Жан-Луи Эрай
Француз әділет соты мүшесі (Әділет министрлігінде 22 жыл), Bred банкі прзидентінің кеңесшісі
Жан-Луи Эрай қылмыстық және азаматтық істер бойынша төрағалық соттың сот төрешісі ретінде (2001 - 2006), қаржылық, ақшаның ізін жасыру және т.б. істерге негізделген прокурор ретінде (1994 - 1998), сонымен қатар, арнайы полицейлік қызметтерді басқару және үйлестіру бойынша тергеу соты ретінде (1987 - 1994) 22-жылдық кәсіби жұмыс өтілі бар бас сот болып табылады. Ол француз сот төрешілерінің және прокурорлар мектібінің түлегі болып табылады. Оның бойында сот және пенитенциялық жүйе және ұйымдар бойынша терең кәсіби білімі бар. Жан-Луи азаматтық және қылмыстық құқық бойынша құқықтық және сот жүйесінде көпжылдық тәжірибесі бар. Оның Жерорта теңізі және Оңтүстік Африка елдерінің сот жүйесінде тәжірибесі және терең білімі бар, сонымен қатар, Марсел және Париж сот жүйелерінде де жұмыс өтілі бар. Жан-Луи сот төрешілері мен прокурорларға және адвокаттарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер, ақшаның ізін жасыруға қарсы әрекеттер және қаржылық мәселелердің түрлі аспектілері бойынша оқу сессияларын даярлау және оқу бағдарламасын жасау бойынша үлкен тәжірибесі бар. Оның жоғары деңгейдегі семинар мен конференцияларға қатысу және ұйымдастыру бойынша тәжірибесі мол. Эрай Мырза көптеген кітаптар мен басылымдардың, соның ішінде "Сыбайлас жемқорлықтағы тәжірибе және басқару" (1997) кітабының авторы болып табылады.