Романо Проди

Романо Проди

Романо Проди

Италияның Премьер министрі екі рет болған (1996-98; 2006-08) және Еуропалық Комиссияның президенті ретінде қызмет еткен (1999-2004) Италияның саясаткері

(1939 жылы 9 тамыз күні Италияның Скандиано қаласында дүниеге келді).
Проди 1961 жылы Миландағы Католиктік Университетін бітіріп, Лондонның Экономика Мектебінде доктордан кейінгі жұмыстарды істеді. Болонья Университетінде экономика профессоры ретінде қызмет еткеннен кейін, ол 1978 жылы Индсутрия министрі ретінде саясатқа енді. 1996 жылы Индустриялық қайта құру институтының төрағасы ретінде екі жемісті мерзімінен кейін (1982-89 және 1993-94), ол Премьер министр болуға өзінің кандидатурасын ұсынды. Проди Италиялық сайлау реформасын пайдалана отырып, Зәйтүн ағашы коалициясы деп аталатын қолдаудың орталық-сол жақ негізін құрды. Саясаткер Сильвио Берлускони өзінің үгіт-насихаттарын жүргізу үшін телевизияны пайдаланса, Проди үкіметтегі есеп берушілікке шақыра отырып, ел бойынша автобуспен бес айлық саяхатта жүрді. Оның үкіметке қатысты бәтуаға жету әдісі дауыс берушілер арасында танымал болып, оның Зәйтүн ағашы коалициясы зорға жеңді. Проди 1996 жылы 17 мамыр күні Премьер министр ретінде тағайындалды.
Оның Премьер министр ретіндегі 28 ай бойы, Проди телекоммуникацияларды жекешелендіріп, үкіметтің еңбек және зейнетақы саясаттарына реформаларды жүргізді. Ол қызметін бастаған кезінде барлығына мүмкін емес болып көрінген тапсырма, Еуропалық Валюталық Одағына (ЕВО) мемлекеттік қабылдау мақсатында бюджеттік дефицитті елеулі қысқартты. Бірақ та елдің ұсынылған бюджет жайындағы даулар оның коалициясының кейбір сол қанатты мүшелердің қолдауынан арылып қалуына әкеліп, Проди 1998 жылы қазан айында қызметін босатты. Келесі жылы ол Еуропалық Одағының (ЕО) негізгі институты болып табылатын Еуропалық Комиссиясының президенті атанды. Ол 20 мүшеден тұратын бүкіл комиссия ауқымды бұрмалаудың және жемқорлықтың себебінен өздерінің міндеттерінен бас тартуға мәжбүр болғаннан кейін тағайындалды. Оның бес жылдық мерзімінен кейін ЕО Мальтаны, Кипрді және сегіз шығыс және орталық еуропалық мүшелерді енгізу үшін өзінің батысеуропалық тамырларынан тыс шығып кетті.
Оның Еуропалық Комиссиядағы президенттік мерзімі 2004 жылы аяқталғаннан кейін, Проди Италиялық саясатқа қайтып келіп, 2006 жылы Премьер министр болуға өзінің кандидатурасын ұсынды. Оның сайлаудың алдындағы уәделердің арасында мемлекеттің әлсіз экономикаларын жетілдіру және Ирактан жасақтарды шығару (Ирактағы соғысты қараңыз) болды. 2006 жылдың сәуір айындағы сайлаудан кейін Продинің орталық-сол жақ коалициясы шағын айырмашылығымен Сильвио Берлусконинің орталық-оң жақ блогын жеңді. Берлускони бастапқыда сайлау нәтижелерін таласқа түсірді, бірақ та мамыр айында ол одан бас тартты. Проди сол айда Премьер министр ретінде ант берді. Оның екінші мерзімі 20 ай бойы жалғасты; ол 2008 жылдың қаңтар айында сенім вотумын жоғалтқаннан кейін қызметінен кетті.


Сессии: 
Жаһандық экономикадағы экономикалық қаржылық және монетарлық өзгерістер. СЕССИЯ 1: Мұнай және шикізат тауарларының бағасын төмендетудің макроэкономикалық салдарлары: әлемдік экономикадағы әлауқатты қайта бөлу.
Азия және Еуропа форумы
Еуразиялық интеграцияның жаһандық контекстегі даму векторлары

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65