Хайке Баржук

Хайке Баржук

Хайке Баржук

Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) Хатшылығының жанындағы рәсімдерді сақтау және оңайлату бойынша директорының орынбасары

Хайке Баржук ханым қазіргі уақытта Брюссельде Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) Хатшылығының жанындағы рәсімдерді сақтау және оңайлату бойынша директорының орынбасары болып табылады. 2014 жылғы қарашада осы лауазымға тағайындалғанға дейін, ол 4,5 жыл ДКҰ институционалдық дамыту бойынша директорының орынбасары болып қызмет атқарды. ДКҰ Хатшылығындағы жұмыс алдында Германия кеден әкімшілігінде бірнеше басшылық лауазымдарды атқарған: ол Кельнде Кедендік – криминологиялық бюросы Есірткіге қарсы күрес бойынша халықаралық департаментінің басшысы, ДКҰ Батыс Еуропа өңірі бойынша Өңірілк байланыс тарабының басшысы (RILO), сонымен қоса Қаржы министрлігінде халықаралық кедендік ынтымақтастық бойынша директорының орынбасары болды. Хайке Баржук ханым Федералды сыртқы істер министрлігі жанындағы Германия Федералды академиясының «Мемлекеттік басқарма» факультетін бітірді және «Сыртқы байланыс» мамандығы бойынша дәреже алған. Кейін Кельн университетінде құқықты зерттеген. Кеден органына келгенге дейін, ол бірнеше жыл халықаралық сауда және еңбек құқығы мәселелері бойынша адвокат болып жұмыс атқарған.


Сессии: 
Әріптестік: кеден және бизнес дүниежүзілік кеден ұйымының Еуропалық өңірлік форумы

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65