Мишель Мордасини
ИФАД Вице-президенті
Мишель Мордасини 2013 жылғы 1 желтоқсанда Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қорының (ИФАД) вице-президенті болып тағайындалды. Мордасини – Швейцарияның азаматы, халықаралық кеңестікте кедейлікті екі жақты және көп жақты ынтымақтастықта, дамытуда және қысқартуда 30 жылдан астам тәжірибесі бар.
Дамыту және ынтымақтастық жөніндегі Швейцария агентігінің (SDC) бас директорының орынбасары ретінде Мордасини дамушы елдерде кездесетін ғаламдық проблемаларға, климаттың өзгеруіне, су ресурстарына, азық-түліктік қауіпсіздігіне, көші-қонға және дамуға бағыттауда және швейцариялық көп жақты көмекті жеткізуде, SDC ықпал етуінде жетекші рөлді атқарды. Оның міндетіне даму саласындағы халықаралық күн тәртібіне қатынасы бойынша стратегиялық талдау және тұрақтандыру кірді.
Мордасинидің ұзақ та көрнекті еңбек жолына Әзербайжанды, Қазақстанды, Қырғызстанды, Польшаны, Сербияны, Швейцарияны, Тәжікстанды, Түркменстанды және Өзбекстанды ұсынған Дүниежүзілік банк Тобының Басқармасында атқарушы директор ретіндегі қызметі де кіреді. Аталған дәрежеде ол Дүниежүзілік банктің жалпы оиперацияларын жүргізуге және Банктің қызметін бақылауға қатысқан; сондай-ақ, ол Кеңестің бюджет бойынша комитеті төрағасының міндеттерін де атқарған.
12 жыл ішінде Мордасини Бернде Швейцарияның экономикалық мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшылығында дамушы елдер мен экономикасы ауыспалы елдерді қолдаумен байланысты экономика мен сауда-саттықты әзірлей, іске асыра және бақылай отырып жұмыс істеген. Ол бюджеттік қолдауға, берешектерді қысқартуға, жеке секторды дамытуға және сауда-саттықты дамытуды қолдауға ерекше көңіл бөлген.
Мордасинидің жергілікті ынтымақтастықты дамытуда бай тәжірибесі бар. SDC ол 14 жыл бойы Азия мен Африканың әртүрлі дамушы елдеріне жіберілген. Осыған дейін ол жеті жыл бойы Ауғанстанда, Ливанда, Иракта, Пәкістанда, Оңтүстік Африкада және Угандта Қызыл Кресттің Халықаралық комитетінде басшылық лауазымдарда болған.
Мордасини саяси экономика саласында Женева Университетінің магистр дәрежесіндегі экономист болып табылады.
Сессии:
Азық-түліктік қауіпсіздік: заманауи талаптар