Спикерлер

Сергей Глазьев
Ресей Ғылым Академиясының академигі, Сыртқы экономикалық байланыс министрі (1992-1993 жж.), Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының үш шақырылымдағы депутаты  

1986 - 1991 кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, КСРО ҒА ОЭМИ зертхана меңгерушісі. 
1991 - 1992 РФ сыртқыэкономикалық байланыстар Комитеті Төрағасының бірінші орынбасары, РФ сыртқыэкономикалық байланыстар министрінің бірінші орынбасары.
1992 - 1993 РФ сыртқыэкономикалық байланыстар министрі. 
1994 - 1995 1-шақырылымдағы Мемлекеттік Дума депутаты, экономикалық саясат жөніндегі Комитет төрағасы.
1996 РФ Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының экономикалық қауіпсіздік басқармасының басшысы. 
1996-1999  РФ Федерация Кеңесі аппаратының ақпараттық-талдамалы басқармасының басшысы
2000 - 2003 жылдары III шақырылымдағы Мемлекеттік Дума депутаты,  экономикалық саясат және кәсіпкерлік жөніндегі Комитет төрағасы.
2002 ж. қарашасынан  III шақырылымдағы Мемлекеттік Думадағы жұмысы аяқталғанға дейін – Мемлекеттік Думаның несиелік ұйымдар және қаржылық нарықтар жөніндегі Комитетінде қызмет атқарды.
2004-2007 жылдары – IV шақырылымдағы Мемлекеттік Дума депутаты, денсаулық сақтау жөніндегі Комитет мүшесі, бюджет және салық жөніндегі Комитет мүшесі.
ЕЭО бас хатшысының орынбасары (2008 жылдың 27 қарашасынан).
2012 жылдың 30 шілдесінен РФ Президенті В.Путиннің аймақтық экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі кеңесшісі.

Білімі:
Экономист-кибернетика бакалаврі, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, 1983
Экономика ғылымдарының кандидаты, Орталық экономикалық-математикалық Институты (ОЭМИ) КСРО Ғылым Академиясы, 1986
Экономика ғылымдарының докторы, 1990
 

Марапаттары
Глазьев 1995 жылы экономикалық дамуда ұзақ толқындарды зерттеу циклі үшін  Н. Д. Кондратьев алтын медальімен марапатталды.
Мемлекеттер арасында интеграциялық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін 2011 жылдың 2 ақпанында Достық орденімен марапатталды.
Украинаны Ресеймен біртұтас экономикалық кеңістікке қайтаруда көмегі үшін 2013 жылдың 28 қарашасында Сергей Юрийұлына Орыс биографиялық институты мен Экономикалық стратегиялар институтымен тағайындалған «Жыл адамы» сыйлығы табыс етілді.

Әдеби жұмыстары
 «Жаһандық дағдарыс жағдайындағы Ресейдің озық дамуының стратегиясы», Экономика, 2010;
 «Болашақ таңдауы», Алгоритм, 2005;
 «Нарыққа үйрету», Экономика, 2004;
 «Ауқаттылық және әділеттілік. Бай мемлекетте кедейшілікті қалай жеңуге болады» Б. С. Г.-Пресс, 2003;
 «Геноцид» Кітап дүңгіршегі — Терра, 1999;
 Кара-Мурза С. Г., Батчиков С. А. «Ақ кітап. Ресейдегі экономкалық реформалар. 1991—2001 жж.» Эксмо, 200.