Hotel Grand Park Esil

Hotel Grand Park Esil

Астанадағы «ГрандПаркЕсиль» төрт жұлдызды қонақ үйі елордамыздың ең бір сәулетті ескерткіші болып табылатын, оң жағалаудағы Орталық алаңда үкіметтік ғимараттармен қатар орналасқан. Қонақ үйден бірнеше қадамда ірі сауда орталығы, банктер, көрме, «Конгрес Холл»концерт залдары, мұражайлар мен театрлар бар. Қонақ үй 126 жайлы нөмір ұсынады, оның құнына таңғы ас, Интернет желісіне еркін қосылу кіреді. Сіздердің құрметтеріңіз үшін  «Есиль», Бар «Поло» және Лобби Бар кондитерлігі қазақ, осман және халықаралық ас үй тағамдарын, эксклюзивті сусындар мен шырындарды ұсынады. Біз сіздерді «Гранд Парк Есиль» қонақ үйінде күтеміз және Сіз үшін барлық мүмкіндіктерді жасаймыз!

Қазақстан, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 8

www.grandparkesil.kz

Hotel «G EMPIRE»

Hotel «G EMPIRE»

«G EMPIRE» қонақ үйі Қонақтарды Астананың жүрегінде қарсы алуға қуанышты. Біз Сіздердің барлық тілектеріңіз бен ықыластарыңызды ескереміз, Сіз үшін жайлылық пен жылылық жасаймыз. Бізге келе отырып, Сіз ешнәрсеге мұқтаж болмайсыз. Келу сапарыңыздың мақсаты қандай болмасын, біз Сіз үшін барлық жағдайды қамтамасыз етеміз.

Қазақстан, Астана қ., Абай даңғылы, 63

www.gempire.kz

Hotel Goldman Empire

Hotel Goldman Empire

Қазақ елінің қонақжайлылығы мен еуропалық қызмет сапасын бірге үйлестірген бизнес классты қонақ үй. Елордамыздың оң және сол жағалауларының арасында, әрі Еуразия Ұлттық Университеті, Тәуелсіздік Сарайы және "Astana Mall" ОСО жақын жерде орналасқан. Өзіндік қайталанбас ұлттық бай нақышпен классикалық үлгіні қалыптастыра білген жиһазбен жабдықталған. Халықаралық стандартқа сай жоғары білікті қызметкерлер. “Goldman Empire” қонақ үй кешені 2012 жылы астанамыздың барлық тұрғындары мен қонақтарына өз есігін ашты. Қонақ үй ескі қаланың тыныш ауданында орналасқан; сонымен бірге орналасқан жері Сіз үшін іскерлік орталыққа, мәдени көрікті жерлерге және ойын сауықтыру орындарына жылдам әрі оңай жетуіңізге қолайлы болып табылады. Қонақ үй өз қонақтарына Интернет желісіне қосылған әртүрлі категориядағы 52 нөмірді ұсынады. Сондай-ақ сіз үшін 20 және 40 адамға арналған 2 мәжіліс залы, мейрамхана, лаунч бар, хауыз, спорт залы, бильярд және көлік жуу қызметтері ұсынылады. Бірегей қызмет түрі Сізге ұмытылмас жайлылық пен ыңғайлылық атмосферасына енгізіп, әуезді естеліктер мен бізбен қайта қауышуға деген қалауыңызды арттыра түседі.

http://goldmanempire.kz/

Қазақстан, Астана қ., Мирзояна к-сі, 13/1

Astana Marriott Hotel

Astana Marriott Hotel

Астана Марриотт қонақ үйі Астана қаласындағы Марриотт брендінің алғашқы және жалғыз қонақ үйі болып табылады. Қонақ үй жас елордамыздың жаңа орталығында қаланың іскерлік, мәдени және ойын-сауық өмірімен қатар, Астана опера және балет театрына жақын жерде орналасқан. Астана Марриотт қонақ үйінде 271 заманауи және жайлы нөмірлер бар. Бизнес кездесулер, конференциялар және банкеттер өткізуге арналған үш әмбебап конференц-залы және үлкен Банкет залы орналасқан. Кәсіпқойлардың жігерлі командасы мен Марриотт компаниясы әзірлеген сандық технологиялар Сізге өте жоғары деңгейде іс-шара жүргізуге көмектеседі.Түскі және кешкі асқа Астана Марриотт қонақ үйі үш түрлі орын ұсынады: Виста Бар & Лаундж, Арома мейрамханасы және Лобби-бар. Қонақ үйдің барлық аумағында жұмыс үшін де, демалыс үшін де ыңғайлы болуға Wi-Fi желісі іске қосылған. Сонымен қоса мұнда бизнес орталығы және тренажер залдарымен, жабық бассейнмен, хауыз және бу бөлмесімен жабдықталған денсаулық клубы бар.

Қазақстан, Астана қ., Достық көшесі, 2

www.astanamarriott.com

Hotel Oasis Inn

Hotel Oasis Inn

«Oasis Inn» - интерьер кербездігін қонақжайлылық атмосферасымен үйлестіретін Астананың жайлы ауданында орын тепкен төрт жұлдызды қонақ үй. «Oasis Inn» қонақ үйінің 57 бөлмесінің әрқайсысы, демократиялық стандарттыдан бай жайлысына дейін өздігінен ерекшеленеді. Қара шоколад түсті жиһаз, қайталанбас перделер, жайлы дивандар, жарық пен айналардың көптігі – айналаның әр нәрсесі жақсы уақыт өткізуге қайталанбас жағдай туғызады.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Б. Момышулы, д. 12А

http://www.oasisinn.kz
Duman hotel

Duman hotel

Үлкен қонақ үй Астана орталығында орналасқан. Қызмет көрсетуде бассейн, спа-салоны, боулинг-орталығы және мейрамхана бар. Төрт жұлдызды «Думан» қонақ үй қонақтарына тегін автокөлік қоятын жер қолдануға беріледі. Қалаға көрініс ашатын «Думан» қонақ үйінің кең бөлмелері мен люкстері салқындатқыш пен кабельдік телевизиясы қосулы жазық экранды теледидармен жабдықталған. Жайлылық санында тегін туалет-косметикалық заттармен және халат бар. Люкс қонақтары бөлек қонақ бөлмесіне шыға алады.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 2А

King Hotel Astana

King Hotel Astana

4-жұлдызды қонақ үй Республика даңғылынан 10 минуттық жаяу жолда, Астана орталығында орналасқан. Қонақтар қолданысына салқындатқыш пен балконы бар бөлмелер, сондай-ақ тегін Wi-Fi мен автокөлік қоятын жер ұсынылады. King Astana қонақ үй бөлмелері мен люкстері мини-бар және кең терезелерге ие. Олар жайлы атмосфераны құрайтын жылы реңктермен безендірілген.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Уәлиханов к-сі 7

http://www.kinghotelastana.com/

Comfort Hotel Astana

Comfort Hotel Astana

Қонақ үй айналасында бақша және жақсы жабдықталған қала паркингі бар. Қонақ үйдің өзіндік және дербес салқындату мен жылыту жүйелері орнатылған. Инфрақұрылым мен оқшаулаудың ерекше жүйесі ауа-райының экстрималды шарттарына төтеп беруге көмектеседі. Шетелден келген корпоративтік және дербес бизнесмендер, үкімет қызметкерлері, Халықаралық көрмелер қатысушылары, әуе компаниялар және елшіліктер қызметкерлері қонақ үйіміздің тізімін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Космонавттар к-сі 60

http://comforthotel.kz
Red Village hotel

Red Village hotel

«Red Village Hotel Astana» – бұл төрт жұлдызды санатқа сәйкес келетін, заманауи қонақ үй, сол жағалаудан Б.Момышұлы мен Абылайхан даңғылы қиылысында, астананың жаңа және ескі орталығына бірдей қашықтықта орналасқан.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Мустафин к-сі 1/1

http://redvillagehotel.kz
Manhattan Astana Hotel

Manhattan Astana Hotel

Заманауи төрт жұлдызды бутик-қонақ-үй Қазақстан елордасының тарихи орталығы, Астананың мәдени және іскерлік ауданының жүрегінде қолайлы орналасқан, бұл өз кезегінде қаланың кез келген бөлігінде белсенді қызметтік істерді жүргізуге мүмкіндік береді. Қонақ үйге жақын қашықтықта Ішкі істер министрлігі және Отан Қорғаушылар алаңы орналасқан. Бес минуттық жолда Бейбітшілік жіне келісім сарайы (Пирамида), Тәуелсіздік Сарайы, «Қазақ елі» алаңы, ал он минуттық жолда Министрліктер Үйі, Ақ Орда, «Бәйтерек» монументіне жете аласыз. Қонақ үйде 59 түрлі санаттағы Стандарт бөлмеден "Манхэттен" бай люксіне дейін бөлмелер бар.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., пр.Тәуелсіздік 5

http://manhattanhotel.kz/

Hilton Garden Inn

Hilton Garden Inn

Hilton Garden Inn Astana қонақ үйі Астана халықаралық әуежайынан 30 минуттық жолда, қаланың жаңа бөлігінің іскерлік орталығында орын тепкен. Қонақтар қызмет көрсетуіне Әуежай-Қонақ үй-Әуежай бағдарлы тегін рейсті трансфер беріледі. Қонақ үйіміз қонақтарға компаниялардың сан кеңселеріне, мемлекеттік ұйымдарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр, 15

http://hiltongardeninn3.hilton.com/en/hotels/kazakhstan/hilton-garden-inn-astana-TSEAKGI/index.html
Beijin Palace Soluxe Hotel Astana

Beijin Palace Soluxe Hotel Astana

«Soluxe Hotel Astana» бес жұлдызды қонақ үйі – бұл, жұмыс күнінен соң толыққанды демалысты қажет ететін адамдардың керемет таңдауы. Қонақ үй жоғары халықаралық стандарттарға сай және барлық жайлылық пен ыңғайлылыққа ие. Қонақ үй Астананың жүрегінде, барлық әкімшілік, мәдени, іскерлік ғимараттарға жақын жерде орналасқан. Қонақ үйде бір орынды 151 стандартты нөмірден бастап 900 шаршы метр алатын президенттік люксқа дейін бар. «Soluxe Hotel Astana» қонақ үйінде екі мейрамхана бар: «Revolving» айналмалы мейрамханасы және «Great Wall» дәстүрлі қытай мейрамханасы. «Солакс» банкет залы, көп функционалды «Silk way» залы, заманауи конференц залдар мен вип залдар бар. Саяхатта немесе іскерлік сапарда бола тұрып «Soluxe Hotel Astana» қонақ үйінен орын алсаңыз өз үйіңіздей сезінетін боласыз.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сығанак к-сі, 27

http://soluxe-astana.kz

Radisson SAS Astana

Radisson SAS Astana

Рэдиссон, Астана қонақ үйі А санаттағы заманауи бизнес-орталығы, мейрамханалар, сауда орындары, сән салоны мен World Class фитнес-орталығы орналасқан жоғары деңгейдегі “Арман” кешенінің бөлігі болып табылады. Қонақтарымызға итальяндық мейрамхана, Сигар Бар, Лобби Бар және "Room" түнгі клубқа барып жақсы уақыт өткізуді ұсынуға қуаныштымыз. Қонақ үй астананың ескі және жаңа орталықтарының қиылысында жайғасқан, бұл жерден қаланың әкімшілік бөлігіне, дипломатиялық өкілдіктер, елшіліктер, ірі компаниялар кеңселері, сондай-ақ ойын-сауық орталықтары орналасқан бизнес-орталықтарға оңай жетуге болады.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сарыарқа к-сі, 4

http://www.radissonblu.ru/hotel-astana
Rixos President Astana Hotel

Rixos President Astana Hotel

Rixos President Astana Қазақстан елордасына сапа мен жайлылық деңгейі бойынша Өзіңізге лайықты сапар жасауға ұсынады. Эстетикалық тұрғыдан әсем және жайлы бөлмелердің ішкі көрінісі, мейрамханалар, барлар және қаланың ортасында орналасуы Rixos President Astana-да тұруыңызды рахатқа бөлейтін болады.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қонаев к-сі, 7

http://presidentastana.rixos.com

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65