Томас Мироу
Бірнеше компаниялардың Аға кеңесшісіТомас Мироу қазіргі уақытта бірнеше компаниялардың Аға кеңесшісі ретінде жұмыс істейді, ол компаниялардың арасында Rothschild & Cie. Бар, және компаниялар басқармаларында бірнеше қызметтерді иеленеді, атап айтқанда HSH Nordbank AG Қадағалау кеңесіндегі төрағашылық. Ол Киль Университетінің Әлем экономика бойынша «Еркін ғылыми қызметкері» және «Hertie School of Governance» Жоғарғы Берлин мектебінде «Аға ғылыми қызметкері» болып табылады. Томас Мироу 2008-2012 жж. аралығында Лондондағы Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің (ЕҚҚДБ) Президенті қызметіне иеленді. 2005 жылдан 2008 жылға дейін еуропалық және халықаралық істер сияқты, қаржылық нарықтар үшін жауапты Германияның Қаржы Министрінің орынбасары болды, оның алдында ол Федералды канцлердің ведомствосының Экономика департаментін басқарды. 1991 жылдан 2001 жылға дейін он жыл бойы Томас Мироу қалалық даму және кейіннен экономика үшін жауапты Гамбургтағы Мемлекеттік Министр (Сенатор) болды. Оның өкілдіктің алдында және содан кейін ол Ernst & Young, Bankhaus Warburg және басқалары сияқты компанияларында Тәуелсіз аға кеңесшісі ретінде жұмыс істеді. Ол 2004 жылы Гамбургтың мэр қызсетіне үміткер болып, Лиссабонды даму стратегиясы бойынша бұрынғы Премьер Министрі Вим Кок басқаратын ЕО жоғарғы деңгейлі Тобының мүшесі болды. Томас Мироу өзінің мансабын бұрынғы федералды канцлері Вилли Брандттың жеке құрамының басшысы және содан кейін көмекшісі ретінде, Германияның Социал-Демократтық Партияның (СДП) Төрағасы ретінде бастаған болатын. 06.01.1953 туылып, Парижде және содан кейін Боннде өсті, оның Бонн Университетіндегі Саясаттанудағы ғылыми дәрежесі (Философия ғылымының докторы) бар.
Сессии:
Азия және Еуропа форумы