Спикерлер

Марк Узан
Атқарушы директор, Жаңартылған Бреттон-Вудс комитеті

Марк Узан 1994 жылы іргетасы қаланған, қызметі халықаралық қаржы құрылымының мәселелерімен байланысты бейкоммерциялық ұйым Жаңартылған Бреттон-Вудс комитетінің негізін қалаушы және атқарушы директоры болып табылады. Сондай-ақ, Марк Узан бүкіл әлем бойынша жоғары деңгейдегі конференцияларды жоспарлауда кеңесші ретінде қызмет көрсетеді. Ол халықаралық қаржы бойынша бірнеше кітаптар, соның ішінде  «The Next 70 Years» кітабын шығарған. Марк Узан халықаралық қаржының жаңа құрылымы, экономика және қаржы бойынша бірқатар ғылыми жұмыстар авторы, сонымен қатар, ол баспасөз беттеріне жиі жазып тұрады.

Узан мырза Париж-Дофин университетінде халықаралық экономика және қаржы магистрі дәрежесін иеленді, сонымен қатар, Берклидегі Калифорния университеті және Гарвард университетінің экономика кафедрасында шақырылған ғылыми қызметкері болып жұмыс істейді.