Ханс Виссема

Ханс Виссема

Ханс Виссема

Нидерланды, Делфтегі технология Университетінің құрметті профессоры, Виссема Консалтинг Ltd басқарушы директоры және DIWA Қорының төрағасы

Мамандану салалары:

·        Университеттер мен кәсіби қызмет көрсету фирмаларын басқару; жоғарғы оқу саясаты;

·        Жаңа технологияға негізделген фирма ашу, академиялық кәсіпкерлік;

·        Кәсіпорындарда инновацияны басқару және мемлекеттік биліктегі инновациялық саясат;

·        Стратегия, ұйымдық құрылым, өзгертулерді басқару.

Ханс Виссема Нидерланды, Делфтегі технология Университетінің құрметті профессоры, Виссема Консалтинг Ltd басқарушы директоры және DIWA Қорының төрағасы болып табылады. Ол Нидерланды мен Ұлыбританияда химиялық машина жасау және инжинирингтік басқаруды зерттеген және Манчестер Университетінің Технология мен Ғылым Институтында докторлық дәрежені алды. Профессор Виссема басқару, инновация мен кәсіпкерлік саласында академиялық жұмысы мен консалтингтік мансабын біріктірді. Нидерландыдағы Найнрод Университетінде стратегиялық басқару саласында кафедраны басқарды.

Профессор Виссема саясат пен басқару мәселелері бойынша он алты кітап және көптеген мақалалар жариялады, оның ішінде көбі түп нұсқадан аударылды. 



Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65