Тулеушин Қаныш Аманбайұлы

Тулеушин Қаныш Аманбайұлы

Тулеушин Қаныш Аманбайұлы

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма мүшесі, Басқарушы директоры

1983 жылғы 6 желтоқсанында дүниеге келді. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2006 жылы Ұлыбританияның Оксфорд қаласындағы Оксфорд Брукс Университетін бітірді. (Магистратура). 2004 жылы Астана қаласындағы Еуразиялық Ұлттық Университетін қаржы және кредит мамандығын бітірді. Еңбек қызметін 2003 жылы коммерциялық құрылымдарда бастады. 2004 - 2005 жылдары- «Темірбанк» АҚ, Бухгалтер-операционист, есеп-касса бөлімнің бастығы. 2006 жылы – «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ, Консультант. 2006 - 2007 жылдары – «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, Бас сарапшы. 2007 жылы – ҚР Индустрия және сауда министрлігі, Инновациялық саясат басқармасының бастығы. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, мемлекет қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату семинарларында дәріс берді. 2008 - 2011 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі, консультант, сектор меңгерушісі, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2011 - 2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Вице - министрі. 2012 жылы Сингапурдың Улттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебімен бірлескен Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде «Мемлекттік саясат және басқару» тақырыбы бойынша дәріс алды. 2013 жылы Австрияда «Өңдеу өнеркәсібінің болашағы» тақырыбында ЮНИДО тренингін өтті. 2013 жылы маусым айынан бастап – «Бәйетерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі. 2014 жылы «Ernst&Young» Бизнес мектебінің «Қаржылық модельдеу», «Бизнесті бағалау», «Мини МВА» тақырыптарында тренингтер өтті. «Нұр Отан» партиясының мүшесі; Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының түлектері қауымдастығының мүшесі; «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі; «ҚазЭкспортГарант» Экспорттық-несие сақтандыру корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі; «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі; Баспадағы бірқатар публикациялардың авторы; Қазақстан Республикасы Президентінің мақтау қағазымен марапатталды; «Жастар» республикалық сыйлығының лауреаты (2011); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.


Сессии: 
Дамуға арналған жобалар (P4D): «Кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер»

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65