Астана туралы

Астана тәуелсіз Қазақстанның жас астанасы болып табылады, осынау аз уақыт ішінде ол шалғайда орналасқан кішкентай қаладан серпінді дамып келе жатқан заманауи мегаполиске айналды. Қазақстанның жаңа, заманауи астанасын құру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы. Астананы ресми көшіру 1997 жылдың 10 желтоқсанында жүзеге асты. Президенттің Жарлығымыен 1998 жылдың 6 мамырынан Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
Елордасы мәртебесіне иелік етіп келе жатқан 18 жыл ішінде Астана Еуразиялық құрлық кеңістігіндегі саяси және экономикалық оқиғалардың орталығына айналды. Жыл сайын Астана мемлекет басшылары, атақты халықаралық сарапшылар, шетелдік кәсіпкерлер келіп қатысатын ауқымды халықаралық іс-шаралар, форумдар, симпозиумдар, конференциялар өткізу алаңына айналады. 1999 жылы ЮНЕСКО халықаралық ұйымы Астанаға қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда әсерлі нәтижеге қол жеткізгені үшін «Бейбітшілік қаласы» атағын берді.
Қала Қазақстанның солтүстік бөлігінде, Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 700 шаршы шақырымнан асады, 2015 жылдың 1 мамырына дейін қала тұрғындарының саны 860 мыңнан астам адамды құрайды. Астанада 100-ге жуық ұлттар мен ұлыстар тұрып жатыр.
Ең таңдаулы жобалар жүзеге асырылатын Астана қаласы бүгінде заманауи әрі қарқынды дамушы Қазақстанның флагманы болып есептелінеді.
Климат
Астана шұғыл континентті климат аймағында орналасқан. Мұнда қыс мерзімі суық өтеді. Ал жазда ауаны +20 - +30 С-ге дейін жылытатын ыстық мезгіл орнайды. Астананың қысы ұзақ болады, 4-5 айға дейін созылады, ал жазы қысқа, кем дегенде үш айға дейін жалғасады.