Пан Сук Ким

Пан Сук Ким

Пан Сук Ким

Азия мемлекеттік басқару саласындағы мамандар қауымдастығының президенті (ААРА), Йонсей Университетінің профессоры

Мемлекеттік басқару саласында сарапшы ретінде бай жұмыс тәжірибесі бар. Корея Президенті Әкімшілігі жанындағы кадр саясаты жөніндегі хатшы лауазымын атқарған, әкімшілік реформалар жүргізу жөніндегі комитет мүшесі, сондай-ақ бірқатар консультациялық комитеттердің, атап айтқанда Корея Сыртқы істер және сауда министрлігі, Мемлекеттік басқару және ішкі істер министрлігі, Азаматтық қызмет жөніндегі комиссия, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және азаматтық құқықтарды сақтауды бақылау жөніндегі комиссияның мүшесі болды. Әр кезеңде International Review of Administrative Sciences (издательство Sage Publications) журналының бас редакторының орынбасары, Korean Policy Studies Review және The International Review of Public Administration журналдарының бас редакторы, сондай-ақ Корея азаматтық қызметшілерді басқару жөніндегі қауымдастығының президенті болған. Азия мемлекеттік қызметшілер қауымдастығын басқарады, Вонджу қаласында (Оңтүстік Корея) Йонсей университеті жанындағы Басқару және бизнес колледжінің профессоры, Asian Review of Public Administration журналының бас редакторы және бірқатар халықаралық басылымдардың редакция алқасының мүшесі. Мына салаларда сарапшы: мемлекеттік қызмет жүйесі, мемлекеттік басқару және басқару саласындағы инновациялар, мемлекеттік сектор және мемлекеттік қызмет саласындағы реформалау. Бірнеше кітаптар және Корея және халықаралық журналдарында 200-ден астам ғылыми мақалалар басып шығарған. Бірнеше наградалармен марапатталған, атап айтқанда 2009 жылы мемлекеттік басқару саласындағы Халықаралық сыйлық, 2011 және 2013 жылдары Честер А.Ньюленд атындағы еңбегі сіңіргені үшін сыйлықтары, 2012 жылы Америка мемлекеттік қызметшілер қауымдастығы берген Пол Ван Райпер атындағы жоғары қол жеткізген жетістіктері үшін сыйлығы, сондай-ақ 2008 жылы Халықаралық мемлекеттік басқару мектептері мен институттары қауымдастығы берген Пьер де Селя атындағы сыйлықтың иегері.



Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65