Самсон Уридиа

Самсон Уридиа

Самсон Уридиа

Халықаралық қатынастар департаментінің басшысы

1974 жылы 13 наурызда Грузияның Тбилиси қаласында туылды.
1996 жылы Грузия агробизнес институтын сыртқы агро – экономикалық қарым-қатынастарды басқару саласындағы дипломмен аяқтады, 2002 жылы – «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша Тбилисидегі Кавказ Академиялық орталығын, ал 2005 жылы – Экономикалық қатынастар Тбилиси мемлекеттік институтының заң факультетің бітірді.
Самсон Уридиа мырза өз қызметін 1997 жылы Грузия Экономика министрлігінің Монополияға қарсы қызметінің монополия – кәсіпорындарын тіркеу бойынша бөлімінің бастығы лауазымынан бастады. 1998 жылы лицензиялау, монополияға қарсы қызмет және экономикалық қарым-қатынастарды реттеу мәселелері бойынша Грузия Парламентінің Кеңес беруші мүшесі болған. 1998 – 2005 жыл аралығында Уридиа Мемлекеттік қызметшілердің активтер мен қаржы жөніндегі ақпараттық бюроның декларацияны талдау және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді. 2005 жылы ол Грузия Кеден әкімшілігінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру бойынша бас басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды 2007 жылдан бастап Уридиа Грузия Қаржы министрлігінің Кіріс қызметінде Кедендік рәсімдер және технологиялық сызба басқармасының бастығы (2007), Кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары (2007 – 2010 жылдар) және Халықаралық қатынастар департаментінің басшысы (2010 – қазіргі уақытқа дейін) лауазымдарында қызмет атқарады.
Уридиа мырза Грузия Кеден әкімшілігінің жаңғыруына, кеден кодексін, тиісті заңға тәуелді актілерді әзірлеуге, кеден және бизнестің әріптестік бағдарламасын іске асыруға, тәуекелдерді бағалау негізінде кедендік бақылауды дайындауға, Түркия Республикасымен бірлесіп шекаралық өткізу пункттерін пайдалану келісімдерін/хаттамаларын келісуге белсенді қатысқан.


Сессии: 
Әріптестік: кеден және бизнес дүниежүзілік кеден ұйымының Еуропалық өңірлік форумы

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65