Никос Пападакис

Никос Пападакис

Никос Пападакис

Профессор, Cаяси зерттеулер және құжаттама орталығы директорының орынбасары, Крит Университеті, Грекия

Никос Пападакис Крит Университетінің әлеумет пікірі зерттеулері ұйымының мүшесі болып табылады (Opinion Research Unit, Public POp.RUn). Ол Лондон университетінде/Білім беру институтында саясат және қоғам факультетінде штаттан тыс ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды (2012), сондай-ақ, Лондондағы Білім беру институтында (LLAKES) Экономикалық және қоғамдық білімдегі өмірлік мүмкіндіктер орталығымен бірлесіп жұмыс атқарды. Никос Еуропалық комиссияда мемлекеттік басқару саясаты бойынша арнайы кеңесші қызметін атқарды (2011- 2013). Ол Еуропалық комиссияның білім беру және даярлау бойынша үйлестіруші тобына кірді (ETCG/2007-2012), сонымен қатар, ол БҰҰ-ның даму бағдарламасының сабағаттық кеңесінің/мемлекеттік басқарудағы реформа бойынша аймақтық орталығының (БҰҰ дамыту бағдарламасы/RCPAR-- 2008- 2011) мүшесі болып, мемлекеттік қызметтегі Этикалық кодекс, адами ресурстарды басқару және дамыту, мемлекеттік қызметтегі ашықтық, меритократия т.б. сұрақтармен айналысты. Ол шақыртылған дәріс беруші болып жұмыс жасады және/немесе мемлекеттік қызметтегі реформамен байланысты сұрақтар бойынша бірнеше еуропалық университетте семинар мен дәрістер өткізді. Сонымен қатар, ол Грекиядағы Мемлекеттік басқару ұлттық орталығында (EKDDA), Кипрдің мемлекеттік басқару академиясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында сабақ берді. Пападакис Мырза ADEDY "Әлеуметтік мильтицентр" ғылыми орталықтың, нақтылайтын болсақ, Мемлекеттік қызметкерлердің жалпы федерациясының (ADEDY) мүшесі болып табылады. Ол сонымен бірге, Грекиядағы мемлекеттік басқаруды реформалау бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық кеңесші топтың құрамына кірді (2008), және адами ресурстарды дамыту және этикалық қарым-қатынас сұрақтары бойынша жұмыс атқарды, сондай-ақ, Грекия Мемлекеттік қызметі ұлттық орталығының Аккредитация бойынша орталық комитетінің мүшесі болды (2011- 2012). 98 басылымның авторы болып табылады, оның ішінде 6 кітап, грек, ағылшын және француз тілдерінде жарық көрді.



Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65