Перебоев Владимир Сергеевич

Перебоев Владимир Сергеевич

Перебоев Владимир Сергеевич

Еуразиялық даму банкінің Интеграциялық зерттеу орталығы (ЕДБ ИЗО), Бағыттау жетекшісі

Жүйелік талдау және еуразиялық экономикалық интеграцияның дамуы, интеграцияны әлеуметтік қабылдау, еңбек көші - қон мәселелері және ТМД аумағындағы кооперация мәселелерімен байланысты жобаларды жүзеге асыру үшін жауап береді. Оның ішінде – «ЕДБ интеграциялық барометрі», «ЕДБ еуразиялық интеграцияның индикаторлар жүйесі», Дүниежүзілік банктармен, БҰҰДБ және т.б. бірлескен жобалар. Сондай – ақ, ЕДБ ИЗО Ғылыми кеңесінің жауапты хатшысы болып табылады, сыртқы байланыстарды және Орталықтың көпшілік алдында белсенділігін дамыту бойынша шараларды іске асырады. «Экономика жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің (Мәскеу қ.) Әлемдік экономика және әлемдік саясат факультеті бойынша аспирантура аяқтап, 2012 жылы «Ресей Федерациясы және посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестер» тақырыбына диссертация қорғады, саясат ғылымдарының кандидаты дәрежесі бар. Ғылыми басылымдар топтамасының авторы, бір қатар халықаралық форум, конференция, еуразиялық экономикалық интеграция және халықаралық қатынастардың және әлемдік саясаттың басқа аспектілері мәселелері бойынша дөңгелек үстелдің қатысушысы.

Бұрын “business-to-business” нысанында бір қатар стратегиялық қызметтер байланысы бойынша тарифтік саясатты жүзеге асыру және әзірлеу үшін жауап бере отыра ірі халықаралық телекоммуникация компаниясының мәскеулік өкілдікте қызмет жасады. Осымен қатар Еуразиялық интеграция саласында оның экономикалық жағынан сондай – ақ, әскери – саяси және гуманитарлық өлшемдерінде қоғамдық – дипломатиялық және ғылыми қызметті белсенді іске асырды. 


Сессии: 
Еуразиялық интеграцияның әлеуметтік өлшемі

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65