Екатерина Мирошник

Екатерина Мирошник

Екатерина Мирошник

Инфрақұрылым жөніндегі директор, Ресей, Орта Азия және Моңғолия, Еуропалық Қайта құру және даму банкі

Екатерина МирошникРесей, Орта Азия және Моңғолия бойынша Инфрақұрылым департаментінің басшысы болып табылады. Өз мансабының ерте кезеңінде Екатерина муниципалдық инфрақұрылым, энергетика және көлік саласындағы жобалармен жұмыс істеді. Екатерина 200 жылы Лондондағы ЕҚДБ-нде Мәмілелерді құрылымдау және қаржыландыруды сүйемелдеу департаментінде талдаушы ретінде бастады. 2002 жылы ол Энерготиімділік департаментіне қосылды. 2009 жылы Екатерина Муниципалдық және экологиялық инфрақұрылым депаратаментінің аға банкирі болып тағайындалды.

8,5 жыл ішінде Екатерина ЕҚДБ-нің Ресей және Қазақстандағы өкілдіктерінде жұмыс істеді. Оның қызмет саласы Қазақстандағы, Түркиядағы, Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізіндегі инфрақұрылым саласындағы жобалар болды. 2013 жылғы наурызда Екатерина Ресей, Орта Азия және Моңғолия бойынша инфрақұрылым жөніндегі директор лауазымына тағайындалды.

ЕҚДБ-не келгенге дейін Екатерина Мирошник Schlumberger Oil&Gas Services, сондай-ақ Ernst&Young компанияларында жұмыс істеді. Екатеринаның халықаралық экономикалық қатынастар саласында магистр дәрежесі, ММХҚИ, сондай-ақ доктор дәрежесі бар. Екатерина сертификатталған талдаушы болып табылады (CFA).


Сессии: 
III Халықаралық «Жаңа Жібек Жолы» көліктік-логистикалық форумы

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65