазақстанда Ауыл шаурашылығы Министрлігінің кеңесшісі болып саналады. 

М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры

1942 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. РФ Білім және ғылым министрлігі Экономика жөніндегі ғылыми-әдіснамалық кеңестің төрағасы, ММУ ҚБАИ Ғалымдар кеңесінің мүшесі. ММУ жанындағы Диссертациялық кеңес төрағасы, Д 501.001.56. ММУ жанындағы Диссертациялық кеңес мүшесі, Д 501.001.23. РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (Университет) жанындағы Диссертациялық кеңес мүшесі, Д 209.002.06. Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясының жанындағы  Диссертациялық кеңес мүшесі, Д 502.006.03. «Ұлттық экономика» мамандығы бойынша екінші жоғары білім бағдарламасының жетекшісі. Жалпы көлемі 220-дан астам б.п. болатын 200-ге жуық жұмыстың авторы. Соңғы бес жылда жалпы көлемі  83.97 б.п. болатын 58 жұмыс жариялады, соның ішінде, жалпы көлемі 20,8 б.п. 28 ғылыми жұмыс, жалпы көлемін 63,17 б.п. болатын 33 оқу-әдіснамалық жұмыс бар, әрі жалпы көлемі 238,76 б.п.болатын 2 оқу құралы, 1 оқулық, 2 монографияның  ғылыми редакторы және авторлық ұжым жетекшісі болды. Ол 8 доктор мен 21 ғылымдар кандидатын әзірледі. 

«Islamitische Stichting» компаниясының президенті, Түркияның Гаагадағы Елшілігінің кеңесшісі 

Гуманитарлық ғылымдар магистрі, Бүкіл әлем бойынша дін және экология мәселелері жөніндегі маман (Түркия, Румыния, Нидерланды, Германия, Жапония және АҚШ). Ланкастер университетінде (Ұлыбритания) доктор атағын алған. 1996-1999 жылдар арасында Мартин Университетінде дәріс оқыған. Бірнеше халықаралық қауымдастықтың мүшесі. Сондай-ақ, дін мәселелері және мультикультурализм бойынша үш халықаралық жобаның (Еуропада) қатысушысы және үйлестірушісі. Түрік және ағылшын тілінде екі кітап және бірнеше мақалалар жазған, соның ішінде «Экотеология дін туралы транстәртіптік білім» мақала жазған. Ұлыбритания, Бельгия, Франция, Нидерланды, Словакия, Швеция, АҚШ, Италия, Жапония мен Румынияда дәріс оқыған. 2010 жылы спикер ретінде Астанада өткен  ЕҚЫҰ саммитіне қатысты.


 

Қытай өнеркәсіптік экономика Федерациясы Төрағасының бірінші орынбасары 

1963 жылдан 1968 жылға дейін Солтүстік-Батыс политехникалық университетінде авиация Департаментінде білім алған. 1968 жылдың шілдесінде оқу бітірген соң, өз мансабын Сиань авиациялық-өнеркәсіптік корпорациясында Бас директордың атқарушы орынбасары және Бас директордың м.а. қызметінен бастаған. 1992 жылдың наурызында Сиань авиациялық-өнеркәсіптік корпорациясысының Бас директоры болып тағайындалды. 1997 жылдың қаңтарынан 1998 жылдың мамырына дейін Қытай авиациялық-өнеркәсіптік Корпорациясысы Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. Кейін 1998 жылдың мамырында Мемлекеттік сапа және техникалық қадағалау агенттігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2001 жылдың сәуірінде сапа және карантинді қадағалау жөніндегі Бас басқарма басшысының орынбасары қызметіне ауысып, мұнда 2005 жылдың қазан айына дейін жұмыс істеді. 2006 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін Қытай өнеркәсіптік экономика Федерациясы Төрағасының бірінші орынбасары және Индустриалды-инновациялы жұмыс комитетінің  Бас директоры болып қызмет атқарады. 

Халықаралық инвестициялар академиясының бірінші вице-президенті, ЕурАзЭҚ интеграциялық мәселелерін стратегиялық зерттеу институтының директоры

1939 жылы 24 мамырда Ресейде дүниеге келген. 1978 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1980 жылы бірінші орынбасары, 1981 жылы Қазақстан компартиясы Торғай обкомының хатшысы қызметтерін атқарған. 1994 жылы Мемлекет аралық Кеден одағы және ЕурАзЭҚ Төрағасының Кеңесшісі, в 1996-1998 жылдар арасында – РФ Үкіметінің сарапшысы, 1999 жылы  – РФ Федералды жиыны Мемлекеттік Думаның экономика саласы бойынша кеңесшісі қызметтерін атқарған. Профессор, РЖҒА академигі, «Экономист» журналы редакциялық алқасының мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор. РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясы «Нақты экономика және қаржы» кафедрасының ғылыми жұмысы бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары. 2004 ж. РФ Президенті Әкімшілігінің тапсырысы бойынша «РФ-да экономикалық өсумен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттік саясат және ресурстарды мобилизацияла» УЕҰ басқарды. Жалпы көлемі 280 б.п. болатын жарияланымдар жазған, соның ішінде 12 монография бар.

 «KC 2 Ltd.» Басқарушы директор, «REIT ERG Capital» Директорлар кеңесінің мүшесі

Д-р Крассен Станчев – «KC 2 Ltd.» Атқарушы директоры, «REIT ERG Capital» Директорлар кеңесінің мүшесі; бұған дейін «Прагма» Корпорациясының Орталық Азия бойынша кеңесшісі және аға кеңесшісі болған. Сондай-ақ, Болгариядағы алғашқы тәуелсіз және еркін ғылыми-зерттеу орталығы саналатын Нарықтық экономика институтының (1993) негізін қалаушы және бұрынғы басқарушы директоры болып саналады. Конституциялық Ассамблеяның бұрынғы мүшесі және төрағасы (1990-1991), «Euromoney» журналынан 1996 жылғы «Үздік елдік аналист» сыйлығының лауреаты, 2014 жылғы «М-р Экономика» сыйлығының номинанты,сондай-ақ, демократия мен азамттық қоғамға орасан үлес қосқаны үшін 2002 жылғы Болгария Үкіметі Сыйлығының, Нарықтық экономика Институтының директоры ретінде «Templeton» сыйлығының және Болгарияның еркіндік рухына жекелей үлес қосқаны үшін Георгий Васильев атындағы қор сыйлығының лауреаты, 2006 жыл. Болгарияда орталық жоспарлаудан нарықтық экономикаға дейінгі бірқатар реформалардың құрастырушысы және осы реформалардың көшбасшысы болды, сонымен қатар, қолданбалы эконмикасы бар өзге елдерде осы реформалар бойынша кеңестер жүргізді.

ЕурАзЭҚ Жоғары технологиялар орталығы Директорлар кеңесінің төрағасы

1940 жылы 18 қазанда Саратов облысының Балашов қаласында әскери қызметкердің отбасында дүниеге келген. 1962 жылы Пенза политехникалық институтын бітірген. Мамандығы - инженер-электротехник. 1997 жылы РФ ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары курстарын бітірген. Техника ғылымдарының докторы, академик. «Ақпараттық технологиялар және атқарушы билік органдарының жүйелер орталығы» («АТЖЖО») мемлекеттік ғылыми мекемесінің директоры, «ИнтерЭВМ» информатика және электроника жөніндегі Халықаралық орталықтың Бас директоры, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Үкіметтік байланыс және ақпарат Федералды агенттігінің (1991—1998) директоры, армия генералы, Ресей Батыры.
Ғылым мен техника аласында РФ Мемлекттік сыйлығының лауреаты, РФ құрметті радиошысы, РФ байланыс құралы өнеркәсібінің құрметті қызметкері. Ресей Федеациясы ғылым және техника саласының еңбек сіңірген қайраткері. 150-ден астам ғылыми еңбектер мен көптеген  өнертабыстары бар. "Құрмет белгісі", Еңбек Қызыл туы, үшінші (үшінші дәрежелі - "арнайы тапсырманы орындағаны үшін", құпия жарлықпен)  және төртінші дәрежелі "Отан алдындағы еңбегі үшін" ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі 

1971 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Инженер-электрик, экономист.
1994-1997 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші экономисі, мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы.

1996-1997 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.

1997-1998 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры.

1998-1999 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының орынбасары.

1999-2002 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары, директоры.

2002-2003 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат департаментінің директоры.

2003-2006 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары.

2006-2007 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары.

2007-2010 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

Мемлекет басшысының 2010 жылғы наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2012 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
6 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Премьер-Министрдің Орынбасары - ҚР Қаржы министрі болып тағайындалды. 

«Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған.

Мадрид автономиялық университетінің профессоры

1933 жылы 1 қарашада дүниеге келген. Француздық лицейде, Комплутенс Мадридтік Университетінде және Лондон экономика мектебінде білім алған. PhD докторы. 1968 жылдан 1971 жылға дейін Малага Университетінде экономика профессоры болған.
1975 жылдан қазіргі уақытқа дейін Мадрид автономиялық университетінің профессоры қызметін атқарып келеді. 1983 жылдан 1985 жылға дейін Сорбонна Париж университетінде сабақ берді. 1976 жылы Испания компартиясы атқарушы комитетінің құрамына қабылданды (ИКП). Испаниялық Парламентке 1977, 1979 және 1986 жылдары депутат болып сайланды. 1978 жылғы Конституцияның бекітілу жұмысына қатысты. Мадрид әкімі Тьерно Гальванның орынбасары, БҰҰ-ның Даму және Латын Америка интеграциясы бойынша Институтының кеңесшісі қызметтерін атқарды. 1992 жылы ЕО комиссиясымен Еуроодақта «Жан Моне» кафедрасының профессоры болып танылды. 

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты

1956 жылы 13 қыркүйекте Атырау облысы Байшұнас ауылында дүниеге келген. Орал педагогикалық институтын география және биология мұғалімі мамандығы бойынша және Батыс Қазақстан облысының Еуразиялық академиясын экономика мамандығы бойынша бітірген.
Орал қаласы Зачаганск  ауылы мен мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласты, мұғалімдердің комсомолдық ұйымын басқарды, 1982 жылы Зачаганск ауылдық Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1987 ж - Зачаганск ауылдық Кеңесі атқарушы комитеті төрағасының орынбасары. 1995 ж. – Зачаганск ауылының әкімі.
1997 ж. – Орал қаласы әкімінің орынбасары.
Партия тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің үшінші және төртінші шақырылымдағы депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі, ҚР Парламент Мәжілісінің экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.

 

Астана қаласының әкімі

1956 жылы 9 желтоқсанда дүниеге келген. 1979 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін бітірген, география және биология пәндерінің мұғалімі.

1993 жылдан – ҚР Президентінің көмекшісі. 1995 жылдан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары. 1997 жылдан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Білім және мәдениет министрі. 1997 жылдан – ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы - ҚР Президенті Әкімшілігі ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылдан – ҚР Президентінің бірінші көмекшісі. 1999 жылдан - Атырау облысының әкімі. 2000 жылдың желтоқсанынан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары. 2002 жылдан - ҚР Премьер-Министрі. 2003 жылдан ҚР Мемлекеттік хатшысы. 2

2004 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 2004 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың сәуіріне дейін - Алматы қаласының әкімі.

2008 жылдың сәуірінен бастап - Астана қаласының әкімі.

Копенгаген Университетінің халықаралық экономика профессоры

1934 жылы 13 желтоқсанда дүниеге келген. Копенгаген университетінде (1960 жылы магистр дәрежесін және 1971 жылы саяси және эклномикалық ғылымдар бойынша докторлық дәрежесін) және  Гарвард университетінде (мемлекеттік басқару магистрі, 1961 год) білім алған.
Бұған дейін «Danske Bank» банкінде зерттеу профессоры, Малайзия Қаржы министрлігінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі (Куала-Лумпур); ЭЫДҰ валюта және зерттеулер бөлімінің басшысы (Париж); Дания Орталық Банкі басқарушысының кеңесшісі, Даниялық экономикалық кеңес төрағасы; Еуропалық бірлестіктерде экономикалық және валюталық одақ жөніндегі комитет мүшесі; Экономикалық дағдарыс бойынша Швеция үкіметі консультативті тобының мүшесі; 1998 және 1999 жылдардағы азиялық дағдарыстан кейін, ХВҚ Ұсыныстар тиімділігін тәуелсіз бағалаушылар тобының мүшесі, Вашингтон, (Колумбия округі); Даниядағы «3 М» инновациялық-өндірістік компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы; италияндық «Mercato dei Titoli di Stato» (MTS SpA) (Рим) және EuroMTS PLC (Лондон) компаниясы кеңесінің төрағасы, Дания Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті және т.б.
Халықаралық экономикалық журналдар мен конференция жинақтарындағы 80-нен астам мақалалардың авторы. 

Фотовольтаика жөніндегі кеңесші, Виста менеджмент GMBH

1927 жылы 27 шілдеде Готтингенде (Германия) дүниеге келген. Ростов-на-Дону қаласындағы Мемлекеттік университетінің физика факультетін және Мәскеудегі Ломоносов атындағы Мемлекеттік университетін бітірген. Профессор, ғылымдар докторы. Еуропалық жаңартылатын энергия қауымдастығы Ресейлік секциясының негізін қалаушылардың бірі. WISTA күн қуатының негізін қалаушылардың бірі, Берлин - Адлерсхоф кампусте күн энергетикасы және күн қуатының жабдықтарын жасау саласында ынтымақтастық ұйымы. Ішкі құрылыммен байланысты фотоэлектрлік нәтижені ашты (1960 жылы патенттелген).
Ресей Ғылым академиясы Иоффе атындағы физика-техникалық институтының Құрметті мүшесі (Санкт-Петербург), Ғылым мен технологияларды дамыту жөніндегі Қауымдастықтың құрметті мүшесі (Франкфурт),  "Brucke Osteuropa" қауымдастығының мүшесі (Берлин).
Ғылыми журналдар мен 12 патенттерде 50-ден астам жарияланымдардың авторы. 

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның вице-президенті

Профессор, экономика ғылымдарының докторы. Мәскеудің Серго Орджоникидзе атындағы басқару институтын үздік бітірген. Еуразия халықаралық академиясының, халықаралық өндірісті ұйымдастыру ғылымы мен практикасы академиясының академигі, «Экономика, қаржы, зерттеулер» журналының ғылыми редакторы, кәсіпкерлік бойынша халықаралық және ұлттық сарапшы. БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Экономикалық ынтымақтастық және ықпалдастық комитетінің кәсіпкерлік, инновациялар, бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сарапшылар жұмыс тобының мүшесі. 1987-2007 жылдары - Қазақстандық ЖОО-да кафедра меңгерушісі, оқу жұмыстары жөніндегі проректор, профессор болып жұмыс жасады. 1997-2006 жылдары арасында - АҚШ-тың Техас штатында Бейлор университетінде «Фулбрайт» бағдарламасы бойынша оқыды. 2008-2010 жылдары - «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының атқарушы органының төрайымы.

Қазақстандық және шетелдік көптеген ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі. 150-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Қазақстанның таңдаулы 100 әйелінің тізіміне енген. «Онжылдықтың үздік кәсіпкерлері», «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауларының жеңімпазы, «Фулбрайт» бағдарламасының стипендиаты, АҚШ.

Ресей экономикалық даму Министрлігі ТМД елдерімен экономикалық ынтымақтастық дәне интеграция Департаментінің директоры

1972 жылы 29 қарашада дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік инженерлік-физикалық институтын (техникалық университет) және  Ресей экономикалық даму Министрлігі Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясын бітірген. 1998 жылдан 2010 жылға дейін Ресей экономикалық даму Министрлігінің экспорттық бақылау Департаментінде жетекші маман, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, Еуразиялық экономикалық қауымдастығы интеграциялық комитеті Хатшылығының сауда саясаты Департаментінің кеңесшісі, жетекшісі, Ресей экономикалық даму Министрлігі сыртқыэкономикалық байланысты талдау және реттеу департаменті директорының орынбасары. Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын жасақтауға қосқан үлесі үшін орденмен марапатталған.

БҰҰ Резидент-Үйлестіруші, БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі

Қазіргі қызметіне дейін Женевада Гуманитарлық қызметті үйлестіру жөніндегі БҰҰ басқармасының басшысы (БҰҰ ГҚҮБ) қызметін атқарған (2007-2010 жж.). 2004-2007 жылдар арасында - БҰҰ ГҚҮБ-ның РФ басшысы қызметін атқарған. 2003-2004 жылдары – Женевадағы Саясатты дамыту департаментінің басшысы.1999-2003 жж. – ГҚҮБ офицері және бұрынғы Югославия және Ауғанстан бойынша БҰҰ ГҚҮБ-ның бөлімше бастығы. 1998 ж. – Руандада адам құқығы бойынша БҰҰ Басшысының саяси кеңесшісі. 1996-1998 жж. - Хорватияда БҰҰ Өкілеттілігінің азаматтық істер жөніндегі басқармасының басшысы. 1988-1996 жж. - Принстон университеті мен Мичиган университетінде академиялық қызмет. Сондай-ақ, Стивен 1991 жылдан1993 жылға дейін Хорватия, Босния және Герцеговинада штаттан тыс журналист болып жұмыс істеді, бұрынғы Югославияда дала зерттеулерін жүргізді. Мансаптық жолының бастапқы кезеңінде Бағдарлама менеджері мен энергетика мен экология саласында, соның ішінде климаттың жаһандық өзгеруін басқару бойынша талдаушы (1984-1988 жж.) қызметтерін атқарды. Мичиган штаты университетінің саяси ғылымдар докторы және Дьюк университетінің философия магистрі, сондай-ақ, Огайо Уэслиан Университетінің матемтика және философия бакалаврі дәрежелеріне ие. 

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау вице-министрі

Н.Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін бітірген (1984 ж.), инженер-механик. 1984 жылдан – Алматыдағы С.М.Киров атындағы Машина жасау зауытының шебері, цех бастығының орынбасары. 1989 жылдан – коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметте. 1997 жылдың мамырынан – ҚР Экономика және сауда министрлігінің Өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары. 1998 жылдың наурызынан –Алкоголь өнімдерін өндіру және айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (ҚР ҚМ, ҚР ЭИСМ, ҚР МКМ). 2001 жылдың қаңтарынан – ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі. 2003 жылдың шілдесінен «Ұлттық инновациялық қор» ЖАҚ басқармасы төрағасы. 2004 жылдың сәуірінен - «Астанаэнергосервис» АҚ басқармасының төрағасы. 2006 жылдың сәуірінен - коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметте. 2007 жылдың қазана айынан - «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС директоры. 2008 жылдың наурызынан - Оңтүстік-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2009 жылдың наурызынан – ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі.

 

Жаңартылған Бреттон-Вуд комитетінің атқарушы директоры

Euro 50 Group бас хатшысы

Марк Узан көптеген кітаптардың редакторы, олардың ішінде «Халықаралық валюта жүйесінің болашағы», 2004ж; «Халықаралық қаржы жүйесінің құрылымы бойынша нұсқау», Нуриэл Рубинимен бірлесе, 2006ж; «Халықаралық валюта жүйесі, валюталық қор және «үлкен жиырмалық»», 2007 жыл және тағы басқалар.

Халықаралық қаржы жүйесінің жаңа құрылымы бойынша бірнеше ғылыми жұмыстардың авторы. Париж-Дофин Университетінің халықаралық экономика және қаржы бойынша магистрі дәрежесі бар. Сонымен қатар, Берклидегі Калифорния Университетінің экономика кафедрасында білім алған.

«PBN Company» компаниясының Қазақстандағы басқарушы директоры

Вашингтон университетінде машина жасауда жаратылыстану ғылымдарының бакалаврі  және іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесін алған. Брюс тоғыз жыл бойы басқарушылық кеңес беру саласында еңбек етіп, 2001 жылы АҚШ-тан көшеді. Кеткенге дейінгі соңғы атқарған лауазымы – Чикаго қаласындағы Accenture компаниясы тұтынушылық тауарлар стратегиясы Тәжірибесінің аға менеджері. Сол сәттен бастап Брюс Ресей, Орталық Азия мен Африканың дамуы нарықтарда жұмыс істейді. PBN-ге келгенге дейін 2009 жылы ОАР-да 4 жыл бойы бизнесті дамыту стратегиясын әзірлеу жөніндегі тәуелссіз кеңесшісі қызметін атқарды. Оған дейін Брюс АҚШ  Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын, Орталық Азияда кәсіпкерлікті дамыту жобасы (КДЖ) маркетинг бойынша бағыт жетекшісінің орынбасары және аймақтық директоры лауазымдарын атқарды. Брюстің клиенттері – SABMiller, Cadbury, Samsung, Ericsson, Absa Bank (Barclay’s), Tiger Brands, Murray & Roberts, DeBeers, Frito-Lay, Quaker Oats және тағы басқалар. 

Экономикалық ынтымақтастық және Даму ұйымының жанындағы «Еуразиялық бәсекеге қаділеттілік» бағдарламасының басшысы

Менеджмент пен экономика саласында магистр дәрежесі; Лондон Экономика Мектебі; Париждегі HEC, Еуропалық менеджмент мектептері қоғамы; Мемлекеттік саясат институтының ғылымдар магистрі, Экс-ан-Прованс қаласы. Бұрынғы қызметтері: Бостон консалтингтік компаниясы;  AT Kearney жобасының жетекшісі, саяси кжономика бойынша дәріс беруші, Гарвард Университетінің жанындағы Кеннеди атындағы Басқару мектебі. ЭЫДҰ-мен бірге Шығыс Европа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия мемлекеттерінің үкіметтерімен кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. Шетелдік инвестицияларды және дамушы нарықтарда стратегияларды, соның ішінде жаһандану стратегияларын жұмылдырумен бәсекеге қабілеттілік және жаһандану жөніндегі кітаптар мен жарияланымдардың авторы. Оның жұмыстарының бірі  -  «Жаңа нарықтарды қалай бұзуға болады?». Мамандану саласы: жеке секторды және дамушы нарықтардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту.

 

 «Үлкен Еуразиялық Университет кешені» АКҰ Президенті, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығы Үйлестіру Кеңесі Төрағасының орынбасары

1951 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Свердловск тау-кен институтын «Геология және пайдалы қазбалардың кенорындары барлау» мамандығы бойынша бітірген.
1973 жылдан 1989 жылға дейін – Свердловск тау-кен институты. 1989 жылдан 1993 жылға дейін  – Серго Орджоникидзе атындағы Мәскеу мемлекеттік геологиялық барлау университеті. 1993-2000 жылдар арасында – Орал мемлекеттік экономикалық университеті «Табиғатты пайдалану экономикасы» кафедрасының профессоры. 1998 жылдан 2005 жылға дейін – «Уралпищепромсертификат» ҒЗИ Бас директоры. 2000 жылдан 2005 жылға дейін – Орал мемлекеттік экономикалық университеті кафедрасының меңгерушісі. Қазіргі уақытта – ОМЭУ ректоры. Экономика ғылымдарының докторы, геологяилық-минералогиялық ғылымдар докторы, профессор, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі. Өнертабысқа 5 патенті бар, соның ішінде түйіршіктерді ұсақтауға Еуразиялық патенті бар. 

R&D Polymate директоры, R&D Nanotech Industries Inc директоры, Еуропалық ғылымдар академиясының академигі, РСҚҒА және РЕА академигі, Израиль

«Полимейт» Халықаралық нанотехнология зерттеулер орталығының негізін қалаушы және директоры, IAI президенті (Израиль), Еуропалық ғылымдар академиясының және Ресей нанотехнологиялық қоғамы Президиумының мүшесі, екі ресейлік Ғылым академияларының шетелдік мүшесі, «Жасыл химия» ЮНЕСКО бөлімінің төрағасы. Воронеж университетінің профессоры және ISA жетекші ғылыми кеңесшісі (Израиль), Ресей шағын және орта бизнес қорының ВИП-сарапшысы. Оның ойлап тапқан нанотехнологиялары АҚШ, Канада, Ресей және Израильдегі бірнеше өнеркәсіптік өндірістердің негізіне айналды. «Халықаралық өнертабыс салонында» IENA-98 (Нюрнберг, Германия) нанотехнологиялардағы өнертабысы үшін ол алтын және күміс медальды иеленді. 2006 жылы «Genious-2006» және 2007  жылы  NASA Nanotech Briefs®’ Nano 50™ Award көрмесінде алтын сыйлықтың ұтып алды. Соңғы 10 жылда көптеген инвестициялық мекемелерде жетекші ғылыми кеңесші болып жұмыс істейді. 500-ге жуық патенттері бар. Ол «Коллоидтік ғылым және сырт энциклопедиясы» авторларының бірі. 2008 жылы Гонконгтегі «Көп функциялы материалдар мен құрылымдар» жөніндегі Халықаралық конференция симпозиумының және Санкт-Петербургтегі НАТО отырысының «Экологиялық таза нанотехнологиялар» ғылыми жиынның төрағасы. 

Индиана Университетінің Экономика профессоры

1967 жылы Принстон  университетінде экономика ғылымдарының докторлық дәрежесін иеленген. Халықаралық валюта қорында (бөлім басшысы, 1978-1983) және  АҚШ-тың түрлі үкіметтік агенттіктерінде, соның ішінде АҚШ  Президентінің экономикалық кеңесшілер Кеңесінде (аға экономист, 1973-76), Мемлекеттік департаментте (1989 -1990), және Ұлттық ғылыми қорда (2006- 08) қызмет атқарған. 1973 жылы Индиана штатының университетінде аға профессор, 1983 жылы аталған профессор (J.H. Rudy) және 2006 жылы құрметті профессор атағын иеленді. 2000 жылдан 2003 жылға дейін Фордхэм Университетінің (Линкольн-орталығы) Жоғары Іскерлік басқару мектебінің экономикалық және қаржы саясаты кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2000 жылы Солтүстік американдық экономика және қаржы қауымдастығының президенті болып тағайындалды, ол мұнда бұған дейін сайланған президенттің міндетін атқарушы ретінде жұмыс істеген болатын. Экономика мен қаржы мәселелеріне арналған көптеген кітаптардың авторы. 

«IPK International» компаниясының президенті

1968 жылы Мюнхен (Германия) қаласындағы Университеттің экономика факультетін бітірген. Өз кәсіби мансабын Мюнхен Университетінің экономика және әлеуметтік география институтында көмекші ретінде бастаған. 1969 жылы Рольф Фрайтаг Мюнхен Университеті мен Бавария экономика және көлік министрлігінің бастамасы бойынша IPK International компаниясының негізін қалады. Рольф Фрайтаг содан бері аталмыш компанияның президенті болып есептеледі. Кәсіби мансабы кезінде Рольф Фрайтаг әлемнің 50 елінде 1000-нан астам жобаны іске асырды. IPK International 1988 жылы Еуропалық туризм талдауына негізделген World Travel Monitor (Әлемдік туризм талдауы) жинағын шығарды. Әлемнің 60-қа жуық еліндегі жұмыс тәжірибесіне негізделіп, жыл сайын 500,000-ге жуық сұхбаттар жүргізіледі. Сонымен қатар, іскерлік сапарлар, демалыс және сапарлардың өзге түрлері саяхаттың барлық нарығын қами отыра талдауға қосылған.

 «JPMorgan Chase International» корпорациясының төрағасы, «AIG» сақтандыру корпорациясының бұрынғы вице-президенті және Израиль Орталық банкінің бұрынғы төрағасы

1943 жылы дүниеге келген. 2004-2009 жж. - American International Group, Inc. төрағасының орынбасары, 2000-2004 жж. - Merrill Lynch International, Inc. төрағасы, сонымен қатар, Консультативной Суверенной Группы Merrill Lynch Консультативтік еріктілер тобының және өзге Әлемдік Қаржы Институттарының төрағасы. 1991-2000 жж. - Израиль Банкінің Басқарушысы. 
1987-1991 жж. – Халықаралық валюта қорының экономикалық кеңесшісі және зерттеулер жөніндегі директоры. 1973-1987 жж. - Чикаго университетінің экономика факультетіндегі саяси экономика журналының редакторы (Дэвид Рокфеллердің лауазымы, халықаралық экономика профессоры).
1995-1996 жж. – Америка аралық даму банкі басқарушылар Кеңесінің төрағасы, 1999-2000 жж. – Еуропалық қайта құру және даму банкі басқарушылар Кеңесі төрағасының орынбасары, 1991-2000 жж. –  ХВҚ басқарушысы және Израильдегі Дүниежүзілік банкі басқарушысының орынбасары. 
Чикаго Университетінің экономика саласының магистрі және докторы, халықаралық экономика және макроэкономика саласында көптеген кітаптар мен мақалалардың авторы.

Дүниежүзілік экономикалық форумы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік және тиімділік орталыңының директоры, аға экономисі 

Экономика саласындағы PhD докторы, Бохум Университеті. Жұмыс тәжірибесі: Бохум университеті мен экономика мәселелері жөніндегі Еуропалық Зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, Маннхайм; Бохум мен Виттен-Хердэкедегі ЖОО-ның дәріс берушісі; сауда жарнамасы бөлімінің маманы, Халықаралық сауда орталығы. 2004 жылдан бері  Дүниежүзілік экономикалық форумымен бірге жұмыс істейді: 2005 жылдан қазіргі күнге дейін бас экономист лауазымын атқарып келеді. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі баяндаманың бірлескен авторы. Араб әлемінің және Дүниежүзілік сауданың бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі баяндамалардың бірлескен редакторы. Мамандану облысы: ұлттық бәсекеге қабліеттілік, халықаралық сауда саясаты, аймақтық интеграция, Таяу Шығыс, Еуропа және Орталық Азияның экономикалық дамуы, индикаторлардың салғастырмалы талдауы.

Аустралия сауда комиссиясының бас экономисі (Austrade)

Аделаида Университеті, Миннесота мен Гарвард Университетінде білім алған.
Экономика мектебінің және Сиднейдегі Жаңа Оңтүстік Уэльс университеті жанындағы Аустралия бизнес-мектебінің шақыртылған ғылыми қызметкері болып саналады.
Austrade-ке дейін Тим Харкорт экономикалық және өнеркәсіптік істер жөніндегі Аустралия кәсіподақтар кеңесінің (ACTU) қорғаушысы болып жұмыс істеген, Аустралия Резервтік Банкінде және Өндірістік қатынастар комиссиясында (AIRC) қызмет атқарған. Сонымен қатар, оның Ұлыбритания, АҚШ және Израильдегі корпоративтік секторында қызмет еткен жұмыс тәжірибесі бар.
Харкорт бірнеше басылымдарға көптеген материалдар жазып тұрады. Харкорт мырзаның соңғы кітабы «Әуежайдан келген экономист» (The Airport Economist) бизнес бойынша ең көп сатылған кітаптардың ондығына енді.

 «Т2VentureCapital» компаниясының негізін қалаушы және басқарушы директоры, Дүниежүзілік банктің венчурлік капитал және инновациялық саясат жөніндегі кеңесшісі 

Кауфман қызметкері, венчурлік капитал индустриясының көшбасшылары іріктемелі бағдарламасының мүшесі.
Виктор Гарвард университетінде үкіметтер қызметін зерттеу, сондай-ақ, компьютерлік ғылымдар, компьютерлік архитектура және операциялық жүйелер дизайны саласы бойынша білім алып, аталмыш оқу орнын үздік бітірген. Сонымен қатар, ол Чикаго Университетінің заң факультетін тәмамдаған.1995-1997 жж. – ұлттық саясат саласында қызмет атқарды. 1997 жылы Халықаралық даму жөніндегі АҚШ Агенттігі бас қорғаушысының кеңсесіне клерк болып тағайындалды. Американдық заңгерлер қауымдастығының Халықаралық банк және қаржы комитеті басқарушы комитетінің мүшесі болған.

«INNO AG» компаниясының басқарушы директоры

1964 жылы Германияда дүниеге келген. 
PhD докторы атағына ие (Карлсруэ Университеті, Германия). Линкопин Университеті Инновациялық менеджментінің доценті. Inno AG басқарушы директоры (Германия). 
Көптеген ғылыми журналдардың рецензиялаушысы. Инновацияларға марапаттар ұсыну жөніндегі комитеттері қазылар алқасының мүшесі. CEDIM AG, Inno Germany AG Әкімшілік кеңесінің мүшесі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Атқарушы хатшысы 

Д-р Хейзер АТМЭӘК-тің барлық бағдарламасына және оның басқару жұмысына жауапты әрі аймақтың дамуында негізгі рөл ойнайтын Аймақтық комиссияның жұмысын бақылайды. Лауазымға тағайындалған соң, Д-р Хейзер Тынық мұхиты аймағында инклюзивтік және орнықты дамуға қол жеткізу мақсатында  аймақтық ынтымақтастықты нығайту жұмысымен айналысты. Сонымен қатар, ол сауда, көлік, энергетикалық қауіпсіздік, әлеуметтік қамтамасыздық және қаржылық ынтымақтастықты қолдау үшін аймақтық өзара байланысты ілгері жылжытты. Д-р Хейзер Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізу үшін ұлтаралық мәселелермен күресу мақсатында серіктестікті нығайтты. АТМЭӘК-тегі жұмысына дейін Хейзер ханым БҰҰ-ның Әйелдер мүддесін қорғайтын Даму қорын (ЮНИФЕМ) басқарған оңтүстік өңірден шыққан алғашқы Атқарушы директор атанды. Ол Сингапур университетінде гуманитарлық ғылымдар бакалаврі мен гуманитарлық ғылымдар магистрі дипломын алды, ал әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша доктор дәрежесін Біріккен Корольдіктегі Кембридж университетінде иеленді.

Жетулиу Варгас Қоры Жоғары экономика мектебінің профессоры, MBA бағдарламасының және Оңтүстік Бразилиядағы бизнес-консалтингтің үйлестірушісі

Оған дейін WEFA (Латын Америкасы бойынша Уортон эконометриялық болжау қауымдастығы) Латын Америка өңірі бойынша вице-президенті және қызмет директоры лауазымдарын атқарды, аталмыш қызметте ол Латын Америкасының 16 елінде экономикалық үрдістерді болжауды бақылау жұмысын іске асырды. Хикманн Иллинойс штатының Университетінде доктор дәрежесін иеленді.

Қазақстандағы Еуропалық Одақ Делегациясы Сауда секциясының жетекшісі 

Хуссейн мырзаның статистика саласы бойынша Ph.D ғылыми атағы бар. 1982-1999 жылдар арасында ол Аустриядағы «Йоаннеум» зерттеу орталығында ғылыми қызметке болып жұмыс істеп, кейін аталмыш орталықтың серіктесі атанды. 1999 жылы ол Еуропалық комиссияға қосылып, саудаға және тікелей шетелдік инвестицияларға ерекше көңіл аударатын баға статистикасы және төлеу теңгерімі саласында Еуропалық бірлестік статистикалық бюросының бас әкімшісі қызметін атқарды. 2009 жылдың қарашасынан бастап Қазақстандағы Еуропалық Одақ Делегациясы Сауда секциясының жетекшісі лауазымына тағайындалды

 «Әлемдік бизнес және қаржы» журналының бас редакторы, «China Digital TV Holding Co., Ltd.» және «AirMedia Group, Inc.» компанияларының тәуелсіз директоры 

Жэньминь Қытай Университеті Халықаралық валюталық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары және аға ғылыми қызметкері, Ресми валюталық-қаржылық мекемелер (OMFIF) форумы консультативтік кеңесінің мүшесі, Huazhon Ғылым және технологиялар университетінде экономика профессоры, “Global Finance & Business» журналының бас редакторы. Қаржы және экономика саласында атақты телекомментатор болып саналады.
Сонгцуо Цианг Жэньминь Қытай Университетінде экономика ғылымдарының магистрі және докторы дәрежесін иеленді, халықаралық қатынастар магистрі атағын Колумбия  университетінің жанындағы Халықаралық және қоғамдық қатынастар Мектебінде «Экономикалық саясатты басқару» бағдарламасы бойынша еншіледі. Көптеген ғылыми жұмыстар мен диссертациялардың авторы. 

«Астана қаласының Бас жоспары ғылыми зерттеу-жобалау институты» МКК  Бас жоспар шеберханасы бастығының орынбасары 

Жоғары архитектуралық білімі бар: Целиноград ауыл шаруашылық институты, «Архитектура» мамандығы. Архитектура кандидаты (1979 ж), Мәскеу қ. жоғары аттестациялау комиссиясының доценті (1983 ж); Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры (1996 ж); Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты - «ҚР Парламентіне 10 жыл» медальімен марапатталған (2006 ж); ҚР құрметті сәулетшісі (2009 ж ). «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ директор орынбасары, «Астанабасжоспар» МКК бас маман, ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2007 жылдан – қазіргі уақытқа дейін  - «Астана қаласының Бас жоспары ғылыми зерттеу-жобалау институты» МКК – ғылыми-зерттеу жұмыстары шеберханасының бас маманы, – ғылыми-зерттеу жұмыстары шеберханасы бастығының м.а., бас жоспар шеберханасы бастығының орынбасары

Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы Экология және даму Департаментінің директоры (АТМЭӘК)

Азия-Тынық мұхиты және жаһандық деңгейде «жасыл» өсім саясатын негізгі құрастырушылардың бірі болып табылады. «Жасыл өсімге» қол жеткізу және «жасыл экономикаға» жағдай жасау үшін экономикалық жүйе өзгерістерін жылжытудың ажырамас бөлігі болып табылатын экологиялық салықтар мен қазыналық реформалар жөніндегі тақырыптарды дамытуға ат салысады. Экологиялық салық салу үшін Крайзер сыйлығының иегері. БҰҰ менЭЫДҰ-да Корей өкілдігінің Кеңесшісі, Корея Республикасы Сыртқы істер және сауда министрлігінің халықаралық экономикалық мәселелері жөніндегі Бас директор лауазымдарын атқарған. Климат өзгерісі жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің (КӨМАК) арнайы баяндамаларын, «Күн тәртібі 21» (Рио-де-Жанейрода өткен қоршаған орта және даму жөніндегі БҰҰ Конференциясы (ЮНСЕД) құжатын әзірлеуге ат салысқан. Климат өзгерісі мәселелері бойынша жұмысқа Корея Республикасын атынан қатысты және Ұлттық іс-әрекеттер шарттары (НАМА) және НАМА үшін көмірсутектік несиелердің тізілімі туралы идеяны ұсынды.

 «Жасыл көпір» кеңсесінің басшысы, «Экология» академиясының мүше-тілшісі

Биология ғылымдарының кандидаты, «Экология» академиясының мүше-тілшісі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» РМК Бас директорының орынбасары, Орталық Азияның орнықты дамуы жөніндегі Мемлекетаралық комиссиясы Ғылыми-ақпараттық орталығы Қазақстандық бөлімінің басшысы, «Экология және шөлге айналу мәселелері» зертханасының меңгерушісі, Экология және орнықты даму Институтының директоры, Ұлттық орнықты даму экологиялық орталығының директоры, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ақпаратқа әлеуеттің қол жетімділігі, шешімдер қабылдауға қатысу және әділеттілікке қол жетімділік жөніндегі Ұлттық Орхусс орталығының үйлестірушісі қызметтерін атқара отыра, халықаралық бағдарламалар мен жобалар, стратегиялар мен іс-әрекеттер жоспарын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысты. "Табиғи ресурстардың мемлекеттік тізімдемесі" ақпараттық жүйесін құрастырушылардың бірі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеу жөніндегі қызмет жетекшісі. Дүниежүзілік банк, ТАСИС, ЮНЕП жобаларын әзірлеу, басқару бойынша сертификаттары мен қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік лицензиялары бар. 

"Назарбаев Университет" АҚ Атқарушы Кеңес Төрағасының орынбасары

Медицина профессоры. Медицина ғылымдарының докторы. «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы 
1994 ж. - Бирмингемдегі Алабама университеті вакциналарды әзірлеу Иммунобиологиялық орталығының қызметкері.
1997 жылдан 2004 жылға дейін доктор Шарман Джонс Хопкинс Университетінің ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
2001 жылдың мамырында Орталық Азияның халықаралық дамуы жөніндегі Американдық Халықаралық Даму Агенттігінің (ЮСАИД) жұқпалы аурулар бойынша Кеңесшісі қызметіне шақыртылды, келесі жылы ЮСАИД-тың Қазақстан бойынша өкілдігінің басшысы қызметіне бекітілді.
2008 жылдың мамырында Шарман Қазақстан Ұлттық медициналық холдингі Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалады.

«Atlas Economic Research Foundation» ҮЕҰ аға ғылыми қызметкері; «Sound Money» жобасының тең директоры

Юта штаты университетінің іскерлік басқару саласындағы докторы. Ол өзінің кәсіби қабілеттері мен білімін Экономикалық мәселелер жөніндегі Бірлескен комитеті, Банк істері жөніндегі Сенат комитеттері, банк істері және шетелдік істер жөніндегі Палата өкілдері комитеттерінің алдында көрсете білді. Ол Гувер Институтының (Стэнфорд университеті) аға зерттеушісі және Монтеррейде «DUXX» Жоғары бизнес мектебінде (Мексика) халықаралық қаржы ісі профессоры болып жұмыс істеді. Ол Джек Кемптың төрағалығымен (1995-96) экономикалық өсу және және салық реформалары жөніндегі Ұлттық комиссияда экономист және «Hilton Hotels» корпорациясының басқармаларында және «Atlantic Coast Airlines» әуе компаниясында қызмет атқарды. 2010 жылдың қаңтарында демократияны қолдау Ұлттық қоры Директорлар кеңесінің вице-төрағасы лауазымына тағайындалды, Ресей, Украина, Беларусь бойынша Басқарманың аймақтық сарапшысы болып еңбек етеді және Бюджет және Аудит комитетінде жұмыс істейді. 

Аустрия федералды экономикалық палатасының вице-президенті

Вена Технология Университетін бітірген. 2002 жылы Австриядағы ең ірі корпорациялардың бірі саналатын OMV Басқарма төрағасы және Бас атқарушы директор қызметінен зейнеткерлікке шыққан соң, Доктор Шенц Аустрия Үкіметінде капитал нарықтарының ресми өкілі қызметіне тағайындалды.
Қазіргі уақытта Доктор Шенц Аустрия федералды экономикалық палатасының вице-президенті, Аустрия өнеркәсіп федерациясы Президиумының мүшесі және Париждегі Халықаралық сауда палатасы аустриялық бөлімінің Президенті лауазымдарын атқарады. Доктор Рихард Шенц сонымен қатар, Meridian Commodity advisors AG Бақылау кеңесінің Президенті. Бұған дейін Людвиг Болтцман Университеті мен Институтында көмекші қызметін атқарған болатын.

«Фраунхофер IFF» Институты Қамқорлық кеңесінің Төрағасы

1948 жылы дүниеге келген. Өнеркәсіп саласында (BASF тобы және басқа) көп жылдық тәжірибесі бар. Германия мен шетелдерде компанияларды басқару. 2005 жылға дейін автокөлік өнеркәсібінде жеткізуші компанияның Басменеджері болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта бизнес-кеңесші, Kuratoriumsvorsitzender (президент), Магдебургтегі Фрауэнхофер зерттеу институты (МФЛ), Саксония-Анхальт автономиялық бірлестігінің инновациялар комитетінің мүшесі, (Германия), Гарцта (Германия) бизнес факультетінде автоматика мен есептегіш техника профессоры.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары

1964 жылы 12 наурызда Түркістанда дүниеге келген. 1986 ж. Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген.

ҚазКСР мемлекеттік жоспарлау орталығының жанындағы ЖБАЖ ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері, МЭСИ аспиранты, ЖБАЖ ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері, ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі, ҚР Президент Әкімшілігі мен Министрлер Кабинетінің қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1995 ж. – ҚР экономика министрі; 1997 ж.– ҚР экономика және сауда министрі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 1998 жылдың сәуірі – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, 1998 жылдың тамызынан - 2004 жылдың наурызына дейін – Қостанай облысының әкімі.

1997 жылдан 1998 жылға дейін ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің, ҚР орнықты даму жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі болды. Осы жылдары «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ бақылау кеңесінің төрағасы лауазымын атқарды. 2004 жылғы наурыздан бастап Астана қаласының әкімі. 2006 жылдың қыркүйегінде – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2007 жылдың тамызында – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 2009 жылдың наурызынан бастап - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары.

 

«Дубна» Халықаралық табиғат, қоғам және адам университеті Әлеуметтік-табиғи жүйелердің ғылыми-зерттеу және жобалау институтының директоры

1972 жылы Харьков мемлекеттік университетінің физика-техникалық факультетін бітірген. 1972 жылдан 2000 жылға дейін Біріккен ядролық зерттеулер институтында жұмыс істеді.
1988 жылы «Электрондық-иондық айналмалы шоқтардың серпіні» тақырыбында диссертаия қорғады. 1991-1993 жылдары Ресейдегі «Технополис Дубна» ғылыми қалаларды дамыту жөніндегі алғашқы бағдарламасының тең жетекшісі қызметін атқарды . 2000 жылдан бері орнықты инновациялық аймақтық даму мәселелерімен айналысып келеді. Осы тақырып бойынша 30-дан астам жобалардың ғылыми жетекшісі болып саналады. Түрлі ауқымдағы аумақта орнықты инновациялық дамуды жобалау мәселелеріне қатысты үш монография мен 40-қа жуық мақалалардың бірлескен авторы. Біріккен ядролық зерттеулер институтының үш сыйлығы мен «ЭкоӘлем» Ұлттық сыйлығының лауреаты. Ресей Жаратылыстану Академиясының «Ғылым мен өнер серісі» мерекелік медальі және құрмет белгісімен марапатталған. Ресей Жаратылыстану Академиясының толық мүшесі болып саналады. 

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Директорлары кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор 

1942 жылы 9 шілдеде Англияның Блэкпул қаласында дүниеге келді. 1960 жылы Корольдік масондық мектептітә мамдады (Хартфордшир, Лондон).1960 жылы – Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Көлік және технологиялар министрлігінің шарттар бөліміндегі жұмыс. 1967 жылы – Ferranti Ltd компаниясы мемлекеттік шарттар бөліміндегі жұмыс. 1969 жылы – «British Aircraft Corporation» (BAC) компаниясының әскери авиация бөлімінің коммерциялық менеджері.1978 жылы – коммерциялық директор,1981 жылы – «British Aerospaceplc.» компаниясы басқарушы директорының көмекшісі. 1983 жылы – басқарушы директордың орынбасары және авиациялық топтың директоры.1987 жылы – «British Airspaceplc.» компаниясының маркетинг бойынша директоры. 1988 жылы – «British Aerospace Defence Company» компаниясының төрағасы.1990 жылы – «British Aerospaceplc.» компаниясының бас атқарушы директоры. 1992-2002 жылдары – «AirbusIndustry» компаниясы Бақылау кеңесінің мүшесі. 1998-2000 жылдары – Ұлттық Вестминстерлік банктің атқарушы емес директоры. 1998-2004 жылдары – «BAE Systems» компаниясының төрағасы. 2001-2008 жылдар аралығында – «UnitedUtilitiesplc.» компаниясының төрағасы; Ланкашир Орталық университетінің ректоры. 2006-2008 жылдар аралығында – «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

 «Ercel Advisory Group» компаниясының президенті, Түркия Орталық Банкінің бұрынғы төрағасы

1967 жылы Анкара университетінің саяси ғылымдар факультетінде бакалавр дәрежесін, 1976 жылы Тенесси штатының Нэшвилл қаласындағы (АҚШ) Вандербильт университетінде халықаралық экономика бойынша магистр дәрежесін иеленді.
Гази Эрчель мырза өз мансабын 1967 жылы Қаржы министрлігінде банк бақылаушысы қызметінен бастады. 1977 жылдан 1982 жылға дейін Қаржы министрлігінде басқарма бастығы болып жұмыс істеп, шетелдік қор биржалары, банк қадағалауларына, зерттеу бөлімдеріне жауапты болды. 1982 жылдан 1986 жылға дейін Вашингтондағы (Колумбия округі) Халықаралық валюта қорында (ХВҚ) атқарушы директордың көмекшісі қызметін атқарды. 1987-1989 жылдар арасныда Эрчель Түркия Қаржы министрлігінде басқарма директоры лауазымын атқарып, халықаралық экономикалық дамуға жауапты болды.  
1989 жылдан 1995 жылға дейін 7 жыл бойы Эрчель Стамбулдағы жеке секторда басшылық қызметтерді атқарды. 1996 жылы Түркия Республикасы Орталық банкінің басқарушысы қызметіне тағайындалды, мұнда ол 2001 жылға дейін 5 жыл бойы еңбек етті. 2002 жылы Эрчель қаржылық консалтингтік компанияның негізін қалады әрі Айдын университетінде Ercel Global Advisory дәрісін жүргізді. Сонымен қатар, ол «HaberTurk» газетінің шолушысы және «Bloomberg HT» телеарнасының комментаторы.

Питирим Сорокин– Николай Кондратьев халықаралық институт президенті 

1929 жылы 1 қаңтарда Винницк облысының Черневцы қаласында дүниеге келген (Украина). 1952 жылы Ленинград университетінің заң факультетін аяқтады.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының, Халықаралық ақпараттандыру академиясының, Болжау академиясының толық мүшесі. РЖҒА Циклдерді зерттеу және болжау бөлімінің төрағасы, "Болжамдар мен циклдер" қауымдастығының президенті, Н.Д. Кондратьев атындағы Халықаралық қордың және Болжау академиясының вице-президенті, Дүниежүзілік болашақты зерттеу федерациясының мүшесі, РФ еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Ю.В. Яковец «Қоғам серпінінде циклдер мен дағдарыстардың әрекеттесу заңдылығы» ғылыми жаңалығының авторы болып танылды. Әлеуметтік-экономикалық білімнің түрлі саласында, әсіресе, зерттеу, циклдер мен дағдарыстар, өркениет серпіні, болжау және стратегиялық жоспарлау, ғылыми-техникалық ілгерілеу және инновациялар, баға белгілеу және ренталар, экономикалық теория  саласы бойынша 600-ден астам жарияланған ғылыми жұмыстардың авторы. П. Л. Капицы РЖҒА П.Л.Капица атындағы медальмен марапатталған. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры

Ғылымдар докторы, профессор, «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2006». 20 экономика ғылымдарының кандидаты, 5 философия докторы мен 15

магистрге ғылыми жетекшілік еткен. Жарияланымдары: 1 кітап, 6 монография, 3 брошюра, 26 ҒӘО, 80 ғылыми-зерттеу мақала.

Коммерциялық қатынастар жөніндегі вице-президент, Finmeccanicas

Серхио Бертоли 1946 жылы Ливорнода дүниеге келген, 1971 жылы Пизан университетін электрондық инженерия мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1973 жылы «Marconi Italiana» компаниясында жүйелі әкімші қызметінен бастап, мұнда 1977 жылға дейін жұмыс істеді. 1977-1984 жылдар арасында жоғары технологияларды енгізуге қатысатын бірнеше шетелдік компаниядар құралған жеке компанияда әскери өнімнің италияндық нарығына жауапты болды. 1980 жылы компанияның жетекшісі болып тағайындалды. 1984 жылдан 1988 жылға дейін жоғары технологияларды енгізуге қатысатын бірнеше шетелдік компаниядар құралған жеке компанияның бас атқарушы директоры лауазамын атқарды. 1990-1995 жылдар арасында Бертоли мырза «SMA» компаниясының құрамына енетін «Micrel» коммерциялық директоры қызметін атқарды. 1995 жылы «Alelco» компаниясының құрамына енетін «Finmeccanica Group» компаниясының

коммерциялық директоры болып жұмыс істеді. 2001 жылдан 2004 жылға дейін «Galileo Spa» стратегиялық маркетинг бөлімінде жұмыс істеді. 2003 жылы «Finmeccanica» компаниясының Израильдегі аймақтық менеджері қызметіне тағайындалды. 2005 жылдан бастап «Finmeccanica» компаниясының бірнеше елдердегі сату бөлімінің аймақтық менеджері қызметін атқарып келеді.

  «Нұр Отан» ХДП Жоғары Партиялық Мектебінің директоры 

20 жылдан астам ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып келеді. Орнықты даму және бәсекеге қабілеттілік мәселелері бойынша БҰҰ, ДСҰ, Лондон экономика және саясат  мектебінде (LSE), Француздық Басқару мектебінде (ENA) тағылымдамадан өтті. 2001 жылдан - Орталық Азияның орнықты даму бойынша сарапшылар желісінің Президенті. Халықаралық есептер, БҰҰДБ орнықты даму мәселелері, кедейлікті төмендету (АТМЭӘК), ДСҰ-на (ЕҚЫҰ) интеграция, орнықты даму индикаторы (ЕО), Мыңжылдықты дамыту мақсаттары (ЭӘК), стратегиялық жоспарлау жүйесіне «жасыл өсім» қағидаларының интеграциясы (АТМЭӘК) бойынша және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапмырмасы бойынша мемлекеттік басқару, стратегиялық жоспарлау, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, минералды-шикізаттық және тағы басқа салаларда жобалар бойынша Ұлттық үйлестірушісі болып еңбек етті. 2006-2009 жж.- Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице - ректоры, Ректоры. Оның тікелей жетекшілігімен Сингапурлік мемлекеттік саясат мектебімен бірге  элиталы басқарушы кадрларды дайындау үшін Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі ашылды. 
100-ден астам жарияланымдардың авторы. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытқаны үшін» төс белгісімен марапатталған. 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы

1972 жылы 7 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген.

1994 жылы Ақмола ауылшаруашылық институтын «АӨК саласындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша үздік бітірген, 2003 ж. – Еуразиялық гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1995 ж. Л.Гумилев атындағы Еуразиялық мемлекеттік университетінің экономика факультетінде оқытушылық қызметтен бастаған.

2004 ж. ҚР БҰҰДБ экономикалық даму бағдарламасының ұлттық сарапшысы болып жұмыс істеді. 2004 жылдың тамыз айынан 2009 жылдың қаңтарына дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ корпоративтік дамыту, даму стратегиясы мен талдау, оқыту мен консалтинг департаменттерін басқарды. 2009 жылдың қаңтарынан «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ қаржы институттарын және даму институттарын басқару Дирекциясының арнайы бағдарламалар департаментінің бас менеджері лауазымын атқарды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі

1971 жылдың 17 тамызында Қарағандыда дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің заң факультетін, 1998 жылы ҚР Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін бітірген.

1998-1999 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде бас маман, 1999-2000 жылдары ҚР Әділет Министрлігі Департаментінің директоры, 2000-2001 жылдары ҚР Әділет Министрлігі жанындағы «Ұлттық заңгерлік қызмет» ЖАҚ Президенті, 2002-2003 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, 2003 жылы ҚР Индустрия және сауда вице-министрі,  2006 жылы  «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары, 2007- 2008 жылдары  «Credit Swiss (Қазақстан)» компаниясының қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры, 2008 жылдан 2009 жылға дейін ҚР Президентінің көмекшісі, 2009 жылы  Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі лауазымдарын атқарды. 2010 жылдың наурызынан бастап  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі болып тағайындалды. 

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі

1969 жылы 28 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ-ды «Математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы Қазақтың мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебін бітірген. 1998 жылы Вашингтондағы Джорджтаун университетінде білім алған. 1993 жылы - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті. 1996 жылы  - ҚР Президентінің жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының аға сарапшысы. 1997 жылдан 1998 жылға дейін - ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігі Департаментінің директоры. 1998 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі. 1999 жылдан 2001 жылға дейін – ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы. 2001 жылдан 2002 жылға дейін - ҚР Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі. 2002-2006 жылдар аралығында – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2006 жылдан 2008 жылға дейін - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы. 2008 қазанына 2011 жылдың қарашасына дейін - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма