Дмитрий Некрасов

Дмитрий Некрасов

Дмитрий Некрасов

Еуразия экономикалық комиссиясындағы Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры

1974 жылы туылған.
1996 жылы Новосибирск мемлекеттiк аграрлық университетін, ал 1999 – Новосибирск гуманитарлық институтын бiтірді. 2012 жылдан қазіргі уақытқа дейiн - Ресей кеден академиясының аспиранты (Ғылыми-зерттеу орталығы).
1996 – 2007 жыл аралығында – инспектор лауазымынан бастап Сібір кеден басқармасы басшысының орынбасары, Новосибирск кеденінің басшысы, 2008 – 2012 аралығында – Тауар номенклатурасы басқармасының басшысы, ФКҚ Ресей Кедендік ресімдеудін және кедендік бақылауды ұйымдастыру бас басқармасының кедендік бақылау басшысына дейінгі лауазымдарды атқарды. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Еуразия экономикалық комиссиясындағы Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры лауазымын атқаруда. Ғылыми қызығушылық саласы: халықаралық құқық, әкiмшiлiк құқық, кеден құқығы.
Бағыты: кедендік әкімшілендіру, кедендік бақылау, уәкілетті экономикалық операторлардың қатысуымен құқықтық қатынастарды кедендік реттеу, Еуразия экономикалық одағындағы ықпалдастық.
Автордың ғылыми басылымдары «РТА:НАУКА» http://www.customs-academy.net/?p=3531 ақпараттық ресурсында орналасқан.


Сессии: 
Әріптестік: кеден және бизнес дүниежүзілік кеден ұйымының Еуропалық өңірлік форумы

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65