Шигео Катсу

Шигео Катсу

Шигео Катсу

Назарбаев Университетінің Президенті

Шигео Катсу 2010 жылдың желтосанынан бастап Университетті президенті болып келеді. Cол жылды маусымында негізі қаланған Университет әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті болуды көздейтін мемлекеттің флагмандық оқу орны болып қызмет етуге талаптанған. Қазіргі қызметіне дейін Катсу мырза Дүниежізілік банкте үш онжылдык ішінде жұмыс жасаған: 1979 жылы «Жас кәсіпқойлар» бағдарламасымен Дуниежізілік банктің мүшесі болды. Содан кейін дереу Батыс Африка өнірінде инфрақұрылым экономисі болып тағайындалды, ал 1985 жылы Бенинде тұрақты банк өкілі болып тағайындалды. 1989 жылдан бастап 1991 жылдың аяғына дейін Катсу мырза Жапонияның Экспорт және импорт банкіне Елдің экономикалық саясатын талдау департаменті директорының орынбасары ретінде іссапармен жіберілді. Кейіннен Қытайда департаментте (кәсіпорындар мен қаржы секторын реформалау үшін жауапты, 1992-1999), Кот- д'Ивуарда (Өңірлік директор, 1995-1999) және Еуропа мен Орталық Азияда (өңірлік директор, Операциялар және Стратегиялар, 1999-2003) ретімен тағайындалғаннан кейін ол ЕОА өңірінің вице-президенті болып алты жыл бойы қызмет етті. 2009 жылдың желтоқсанында зейнетке шығар алдында қысқа мерзім ішінде Басқарушы директорлардың Арнайы кеңесшісі болды. Жоғарыда жазылғанға қосымша ретте, Катсу мырза Азия даму банкіне, Дүниежүзілік банкі мен үкіметтерге кеңес берді, жетекшілік ететін орталықтармен және коммерциялық емес ұйымдармен бірігіп қызмет етті. 2011-2012 жылдар кезеңінде Катсу мырза негізінде Африка континентінде жастарды дамытуға және даму стратегиясына жастар мәселесін енгізуге бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйым «Restless Development» американдық кеңесінің төрағасы болды. Қазір де сол кеңестің мүшесі болып саналады. Сонымен қатар, 2011 жылдың мамыр айынан бастап Катсу мырза АСЕАН+3 макроэкономикалық зерттеу офисінің консультациялық тобының мүшесі болып табылады.


Сессии: 
Азия және Еуропа форумы
Серпінді технологиялар: қоғам және еңбек нарығына әсері

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65