Спикерлер

Кристофер Писсаридес
​Экономика саласы бойынша 2010 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, макроэкономика мен еңбек арасындағы өзара әрекеттестікті зерттеу үшін теорияларды іздестіру және келістіруге үлес қосқандығымен танымал

Питер Даймонд пен Дэйл  Мортенсенмен бірге 2010 жылғы экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты. 1970 жылы Эссекс Университетінде экономика бакалаврі және 1971 жылы экономика магистрі атағын алған. Кейін Лондон экономика мектебіне түсіп, 1973 жылы экономика бойынша докторлық дәрежеге қол жеткізеді. 1976 жылы Лондон экономикамектебінде макроэкономикалық зерттеулер бағдарламасының жетекшісі болып қызмет етті. Еңбек нарығы мен макроэкономиканың байланысын зерттеудің теориясына ізденіс жасап еңбектенгені көпшілікке танымал. 

Сонымен қатар, тиісті функциялар тұжырымдамасын жасауға атсалысқан (қазіргі уақыттағы жұмыссыздықтан жұмыспен қамтуға дейінгі ағынды түсіндіре отыра) және алғашқы болып бұл үдерістің эмпирикалық  тәуелділігін анықтаған болатын. Соңғы кездері Писсаридес құрылымдық өзгерістер мен дамуды да зерттеген. 

Еңбек экономикасы Институты сыйлығының лауреаты (Дэйл Мортенсенмен бірге 2005 ж.). Британ академиясының мүшесі. Эконометриялық қоғам мүшесі.