Рахул Гупта

Рахул Гупта

Рахул Гупта

Вашингтондағы PwC федералды практикасының басшысы (Серіктес).

Рахул федералды билік органдарына және жеке ұйымдарға консультациялық қызметтер көрсетеді. PwC консультациялық практикасында жұмысын бастағанға дейін Рахул PRTM компаниясында ұлттық қауіпсіздікке жәрдемдесу және аналитикалық қызмет жүргізу жөніндегі практиканы басқарды, сондай-ақ PRTM практикасына экологиялық таза технологиялармен, телекоммуникациялармен жұмыс және ұйымның қалыпты қызмет етуін қалпына келтіру қабілетін көтеру бойынша қолдау көрсетіп, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы жұмысы кезінде алған елеулі тәжірибесін пайдаланды.

Соның ішінде Рахул мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға операциялық қызметті жүргізу стратегиясын тиімді пайдалану бойынша, саясаткерлерге бюджет құрастыру, өнімділікті және ұйымдастырушылық тиімділікті көтеруге бағытталған басқару бойынша консультациялық қызметтер көрсетті. Оның бүгінгі және бұрынғы клиенттері ірі телекоммуникациялық компаниялар, ұлттық қауіпсіздік саласында қызмет етуші ұйымдар, талдау агенттіктері, АҚШ Қорғаныс министрлігі, сондай-ақ коммерциялы емес ұйымдар болып табылады.

2004 жылы PRTM-де жұмысын бастағанға дейін Рахул АҚШ Есеп палатасында директордың орынбасары және аға заң кеңесшісі лауазымын иеленді. Оның міндетіне АҚШ Есеп палатасы және өкілдер палатасы комитеттері мен сенат арасындағы өзара әрекеттесу процесін басқару, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікпен, талдау жұмысымен, халықаралық қатынастармен, қаржы қызметтерімен және заң мәселелерімен байланысты қызмет салаларын бақылау кірді. Бұған қоса, аудиторлық тексерулер, тергеп-тексерулер жүргізіп, сондай-ақ Технологиялар және инженерлік қызмет орталығында (виртуалды және негізгі инфрақұрылым, ғарыш бағдарламалары және телекоммуникация) жұмыс істеп, АҚШ есеп палатасында әр түрлі қызметтер иеленді.



Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65