Спикерлер

Джек Ма
Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы және Директолар кеңесінің төрағасы

Yunfeng Capital негізін қалаушы
Cainiao Network Technology Co.,Ltd Төрағасы
Ғаламдық директорлар Кеңесінің мүшесі және Қытай табиғатты қорғау кеңесінің төрағасы

Джек Ма — қытайлық кәсіпкер. Forbes журналының мұқабасына суреті шыққан құрлықтық Қытайдағы  алғашқы кәсіпкер. 2014 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша, Bloomberg компаниясы Маның байлығын 29,7 миллиард долларға бағалады, осылайша ол Қытайдағы ең бай адам болып саналады, ал әлем бойынша ең бай адамдар арасында 18-орынды иеленуде.
Джек Ма Аlibaba тобының негізін қалаушы. Alibaba Group — әлемнің кез-келген нүктесінде қолданушыға экожүйенің ашық, бірлескен және өркендеуші электрондық коммерциясының дамуына әсер ететін, ғаламтор-коммерциясында жұмыс жасайтын қытайлық жария компания.
Сондай-ақ, Джек Ма:
Softbank Corporation мобильдік операторы Директорлар Кеңесінің мүшесі
Huayi Brothers Media Corporation Басқарма мүшесі
Ғаламдық директорлар Кеңесінің мүшесі және Қытай табиғатты қорғау кеңесінің төрағасы
«Өмір туралы терең ғылымдардағы серпіліс» сыйлығының Директоры
Дүниежүзілік экономикалық форум Қоры Кеңесінің мүшесі
Білімі
Бакалавр дәрежесі, Ханчжоу Педагогигалық Университеті
2013, Доктор, Гонконг Ғылым және Технологиялар Университеті
Жұмыс тәжірибесі
1970-жылдың соңында: Ханчжоудағы Бейресми гид, Қытай
1988: Ханчжоу Педагогигалық Университетінде ағылшын тілі мен халықаралық сауда оқытушысы
1995: China Yellow Pages негізін қалаушы, Қытайдың бірінші ғаламтор-каталогы
1998: Қытаймен негізі қаланған Cofortune Information Technology Co.,Ltd – Электронды коммерция  Халықаралық орталығының Бас директоры
1999: "Алибаба" тобының негізін қалаушы, төрағасы, бас атқарушы директоры
2003: Taobao.com негізін қалаушы
2005: Yahoo! –мен келісімшарт жасасып, нәтижесінде Alibaba.com ірі қытайлық ғаламтор компаниясына айналды.
2013: Джек Ма "Алибаба" тобының бас директоры қызметінен кетіп, Cainiao Network Technology Co.,Ltd Төрағасы болып тағайындалды.
2014: Джек Дүниежүзілік экономикалық форум Қорының құрамына қабылданды.