Кері
байланыс
Тамақтану

Астана экономикалық форумында (бұдан әрі – АЭФ) тамақтануды ұйымдастырумен (түскі астар, кофе-брейктер, кофе аймақтары және т. б.) әр түрлі ас мәзірін ұсынатын, жоғары сапалы өнімдерді және үздік қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз ететін, осындай іс-шараларды өткізуде үлкен тәжірибесі бар, байқаулық негізде арнайы іріктелген компания айналысады.

АЭФ делегаттары үшін түскі астар мен кофе-брейктер арнайы жабдықталған Фуршет залында ұйымдастырылады. Түскі астар және кофе-брейктер уақыттары туралы ақпарат әрбір қатысушыға үлестірілетін пакетке енгізілген АЭФ Бағдарламасында көрсетіледі. Өзекті деректер АЭФ сайтында және АЭФ өтетін жерлерде орнатылған ақпараттық таблоларда орналастырылады.

VIP қатысушыларды тамақтандыру (түскі астар және кофе-брейктер) Тәуелсіздік Сарайының мейрамханасында ұйымдастырылады. 

Жеке сессияларда осы іс-шаралардың алдында және сессия кезінде кофе-брейктер ұйымдастырылуы мүмкін.

Әр түрлі жеңіл тағамдарды (шай, кофе, сусындар, фаст-фуд, десерт) ақылы түрде ұсынатын кофе аймақтары Тәуелсіздік Сарайының 3-қабатында және Тәуелсіздік Сарайына кіре берістегі шатырда жұмыс жасайды.

Толық ақпарат алу үшін, сондай-ақ, тамақтану  жөніндегі ұсыныстар бойынша, осы мәселелер  бойынша үйлестірушіге хабарласа аласыз:

Мақсат Қайранбаев
Тел.: +7 (7172) 701848
Ұялы.: +7 701 111 64 39
E-mail: