Қуандық Бишимбаев

Қуандық Бишимбаев

Қуандық Бишимбаев

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының Төрағасы

Бишимбаев мырза Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетін (1997), Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын (1999), М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін (2002) бітірді. 2001 жылы ол Джордж Вашингтон Университетінде Бизнесті басқару Магистрі дәрежесін алды. Бишимбаев мырза өзінің жұмыс жолын 2001 жылы Қазақстан Даму Банкінде бастады, инвестициялық жоспарлау және талдау, бюджеттік саясат департаменттерінің басшысы ретінде Экономика және бюджеттік саясат министрлігінде жұмыс істеген болатын. Бишимбаев мырза Ұлттық инновациялық қорында Басқарушы директор, «ЦМАИ» АҚ Төраға орынбасары, «Ордабасы» корпорациясының Вице-президенті қызметтеріне иеленді.
2007 жылы ол Сауда саясатын дамыту орталығының Президенті ретінде тағайындалды. 2008 жылдан 2011 жылға дейін Бишимбаев мырза ҚР Индустрия және сауда вице-министрі, ҚР Президентінің Әкімшілігінде Әлеуметтік және экономикалық талдау департаментінің басшысы, ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі ретінде қызмет етті.
2011-2013 жылдар аралығында ол Қазақстандағы дамыту және индустриалды компаниялардың қаржылық институттарын біріктіретін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Төраға орынбасары қызметіне иеленді. Төраға орынбасары ретінде ол көпшілікке бастапқы ұсыным, инвестициялық саясат, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру және т.б. сұрақтарды қамтыды. Ол Қазатомпром, Қазақтелеком, Қазпошта, Самұрық-Инвест және басқа да ұйымдардың Басқарма Төрағасы болды.
2013 жылдың мамыр айында Бишимбаев мырза «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холингі» АҚ Басқарма Төрағасы ретінде тағайындалды. Холдинг Қазақстан Даму Банкі, Қазақстан Капитал Менеджмент, Инвестициялық қор, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және тағы басқалары сияқты негізгі қаржылық даму институттарын біріктіреді. Холдингтің негізгі мақсаттары ұлттық экономиканың жаңартуына және әртараптандыруына үлес қосу, инвестицияларды тарту, кластерлік бастамаларды дамыту және ол ұлттық даму институттарда ие үлестерді басқару болып табылады.


Сессии: 
Азия және Еуропа форумы

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65