Ракишева Ботагоз Ислямовна

Ракишева Ботагоз Ислямовна

Ракишева Ботагоз Ислямовна

«Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры. «Халықаралық зерттеулер. Қоғам. Саясат. Экономика» журналын бастырушы

1997 – 2013 жылдар аралығында «ЦЕССИ-Казахстан Салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институтында жұмыс істеді, соңғы бес жылда директор қызметін атқарды. 2013 жылы «Қоғамдық пікір» зерттеу институтынын құрды (Қазақстан, Астана).

2003 жылы «Қазақстандық қоғамдағы тілдік процестер» тақырыбымен кандидаттық диссертациясын қорғады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі, ISA Халықаралық зерттеушілер ассоциациясының (АҚШ) мүшесі, Халықаралық терроризмді зерттеушілер қоғамдастығының (АҚШ) мүшесі, ESOMAR (Маркетингтік зерттеулер және қоғамдық пікір жөніндегі еуропалық қауымдастық) мүшесі.

Қазақстанда, Ресейде, АҚШ-нда, Қытайда, Түркияда, Оңтүстік Кореяда, Өзбекстанда, Қырғызстанда және т.б. елдерде жарияланған 110-нан астам ғылыми еңбектердің авторы.

Ресейде, Қытайда (СУАР), Оңтүстік Кореяда, АҚШ-нда, Францияда, Германияда, Ұлыбританияда, Австрияда, Норвегияда, Данияда, Швецияда, Сауд Арабиясында, Болгарияда, Тәжікстанда, Қырғызстанда эмпирикалық зерттеулер өткізген.

Қызығушылық тудыратын салалары – посткеңестік кеңістіктегі әлеуметтік және экономикалық интеграция, этникалық бірегейлік, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар, миграция, диаспоратану, әлемдегі қазақ диаспорасының жағдайы, электоральды әлеуметтану. 


Сессии: 
Еуразиялық интеграцияның әлеуметтік өлшемі

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65