Марион Гюлоу

Марион Гюлоу

Марион Гюлоу

Францияның Ұлттық ауылшаруашылық зерттеу институтының жаңа президенті

2010-2015 жж. аралығында Agreenium Төрағасы және Халықаралық ядролық реттеу мәселелері бойынша ұйымдар қауымдастығының Атқару директоры болды.
Ол École Polytechnique инженерлік оқудан өтіп, содан кейін École nationale du génie rural, des eaux et des forêts (қазіргі кезде AgroParisTech деп танылатын) су инженериясында мамандандырылды.
Ол Нант Университетінде биологиялық үрдістердің физикохимиясында PhD бағдарламасын бітірді. Ол тамақ өнеркәсібінде жұмыс істеп, төмен шешілімі бар ядролық-магниттік резонанс (ЯМР) сияқты, физикохимия тетіктерін пайдалана отырып, тамақ өнімдердің биотрансформацияларының үздіксіз бақылауы үшін әдісті әзірлеп шығарды.
Ол 1996 және 2000 жылдар аралығында Францияда Тамақ өнеркәсібінің директораты үшін жауапты болды. Ол ірі қара малдың губка тәріздес энцефалопатия (ІҚМКЭ), сондай-ақ сиыр құтыру синдромы ретінде танымал дағдарысын басқарып, тамақ қауіпсіздігі бойынша жаңа Франциялық ұйымды құру ұсынды (тамақ қауіпсіздігі бойынша 1999 жылғы заң).
Ол Франция Ұлттық Ауылшаруашылық Зерттеулер Институтының (Institut National de la Recherche Agronomique) Атқарушы директоры (2000-2004), содан кейін Атқарушы директоры және Төрағасы (2004-2012) болды, онда ол ауыл шаруашылыққа, тамақ өнеркәсібіне және қоршаған ортаға ерекше көңіл бөлді. Ол ғаламдық мәселелер жағына зерттеу тақырыптарының ауқымын кеңейтті. Ол британдық әріптестермен бірге Ауыл шаруашылығы және климаттағы өзгерістер сұрақтарында ғылыми саясатты қалыптастыру бойынша бірлескен бастамасының негізін салып, оны алғашқы үш жылдың ішінде (2010-2013 жж.) басқарды. Бұл бастама енді 21 еуропалық елді біріктіріп, оны халықаралық деңгейге шығаруда. Ол сондай-ақ 5 жыл бойы (2008-2013 жж.) беделді Ecole Polytechnique Басқармасын басқарды. Қазіргі уақытта ол Халықаралық ауыл шаруашылық зерттеулер бойынша кеңес беру тобы мен Белгілі сарапшылар тобының (Тамақ қауіпсіздігі комитеті – Дүниежүзілік азық-түліктік ұйым) Басқармасының мүшесі болып табылады.
Тұрмыста үш баласы бар.


Сессии: 
Азия және Еуропа форумы

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65