Якупбаева Юлия Константиновна
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төраға орынбасары, Басқарма мүшесі
1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған (1998 ж.). Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Ұлттық банкінің Қаржылық қадағалау департаментінен бастаған. Мұнда 4 жыл жетекші қызметінде, кейін бас маман қызметінде болған. 2002-2007 жж. – Қазақстан қаржыгерлері Қауымдастығының Бағалы қағаздар нарығы мен зейнетақы секторы бойынша Департаментінің директоры, қаржылық мәселелер бойынша сарапшы. 2007-2011 жж. – Қазақстан қаржыгерлері Қауымдастығының басқарушы директоры. 2011-2012 жж. – Қазақстан қаржыгерлері Қауымдастығы Кеңесінің Басқарма төрағасының орынбасары. 2012-2013 жж. – «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Басқарма мүшесі. Қаржылық сектор, салық салу, тариф құру және бәсекелестік мәселелеріне жауапты болған. 2013 жылдың қарашасынан 2014 жылдың қазан айына дейін – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы төрағасының кеңесшісі. «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ, «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ секілді компаниялардың Директорлар кеңесінің мүшесі-тәуелсіз директор қызметтерін атқарған. Әртүрлі жылдары «РФЦА» Рейтингтік агенттігі» АҚ рейтингтік комитетінің, «Қазақстандық қор биржасы» АҚ Сарапшылар комитетінің мүшесі болған. 2014 жылдың қазан айынан бастап – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төраға орынбасары. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған мерейтойлық медальмен, Қазақстан қаржыгерлер Қауымдастығының «Үздік қаржыгер» медальымен, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП-ның ІІ дәрежелі «Ісіне деген адалдығы үшін» медальымен марапатталған.
Сессии:
Дамуға арналған жобалар (P4D): «Кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер»