Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы

Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы

Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы

1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысының Бүрлі Қарабалық ауданында дүние келді.

1977 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының (Мәскеу қ.) экономикалық факультетін бітірді, 1987 жылы Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті.

Экономикалық ғылымдардың кандитаты.

Қазақ КСР Мемкино және Мемлекеттік жабдықтау жүйелерінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорындарды басқарды.

1988-1995 жж. – «Цесна» көпсалалық корпорация басшысы.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына сайланды.

1996 жылы Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбаасары.

1997-2003 жж. – Астана қ. әкімі.

2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.

2004-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.

2008 жылғы қаңтардан қазанға дейін – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары – ҚР Президентінің кеңесшісі.

2008-2009 жж. – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясында Төтенше және өкілетті елшісі.

2009-2014 жж. – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

Елбасының 2014 жылғы 3 сәуірдегі Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.

2014 жылғы 22 қазанда Астана қ. әкімі болып тағайындалды.

Астана қаласындағы «Дөңгелек алаң» сәулет кешені үшін 2008 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», ІІ және ІІІ дәрежелі «Барыс», ІІІ дәрежері Ярослава Мудрый князі (Украина) ордендерімен және медальдармен марапатталған. «Зажечь звезду-столицу», «Так начиналась Астана. Записки первого акима столицы» кітаптарының авторы.



Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65