Максимилиан Фодингер
Шешушi сарапшы
Максимилиан Фодингер мырза – Шығыс Еуропа, ТМД және Таяу Шығыселдерінің мемлекеттік және жеке құрылымдарына консультация беру бойынша 23 жылдан артық тәжірибесі бар австриалық сарапшы. Мансаптық өсу жолында көптеген мемлекеттік органдарда, мекемелерде, аймақтық және муниципалдық әкімшіліктерде жұмыс істеді. Оның негізгі жұмыс ауқымына қайта құрылымдау, инновация және ғылыми-зерттеу бойынша ынтымақтыстық, аймақтық даму және экспортқа серпін беру мәселелері кіреді.
Фодингер мырзаның халықаралық бағыттағы қызметі 1995 жылы Австрияның Федеральды экономикалық палатасының экономикалық ықпалдастық институтына Ресейде тренингтер өткізуден басталады. Бұл ірі консалтингтік компанияларда ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісім-шарттардың жасалуына әкелді.
Фодингер мырза бірнеше ғылыми атаққа ме, оның ішінде MBA және мемлекеттік басқару бойынша білім беру магистрі. Ол Австриядағы Көгілдір Дунай Бизнес-мектебінің негізгі тәлімгері әрі аға оқытушысы.
Фодингер мырза Украинадағы Киев қаласында отбасымен тұрады.