Могилевский Станислав Дмитриевич

Могилевский Станислав Дмитриевич

Могилевский Станислав Дмитриевич

М.М.Сперанский атындағы заң факультетінің деканы мен «РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы» ФГБОУ ВПО кәсіпкерлік және корпоративтік құқық кафедрасының меңгерушісі, РХШжМҚА (РАНХиГС) ғылыми кеңесінің мүшесі. Азаматтық және корпоративтік құқық саласындағы жетекші мамандардың бірі.

Заңды тұлғаның мәні мен құқықтық мәртебесіне, заңды тұлғаның органдары, коммерциялық ұйымдар мен олардың органдарының ұйымдық-құқықтық нысандарына қатысты фундаменталды мәселелерге зерттеу жүргізеді. 33 жыл бойғы ғылыми-педагогикалық саладағы ұзақ жұмыс тәжірибесі бар. 1992 жылы «Линклейтерз энд Пейнз»` (Ұлыбритания) Британ заң фирмасында тағылымдамадан өтті. 1990–1994 жылдар аралығында «Магистр управления» бағдарламасының директоры, ал 1994–1996 жылдары академиялық оқу бағдарламасы факультеті деканының орынбасары. 1996–2011 жылдары Могилевский С.Д. М.М.Сперанский атындағы заң факультетінің деканы мен «РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы» ФГБОУ ВПО азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі болып үш рет сайланды. Ал 2011 жылдан бастап осы уақытқа дейін М.М.Сперанский атындағы заң факультетінің деканы мен «РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы» ФГБОУ ВПО кәсіпкерлік және корпоративтік құқық кафедрасының меңгерушісі болды. 2007 жылы РФ Президентінің Жарлығымен 2007 жылғы 6 тамызда «Ресей Федерациясының еңбегі сіңген заңгері» құрметті атағы берілді. Могилевский С.Д. Ресейде, шетелде заңды тұлғалардың және олардың басқару органдарының қызметі мен ұйымдастыру мәселелері бойынша 200-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 11 кітаптың авторы.



Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65