Кері
байланыс
Іс-шаралар

АЭФ 2017 несімен есте қалды

Астана экономикалық форумы бір алаңда Астана қаласында мыңдаған бизнесмендер, саясаткерлер мен инвесторларды жинақтады. Нәтижесінде сарапшылар қоғамы үшін қызықты да қызу диалогтарға қол жеткізіліп қана қоймай, ел дамуының келешегін анықтайтын нақты келіссөздер мен келісімдер орын алды.

АЭФ жұмысының барынша маңызды нәтижелерінің бірі «2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын» талқылау болды. АЭФ «Ұлттық технологиялық бастама» дөңгелек үстелі барысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» жоспардың артықшылықтарымен таныстырды.

«Бірінші артықшылық – еңбек өнімділігін арттыру, экономиканы технологиялық жаңғырту, сандық жаңғырту», - деді ол.

Екінші артықшылық – жеке бизнесті белсендіру. Атап айтқанда әңгіме дамығысы келмейтін ірі компаниялардан «алаңды тазарту» туралы болды, осы үлгімен заман қажеттіктеріне барынша икемді кәсіпорындарға орын берілетін болады. Сондай-ақ артықшылықтар қатарында қолайлы инвестициялық климатты құру.

«Бұл жерде біздер тікелей экономиканы реттеу тұрғысынан іскерлік климат туралы ғана емес, біздер институттар сапасы туралы, соттар сапасын арттыру, халықтың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру туралы айтып отырмыз», - деп нақтылады министр.

Өңірлік даму агломерация сияқты дамудың маңызды факторын, сонымен бірге шағын және орта деңгейдегі қалалар дамуын болжайды. Осы міндеттерді шешпей кешенді жоспарларға қол жеткізу қиын болатынын ҰЭМ басшысы атап кетті. Бұл жерде «100 адым» туралы, нақты қаржы уәкілеттіктерін беру, өңірлер деңгейіне беру, олардың жауаптылығын арттыру туралы әңгіме болды. Стратегиялық жоспар шеңберінде теңдестіру міндетті болуы керек», - деді ол.

Құжаттар басымдықтары қатарында әр азаматтың жеке бәсекеге қабілеттілігі, сондай-ақ үкімет бастамалары. «Алтыншы басымдық – үкімет – өзгерістер агенті ретінде орын алады. Бұл басқару жобасы, бұл бизнес не жасайтынын күтпей, көптеген заттарды үкімет деңгейінде бастауға ұмтылып, өзіңнен бастау керек», - деп нақтылады министр.

АЭФ тағы бір оң қорытындысы Қазақстанның ОЭСР инвестициялар комитетіне кіргені туралы хабарламаны атауға болады. ОЭСР инвестициялар комитетіне мүшелік Қазақстанға ОЭСР мүше елдердің алдыңғы қатарды стандарттарын біртіндеп енгізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ елдің рейтингі мен инвестициялық мүмкіндіктеріне оң әсерін береді. Бұл іскерлік ортаның, бәсекелестік және инвесторлар құқығын қорғаудың жоғары деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Көптеген инвесторлар үшін ОЭСР инвестициялар комитетінің тануы әрі қарай ынтымақтастық үшін елді таңдау кезінде шешуші көрсеткіш болып табылатын болады.

Елдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту мәселелеріне арналған АЭФ сессиясы барысында, Қазақстанның ОЭСР халықаралық инвестициялар мен бірнеше ұлтты кәсіпорындары туралы декларациясына қосылуы белгілі болды. Осы үлгімен біздің ел шетелдік инвесторлар үшін барынша мөлдір және жайлы ортаны құруға ұмтылысын танылған 84-ші мемлекет болды.

Сонымен бірге ҚМЖ DP WORLD дубайлық компаниямен бірыңғай электрондық пошта хабарламалары жүйесін құру туралы келісімге қол қойды. Ол бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Осы құжаттарға қол қою қазақстандық логистика мен сауда үшін – тарихи жағдай. Жаңа жоба жүктерді жеткізу мен жеткізілуін бақылаудың түйінді процестерін автоматтандырады, бірыңғай электрондық платформаға барлық қатысушыларды – кеден және фитосанитариядан бастап брокерлік құрылымдар және банктерге дейін, сонымен бірге жүктерді жөнелтушілер мен алушылар туралы қамтиды.

«Бүгін қол қойылған құжат Қазақстан мен Орталық Азияда жеткізулердің логистикалық тізбегінде жағдайды түбегейлі өзгертеді. «Дубай трейд» - бұл порттық хабарламаларының электрондық жүйесі, ол Қазақстанға барлық кедендік процедураларды жеңілдетуге және қағаз айналымын толық жоғалтуға көмектеседі», - деп атап кетті DP WORLD компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Султан Ахмед бин Сулайем.

Ал Mastercard халықаралық төлемдер жүйесі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (МФЦА) Астана экономикалық форумы шеңберінде инновациялық төлемдер технологияларын енгізу және Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшасыз экономиканы дамыту мақсатында ынтымақтастық турпалы келісім бекітті. Құжатқа Ресей, Қазақстан, Белорусь пен Армениядағы Mastercard басшысы Алексей Малиновский мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының меңгерушісі Қайрат Келімбетон қол қойды. Серіктестер қаржы орталығының инновациялық инфрақұрылымын белсенді дамытуға, оның ішінде заманауи төлем технологияларын қолдануға ниеттеніп отыр.

Серіктестіктің маңызды бөлігі негізіне халықтың қаржы сауаттылығы кіретін қаржы қызметтерінің қол жеткізімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмыс болады. Осы міндеттер шеңберінде тараптар тиісті білім беру бағдарламалары мен кампанияларын құруға қатысты жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Бұдан басқа Mastercard осы салада өзінің бірегей жаһандық тәжірибесін енгізіп МФЦА финтех-стартаптар акселераторын құруды қолдауы жоспарланып отыр.

Бұдан басқа «энергетикалық билік» өкілдері мұнайлы емес болашаққа өту перспективаларын талқылады. Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Астана қаласында ЭКСПО-2017 негізінде Халықаралық «жасыл» технологиялар орталығын құратынын мәлімдеді, ол энергетикалық секторды трансформациялау, «жасыл» бизнеске өту, «жасыл» технологиялар трансферті мен бейімделуі және осы салада қаржы дамыту міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін болады.

 Астана әкімі Әсет Исекешев астананы «жасыл қалаға» айналдыру бойынша бірқатар жоспарлармен бөлісті. Су ресурстарын басқару бойынша шеберлік-жоспарына қатысты жұмыс басталды. «Жыл сайын көптеген өңірлерде сумен алысып жатамыз. Біздің климатымызға орай, көктемде су тасқынына байланысты су көтеріліп кетеді. Көктемде алысамыз, Қысқа тағы қар молынан жауады, онымен де күресті бастаймыз. Ал жазба бізге су жетіспей жатады. Сондықтан қазірден бастап Азия даму банкі мен Еуропа даму банкін осы жұмысқа жұмылдырып топырақ, су тасқыны және су үнемдеу мәселелерін ескеретін кешенді жоспар құратын боламыз. Бұл біздерге көптеген мәселелерді, бірінші кезекте экология мәселелерін шешуге мүмкіндік береді»,- деді ол Астана экономикалық форумы шеңберінде «Ақылды» және орнықты болашақ қалалар сессиясында сөйлеген сөзінде.

Сессия қорытындысы бойынша Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев және БҰҰ ДБ энергия үнемдеу іс-шаралары мен «ақылды қала» технологияларын енгізу арқылы қала шаруашылықтарын орнықты дамытуға өтуді қамтамасыз ету бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға арналған қолайлы жағдайлар туғызуға мүмкіндік беретін меморандумға қол қойды.

Астана экономикалық форумы Қазақстан астанасында 15-16 маусымда өткізілді. Іс-шараға 5000-нан астам делегат әлемнің 85 елінен келді, олар 40 сессияда ауқымды мәселелерді талқылады – орнықты дамудан бастап, қорларға тікелей инвестициялар беру және қайта жаһандандыру қалыптары қарастырылды. Биылғы жылы іс-шара атақты адамдардың қатысуынсыз өтті, бірақ қазақстандықтар күн тәртібіне шығарған мәселелер мен қазақстандық экономика мәселелері қарастырылды.