Кері
байланыс

АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМ – 2017 ҰСЫНЫМДАРЫ

Әлемдік экономика кезең-кезеңімен қалпына келіп жатыр. Алайда әлемдік экономиканың өсу қарқындары баяу қалыптасып жатыр. Бірқатар келеңсіз құбылыстар әлемдік экономиканың реттік қозғалысын тежеп отыр. Осы күнге дейін 2008 жылы белең алған ауыр әлемдік қаржылық дағдарыстың іргелі салдарлары жойылмаған. Әлемдік қаржы нарықтарындағы белгісіздіктің жоғары деңгейі, еңбек өнімділігі мен инвестициялар өсуінің төмендігі, сондай-ақ дамушы елдердің институтционалдық проблемалары әлемдік экономиканың толық қалпына келуіне кедергі келтіреді.

Бұл ретте, әлеуметтік шиеленіс күшейіп, көп жағдайда басқарылмайтын көші-қон ағындары өсіп жатыр. Сондай-ақ, әлемдік жалпы ішкі өнімнен (ЖІӨ) 2,3 есе асатын жаһандық борыш та өсіп жатыр. Аталған факторлар саяси популизм мен экономикалық протекционизм үшін қалыпты болып отыр. Жаһандық энергия шығару мен энергия тұтынудағы теңгерімсіздіктер салдарынан қоршаған ортаның ластануы өз шегіне жетті.

Осының барлығы ұзақ мерзімді өсу мүмкіндігін ұсынатын инновациялар мен цифрлық технологиялардың жаппай дамуы аясында байқалып жатыр. Төртінші индустриялық революция, жасанды ақыл-ойдың және блокчейн технологиясының дамуы ескі индустриялардың жоғалып, орнына жаңа индустриялардың пайда болуына жәрдемдеседі, экономикалық өсу табиғатын түбегейлі өзгертеді.

2017 жылғы Астана экономикалық форумы аталған мәселелерді белсенді түрде талқылау және тұрақты экономикалық өсу, әлемдік сауда және инфрақұрылым, инновациялар және «жасыл экономика» сияқты үш негізгі бағытта ұсынымдар әзірлеу алаңына айналды.

«Тұрақты экономикалық өсу» бағыты бойынша ұсынымдар:

Бүгінде көптеген елдер үшін дәстүрлі өсу көздері жеткіліксіз болып отыр, бұл аталған елдер үкіметі пен халықаралық сарапшыларын ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жаңа өсу тетіктерін іздеуге мәжбүрлейді. 

Сондықтан тұрақты экономикалық өсу, оған қол жеткізу шарттары мен әдістері, түрлі елдерде оған қол жеткізу ерекшеліктері АЭФ – 2017 шараларының жартысынан астамының басты тақырыбына айналды.

Аталған шаралар қорытындысы бойынша мынадай ұсынымдар әзірленді:

  1. Мемлекеттік қаржының теңгерімділігі арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және икемді монетарлық саясатты жүргізу;
  2. Елдердің байлығын және олардың азаматтарының әл-ауқатын өлшейтін көрсеткіштерді есептеудің жаңа әдістерін әзірлеу. Дәстүрлі ЖІӨ көрсеткіші экономикалық көркею туралы жалған ұғым береді;
  3. Дамушы елдердің мүдделерін ескере отырып, жаңа экономикалық модель мен тұрақты және «инклюзивті» даму стратегиясын әзірлеу үшін экономикалық даму саласында алдынғы қатарлы практикалардың таралуын ынталандыру;
  4. Жаңа экономиканы қалыптастыру үшін инновацияларды енгізуге және жаһандық процестерге қатысуға бағытталған шағын және орта бизнестің (ШОБ) дамуы маңызды болып табылады. ШОБ бәсекеге қабілеттілікті арттырудың басты тетігі болуы тиіс; 
  5. Нақты заттай активтермен қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық есептік-төлем бірлігін енгізу;
  6. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізуге және қоршаған ортаның жақсаруына бағытталған арнайы комитетін құрған жөн және құру қажет, аталған комитеттің жанында қызметі экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны жақсартуға бағытталатын орталық банктер пулын құру мүмкіндігін қарастыру;
  7. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің басты қағидаты «жасыл экономикаға» және «экологиялық энергетикаға» бағдарлану болуы тиіс;
  8. Тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізуге бағытталған шешімдерді жасау және қабылдау кезінде барлық елдердің тең және әділ өкілдігіне қол жеткізу. Белгілі бір дәрежеде ол G-GLОBAL жүйесінің дамуымен және нысаналы трансформациясымен қамтамасыз етіледі. 

«Әлемдік сауда және инфрақұрылым» бағыты бойынша ұсынымдар

Аталған бағыт шеңберінде жаһандандырылу процестерінің өзгеру мәселелері, «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының рөлі және оның өңірлік пен халықаралық сауданы арттыруға үлесі талқыланды. Өңір елдерінің және Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) халықаралық сауданы одан әрі дамыту үшін қалыпты орта құруда үйлестірілу мәселелері; барлық мүдделі тараптарды шарттар мен келісімдер жүйесін қалыптастыруға тарту мәселелері талқыланды, өз кезегінде олар сауда соғыстарынан бас тартуға және сауда тосқауылдарын азайтуға жәрдемдеседі.

Жетекші халықаралық сарапшылар мен тәжірибешілерді тарта отырып, белсенді пікір-талас жүргізу аталған секция қатысушыларына мынадай басымдықтар мен бағыттарды айқындауға мүмкіндік берді:

Біріншіден, көптеген халықаралық сарапшылардың пікірінше, қолданыстағы жаһандандырылу жүйесіне қатысты тәсілдер мен пікірлер өзгеріп жатыр және қазіргі жаһандандырылу моделінің іргелі қағидалары қайта қаралып жатыр, бұл жаһандық экономикалық дамуда белгісіздіктің өсуіне алып келеді;

Екіншіден, халықаралық экономикалық қарым-қатынастардағы белгісіздік пен тұрақсыздық, сондай-ақ әлемдік саудадағы теңгерімсіздік әлемдік қаржы және валюта жүйесінің тұрақсыздығына алып келеді, бұл өз кезегінде экономикалық дамуға және елдер мен өңірлік блоктар арасындағы экономикалық қарым-қатынастарға келеңсіз ықпал етеді;

Үшіншіден, жаһандандырылу сыны және қазіргі халықаралық сауда жүйесі аясында экономикалық протекционизм өсіп жатыр. Кейбір елдер және өңірлік блоктар тауарлардың, адамдардың және көрсетілетін қызметтердің еркін қозғалысын айқындайтын қолданыстағы халықаралық шарттық қарым-қатынастарды қайта қарауға шақырады. Өзінің өнімі мен қызметтеріне бағалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әлемнің ірі мемлекеттерінің үкіметі өзінің ұлттық валюталар бағамдарын мерзімді түрде түзетіп отырады. Аталған шаралар бар теңгерімсіздіктердің одан әрі шиеленісуіне алып келеді және әлемдік экономикалық өсуге келеңсіз ықпал етеді.

Төртіншіден, әлемнің түрлі өңірлерінде экономикалық дамуда қалыпсыздық күшейіп жатыр, бұл ретте экономикалық даму көшбасшылары ғана емес, әлемнің дамушы және ауыспалы мемлекеттерінде экономикалық өсу қарқындары төмен экономикалық «аутсайдерлер» де пайда болып жатыр.

Аталған пікір-талас қорытындылары бойынша Форум қатысушылары мынадай ұсынымдарды әзірледі:

  1. ДСҰ шеңберінде ынтымақтастық туралы өзара тиімді шарттар және аталмыш «оқшауландыру» процестері негізінде жаһандандырылу және қайта жаһандандырылу процестеріне қатысты жаңа тәсілді қалыптастыру шеңберінде жаңа үйлестірілген экономикалық даму саясатын қалыптастыру тетігін әзірлеу;
  2. Халықаралық еңбек бөлінісінде сауда тосқауылдары мен протекционизмді азайту және тиімділікті арттыру мақсатында G-77 және G-Global елдерінің мүдделерін ескере отырып, ДСҰ және G-20 шеңберінде жаһандандырылу институтын реформалаудың реттік құқықтық реттеу тетіктерін және құралдарын пысықтау;
  3. Жаңа әлемдік валютаның енгізілуін қоса алғанда, әлемдік қаржы сәулетін және инфрақұрылымды өзгертуде ортақ тәсілді әзірлеу – және ұлттық банктер мен үкіметтен тәуелсіз болатын криптовалютаны енгізу және әлдеқайда ауқымды пайдалану мәселесін қарау қажет (БҰҰ немесе Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) арнайы құрылған комитетінің жанындағы ұлттық банктер пулымен реттелетін болады), бұл валюталық соғыс, валюталық алып-сатарлық тәуекелдерін азайтады және әлемдік нарықтардағы құбылмалылықты төмендетеді;
  4. Трансшекаралық шығасылардың төмендеуіне, тауар айналымының өсуіне және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің қалпына келуіне жәрдемдесетін жалпы инфрақұрылымды құру мүмкіндігін қарастыру;
  5. Қазақстан, Ресей және Қытай басшылары қол қойған «Нұрлы Жол», ЕАЭО құрылысының, «Бір белдеу және бір жол» бағдарламаларының байланысуын ескере отырып, аталған елдер үкіметтеріне Қазақстан және Ресей аумағы арқылы еуразиялық транзитте арзан су көлігінің үлесін арттыратын «Ляньюньган айлағы – Қорғас және Достық – Ақтау айлағы – «Еуразия» арнасы – Азов-Қара теңіз бассейні» өзара тиімді мультимодальды транзит дәлізінің (бұдан әрі – «Еуразия» арнасы арқылы Жібек жол» жобасы) құрылысын қарастыру;
  6. Жаһандық және өңірлік деңгейде экономикалық даму процестеріне келеңсіз ықпал ететін дәстүрлі энергетиканы субсидиялау және жаһандық энергия тұтынудағы артып жатқан теңгерімсіздік мәселелерін шешу бойынша шаралар ескеру;
  7. Әлемдік сауданың ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін, оның ішінде, қылмыстық элементтер мен террористер тарапынан кибер-шабуылдардан қорғану мәселелерін шешуде инновациялық тәсілдерді қарастыру.

«Инновациялар және жасыл экономика» бағыты бойынша ұсынымдар

Жаңа өсу тетіктерінің дамуы жедел технологиялық жаңаруға және экономика салаларын қайта жарақтауға негізделеді және олармен үздіксіз байланысты болып келеді. Олардың маңыздылығын түсінген және жаңа, өзгерген реалийлерге бейімделе алған әлемнің дамыған экономикалары Төртінші Индустриялық Революцияның жемісін көріп отыр.

Жақын уақытта пайда болған блокчейн технологиясы Аксентчюр (Accenture) болжамы бойынша 2018 жылы қаржы институттарымен кеңінен пайдаланылады, ал 2025 жылы жаппай қолданатын болады. Осы нәтижелерге қол жеткізу соңғы 2 жылда 726%-ға өскен белсенді қаржыландыру салдарынан мүмкін болады. Цифрлендіру ресми жұмыспен қамтудың өсуінің маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Цифрлендіру анық бизнес-процестерді құруға және кәсіпкерлер үшін шығасылар мен тәуекелдердің азаюына жәрдемдесетіндіктен көлеңкелі экономика үлесінің төмендеуіне алып келеді. Сарапшылардың бағалауынша дамыған елдерде цифрлық технологияларды қолданатын ШОБ уақыт ағымынан артта қалып жүргендермен салыстырғанда 22%-ға жылдам өсіп жатыр.

Сонымен бірге, тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін «жасыл экономика» маңызды құралдардың біріне айналуы тиіс. Бұл – халқының өмір сүру сапасы жоғары болып келетін, қазіргі және болашақ ұрпақ мүддесіне табиғи ресурстарды үнемді және ұтымды пайдаланатын экономика.

Аталған бағыт бойынша панельдік сессиялар қорытындылары негізінде мынадай ұсынымдар әзірленген:

  1. Цифрлық технологиялардың дамуын тежейтін тосқауылдардың төмендеуін қамтамасыз ету. Ең алдымен – бұл кеден саласындағы мемлекеттік реттеу. Қазіргі уақытта көптеген елдер технологиялардың жекелеген түрлеріне баждарды алып тастады;
  2. Smart city технологияларын қоса алғанда, тұрақты урбандалу саласында алдынғы қатарлы практиканы ынталандыру және оларды енгізу бойынша Қазақстан мен Орталық Азия өңірінің қалалары мен елді мекендерінде жұмыс жүргізу;
  3. Экономиканың барлық салаларында жаңа энергияны үнемдеу технологияларын енгізу, отын шығыстарын үнемдеуге мүмкіндік беретін жаңа инновациялық жабдық орнату, тиімділікті арттыру. Энергия сыйымды салаларға нысаналы «жасыл» инвестицияларға басты назар аудару;
  4. Инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану, қажетсіз қайталануды болдырмау мақсатында зерттеулер, әзірлемелер мониторингісін кеңейту, жетістіктермен алмасуды өзектендіру, алынғын білімді мүмкіндігінде барынша ашу, тәжірибелік әзірлемелерді, конструктивтік шешімдерді әлдеқайда қолжетімді ету;
  5. «Жасыл» инвестициялардың тиімділігін арттыру мақсатында халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының бастамасымен біріккен мамандандырылған «жасыл» қорларды құру;
  6. ХВҚ, Халықаралық қайта құру және дамыту банкі (ХҚҚДБ) сияқты халықаралық институттардың қатысуымен іске асырылатын дүниежүзілік «жасыл экономика» бағдарламасын әзірлеу. А) күн, б) жел, су энергетикасын және басқа түрлерді қоса алғанда барлық бағыттарда күштерді шоғырландыру;
  7. Ұлттық, салалық бағдарламаларды үйлестіру, күштерді біріктіру үшін БҰҰ бастамасымен Дүниежүзілік жасыл энергетика жөніндегі кеңесті, сондай-ақ дүниежүзілік жасыл экономика жөніндегі порталды құру;
  8. Жасыл экономиканы кадрлық қамтамасыз етудің жалпы әлемдік бағдарламасын әзірлеу. Әлемдік зерттеулердің үйлестірілуі, Еуропалық ядерлік сынақтар ұйымының мысалында түрлі елдердің ғалымдарын және мамандарын тарта отырып, біріккен жобалар іске асырылатын негізгі ғылыми-зерттеу институттарын анықтау қажет. Бөлінетін ұлттық, халықаралық гранттар негізінде әлемнің жетекші университеттерінде жасыл экономика бойынша біліктілігі жоғары мамандардың даярлануын кеңейту, студенттік, ғылыми алмасуды кеңейту арқылы оқитындардың жұмылдырылуын арттыру.