Монтаев Сарсенбек Алиакбарұлы

Монтаев Сарсенбек Алиакбарұлы

Монтаев Сарсенбек Алиакбарұлы

Техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі

1959 жылдың 15 желтоқсанында Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ы. Жахаев атындағы ауылда дүниеге келген. 1977 жылы алтын медальмен Ы.Жахаев ауылында №141 Қызылту орта мектебін бітірген. 1978 жылы Жамбыл гидромелиоративтік - құрылыс институтының (ЖГМҚИ) «Азаматтық және өндірістік құрылыс» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1983 жылы аталған оқу орнын үздік бітірді. 1986 – 1990 жылдары ЖГМҚИ –дағы «Өзекті ғылыми-зерттеу зертханасында» күндізгі бөлімде аспирантурада оқыды.1990 жылы Алматы саулет- құрылыс институтында «Фосфор ондірісінің залалсыздандырылған түйіршік қалдықтарынан қабырға керамикасының технологиясы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1997 жылы «Оңтүстік Қазақстан табиғи және техногенді шикізат қорлары негізіндегі композициялардан қабырға керамикасын алу технологиясы» тақырыбында Томск мемлекеттік саулет-құрылыс университетінде (Ресей Федерациясы) докторлық диссертациясын қорғады

2001 жылдан ҚР Ұлттық Инженерлер Академиясының мүше корреспонденті.

2009 жылы (Қаңтар-Наурыз) Халықаралық (Болашақ) бағдарламасы арқылы конкурстан өтіп Жапония мемлекетінде «Нанотехнология» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

2008 жылы ҚР Білім жәнеҒылым Министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» төстік белгісімен наградталды. (куәлік № 02227)

2009 жылы (14. 12. 2009) Қазақстан Республикасының білім саласына сіңірген ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім саласының құрметті қызметкері» төстік белгісімен наградталды (куәлік № 10560)

2008 және 2014 жылғы Республикалық «Жоғарғы оқу орнының ең үздік оқытушысы» атағының екі мәрте иегері.

Ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауда белсенділік танытады. 1997-2015 жылдар аралығында 20-дан аса техника және технология магистрларын және 5 техника ғылымдарының кандидаттарын дайындады.

Ғылыми бағыттары: 1. Қазақстанның табиғи және техногенді шикізаттарын өңдеу негізінде энергия және ресурстарды үнемдейтін технологияларын жасау көп салалы композициялық материалдарды алу.

2. «Жасыл құрылыс» және үйлер мен ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру технологиялық шешімдерін жасау.

Гранттық қаржыландыру негізінде келесі инновациялық ғылыми жобалардың жетекшісі:

1.Өнеркәсіптік, азаматтық, және жол құрылыстарына арналған кремнийлі опока түрін қайта өңдеу негізінде жеңіл және төзімді жасанды қыйыршық тас технологиясы.

2. Топырақты мұнай шламы – барханды құмы жүйесіндегі композицияны өңдеу негізінде түйіршіктелген және кеуекті жылуоқшаулағыш материалдарының технологиясы.

3. Ішуге және шаруашылыққа қажетті суды тазалауға арналған композициялық сорбент жасау үшін кремнийлі жыныс-опоканы өңдеу технологиясы.

4. Жылуоқшаулағыш-консрукциялық материал - көбікшыны алу мақсатында кремнезем және шынықұрамдас силикатты шикізаттарды өңдеу технологиясы.


Сессии: 
Қазақстанда ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциализациялау жүйесін дамыту

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65