Леонид Лозбенко

Леонид Лозбенко

Леонид Лозбенко

«Crocus International» АҚ компаниясының вице – президенті

1948 жылғы 25 қаңтарда Куйбышев облысы Сызрань қаласында туған.
1975 жылы КСРО СIМ Мәскеулiк халықаралық қатынастар мемлекеттiк институтын аяқтады. Сыртқы сауда бойынша экономист.
Ресей және КСРО кеден органдарында жұмыс өтілі 20 жылдан астам. 1986 – 1991 аралығында Халықаралық ынтымақтастық басқармасы бастығы, КСРО Мемлекеттік кеден комитеті басшысының бірінші орынбасары болып жұмыс атқарған. 1991 жылы Дүниежүзілік кеден ұйымы Адам ресурстары департамент директорының бірінші орынбасары болып тағайындалған, ал 1996 жылы 150 мемлекеттің дауысын жинап, Дүниежүзілік кеден ұйымы Бас хатшысының бірінші орынбасары болып сайланған. Дүниежүзілік кеден ұйымында жұмысын аяқтағаннан кейін 2001 жылы Ресей кеден академиясына ректор болып тағайындалған, 2002 – 2006 жылдар аралығында Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі басшысының бірінші орынбасары болған. Ресей кеден органдарында жұмысты аяқтағаннан кейін Мәскеу облысы Үкіметі Сыртқы экономика байланыс министрінің орынбасары, содан кейін «Crocus International» АҚ компаниясының вице – президенті лауазымына ауысты, «Ресей тірегі» Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы ресейлік қоғамдық ұйым басқармасының мүшесі болды.
Әлеуметтік ғылымдарының докторы, экономика ғылымдарының кандидаты.
Кеңес, ресей және халықаралық басылымдарында ондаған еңбектері бар.


Сессии: 
Әріптестік: кеден және бизнес дүниежүзілік кеден ұйымының Еуропалық өңірлік форумы

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65