Др. Красен Станчев

Др. Красен Станчев

Др. Красен Станчев

София Университетінің адъюнкт-профессоры, нарықтық экономика институтының Басқарма төрағасы (IME)

Доктор Красен Станчев София Университетінің адъюнкт-профессоры, сонымен қатар KC 2 Ltd бас директоры және Болгарияның бірінші тәуелсіз және еркін нарықтық алаңы атанған IME-нің негізін қалаған тұңғыш атқарушы директоры (1993). Болгар сарапшылары ішіндегі ең танымал маман, Конституциялық ассамблея комитетінің төрағасы және бұрынғы мүшесі (1990-1991), 1996 жылы елдің үздік талдаушысы ретінде Euromoney марапатына ие болған, 2002 ж. Болгария Үкіметінің, сонымен қатар 2006 ж. бостандық рухына қосқан үлесі үшін Георгий Васильев Қоры, және IME Директоры ретінде Templeton сыйлықтарының лауреаты атанған. Доктор Станчев орталықтан жоспарлау экономикасынан нарықтық экономикаға дейінгі көптеген реформалар жобаларын дайындаған және сол реформалар көшбасшыларының бірі болып табылады. Ол бұрынғы Кеңес Одағы мен Жаңа Еуропа жеке секторларының өсуіне ықпал еткен экономикалық және нормативтік саясатта тәжірибесі мол сарапшы. 1990 жылдары Красен Станчев ЕО, USAID және Бүкіләлемдік банк жұмысшы тобының басшысы және/немесе субмедігер ретінде Босния және Герцеговинада, Черногорияда, Орталық Азияда (Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан), Кавказда (Армения және Грузия) және Ресейде жұмыс істеді.


Сессии: 
Дамуға арналған жобалар (P4D): «Кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер»

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65