Джордж Йонг-Бун Йео

Джордж Йонг-Бун Йео

Джордж Йонг-Бун Йео

Джордж Йео 2012 жылдың 1 қаңтар күні Вице Президент ретінде Kerry Group

компаниясына жұмысқа орналасты. 2012 жылдың 1 тамыздан бастап ол

сондай-ақ Kerry Logistics Network компаниясындағы төрағалықты қабылдады.

1988 жылдың қыркүйек айынан бастап 2011 жылдың мамыр айына дейін ол

Үкіметте 23 жыл бойы қызмет атқарып, 2011 жылдың мамыр айындағы Жалпы

сайлаудағы жеңілісіне дейін, ол Ақпарат пен мәдениет, Сауда мен Өнеркәсіп,

Сыртқы істер министрі болды.

Йео мырза Кембридж Университетінде Президенттік стипендия арқылы

Инженер ісі мамандығында оқып, 1976 жылы екі мамандық бойынша бірінші

дәрежелі дипломды алды және Сингапурдың Қарулы Күштерінің Байланыс

әскерінің командирі болды. 1979 жылы Сингапурдың командалық штабтық

колледжін бітіргеннен кейін, ол Сингапур Республикасының әуедегі күштерге

жіберілді. Ол 1985 жылы Гарвард Бизнес Мектебін Бизнесті басқару магистрі

(Бейкер стипендиясы) дәрежесімен бітірді. Ол Генерал-майор атағын алып,

Қорғаныс минстрлігінің Ұшқыштар құрамының Штаб басшысы (1985-1986) және

Біріккен операциялар және жоспарлаудың директоры (1986-1988) ретінде

тағайындалды.

Йео мырза Наланда Университетінің Басқару кеңесінің Халықаралық

сабағаттық комиссиясына төрағашылық етеді. Ол Дүниежүзілік экономикалық

форумының Қамқорлық кеңесінің, Бергруен басқару университетінің, Гарвард

Бизнес Мектебінің Азия-Тынықмұхиттік Сабағаттық кеңесінің, IESE Бизнес

Мектебінің Халықаралық Сабағаттық Кеңесінің, Ұлттық Саясаттану

Институтының Халықаралық кеңесінің, Mitsubishi корпорациясының

Халықаралық сабағаттық кеңесінің, Экономикалық дамыту комиссиясының,

Сингапурдың және Гонконгтың өндірістік федерациясының Қамқоршылар

кеңесінің мүшесі болып табылады. Йео мырза Гонконгтың Қор биржасының

тізімінде бар ашық акционерлік қоғамы AIA Group Limited Тәуелсіз атқарушы

емес директоры және Сингапурдың Қор биржасының тізімінде бар ашық

акционерлік қоғамы Wilmar International Limited Атқарушы емес тәуелді

директоры болып табылады.

Йео мырза 2013-2014 жылдары Әулие Тағының шаруашылық және әкімгерлік

құрылымдарын ұйымдастыру жөніндегі Папалық Комиссиясының мүшесі

ретінде қызмет етті. 2014 жылдың ақпан айынан бастап ол шаруашылық

жөнінде Ватикандық жиналысының мүшесі болды. Сондай-ақ ол 2014 жылдың

шілде айынан бастап Ватикан медиа комиссиясының мүшесі болып табылады.

Йео мырза LASALLE Гуманитарлық Ғылымдар Колледжінің және Еуразиялық

Қауымдастығының Қорғаушысы, Сан Йат-Сен Нанйанг Мемориалдық залының

кеңесшісі болып табылады. Ол Ли Куан Ю қоғамдық мүдделер мектебінің

шақырылған ғылыми қызметкері болып табылады.

26 ақпан 2015 ж.

Сессии: 
Азия және Еуропа форумы

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65