Аннели Теммес

Аннели Теммес

Аннели Теммес

HAUS Ltd Финдік Мемлекеттік Басқару Институтының Басқарушы Директоры

Аннели Теммес HAUS Ltd Финдік Мемлекеттік Басқару Институтының басқарушы директоры болып 2010 жылдың басында тағайындалды. 2009 жылдың 7 қыркүйегінде , HAUS Ltd Финдік Мемлекеттік Басқару Институтының Директорлар кеңесі, әкімшілік ғылымдардың лицензиаты Аннели Темместі 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап HAUS Ltd Финдік Мемлекеттік Басқару Институтының басқарушы директоры қызметіне тағайындау туралы шешім қабылдады. Аннели Теммес, өз жаңа қызметіне екі жылдан соң (2007 - 2009), яғни Будапешт, Венгриядағы Финнагораны, финдік ғылыми, мәдениет және өнер орталығына басшылық еткен соң кірісті. Бұдан бұрын Аннели Теммес HAUS-та 1987 жылдан бастап әртүрлі қызмет атқарды. Оның ішінде бас директордың орынбасары, өндірістік бірлік менеджері, халықаралық жобалар бойынша менеджер, кеңесші және тренингті жүргізуші. Сондай-ақ, оның Финляндия қаржы министрлігі, Хелсинки экономика мектебі және менеджмент мектебінде жұмыс тәжірибесі бар. HAUS Ltd Финдік Мемлекеттік Басқару Институты 1971 жылы мемлекеттік қызметкерлерді даярлау бойынша орталықтандырылған мемлекеттік агенттік ретінде құрылды. Бұл компанияның мемлекеттік секторда 40 жылдан астам тәжірибесі бар. Бұл тек Финляндияда ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем бойынша жинақталған тәжірибе. Жыл сайын HAUS Финляндияда 300-ден аса даярлау іс-шараларын өткізеді. Институт мемлекеттік басқару органдарын даярлау және дамыту бойынша жоғары деңгейлі қызметтерді қамтамасыз етеді.
Қызмет салалары

  • Әкімшілік құрылымдар, әлеует құру
  • Мемлекеттік басқару саласындағы реформалар
  • Стратегиялық басқару
  • Басқару және жетекшілікті дамыту
  • Тиімділікті басқару
  • Сапаны басқару және мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыру
  • Заңнама және заңнама жобасын жасау
  • Адами ресурстарды басқару және олардың біліктілігін арттыру
  • Мемлекеттік қызметті құру және даярлау
  • Қаржылық басшылықты жасау және нәтижеге негізделген бюджетті даярлау
  • ЕО стратегиялары мен ЕО тренингтері.



Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65