Хайнц Вернер Коллер

Хайнц Вернер Коллер

Хайнц Вернер Коллер

ХЕҰ Еуропа және Орталық Азия елдері үшін Бюросының өңірлік директоры

1 маусымда ХЕҰ Еуропа және Орталық Азия елдері үшін Бюросының өңірлік директоры (ХЕҰ штаб-пәтері Женевада) болып тағайындалды.

Германияның Регенсбург және Аугсбург Университеттерінде заңтануды зерттеген.

1987-1989жж Мюнхен Жоғары Өңірлік сотында заңгер-стажер қызметін атқарды.

1990-1993жж Хайнц Вернер Коллер Бавария экономика, инфроқұрылым, транспорт және технология Министрлігінің бөлім басшысы орынбасарының қызметін атқарды.

1995-2000жж ЕО кеңейту мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссиясы Бас Директоратының жанындағы Техникалық көмек және ақпарат алмасу Бюросының басшысы көмекшісі міндетін атқарды. Орталық және Шығыс Еуропа, Мальта және Кипр мемлекеттерінің заңнамаларын және ЕО танылған әкімшілік функциялармен жүйелендіру бойынша техникалық көмек мәселелерін бағыттады.

2000-2005жж Хайнц Вернер Коллер ЕО Бавария Еркін мемлекетінің Өкілдігіндегі Экономика, өңірлік саясат, инфрақұрылым, транспорт және технология бөлімін басқарды.

2005-2010жж ЕО Бавария Еркін мемлекеті Өкілдігі басшысының орынбасары болды.

2010-2014жж ГФР Еңбек және әлеуметтік саясат федералды министрлігіндегі еуропалық және халықаралық жұмыспен қамту және Еуропалық әлеуметтік қор мәселелері жөніндегі Бас Директоратны басқарды.

Ана тілі – неміс. Ағылшын және француз тілінде еркін сөйлейді.  


Сессии: 
Халықты жұмыспен қамту: мәселелер мен перспективалар

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65