Бэн Гертзел, PhD
Бен Гертзел 1966 жылы Бразилия, Рио-де-Жанейрода туған. 1982 жылы 10-сыныптан кейін орта мектепті бітіріп, 15 жасында мерзімінен бұрын ЖОО-да Саймон Рок Колледжінде оқи бастады. 1985 жылы Бен Саймон Рок колледжін математика саласы бойынша аяқтады да, Нью-Йорк қаласына көшті, сонымен қатар Нью-Йорк университетінде қолданбалы математика саласындағы аспирантурада білімін жетілдіріп, бос уақытында когнитивтік ғылым және жасанды интеллект саласындағы зерттеулерін жүргізе бастады. 1989 жылы ол Темпл Университетінде математика бойынша докторлық дәрежеге ие болды, UNLV математика профессоры ретінде өзінің алғашқы нағыз жұмысын бастау үшін ол Лас-Вегасқа көшті. 2001 жылы ол Нью-Мексикоға қоныс аударып, онда ол ОНД информатикасы кафедрасында Novamentе ЖШС-ға негізделген, Webmind мұрагері; сондай-ақ Biomind ЖШС-ға негізделген, биоинформатикаға арналған Novamente технологияны қолдануға арналған зерттеулермен айналысты. Оның зерттеу жұмыстары жасанды жалпы интеллект, табиғи тілді өңдеу, когнитивтік ғылым, интеллектуалдық деректерді талдау, машиналық оқу, есептеу қаржысы, биоинформатика, виртуалдық өмір, ойын және басқа да салаларды қамтиды. Ол ондаған ғылыми кітаптарын, техника туралы 100-ден астам ғылыми мақалаларын, сондай-ақ көптеген публицистикалық мақалаларын жариялады. Бағдарламалық қамтамасыз ету индустриясындағы жұмысының алдында ол АҚШ, Австралия және Жаңа Зеландия елдерінде математика, информатика және когнитивтік ғылым бөлімдерінде университеттер оқытушысы ретінде қызмет атқарды. Ол үш баланың әкесі және бос уақытында авангардты көркем әдебиет пен музыка саласындағы шығармашығымен, сондай-ақ ашық ауада зерделеу жүргізумен айналысады.
Сессии:
Серпінді технологиялар: қоғам және еңбек нарығына әсері