Александр Каррер
Елші, Мемлекеттік хатшы орынбасары, Швейцария Конфередациясы
Александр Каррер Цюрихте, Швейцарияда 1957 жылы дүниеге келді. Ол халықаралық зерттеулер институтын саяси ғылым және халықаралық қатынастар саласындағы дәрежемен Женевада 1981 жылы тәмамдады.
Каррер мырза өзінің кәсіби карьерасын 1981 жылы Женевадағы Еуропалық еркін сауда қауымдастығы (ЕЕСҚ) хатшылығының Сауда саясаты бөлімінде бастады.1982-1987 жылдары ол Женевадағы Сауда-өнеркәсіптік палатасының және өнеркәсібінің атқарушы мүшесі лауазымында жұмыс істеді. 1987 жылы Каррер мырза әкімшілікке қосылды және ГАТТ халықаралық сауда келіссөздерінің Уругвайдағы раундында өкілі ретінде Федералды экономика департаментінде бірнеше жыл бірінші болып жұмыс істеді. 1992 жылы ол Токиодағы Швейцария елшілігіне экономикалық және қаржы мәселелері жөніндегі кеңесші лауазымына тағайындалды. 1996 жылы қаржы министрі, сонымен бірге 2002 жылы Швейцария Конфедерациясында президент қызметінде қызмет еткен Каспар Виллигердің жеке кеңесшісі лауазымында қызмет етті. 2002 жылғы мамырда Каррер мырза ШвейцарияФедералдық Кеңесінің елшісі болып тағайындалды. Бұл лауазымда ол халықаралық қаржы мәселелерімен қарқынды айналысты. 2002 жылғы шілдеден бастап Федералды қаржы департаментінде Халықаралық қаржы және валюталық саясат бөліміне басшылық етті. 2009 жылғы желтоқсанда Швейцарияның федералды кеңесі оны қайта құрылған Халықаралық қаржы мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшылықтың мемлекеттік хатшысының орынбасары етіп тағайындады.
Мемлекеттік хатшылық халықаралық қаржы, валюталық және салықтық саясатты үйлестіру және стратегиялық басқару үшін жауапты. Каррер мырзаның міндеттеріне халықаралық қаржы және нормативтік мәселелерді шешу, Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) және Қаржы тұрақтылығы (FSB) және ақшаларды тазартумен күрестің қаржы шараларын әзірлеу (ФАТФ) сияқты басқа халықаралық қаржы институттарына қатысты Швейцария саясаты кіреді.