Даулет Ергожин
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
1979 жылы 26 сәуір Қазақстан Республикасы Алматы қаласында дүниеге келген.
1998 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді, ал 2001 жылы – Экономика және құқық университетің «құқықтану» мамандығы бойынша, 2003 жылы Суффолка Университетінде (АҚШ) іскерлік басқару магситр дәрежесін алды.
1998 – 2006 жылдар аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай өндіру саласында клиринг Департаментінде маман лауазымында, «ҚазМұнайГаз» АҚ Солтүстік-Каспий жобасының департамент директорының орынбасары, «ҚазМұнайТеңіз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары болып жұмыс атқарды.
2006 жылғы мамырда Премьер-Министрдің орынбасары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, 2006 жылдың қыркүйегінде Қаржы министрлігінің Салық комитеті Мамандандырылған бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
2007 жылғы қаңтардан бастап 2012 жылғы қарашаға дейін Ерғожин мырза Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі және Салық комитетінің төрағасы болды.
2012 – 2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік – экономика мониторингі бөлімін басқарды.
2014 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.
Сессии:
Әріптестік: кеден және бизнес дүниежүзілік кеден ұйымының Еуропалық өңірлік форумы