Эхуд Барак

Эхуд Барак

"Hyperion Ltd." тобының негізін салушы

Эхуд Барак Израильдің оныншы Премьер Министрі және Қорғаныс министрі 1999 және 2001 жыл аралығында болды. Барак жуырда 2007 жылдың маусым айынан 2013 жылдың наурыз айына дейін екінші рет Қорғаныс министрі қызметін иеленді. Премьер Министр ретінде оның мерзіміне бұрын ол Ішкі істер министрі, содан кейін Рабин Премьер Министрі мен Перес Премьер Министрі жанында Сыртқы істер министрі қызметін 1995-1996 жж. аралығында иеленді. 1991 жыл мен 1995 жыл аралығында Бас штабтың оның Израиль Қорғаныс әсерінің (ИҚӘ) Басшысы ретіндегі қызметі кезінде, Генерал-Лейтенант Барак ИҚӘ тарихында ең көп марапаттар саны бар әскери ретінде өзінің 36-жылдық әскери мансабын жасады. Оның әскери мансабы кезінде Барак арнайы күштердің элиталы бөлімшелеріне, сондай-ақ танк дивизиясына басшылық етті. Барак Израильдің Қорғаныс әскерінің Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер және жоспарлау бөлімшесін басқарды және содан кейін Әскери барлау, Орталық қолбасшылық директоры және Штаб басшысының орынбасары қызметтерін иеленді. Эхуд Барак өзі Израиль тарихындағы лаңкестікке қарсы бағытталған бірнеше ең батыл арнайы операцияларын басшылыққа алды және жас полковник ретінде Энтеббе қ. 1976 жылдың маусым айындағы ұрланған жолаушыларды құтқару бойынща операциясының негізгі әзірлеушісі болды. Барак Премьер Министр қызметінде бола отырып, 5,9% жылдық өсімі, рекордтық тікелей шетел инвестициялары, нөлдік дерлік инфляциясы, екіге бөлінген дефициті және елеулі қысқарға сыртқы қарызы бар Израильдік экономикалық өркендеуіне созылмалы рецессиясын басқарды. Барак үкіметінің әрекеттер мәні бейбіт жолмен реттеу үрдісіне арналған болатын. 2000 жылдың мамыр айында Премьер Министр Барак Израильдің оңтүстік Ливанда болуының 18 қайғылы және қанға толы жылдарды аяқтай отырып, сол жержен ИҚӘ шығаруына бұйрық берді. Ол алдымен Сириямен және кейінірек Палестиналық өкілдерімен, Президент Билл Клинтонның және оның Әкімшілігінің белсенді қатысуымен бейбіт жолмен келісу туралы алға басатын келіссөздерді жүргізу әрекеттерді басқарды. Өкінішке орай, бұл келіссөздер түпкілікті келісімдерді жасау үшін қажетті нәтижелерді бермеді. Барак 1968 жылы Иерусалимдегі Иерусалим Университетінде Математика және физика бакалавры дәрежесін және 1978 жылы Калифорниядағы Стэнфорд Университетінде Шаруашылық-техникалық жүйелер магистрі дәрежесін алды. Эхуд Барак 1942 жылы 12 ақпан күні Мишмар ХаШарон киббутціде, Израиль, туылды. Ол үйленген үш қыздың әкесі және бес немеренің атасы болып табылады. 2013 жылы наурыз айында үкіметті тастағаннан кейін, Барак өзінің жеке "Hyperion Ltd." Тобының негізін салды, ол топ екі негізгі салада шоғырланған: ақпараттық қауіпсіздікке инвестициялар және ұлттық қауіпсіздік, сондай-ақ геосаясаттағы кеңес беру.


Сессии: 
Азия және Еуропа форумы

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65