Досымбекова Роза Шекербекқызы

Досымбекова Роза Шекербекқызы

Досымбекова Роза Шекербекқызы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментінің бастығы, аға әділет кеңесшісі

Досымбекова Роза Шекербекқызы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментінің бастығы, аға әділет кеңесшісі Саясат ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының кандидаты Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің құрметті профессоры Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары кадр саясатының Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі сарапшылық жұмыс тобының жетекшісі Қазақ гуманитарлық заң университетінің жанындағы Жұмыс берушілердің Үйлестіруші Кеңесінің Төрайымы Заң мамандықтарының оқу бағдарламаларын жетілдіру мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесу органының жетекшісі Р.Ш. Досымбекова, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментінің бастығы, аға әділет кеңесшісі, саясат ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының кандидаты, құрметті профессор. Р.Ш. Досымбекова 20 жылдан астам уақыт мемлекеттік қызметте, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік комитетінің юрисконсульты, Қазақстан Республикасы Парламентінің Ақпараттық-талдау орталығының консультанты, сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Заң бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Nadloc» жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі Ұлттық агенттігі» АҚ және «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ ұлттық компанияларында жұмыс тәжірибесі бар. Р.Ш. Досымбекова мемлекеттік қызмет атқарған кезеңде Қазақстан Парламентінің конституциялық мәртебесінің мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жүргізді. Ол конституциялық құқық, мемлекеттік басқару, әкімшілік және муниципальдық құқық теорияларына үлкен үлес қосты. Оның диссертациялық жұмысының ғылыми нәтижесінде 1997 жылы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. Прокуратура органдарында Р.Ш. Досымбекова 9 жылдан астам қызмет атқарады – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Бас Прокурордың өкілі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары лауазымдарын атқарған, ал 2012 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне басшылық жасайды. Р.Ш. Досымбекованың басшылығымен және тікелей өзімен кадрлық әлеуетті қалыптастыру теориясы мен тәжірибесіне концептуалдық ұстаным әзірленді. Бұл жағдай Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасын, Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар басшылығының Президенттік резервін қалыптастыру Қағидасын әзірлеу және оларды іске асыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын сәтті орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. «Қазақстанның саяси-әлеуметтік жаңаруы жағдайындағы құқық қорғау органдарының мемлекеттік кадр саясаты» атты тақырыпта оның жазған докторлық диссертациясының ғылыми-зерттеу нәтижелері осы Тұжырымдаманың негізіне алынды. 2014 жылы саясат ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары кадр саясатының Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі сарапшылық жұмыс тобының жетекшісі болып табылады. Сонымен бірге, мынадай нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеуге тікелей қатысқан: «Құқық қорғау қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңы, «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне конкурстан тыс қызметке кіру Ережесі», «Прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары», «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің лауазымдарына орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу Ережесі», «Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар басшылығының Президенттік резервін қалыптастыру Қағидасы», «Құқық қорғау органдары үшін полиграфологиялық зерттеу жүргізу Ережесі», «Құқық қорғау органдарының кадр саясатының Тұжырымдамасы». 80-нен астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жарияланымдардың, 2 монографияның авторы. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, прокуратура органдарының қызметінің тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.



Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65