Школьник Владимир Сергеевич

Школьник Владимир Сергеевич

Школьник Владимир Сергеевич

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

Физика-математика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1973 жылы Маңғыстау энергокомбинатында БН-350 реакторының инженер-физигі болып бастаған.

Маңғыстау энергокомбинатының физика-технологиялық зертханасы бастығының орынбасары, комбинаттың реакторлық өндіріс жөніндегі бас инженерінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1988-1992 жылдары Маңғыстау энергокомбинаты директорының орынбасары болды.

1992 жылдан 1994 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігінің Бас директоры;

1994 жылдан 1996 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрі;

1996 жылдан 1999 жылға дейін – Ғылым министрі – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Президенті, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі;

1999 жылдан 2000 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрі;

2000 жылдан 2002 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі;

2002 жылдан 2006 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі;

2006 жылдан 2007 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі;

2007 жылдан 2008 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары;

2008 жылдан 2009 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі;

2009 жылдың мамыр айынан 2014 жылдың тамыз айына дейін – «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ Басқармасының Төрағасы.

2014 жылғы тамыздан – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

1993 жылдан бері Владимир Школьник «Қазақстанның ядролық қоғамының» президенті.

«Парасат» орденімен (1998 жылы), «Астана» естелік медалімен (1998 жылы), «Тыңға 50 жыл» мерейтойлық медалімен (2004 жылы), «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен (2005 жылы), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен, «Маңғыстау облысына 40 жыл» және «Ақтау қаласына 50 жыл» медальдарымен және «Отан» орденімен (2013 жылы) марапатталған.

Жүзден астам ғылыми еңбектері бар, ғылым саласындағы сыйлықтың лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.



Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65