Дэвид Портер
SAS компаниясының алаяқтыққа және қаржылық қылмастарға қарсы күрес жөніндегі сарапшысы
Деректердің білікті негізін қалаушы бола отырып, ол ұйымдастырылған қылмыс және алаяқтықты анықтауға қарсы күресте мамандығын шыңдауда. Дэвид Портер мырзаның ұлттық қауіпсіздік, салық салу, әлеуметтік қамтамасыз ету және қаржы қызметі саласында Ұлыбритания және АҚШ үкіметтері үшін талдамалы шешімдерді әзірлеуде 16 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар. Алаяқтыққа қарсы күрес саласында жетекші қайраткер бола тұра, деректермен алмасу бойынша жеке және мемлекеттік стратегияларды әзірлеуде және іске асыруда үлкен тәжірибесі бар. Ол Ұлыбритания алаяқтыққа қарсы күрес бойынша Ұлттық бюросында кеңесші болған. SAS – қа келгенге дейін, Портер мырза 12 жыл Детикада (Вашингтон, Колумбия округінде) талдау жөніндегі аға вице-президент лауазымында болған. Дэвид Гринвич университетінің ақпарат жүйе инжинирингінің 2:1 BSC деңгейіне ие және (BCS) Британия компьютерлік қоғамының мүшесі болып табылады. Ол сондай – ақ Джорджтаун және Мэриденд (криминология) Университеттерінің дәріскері ретінде шақырылады және Кембридж университеті өткізетін экономикалық қылмыстар бойынша жыл сайынғы Симпозиумында басқарма мүшесі болып табылады.
Сессии:
Әріптестік: кеден және бизнес дүниежүзілік кеден ұйымының Еуропалық өңірлік форумы.