Владимир Гошин

Владимир Гошин

Владимир Гошин

Еуразия экономикалық комиссиясының кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі (Министр)

1962 жылы туған, заң ғылымының магистры, доцент.
Ол Минск мемлекеттік педагогикалық шет тілдер институтын (1984), Ресей кеден академиясын (1999) бітірген.
1988 – 2011 жылдар аралығында кеден органдарының бірнеше лауазымдарында жұмыс істеген, соның ішінде 1998 ж. бастап – Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитет төрағасының орынбасары, ал 2008 ж. бастап – Төрағаның бірінші орынбасары. 2011 жылы Үндістандағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2012 ж. ақпаннан –Еуразия экономикалық комиссиясының кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі (Министр).
Ол Беларусь Республикасының халықаралық байланысын дамытуға, халықаралық ұйымдардың жұмысына, Кеден одағының комиссиясына, Беларусь Республикасының шет мемлекеттермен екіжақты ынтымақтастығы мәселелері бойынша комиссияларында, Халықаралық техникалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының жұмысына белсенді қатысқан.
Беларусь Республикасы және Еуропа одағының кеден құқығы, халықаралық кедендік құқық бойынша бірқатар ғылыми жұмыстарының авторы.
Оның редакциясымен Беларусь Республикасының Кеден кодексінің түсіндірмесі, «Кеден ісінің негіздері», «Еуропалық кедендік құқық» және т.б. оқу құралдары шықты.


Сессии: 
Әріптестік: кеден және бизнес дүниежүзілік кеден ұйымының Еуропалық өңірлік форумы

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65